Депантол® (крем для наружного применения)

МНН: Декспантенол, Хлоргексидин
Производитель: АО "Нижфарм"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Хлоргексидин в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015590
Информация о регистрации в РК: 05.09.2019 - 05.09.2024

Инструкция

Саудалық атауы

Депантол®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған крем

Құрамы

1 г кремнің құрамында

белсенді заттар: декспантенол – 52,5 мг

хлоргексидин биглюконаты – 8,02 мг (20 % ерітіндінің

хлоргексидин биглюконаты – 42,7 мг),

қосымша заттар: пропиленгликоль, макрогол цетостеараты, цетостеарил спирті (60 % көп емес цетил спирті, 40 % кем емес стеарил спирті), сұйық парафин, вазелин, натрий гидрофосфаты додекагидраты, калий дигидрофосфаты, тазартылған су.

Сипаттамасы

Ақ немесе ақ дерлік түсті крем

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және дезинфекциялайтын препараттар. Хлоргексидин басқа да препараттармен біріктірілімде.

АТХ коды D08AC52

Фармакологиялық қасиеттері

Біріктірілген препарат.

Декспантенол – В тобының дәрумені, организмде А коэнзимінің құрамдас бөлігі болып табылатын пантотен қышқылына метаболизденеді және ацетилдену үдерісіне, көмірсу және май алмасуына, ацетилхолин, глюкокортикостероидтер, порфириндер синтезіне қатысады; тері регенерациясын көтермелейді, жасуша метаболизмін қалыптастырады, митозды жеделдетеді және коллагенді талшықтардың беріктігін арттырады. Регенерациялайтын, дәруменді, метаболизмдік және қабынуға қарсы әсері бар.

Хлоргексидин – антисептикалық дәрі болып табылатын микробтарға қарсы препарат. Грамоң және грамтеріс бактерияларға, оның ішінде Staphylococcus spp., Enterococcus spp., Pseudomonas aeruginosa, E.coli, Streptococcus spp., Treponema pallidum, Chlamydia spp., Ureaplasma spp., Neisseria gonorrhoeae, Gardnerella vaginalis, Bacteroides fragilis, ашытқы тәрізді зеңдерге және дерматофиттерге, қарапайымдыларға (Trichomonas vaginalis) және вирустарға (II түрдегі Herpes simplex) қатысты белсенді. Қан, ірің, түрлі секрет және органикалық заттар болғанда белсенділігін сақтайды.

Депантол® кремі жараның бетін инфекциядан қорғайды, инфекция үдерісін басады және жараның бітуін жеделдетеді.

Қолданылуы

  • жұқпа жұқтыру қаупінде (сыдырулар, кесіп алулар, сырылулар, сызаттар, тырналулар – оның ішінде жәндіктер шаққанда, күйікте, трофикалық ойық жараларда) жараларды өңдеуде

  • операциядан кейінгі жарларды өңдеуде

  • жұқпа жұқтырған жараларды, күюлерді (оның ішінде күннен күюді қоса), ойылулар, сыдыруларды, кесіп алуларды, сызаттарды, трофикалық ойық жараларды, баздануларды емдеуде

  • жұқпа жұқтырған дерматоздарды (оның ішінде экзема және атопиялық дерматитті) емдеуде

  • балаларда – жөргектік дерматитте, жұқпа жұқтыру белгілері бар сырылулар

  • бала емізетін әйелдерде – жұқпа жұқтыру белгілері бар сүт бездері ұшының сызаттары мен қабынуында.

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа.

Кремді зақымданған тері аймақтарына жұқалап тәулігіне 1-3 рет жағу керек.

Бала емізетін әйелдер әрбір емізуден кейін жұқпа жұқтырған емшектің ұшының беткейіне кремді жағуы керек.

Емшек еметін балаларға кремді киімді әрбір ауыстырғаннан немесе су процедураларынан кейін жұқпа жұқтырған орынға жағады. Емдеу курсы 5-7 күн.

Жағымсыз әсерлері

  • қышыну, күйдіру, қызару

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Хлоргексидин сабынмен және басқа да анионды заттармен үйлесімсіз.

Йодпен бір уақытта қолдану ұсынылмайды.

Этанол хлоргексидиннің әсерін күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Көзге тиюіне жол бермеу керек.

Жүктілік және лактация

Ауқымды аймақтарға қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Препараттың артық дозалану жағдайлары туралы хабарланбаған.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

30 г препараттан алюминий сықпаларға салады.

Әр сықпа мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші / Қаптаушы

«Нижфарм» АҚ, Ресей Федерациясы

603950, Нижний Новгород қ.,

ҚҚП-459, Салганская к-сі, 7

тел. (831) 278-80-88

факс (831) 430-72-28

e–mail: med@stada.ru

Тіркеу куәлігінің иесі

«Нижфарм» АҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауардың) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы:

«Нижфарм» АҚ Өкілдігі

050043, Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Хан-Тәңірі ы/а, 55б

тел.: (727) 2222-100

факс: (727) 398-64-95

e–mail: almaty@stada.kz

 

Прикрепленные файлы

621613241477976666_ru.doc 49 кб
112685721477977822_kz.doc 52 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники