Дермазол™ (крем, 2%, 15 г)

МНН: Кетоконазол
Производитель: Кусум Хелткер Пвт. Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ketoconazole
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013158
Информация о регистрации в РК: 14.05.2024 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

ДЕРМАЗОЛТМ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Кетоконазол

Дәрілік түрі

Крем 2% 15г және 30г

Құрамы

1 г кремнің құрамында

белсенді зат - кетоконазол 20 мг,

қосымша заттар: пропиленгликоль, кетостеарил спирті, кетомакрогол 1000, жұмсақ ақ парафин, ақшыл сұйық парафин, динатрий эдетаты, полисорбат 80, сусыз натрий сульфиті, тазартылған су.

Сипаттамасы

Ақ түсті біртекті крем

Фармакотерапиялық тобы

Тері ауруларын емдеуге арналған зеңге қарсы препараттар. Жергілікті қолдануға арналған зеңге қарсы препараттар. Имидазол туындылары. Кетоконазол

АТХ коды D01AC08

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикаcы. Сыртқа қолданғанда іс жүзінде резорбцияға ұшырамайды. 2 % крем түрінде ұзақ қолдану кетоконазолдың қанда жиналуына әкелмейді.

Фармакодинамикасы Зеңге қарсы дәрі, имидазолдиоксолан туындысы. Кетоконазол зеңге қарсы әсер етеді, зеңдер жасуша жарғақшасының эргостерол синтезін спецификалық түрде бөгейді. Дерматофиттерге: Trichophyton spp., Epidermophyton floccosum, Microsporum spp., ашытқы және ашытқы тәріздес зеңдер: Candida spp., Pityrosporum ovale қатысты белсенді.

Қолданылуы

Сезімтал микроорганизмдерден туындаған тері және тырнақтың зеңдік зақымдануларын емдеуде

- тегіс тері дерматомикозында

- білезік және табан эпидермофитиясында

- шап эпидермофитиясында

- тері кандидозында

- кебек тәрізді теміреткіде

- себореялық дерматитте

Қолдану тәсілі және дозалары

Тері кандидозы, тері дерматомикозы, қол мен аяқтың эпидермофитиясы, шап эпидермофитиясы және кебек тәрізді теміреткіде ДермазолТМ кремін терінің зақымданған бетіне күніне 1 рет жағу ұсынылады.

Себореялық дерматитте ДермазолТМ кремін аурудың ауырлығына байланысты зақымданған жерге күніне 1 немесе 2 рет жағады. Емдеуді аурудың барлық симптомдары жоғалғаннан кейін бірнеше күн бойы немесе микологиялық зерттеудің теріс нәтижелерін алғанға дейін жалғастыру қажет. Егер 4 апта емдегеннен соң жақсаруы байқалмаса, диагнозын қайта қарау керек. Табан дерматофитиясының әдеттегі емдеу курсы 2-6 апта (шап эпидермофитиясы - 2-4 апта), кандидамикозда - 2-3 апта, кебек тәрізді теміреткіде - 2-3 апта.

Жағымсыз әсерлері

- күйдіру сезімі, эритема, жаққан жерді ашыту

- терінің жоғары майлылығы/құрғақтығы (әсіресе емдеудің алғашқы күндері)

- аса жоғары сезімталдық (тітіркену, жаққан жеріндегі парастезия, жанаспалы

дерматит, терінің қабыршақтануы, буллезді бөртпе)

Өте сирек

- есекжем

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Кремді жергілікті глюкокортикостероидтармен (ГКС) бір мезгілде немесе оларды ұзақ қолданудан кейін бірден қолданғанда ГКС таңертең (қажет болған жағдайда біртіндеп тоқтата отырып), ал ДермазолТМ кремін кешке қолданған жөн.

Айрықша нұсқаулар

Крем тек сыртқа қолданылады. Көзге тигізіп алғанда сумен мұқият жуу керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Осы топтағы қолдану тәжірибесінің жеткіліксіздігіне байланысты сақтықпен қолдану керек.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Кетоконазол көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: эритема, ісіну, жаққан жерді ашыту

Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық емдеу

Шығарылу түрі және қаптамасы

15 г немесе 30 г препараттан бұрандалы пластмасса қақпағы бар алюминий немесе ламинацияланған сықпаға салынған.

1 сықпадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Кусум Хелткер Пвт. Лтд.,

СП 289 (А), Риико Индл. Ареа, Чопанки, Бхивади (Радж.), Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

Кусум Хелткер Пвт. Лтд., Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Кусум Хелткер Пвт. Лтд.» Серіктестігінің ҚР өкілдігі, Үндістан

Алматы қ., Достық д-лы, 117/6, «Хан-Тәңірі» БО.

Телефон: 295-26-50, 295-26-51 (54) , Факс: 295-26-55

Электронды поштасы: Office@kusumhealthcare.kz

 

Прикрепленные файлы

459257681477976818_ru.doc 42.5 кб
113759841477977973_kz.doc 66 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники