Дермидок

Производитель: Хербион Пакистан Пвт. Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний кожи
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019291
Информация о регистрации в РК: 15.11.2022 - 15.11.2032

Инструкция

Саудалық атауы

Дермидок

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

25 г крем

Құрамы

25 г кремнің құрамында

белсенді заттар: акация катеху ұнтағы 3.5 г

ара балы 0.5 г шай ағашының майы 1.25 мл табиғи камфора 0.5 гқосымша заттар: мырыш оксиді, сұйық парафин, стеарин қышқылы, пропиленгликоль, этиленгликоль моностеараты, цетостеарил спирті, полисорбат 80, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, тазартылған су.

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар ақшыл-қызғылт түсті крем.

Фармакотерапиялық тобы

Тері ауруларын емдеуге арналған препараттар

Тері ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар

АТХ коды D11AX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препараттың фармакокинетикасы бойынша зерттеулер жүргізілмеген.

Фармакодинамикасы

Дермидок –үстіңгі кішкене кесіктерді, жеңіл күйікті, беткейлік жараларды, күлдіреулер мен жәндіктердің шағуын емдеуге арналған антисептикалық крем. Қабынуды қайтарып, ауырғанды басады. Теріні қорғайды және оның жазылуын тездетеді. Беріштер мен тыртықтардың тартылуына ықпал етеді.

Шай ағашы майының құрамында терпинеол, терпинен, цинеол, лимонен, сабинен, пинен, цимол және басқа да заттар бар. Күшті антисептик бола отырып, шай ағашы майы сондай-ақ айқын вирусқа қарсы, бактерицидті және қабынуға қарсы қасиеттерді иеленген. Дәлелденген бактерицидті әсер береді, грамоң (S.aureus, S.epidermidis, S.haemolyticus, S.Homins, S.marcesens, S.Xylosus, Streptococus pyogenes) және грамтеріс (Pseudomonas aeruginosa, K.Pneumoniae) бактерияларға қатысты белсенді. Зеңдік флораның өсуіне кедергі келтіреді. Антисептикалық және фунгицидті қасиеттерін иеленуі арқылы жараның жазылу үдерісін тездетеді, ауырғанды басады, қабынуды азайтады.

Ара балының бактерияларға қарсы және жараны жазатын қасиеттері бар. Бал құрамындағы гүл тозаңы, прополис, эфир майы микробтарға қарсы әсер етеді және зақымданған тіндер регенерациясына ықпал етеді. Бал құрамында сонымен қатар, орташа антисептикалық әсерге ие сутегі тотығын түзетін ферменттер бар.

Табиғи камфора тері рецепторларын тітіркендіреді және аулақтататын, салқындататын, жергілікті жансыздандыратын, микробтарға қарсы және қабынуға қарсы әсер етеді.

Акация катеху әсер етуші заттары - алкалоидтар, катехин тобының иіткіш заттары мен шырыштар, олар қабынуға қарсы, тұтқыр және көтермелеуші әсер береді, қанның ағуын тоқтатуға ықпал етеді, жазылу үдерісін жылдамдатады.

Қолданылуы

- кішкене кесіктер мен сыдырылуда

- ұсақ беткейлік жараларда (сызаттар)

- 1 дәрежелі күнге күю мен термиялық күйікте

- жәндіктер шаққанда

- шығу тегі жұқпалы емес күлдіреуде (мүйізгек)

Қолдану тәсілі және дозалары

Тек сыртқа қолдану үшін!

Кремді терінің зақымданған бөлігіне күніне 2 рет, жекелеген жағдайларда – күніне 4 ретке дейін жағады. Емдеу курсы 7-10 күн (тері зақымдануының айқындылығына қарай).

Кремді терінің зақымданған бөлігіне сәл ысқылай отырып, жұқалап жағады. Кремді қайталап қолданар алдында кремнің қалдықтары мен жарадан шыққан бөліністерін тазалап сүрту қажет.

Жағымсыз әсерлері

сирек:

- баяу түрдегі аллергиялық реакциялар

- терінің тітіркенуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жеке жоғары сезімталдық

- 2 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Кремді көзге тигізуге болмайды. Дермидок кремін көзге кезейсоқ тигізіп алған жағдайда, дереу көп мөлшердегі суық сумен жуып тастаңыз.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препарат жүкті әйелдерге және лактация кезеңінде, бұл топтағы адамдарда препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігіне толыққанды клиникалық зерттеулер жүргізілмеуіне байланысты тағайындалмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

25 г препараттан бұрандалы пластмасса қақпақшасы бар пластик сықпаға салынған.

1 сықпадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Хербион Пакистан Пвт Лтд,

Коранги өнеркәсіп аймағы, 30/28

Карачи қ., Пәкістан

Тіркеу куәлігінің иесі

«Хербион Пакистан Пвт Лтд», Пәкістан

Қазақстан Республикасында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Фармация Юниверсал» ЖШС

Алматы қ., Чаплин/Халиуллин к-сі 71/66

тел: 234-48-53, 234-44-88, факс: 234-41-47

Е-mail: info.kz@herbion.com

 

 

Прикрепленные файлы

643247471477977029_ru.doc 49.5 кб
995794171477978217_kz.doc 55.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники