Демотон-Т

МНН: Витамин E, Декспантенол, Никотинамид, Пиридоксин, Ретинол, Рибофлавин, Тиамин, Цианокобаламин, Эргокальциферол
Производитель: DEMO S.A. Pharmaceutical Industry
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Поливитамины
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№004818
Информация о регистрации в РК: 01.08.2017 - 01.08.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Демотон – Т

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған 10 мл концентрат

Құрамы

10 мл ерітіндінің құрамында

белсенді заттар: 25 мг пиридоксин гидрохлориді

75 мг тиамин гидрохлориді

0,75 мг цианокобаламин

4,50 (15000 ХБ) ретинол пальмитаты

10 мг рибофлавин

125 мг никотинамид

30 мг декспантенол

0,025 мг (1000 ХБ) полисорбат 80-де эргокальциферол

10,00 (10 ХБ) dl-альфа-токоферол ацетаты,

қосымша заттар: бензил спирті, гентизин қышқылының этаноламиді, полисорбат 80, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар, қызылсары-сарғыш түсті мөлдір ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Поливитаминдер.

АТЖ коды А11BA

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Пиридоксин гидрохлориді бұлшықетішілік инъекциядан кейін қан торабына тез сіңіріледі және организмге таралады. Витаминнің 80%-ға жуығы қан плазмасы ақуыздарымен байланысады. Пиридоксин барлық организмге таралады, плацента арқылы өтеді және ана сүтінен табылады, бауырда жинақталады. Несеппен шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі 15-тен 20 күнге дейін құрайды.

Тиамин бауырда метаболизденеді, метаболиттері несеппен шығарылады. Тиамин гематоэнцефалдық, плацентарлық бөгеттер арқылы өтеді, ана сүтінде анықталады. Тиаминмен артық дозаланған жағдайда, препарат несеппен және өзгеріссіз күйде шығарылады.

Цианокобаламин қан плазмасы ақуыздарымен байланысады және 90%-ы бауырда жинақталады. Шығарылу кезеңі 6 сағатты құрайды. Қан сарысуындағы ең жоғарғы концентрациясына препаратты енгізгеннен кейін бір сағаттан соң жетеді. Препарат бауырда метаболизденеді және өтпен шығарылады. Цианокобаламиннің артық мөлшері өзгеріссіз күйде несеппен шығарылады.

Ретинол пальмитаты толығымен дерлік сіңеді. Ағзада біркелкі таралмайды: көп мөлшері бауыр мен торқабықта, азғантай мөлшері — бүйректе, жүректе, май тіндерінде, өкпеде, лактациялаушы сүт безінде, бүйрекүсті бездерінде және ішкі секрецияның басқа бездерінде болады. Метаболизм үдерісінде ретинилпальмитат, ретинол, ретиналь және ретиной қышқылы түзіледі. Метаболиттері өт құрамындағы гепатоциттермен, несеппен шығарылады. Нәжіспен енгізілген мөлшері10%-дан көп шығарылмайды.

Рибофлавин тез сіңеді және ішінара метаболиттер ретінде несепке бөлінеді. Дозасын ұлғайтқанда, препараттың көп бөлігі өзгеріссіз күйде несеппен шығарылады.

Никотинамид барлық тіндерге тез таралады. Плацентарлық бөгет арқылы және емшек сүтіне өтеді. Бауырда никотинамид-N-метилникотинамид түзе отырып метаболизденеді. Бүйрекпен шығарылады.

Декспантенолдың биожетімділігі жоғары. Плазма ақуыздарымен, негізінен бета-глобулинмен және альбуминмен байланысады. Өзгеріссіз күйде: несеппен - 70%-ы, нәжіс массаларымен - 30%-ы шығарылады.

Эргокальциферол, белсенді метаболиттерге: бауырда - кальцидолға, бүйректе - кальцидолдан кальцитриолға айнала отырып, метаболизмге ұшырайды. Көп мөлшерде сүйекте, азғантай мөлшерде - бауырда, бұлшықеттерде, қанда, аш ішекте жинақталады, әсіресе май тіндерінде ұзақ сақталады. Эргокальциферол мен оның метаболиттері өтпен, азғантай мөлшері – бүйрекпен шығарылады.

Сіңу үдерісінде dl-α-токоферол ацетаты липопротеидтермен кешен түзеді. Сіңірілуі үшін өт қышқылдарының болуы қажет. Альфа1- және бета-липопротеидтермен, ішінара – сарысу альбуминімен байланысады. Ақуыздар алмасуы бұзылғанда тасымалдануы қиындайды. Cmax 4 сағаттан соң жетеді. Бүйрекүсті бездерінде, гипофизде, аталықтарда, май және бұлшықет тіндерінде, эритроциттерде, бауырда жинақталады. 90%-дан астамы өтпен, 6%-ы - бүйрекпен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Демотон-T препараты майда және суда еритін витаминдердің сулы ерітіндідегі үздік біріктірілімі болып табылады.

Препарат аталған витаминдерді жеке-жеке қабылдауға қарағанда жоғарырақ фармакологиялық әсер береді. В тобының нейротропты витаминдері жүйке жүйесінің қабыну және дегенеративті ауруларына жағымды әсер етеді, жоғары дозаларында ауыруды басатын қасиеті бар, қан ағымының күшеюіне ықпал етеді және жүйке жүйесінің қызметі мен қан түзілу үдерісін қалыптандырады.

В1 витамині (тиамин гидрохлориді) адам ағзасында фосфорилдену үдерістерінің нәтижесінде кокарбоксилазаға айналады, ол көптеген ферменттік реакциялардың коферменті болып табылады. В1 витамині синапстарда жүйке импульсінің өтуіне әсер етеді.

В6 витамині (пиридоксин) зат алмасуда маңызды рөл атқарады және орталық және шеткергі жүйке жүйесінің қалыпты қызмет атқаруы үшін қажет.

В12 витамині (цианокобаламин) трансметилдену үдерістеріне, сутегі тасымалына, метионин, нуклеиндік қышқылдардың, холиннің, креатиннің түзілуіне қатысады. В12 витамині орталық жүйке жүйесі қызметіне оң әсерін тигізеді, ми қызметін жақсартады, миелиндік тіндегі липопротеид өніміне қажетті ферменттің түзілуіне қатысады

Ретинол пальмитаты А витамині тапшылығының орнын толтырады. Қанықпаған байланыстар көлемінің көптігі салдарынан тотығу-тотықсыздану үдерістерін белсенділендіреді, пуриндік және пиримидиндік негіздердің синтезін көтермелейді, АТФ синтезі үшін жағымды жағдайлар қалыптастыра отырып, метаболизмді энергиямен қамтуға қатысады. Шеміршек және сүйек тіндері ақуыздарының синтезін жоғарылатады, бұл сүйектер мен шеміршектердің өсуін анықтап тұрады. Эпителизацияны көтермелейді және эпителийдің шамадан тыс мүйізденуінің алдын алады (гиперкератоз). Кедергі қызметін атқаратын жалпақ эпителийдің қалыпты қызмет атқаруын реттеп отырады, организмнің жұқпаға резистенттілігін арттырады. Аниденелердің түзілуін күшейтеді және фагоцитозды күшейтеді.

В2 витаминінің (рибофлавин) ағзада флавинадениндинуклеотид және флавинмононуклеотид түріндегі кофермент ретінде әсері бар, ол тыныс алу жүйесі тіндерінің метаболизмінде маңызды рөл атқарады. В тобы витаминдерінің жеткіліксіздігі организмнің жұқпаларға қарсыласқыштығының төмендеуіне алып келеді.

Никотинамид организмде ниацин көзі ретінде пайдаланылады. Бұл маңызды витамин липидтердің, тыныс алу жүйесі тіндерінің метаболизмінде және гликогенолизде маңызды рөл атқарады.

Жалпы алғанда, бұл витаминдер кешені көміртектер алмасуына каталитикалық әсер етеді және орталық жүйке жүйесінің, қалқанша бездің, бауыр мен қан түзу органдарының, асқазан-ішек жолының қалыпты қызмет атқаруы үшін қажет.

Е витаминінің (dl-α-токоферола ацетат) тотығуға қарсы қасиеттері бар, жасуша компоненттерін тотығудан қорғайды және уытты тотығу өнімдерінің түзілуін болдырмайды; қанның қызыл жасушалары қабырғаларының бүтіндігін сақтап тұрады және оларды гемолизге қарсы қорғайды.

D витамині (эргокальциферол) майда еритін витамин. Организмдегі кальций мен фосфор алмасуын реттеп отырады. Оның белсенді метаболиттері жасуша жарғақшалары арқылы оңай өтеді және арнайы рецепторлары бар нысана ағзалары жасушаларында байланысады, бұл кальцийді байланыстырушы ақуыздар синтезінің белсенділенуіне, кальций мен фосфордің сіңуінің жеңілдеуіне, сондай-ақ сүйек тіні қармауының ұлғаюына және сүйек тіндерінің резорбциясының алдын алуға ықпал етеді.

Декспантенол бұл ацетил-КоА коферментінің құрамдас бөлігі болып табылатын D-пантотен қышқылының спирттік аналогы, ол барлық жасушалардың метаболизмінде маңызды рөл атқарады.

Эпителий тінінің түзілуі мен қызметіне айқын әсер етеді, қабынуға қарсы кейбір белсенділігі бар.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында

  • Операция алдындағы және кейінгі кезеңде

  • асқазан-ішек жолының ауруларында, ойық жаралы колитте

  • полиневриттерде, невралгияларда

  • жұқпалы аурулардан кейін иммунитетті арттыру мақсатында реконвалесценция кезеңінде

  • гиповитаминозды емдеу және алдын алуда, витаминдерге қажеттілік жоғарылағанда (гипертиреоз, созылмалы маскүнемдік, тамақтанудың бұзылуы)

  • гериатрияда – қарт науқастарға (таңдау препараты ретінде тағайындайды)

Қолдану тәсілі мен дозалары

Тек көктамырішілік инфузияларға арналған!

Енгізілетін күнделікті дозасы емделушінің жас шамасына байланысты:

3 жастан 6 жасқа дейін - 100 мл 0,9% натрий хлоридінің немесе 5% декстроза ерітіндісінде сұйылтылған 2 мл препарат.

6 жастан 12 жасқа дейін –250 мл 0,9% натрий хлоридінің немесе 5% декстроза ерітіндісінде сұйылтылған 5 мл препарат.

12 жастан 16 жасқа дейін – 500 мл 0,9% натрий хлоридінің немесе 5% декстроза ерітіндісінде сұйылтылған 10 мл (бір ампула) препарат.

16 жастағы және одан үлкендерге (бір-екі ампула) натрий хлоридінің кемінде 500 мл 0,9% ерітіндісінде немесе 5% декстроза ерітіндісінде сұйылтылған 10 мл – 20 мл препарат.

Инфузия ұзақтығы 30 минуттан кем құрамауы тиіс. Емдеу курсының ұзақтығы емделушінің клиникалық статусын бағалауға байланысты. Ұсынылған емдеу курсы екі апта бойы жүргізіледі. Қажет болса емдеу курсы үш аптадан аспайтын мерзімге ұзартуға болады.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар

Сирек

- тершеңдік

- тахикардия

- безеу бөртпесінің, қышу, есекжем түріндегі тері реакцияларының, анафилактикалық шоктың пайда болуы

- бас айналуы, аритмия, құрысулар (препаратты өте жиі енгізгенде)

Болуы мүмкін

- А және Д гипервитаминозы (жоғары дозаларда қолданғанда)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың жекелеген компоненттеріне асқын сезімталдық

- декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі, жүрек өткізгіштігінің ауыр бұзылулары

- препараттың құрамындағы витаминдердің біреуінің гипервитаминозы

- препараттың белсенді компоненті декспантенол гемофилия жағдайындағы және механикалық кедергіден туған мықын ішегінің бітелуі бар науқастарға қарсы көрсетілімді

- 3 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Тиамин құрамында сульфиттер бар ерітінділерде толығымен ыдырайды.

Лидокаинді парентеральді қолданғанда, норадреналинді қосымша пайдаланған жағдайда, жүрекке жағымсыз әсері күшеюі мүмкін. Антацидтер В1 витаминінің сіңуін төмендетеді.

Тиамин тотықтырғыш және редуцирлеуші заттармен, сынап хлоридімен, йодидпен, карбонатпен, ацетатпен, танин қышқылымен, темір-аммоний-цитратымен, сондай-ақ натрий фенобарбиталымен, бензил-пенициллинмен, глюкозамен және метабисульфитпен үйлесімсіз. Мыс тиаминнің ыдырауын жеделдетеді; бұдан өзге, рН (рН >3) мәні артқанда тиамин өзінің әсерін жоғалтады.

Пиридоксин фенобарбитал мен фенитоиннің емдік әсерін 50%-ға төмендетеді.

Леводопа В6 витаминінің емдік дозаларының әсерін төмендетеді. Сондай-ақ В6 витаминінің циклосеринмен, Д-пеницилламинмен, эпинефринмен, норэпинефринмен, сульфонамидтермен өзара әрекеттесуі жүруі мүмкін, ол пиридоксиннің әсерін төмендетеді.

Изониазид, циклосерин, пеницилламин, гидралазин мен антикоагулянттар ағзаның В6 витаминіне қажеттілігін ұлғайтады.

В12 витамині (цианокобаламин) ауыр металдардың тұздарымен үйлесімсіз.

Никотинамид гипертонияға қарсы дәрілік заттардың әсерін күшейтеді және изониазидтің агонисі болып табылады.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты өте тез енгізген жағдайларда жүйелі реакциялар туындауы мүмкін (бас айналуы, аритмия, құрысулар), олар артық дозалануының салдары да болуы мүмкін.

Егер препаратты инфузиялық ерітінділермен араластырғанда, көзге көрінетін өзгерістер туындайды, мысалы, түсінің өзгеруі, бұлыңғырлануы немесе шөгінді түзілуі, қоспа қолдануға жарамсыз.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік кезінде тек ана үшін күтілетін пайдасы ұрық үшін ықтимал қауіптен асатын болса ғана қолдануға болады. Препаратты лактация кезінде тағайындағанда бала емізуді тоқтату туралы ерекше дәлелдер жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автокөлік және қуіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсері туралы мәліметтер жоқ.

Артық дозаланғанда

Жағымсыз әсерлері

Емі - симптоматикалық.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Ашуға арналған белгісі бар, мөлдір күңгірт шыныдан жасалған ампулаларда10 мл.

Пластик ұяшыққа салынған 1 ампуладан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

18 ай

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

DEMO S.A. Pharmaceutical Industry

21 Km National Road Athens-Lamia, 14568 Афины, Грекия, тел.: + 30 210 8161802. факс:+ 30 210 8161802

Тіркеу куәлігінің иесі

«DEMO S. A. Pharmaceutical Industry», Грекия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«КФК Медсервис Плюс» ЖШС

ҚР, Алматы қ-сы, Мәметова к-сі, 54

Тел.: +7 (727) 2334154

 

Прикрепленные файлы

843132051477977059_ru.doc 82.5 кб
508116461477978241_kz.doc 90 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники