Дермазол™ (таблетки, 200 мг)

МНН: Кетоконазол
Производитель: Кусум Хелткер Пвт. Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ketoconazole
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№004058
Информация о регистрации в РК: 25.07.2017 - 25.07.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Дермазол®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Кетоконазол

Дәрілік түрі

200 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - кетоконазол 200мг,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза , натрий кроскармеллозасы, магний стеараты, коллоидты кремнийдің қостотығы, бутилгидрокситолуол.

Сипаттамасы

Ақ түсті, дөңгелек, екі беткейі дөңес таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі қолдануға арналған зеңге қарсы препараттар. Имидазол туындылары. Кетоконазол

АТХ коды J02A B02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағанда, әсіресе, асқазанның қышқылды ортасында жақсы сіңіріледі. Биожетімділігі қабылдаған дозаға тікелей тәуелді болады.

Ең жоғары концентрациясына (Cmax) 2 сағаттан соң жетеді. Қан плазмасы ақуыздарымен негізінен альбуминді фракциямен іn vitro байланысуы 99 %-ды құрайды. Кетоконазол тіндерге кеңінен таралады, алайда препараттың елеусіз бөлігі жұлын сұйықтығына өтеді.

Асқазан-ішек жолынан сіңгеннен кейін кетоконазол көп мөлшерде белсенді емес метаболиттер түзе отырып, бауырда метаболизденеді. Іn vitro зерттеулерде CYP3A4 негізгі фермент болып табылатыны көрсетілген, ол кетоконазол метаболизміне қатысады. Метаболизмнің басты жолдары имидазольді және пиперазинді сақиналардың тотығуы және ыдырауы, тотықтырғыш О-деалкилденуі және хош иісті гидроксилденуі болып табылады. Кетоконазол өз метаболизмінің индукторы емес.

Қан плазмасынан шығарылуы екі фазалы болып табылады: алғашқы 10 сағат ішінде жартылай шығарылу кезеңі 2 сағатты құрайды, ал кейін – 8 сағат.

Дозаның шамамен 13%-ы несеппен шығарылады, оның 2-ден 4% -ға дейінгісін өзгермеген дәрілік зат құрайды. Препарат негізінен асқазан-ішек жолына өтпен бөлініп шығарылады, бұл ретте препараттың шамамен 57%-ы нәжіспен бөлініп шығарылады.

Фармакодинамикасы

Кетоконазол – әсер ету ауқымы кең зеңге қарсы (фунгицидті) және фунгистатикалық препарат. Зеңдердің жасушалық жарғақшалары синтезіне қажетті эргостерол, триглицеридтер және фосфолипидтер синтезін тежейді (зеңдер колониялар түзу қабілетін жоғалтады). Malassezia furfur түрлі-түсті теміреткі қоздырғышына, кейбір дерматомикоздар қоздырғыштарына (Trichophyton, Epidermophyton floccosum, Microsporum), кандидоз қоздырғыштарына (Candida), сондай-ақ, жүйелік микоз қоздырғыштарына (Cryptococcus) қатысты белсенді. Сондай-ақ, грамоң коктарға қатысты да белсенді: Staphylococcus spp., Streptococcus spp.

Қолданылуы

Өмірге қауіп төндіретін жүйелі (терең) микоздарды емдеу үшін:

паракокцидиоидоз, гистоплазмоз, кокцидиоидоз, бластомикоз, хромомикозда

Гепатоуыттылық қаупіне байланысты Дермазол таблеткаларын тек әлеуетті пайдасы ықтималдығы зор қаупінен артық болғанда ғана, сондай-ақ, кетоконазолдың жергілікті дәрілік түрлері мен басқа да препараттар барын ескере отырып пайдалану керек.

Қолдану тәсілі және дозалары

Жүйелі микоздарда ересектерге 1 таблеткадан күніне 1 рет тағайындалады,

әсері болмаған жағдайда доза 10 күн бойы күніне 2 таблеткаға дейін арттырылуы мүмкін, 10 күннен астам емдеу курсы бауыр функциясын бақылау және емдеу жауабына баға бергеннен кейін ғана жалғасуы мүмкін.

Дозаны өткізіп алған жағдайда оны мүмкіндігінше тезірек қабылдау керек, себебі организмде дәрінің тұрақты мөлшерін ұстап тұру қажет.

Егер кесте бойынша келесі дозаны қабылдағанға дейін азғана уақыт қалса, екі еселемей, тек осындай келесі дозаны ғана қабылдау қажет.

Жағымсыз әсерлері

Төменде кетоконазол қабылдаған беткейлік және терең микоздары бар емделушілерде ≥1,0% жиілікпен байқалған жағымсыз әсерлері келтірілген:

- бас ауыруы

- жүрек айнуы, іштің ауыруы, диарея, бауыр функциясының бұзылуы.

1,0% жиілікпен байқалған жағымсыз әсерлер:

- гинекомастия

- фотофобия

- іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы, құсу, диспепсия, іштің қатуы, ауыздың құрғауы, дисгезия, іштің кебуі, тілдің түсінің өзгеруі, гепатит, сарғаю

- анафилактоидты реакциялар

-бас айналуы, парестезия, ұйқышылдық, қатты қозу, ұйқысыздық, үрейлену, қажу, жалпы әлсіздік

- алкогольді көтере алмаушылық, анорексия, гиперлипидемия, тәбеттің жоғарылауы, миалгия

- етеккір оралымының бұзылуы

- мұрыннан қан кету

- алопеция, дерматит, эритема, мультиформалы эритема, қышыну, бөртпе, аллергиялық бөртпе, ксеродерма, қан «кернеу»

- қысымның ортостатикалық төмендеуі

- тромбоциттер санының азаюы

- қызба, шеткергі ісіну, қалтырау

Өте сирек:

- тромбоцитопения

- есекжемді, анафилактикалық шокты, анафилактикалық реакцияларды, ангионевроздық ісінуді қоса аллергиялық реакциялар

- адренокортикальді жеткіліксіздік

- бассүйекішілік қысымның қайтымды жоғарылауы

- холестаздық гепатитті, гепатонекрозды (биопсия), бауыр циррозын, бауыр жеткіліксіздігін (трансплантация және өлім жағдайларын қоса) қоса ауыр гепатоуыттылық,

- жедел жайылған экзематозды пустулез, фотосезімталдық

- артралгия

- емдік -200 немесе 400 мг-ден асатын дозаны қабылдағанда эректильді дисфункция, азооспермия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- кетоконазолға немесе препарат компоненттерінің қандай да біріне аса жоғары сезімталдық

- бауырдың жедел немесе созылмалы аурулары

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

Дермазол® препаратын CYP3А4 субстраты болып табылатын кейбір дәрілермен бір уақытта қолдануға болмайды. Кетоконазолмен бір уақытта қолдану нәтижесінде плазмада осы дәрілік заттардың концентрацияларының жоғарылауы емдік және жағымсыз әсерлердің күшеюіне, сондай-ақ, күрделі асқынулардың туындауына себеп болатын дәрежеде оның ұзақтығының артуына әкелуі мүмкін. Мысалы, бұл дәрілік заттардың кейбірінің плазмада концентрациясының ұлғаюы QT аралығы ұзақтығының және қарыншалық тахиаритмияның артуына, соның ішінде «пируэт» типті полиморфтық қарыншалық тахикардияның – өліммен аяқталуы мүмкін аритмияның туындауына әкелуі мүмкін. Нақты мысалдар «Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімінде келтірілген.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Кетоконазол метаболизмі негізінен CYP3A4 қатысуымен жүзеге асырылады. Кетоконазол фармакокинетикасына метаболизмі осындай жолмен жүзеге асырылатын немесе CYP3A4 белсенділігіне әсер ететін басқа дәрілер әсер етуі мүмкін. Осыған ұқсас түрде кетоконазол метаболизмі осындай жолмен жүзеге асырылатын басқа дәрілердің фармакокинетикасын өзгертуі мүмкін. Кетоконазол – CYP3A4 және Р-гликопротеиннің күшті тежегіші. Басқа препараттарды бір уақытта қолданғанда метаболизм жолы және препарат дозасын түзету қажеттілігі туралы ақпарат алу үшін қолданылуы жөніндегі тиісті нұсқаулықпен танысу керек. Өзара әрекеттесуін меңгеру жөніндегі зерттеулер тек ересектерде жүргізілді. Бұл зерттеулерден алынған нәтижелердің маңыздылығы балаларда қолдану үшін белгісіз.

Плазмада кетоконазол концентрациясын төмендетуі мүмкін дәрілік заттар

Асқазан қышқылдылығын төмендететін дәрілік заттар (мысалы, алюминий гидроксиді сияқты антацидтік дәрілік заттар немесе қышқыл секрециясын басатын дәрілер, мысалы, гистаминді рецепторлардың Н2 блокаторлары және протонды помпа тежегіштері) кетоконазолды таблетка түрінде қолданғанда оның сіңірілуін бұзады. Бұл дәрілік заттарды таблетка түріндегі кетоконазолмен бір уақытта қолданғанда сақ болуы керек:

- асқазан сөлінің қышқылдығын төмендететін препараттармен бір уақытта емдегенде кетоконазолды қышқыл сусындармен (емдәмдік емес кола сияқты) қабылдау керек.

- антацидтік дәрілік заттарды (мысалы, алюминий гидроксиді) таблетка түрінде Дермазол® препаратын қабылдағанға дейін кемінде 1 сағат бұрын немесе қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң қолдану керек.

- басқа препараттармен бірге бір уақытта қолданғанда зеңге қарсы әсерін бақылау керек және қажет болғанда кетоконазол дозасын арттыруға болады.

Кетоконазолды CYP3A4 күшті индукторлармен бір уақытта қолданғанда кетоконазолдың биожетімділігі оның тиімділігінің айтарлықтай төмендеуіне әкелетіндей төмендеуі мүмкін, мысалы:

- бактерияға қарсы дәрілер: изониазид, рифабутин, рифампицин

- құрысуға қарсы препараттар: карбамазепин («Плазмада концентрациясы артуы мүмкін дәрілік заттар» бөлімін де қараңыз), фенитоин

- вирусқа қарсы дәрілер: эфавиренз, невирапин.

Осыған орай, CYP3A4 ферментінің күшті индукторларын кетоконазолмен бірге қолдану ұсынылмайды. Пайдасы кетоконазол тиімділігінің ықтималды төмендеу қаупінен асқан жағдайдан бөлек, кетоконазолмен емделгенге дейін 2 апта бұрын және кетоконазолмен емделу кезінде осы дәрілерді қолдануды тоқтату керек. Бір уақытта қолданғанда кетоконазолдың зеңге қарсы әсерін бақылап отыру керек және қажетіне қарай оның дозасын арттыруға болады.

Плазмада кетоконазол концентрациясын арттыруы мүмкін дәрілік заттар

CYP3A4 күшті тежегіштері (мысалы, ритонавир, ритонавирмен күшейтілген дарунавир және ритонавирмен күшейтілген фосампренавир сияқты вирусқа қарсы препараттар) кетоконазолдың биожетімділігін арттыруы мүмкін. Бұл дәрілік заттарды таблетка түріндегі кетоконазолмен бір уақытта қолданғанда сақ болу керек. Кетоконазолды CYP3A4 күшті тежегіштерімен бір уақытта қабылдауы тиіс емделушілерді кетоконазолдың фармакологиялық әсерінің күшеюі немесе оның ұзақтығының артуы белгілері мен симптомдарын анықтау үшін мұқият бақылап отыру қажет және қажет болғанда кетоконазол дозасын төмендету керек. Егер мақсатқа сай болса, плазмадағы кетоконазол концентрациясын анықтау керек.

Плазмада кетоконазолдың әсерімен концентрациялары артуы мүмкін дәрілік заттар

Кетоконазол CYP3A4 көмегімен метаболизденетін дәрілік заттар метаболизмін баяулатуы мүмкін және Р-гликопротеинмен дәрілік заттардың тасымалдануын басуы мүмкін. Кетоконазолмен бір уақытта қолдану нәтижесінде бұл дәрілік заттардың және/немесе олардың белсенді метаболиттерінің плазмада концентрациясы артуы мүмкін. Плазмада концентрациясының бұлай жоғарылауы бұл дәрілік заттардың емдік және жағымсыз әсерінің күшеюіне немесе оның ұзақтығының артуына әкелуі мүмкін. Ықтималды қарсы көрсетілім ретінде егер олардың QT аралығын арттыратыны белгілі болса, метаболизмі CYP3A4 қатысуымен жүзеге асырылатын дәрілік заттарды қолдану болып табылады, себебі мұндай біріктірілім қарыншалық тахиаритмияға, соның ішінде «пируэт» типті полиморфтық қарыншалық тахикардияның – өліммен аяқталуы мүмкін аритмияның туындауына әкелуі мүмкін. Өзара әрекеттесуге түсетін барлық дәрілік заттарды келесі санаттарға бөлуге болады:

«Қолдануға болмайды»: Дәрілік затты кетоконазолмен бір уақытта, сондай-ақ, ешбір жағдайда кетоконазолмен емді тоқтатқаннан кейін бір апта ішінде қолдануға болмайды.

«Ұсынылмайды»: Кетоконазолмен емдеу кезінде немесе оны қабылдауды тоқтатқаннан кейін бір апта бойы, пайдасы жағымсыз әсерлер туындау қаупінің ықтималды артуынан асатын жағдайдан басқа жағдайда препаратты қолдануды тоқтата тұру керек. Егер бұл препараттарды бір уақытта қолдану өте қажет болса, өзара әрекеттескен кездегі дәрілік заттар әсерінің күшею белгілері мен симптомдарын, ұзақтығының артуын немесе жағымсыз әсерлері туындауын анықтау үшін емделушінің клиникалық жай-күйін бақылау ұсынылады, сондай-ақ, егер қажет болса, оның дозасын төмендету немесе препаратты қабылдауды уақытша тоқтату керек. Егер мақсатқа сай болса, плазмадағы кетоконазол концентрациясын анықтау керек.

«Сақтықпен қолдану керек»: Дәрілік затты кетоконазолмен бір мезгілде қолданғанда сақ болу керек. Бір уақытта қолданғанда дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі нәтижесінде әсер ұзақтығының күшеюі немесе артуы немесе жағымсыз әсерлері туындауының белгілерін анықтау үшін емделушіні мұқият бақылап отыру керек, сондай-ақ, егер қажет деп саналса, оның дозасын төмендету немесе препаратты қабылдауды уақытша тоқтата тұру керек. Егер мақсатқа сай болса, плазмадағы кетоконазол концентрациясын анықтау керек.

Плазмадағы концентрациясы кетоконазол әсерімен артуы мүмкін дәрілік заттардың мысалдары кетоконазолмен бір уақытта қолдануға қатысты ұсынымдарды көрсету арқылы дәрілік заттардың класы бойынша ұсынылған.

Айрықша нұсқаулар

Гепатоуыттылығы

Емді бастар алдында жедел немесе созылмалы ауруларды жоққа шығару үшін бауыр функциясына баға беру керек, емдеу кезінде гепатоуыттылықтың алғашқы белгілерін жіберіп алмас үшін барлық емделушілерде бауыр функциясына жиі және ұдайы мониторинг жүргізіп отыру қажет. Кетоконазолдың пероральді түрлерін қабылдау аясында өлімге әкелетін жағдайларды немесе бауырды алмастырып салуды қажет ететін жағдайларды қоса ауыр гепатоуыттылық туындауының өте сирек жағдайлары хабарланған. Кейбір емделушілерде бауыр зақымдалуына қатысты айқын қауіп факторлары анықталған жоқ. Бірнеше осындай жағдай емнің бірінші айында, ал кейбірі емнің алғашқы аптасында туындаған. Дермазол® препаратының алынған жиынтық дозасы ауыр гепатоуыттылықтың қауіп факторы болып табылады. Осыған орай әр 2 апта сайын кетоконазолмен ем қабылдайтын емделушілерде бауыр функциясын бақылап отыру керек. Емделушілерге гепатит туындауының болжайтын симптомдар, атап айтқанда: анорексия, жүрек айнуы, құсу, әлсіздік, сарғаю, іштің ауыруы және несептің қараюы симптомдары туындаған жағдайда өз дәрігерімен хабарласуы қажеттігін ескертіп қою керек. Мұндай симптомдар пайда болған жағдайда емді дереу тоқтату керек және бауыр функциясына зерттеу жүргізу қажет. Бауыр ферменттерінің белсенділігі жоғары немесе басқа препараттарды қабылдау салдарынан бауырдың уытты зақымдалуын бастан өткерген емделушілерге күтілетін пайдасы бауыр зақымдалу қаупінен артатын жағдайдан басқа жағдайларда Дермазол® препаратымен ем тағайындауға болмайды. Бұл жағдайларда емдеу кезінде бауыр ферменттерінің деңгейін бақылап отыру қажет.

Кетоконазол 400 мг және одан жоғары тәуліктік дозада еріктілерде АКТГ стимуляциясына «кортизолдық жауаптың» төмендеуін туғызған. Осыған байланысты адренокортикальді жеткіліксіздігі немесе айтарлықтай стрестік әсерлерге (ауқымды хирургиялық араласулар, қарқынды емдеу талаптары және басқалар) ұшыраған шектік жағдайлары бар емделушілерде, адренокортикальді жеткіліксіздікке күдік туындағанда емдеу курсы ұзаққа созылған емделшілерде бүйрекүсті безінің функциясын бақылап отыру керек.

Асқазанның қышқылдығының төмендеуі

Асқазанның қышқылдығы төмен болғанда кетоконазолдың сіңірілуі нашарлайды. Аурулармен (мысалы, ахлоргидриясы бар адамдарда) немесе бір уақытта қолданылатын препараттармен (мысалы, асқазанның қышқылдығын төмендететін дәрілік заттарды қабылдайтын адамдарда) туындаған асқазанның қышқылдығы төмен адамдарда Дермазол® препаратын қышқыл сусындармен (мысалы, емдәмдік емес кола) қолдану ұсынылады. Кетоконазолдың зеңге қарсы әсерін бақылау керек және қажет болғанда препарат дозасын арттыруға болады.

Болуы мүмкін дәрілік өзара әрекеттесулер

Кетоконазолды белгілі бір дәрілік заттармен бір уақытта қолданғанда кетоконазолдың және/немесе бір мезгілде қолданылған препараттың тиімділігі өзгеруі, өмірге қауіп төндіретін әсерлер туындауы және/немесе кенеттен өліммен аяқталуы мүмкін. Кетоконазолмен бір уақытта қолдануға болмайтын, ұсынылмайтын немесе сақтықпен қолданылуы тиіс дәрілік заттар «Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімінде келтірілген.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Препараттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, көлік құралын және басқа да қауіптілігі зор механизмдерді басқарғанда сақ болу қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары - жүрек айнуы, ұйқышылдықты және мәңгіруді, құсу, іштің ауыруы, анорексияны қоса, салмақ жоғалтуды, тәбеттің жоғалуын, гиперемияны қоса, қатты тершеңдікті, ісінулерді, гинекомастияны, бөртпені қоса, экземаны, пурпураны, дерматитті, диареяны, бас ауыруын, дисгевзияны, алопеяцияны қоса қажу.

Емі: Емделушінің жағдайын мұқият бақылау және симптоматикалық емдеу. Препаратты қабылдағаннан кейін бір сағат ішінде белсендірілген көмірді тағайындауға болады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Пішінді ұяшықсыз қаптамаға 10 таблеткадан салынған. 1 пішінді ұяшықсыз қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшада.

3 картон қорапшадан картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Кусум Хелткер Пвт. Лтд.,

СП 289 (А), Риико Индл. Ареа, Чопанки, Бхивади (Радж.), Үндістан

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Кусум Хелткер Пвт. Лтд., Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Кусум Хелткер Пвт. Лтд.» Үндістан Серіктестігінің ҚР өкілдігі

Алматы қ., Достық д-лы 117/6

тел/факс: 295-26-50; 295-26-55

 

Прикрепленные файлы

079693501477977058_ru.doc 77.5 кб
005917561477978229_kz.doc 85.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники