Дентора®
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Дентора
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі, дозалануы
Стоматологиялық гель
Фармакотерапиялық тобы
Ас қорыту жүйесі. Стоматологиялық препараттар. Ауыз қуысының ауруларын жергілікті емдеуге арналған инфекцияға қарсы және антисептикалық препараттар. Басқалары.
АТХ коды А01АВ11
Қолданылуы
Пародонт пен ауыз қуысының шырышты қабығының инфекциялық-қабыну аурулары:
- жедел және созылмалы гингивитте
- Венсанның жедел ойық жаралы-некроздық гингивитінде
- жедел және созылмалы пародонтитте
- жасөспірімдердегі пародонтитте
- гингивитпен асқынған пародонтозда
- афтоздық стоматитте
- хейлитте
- протез тағу кезінде ауыз қуысының шырышты қабығының қабынуында
- экстракциялаудан кейінгі альвеолитте
- периодонтитте, периодонтальді абсцесте (біріктірілген ем құрамында)
Қолданудың басталуына дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- метронидазолға, хлоргексидинге, нитроимидазол туындыларына немесе қоcымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- қан жүйесінің, соның ішінде анамнездегі аурулары
- шеткері және орталық жүйке жүйесінің аурулары
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
- жүктілік және бала емізу кезеңі
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Дентора препаратын қолдану тістерді гигиеналық жолмен тазалауды алмастыра алмайды.
Препарат көз жасының ағуын тудырады, сондықтан көзге тигізбеу керек. Егер жергілікті тітіркенуге байланысты реакция туындаса, пациенттерге оны пайдалануды тоқтатуға және қажет болған жағдайда медициналық көмекке жүгінуге кеңес беру керек.
Препараттың құрамына кіретін метронидазол нитроимидазол болып табылады және қан дискразиясының белгілері бар немесе анамнезінде болған пациенттерде сақтықпен қолданылуы тиіс.
Қосымша заттар
Препараттың құрамында метилгидроксибензоат, пропилгидроксибензоат бар, олар баяу типті аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін.
Препараттың құрамында пропиленгликоль бар, ол тері тітіркенуін тудыруы мүмкін.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Ұсынылған дозаларында жергілікті қолдану кезінде Дентора препаратының басқа дәрілік заттармен жүйелі өзара әрекеттесуі анықталған жоқ.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолданылуы
Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдануға болмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік кезінде дәрілік препаратты қолданудың қауіпсіздігі дәлелденбеген. Шаранаға жағымсыз әсер етуі ықтималдылығын болдырмау үшін, жүктілік кезінде оны тағайындамайды.
Бала емізу кезеңінде қолдану ұсынылмайды (клиникалық деректердің болмауына байланысты).
Препаратты лактация кезеңінде тағайындау қажет болса, емшек емізуді тоқтату жөніндегі мәселені шешкен жөн.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалану режимі
Гингивит кезінде ересектерге Дентора препаратын қызыл иектің айналасына тәулігіне 2 рет жағады, гельді шайып тастау ұсынылмайды. Емделу курсының ұзақтығы орта есеппен 7-10 күнді құрайды. Гельді қолданғаннан кейін 30 минут бойы тамақ және сусын ішуден бас тартқан жөн.
Пародонтит кезінде тістегі шөгінділерді алғаннан кейін пародонт қалталарын гельмен өңдейді және қызыл иек аумағына гельді жағады. Экспозиция уақыты – 30 минут. Емшаралар саны аурудың ауырлығына тәуелді. Ары қарай гельді жағуды пациент өз бетінше жүргізуіне болады: препаратты қызыл иек аумағына 7-10 күн бойы тәулігіне 2 рет жағу керек.
Афтоздық стоматит кезінде гельді ауыз қуысының шырышты қабығының зақымданған жерлеріне 7-10 күн бойы тәулігіне 2 рет жағу керек.
Созылмалы гингивиттің және пародонтиттің өршулерінің профилактикасы үшін гельді қызыл иек аумағына 7-10 күн бойы тәулігіне 2 рет жағады. Профилактика курстарын жылына 2-3 рет жүргізеді.
Экстракциялаудан кейінгі альвеолиттің профилактикасы үшін тісті жұлғаннан кейін тіс шұңқырын препаратпен өңдейді, одан кейін гельді 7-10 күн бойы тәулігіне 2-3 реттен амбулаториялық ем кезінде қолданады.
Балалар
Қолдану қауіпсіздігі туралы деректердің болмауына байланысты, балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге тағайындау ұсынылмайды.
Егде жастағы пациенттер
Дозасын түзету қажет емес.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Дозасын түзету қажет емес.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Дозасын түзету қажет емес.
Енгізу әдісі және жолы
Жергілікті қолдануға арналған.
Препарат тек стоматологиялық практикада қолдануға арналған.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Осы уақытқа дейін Дентора препаратын жергілікті қолданған кездегі артық дозалану жағдайлары туралы хабарланбаған.
Симптомдары: гельдің көп мөлшерін байқаусызда немесе әдейі жұту, негізінен метронидазолдың әсерінен болған (хлоргексидин АІЖ-дан сіңірілмейді) жағымсыз әсерлердің күшеюіне себеп болуы мүмкін. Жүрек айнуы, құсу, бас айналуы, ауырырақ жағдайларда - парестезиялар мен құрысулар байқалуы мүмкін.
Емі: асқазанды шаю, қажет болса - симптоматикалық ем.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну жөніндегі нұсқаулар
Сізде осы дәрілік препаратты қолдану жөнінде қандай-да бір қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, өз дәрігеріңізге жүгініңіз.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек болатын шаралар
Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100 - < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000 - < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000 - < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес).
Дентора препаратын жергілікті қолдану кезінде кейде мыналар байқалуы мүмкін:
- ауыздың "металл" татуы
- бас ауыруы
- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыну, есекжем, анафилаксиялық реакциялар, соның ішінде анафилаксиялық шок).
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
1 грамм препарат құрамында
белсенді заттар: 16,000 мг метронидазол бензоаты, 10,0 мг метронидазолға баламалы, 2.675 мг хлоргексидин глюконаты 20 % ерітінді түрінде
қосымша заттар: карбомер 940 (Акрипол 940), динатрий эдетаты, натрий сахарині, ментол, метилгидроксибензоат, пропилгидроксибензоат, пропиленгликоль, глицерол, натрий гидроксиді, тазартылған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ немесе ақ дерлік түсті жартылай мөлдір гель.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Ламинацияланған алюминий сықпаға 20 г препараттан салынған.
1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынған.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы.
Өндіруші туралы мәліметтер
«Аджио Фармацевтикалз Лтд», Үндістан
Т-82, M.I.D.C., Bhosari, Pune-411026
Maharashtra State, India
Телефон/факс: +91-9520-40730000,
Электронды пошта: regulatory@agio-pharma.com
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Аджио Фармацевтикалз Лтд», Үндістан
Т-82, M.I.D.C., Bhosari, Pune-411026
Maharashtra State, India
Телефон/факс: +91-9520-40730000,
Электронды пошта: regulatory@agio-pharma.com
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта):
"AGIO PHARMACEUTICALS LIMITED" (АДЖИО ФАРМАЦЕВТИКАЛЗ ЛИМИТЕД) Қазақстан Республикасындағы өкілдігі
Қазақстан, Алматы қ., Достық даңғылы, 43 үй, 414 кеңсе
Телефон/факс: + 7-727-339-01-05
Электронды пошта: koulvishwaagiokazak@gmail.com
Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
ConsultAsia ЖШС, Қазақстан, Алматы қ., Шевченко к-сі 165 Б, 204-206 кеңсе
Тел/факс: +7 727-379-42-58, +77051708825
Электронды пошта: pv@consultingasia.kz