Демотон - Б Нео

МНН: Декспантенол, Никотинамид, Пиридоксина гидрохлорид, Рибофлавина натрия фосфат, Тиамина гидрохлорид
Производитель: ДЕМО С.А. Фармасьютикал Индастри
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Витамины группы B
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023273
Информация о регистрации в РК: 01.10.2021 - 01.10.2031

Инструкция

Саудалық атауы

Демотон - Б Нео

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған ерітінді, 2 мл

Құрамы

2 мл ерітіндінің құрамында

белсенді заттар: тиамин гидрохлориді 10 мг

пиридоксин гидрохлориді 4 мг

рибофлавин натрий фосфаты 5.47 мг

рибофлавинге баламалы (4 мг)

никотинамид 40 мг

декспантенол 6 мг,

қосымша заттар: фенол, хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар сары түсті мөлдір ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Дәрумендер. B тобы дәрумендері

АТХ коды A11EA

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Пиридоксин асқазан-ішек жолынан жылдам сіңеді. Ол бауырда метаболизденеді және бүйрек (несеп) арқылы шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі 15-20 күнге тең.

Тиамин бауырда метаболизденеді және метаболиттер түрінде бүйрек арқылы шығарылады. Тиаминнің артық дозалануы жағдайында ол өзгермеген күйде несеппен және тер бөлінумен шығарылады.

Рибофлавин асқазан-ішек жолынан жылдам сіңеді. Ол метаболиттер түрінде ішінара бүйрек арқылы шығарылады. Дозаны жоғарылатқанда бүйрек арқылы көп мөлшері өзгермеген күйінде шығарылады.

Никотинамид асқазан-ішек жолынан жылдам сіңеді және дене тіндерінде кең тарайды. Аздаған мөлшері өзгермеген күйінде бүйрек арқылы шығарылады.

Декспантенолдың биожетімділігі жоғары. Плазма ақуыздарымен, ең бастысы бета-глобулинмен және альбуминмен байланысады. Негізінен бүйрекпен, аздаған мөлшерде нәжіспен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Демотон - Б Нео, инъекцияға арналған ерітінді – В1-В2-В3-В5-В6 дәрумендерінің тиімді біріктірілімі.

В1 дәрумені (тиамин гидрохлориді) аденозин трифосфатпен (АТР) пирофосфат тиаминді коэнзимге қалыптастырады. Көмір қышқылдар метаболизміндегі оның рөлі пируваттар және -кетоқышқылдары декарбоксилденуінде болады.

В1 дәрумені жасушалардың энергия қажеттілігін жабуға қажетті энергия өндіруі мен таралуында маңызды рөл атқарады.

В2 дәрумені (Рибофлавин) организмде коэнзим ретінде Флавин Аденин Динуклеотид (ФАД) және Флавин Мононуклеотид (ФМН) түрінде тыныс алу жүйесі тіндерінің метаболизмінде маңызды рөл атқарады.

Дене В3 дәруменін (Никотинамид) никотин қышқылының ресурсы ретінде пайдаланады. Бұл маңызды дәрумен липидтер, тыныс алу жүйесі тіндерінің метаболизмінде және гликогенолизде рөл атқарады.

В5 дәрумені (Декспантенол) коэнзим-А (СоА) қалыптастыруға қажетті және көмірсулар, протеиндер және майлар метаболизмі мен синтезінде шешуші болып табылады.

В6 дәрумені (пиридоксин гидрохлориді) протеиндер, көмірсулар мен майлар метаболизмінде коэнзим ретінде әсер етеді. Протеиндер метаболизмінде барынша спецификалық болып табылады, ол амин қышқылдары декарбоксилденуіне, триптофаннің ниацин немесе серотонинге конверсиялануына және дезаминделуіне, сондай-ақ амин қышқылдарының сульфаттануына қатысады.

Жалпы, дәрумендердің осы кешенінің көмірсулар алмасуына катализдік әсері бар және орталық жүйке жүйесінің, қалқанша бездің, бауыр және гемопоэздік ағзалардың, асқазан-ішек жолының, тері және шырышты қабықтардың қалыпты қызмет етуі үшін қажетті. Зерттеулер негізінде В тобы дәрумендерінің жеткіліксіздігі организмнің инфекцияларға қарсыластығы төмендеуінің себебі болатыны анықталды.

Қолданылуы

- В тобы дәрумендерінің жеткіліксіздігімен байланысты жай-күйлер профилактикасында және емдеуде, парентеральді емдеуде жүрген пациенттерде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Инъекция немесе инфузия түрінде бұлшықет ішіне, вена ішіне енгізеді.

Ересектер

Препараттың дозасын 1 немесе 2 ампуладан күніне 1 рет аурудың ауырлығына қарай жекелей таңдайды.

Емдеу курсының ұзақтығы пациенттің клиникалық статусына байланысты болады.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- аллергиялық реакциялар

- шеткері неврологиялық реакциялар, атап айтқанда парестезиялар, жанасуда сезімталдықтың азаюы және ұйқышылдық (B6 дәруменінің жоғары дозаларын ұзақ қолданғаннан кейін байқалады)

- безеу бөртпесінің пайда болуы, қышыну, есекжем, анафилаксиялық шок түріндегі тері реакциялары

- артериялық гипертензия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың жекелеген компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

В1 дәрумені (тиамин гидрохлориді) тотығы-тотықсыздану ерітінділерімен үйлесімді және бейтарап немесе сілтілі ерітінділерде (карбонаттар, цитраттар, барбитураттар, эритромицин лактобионаты IV) тұрақсыз.

Құрамында дитион қышқылы бар ерітінділер тиаминмен үйлеспейді.

В3 дәрумені (Никотинамид) симпатикалық жүйке жүйесін бәсеңдететін гипотензиялық препараттардың әсерін күшейтеді және изониазид агонисі болып табылады.

Леводопа В6 дәрумені (пиридоксин гидрохлориді) емдік дозаларының әсерін төмендетеді. Егер осы препаратты қабылдау шеткері допа-декарбоксилаза тежегіштерімен қабылдаумен үйлеспейтін болса, леводопамен бір мезгілде қабылдамаған жөн. Фенобарбитал және фенитоиннің емдік әсерін пиридоксин төмендетеді.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты қабылдағанда несептің сары түске боялуы мүмкін, мұның клиникалық мәні бар және препарат құрамында рибофлавин болуына негізделген.

Никотинамидті вена ішіне енгізу шок туындатуы мүмкін.

Сирек және белгілі бір жағдайларда құрамында В1 дәрумені бар препараттардың қайталанатын бұлшықет ішіне инъекциялары анафилактоидты реакцияларды оларға бейім пациенттерде туындатуға қабілетті.

Жоғары дозаларды ұзақ қолдану гепатоуыттылықты туындатуы мүмкін.

Диабетпен науқастарда, сондай-ақ гипергликемия жағдайында ерекше көңіл бөлу қажет етіледі.

Препаратты егде жастағы адамдарға қолдануда ерекше сақтандырулар жоқ.

Дәрілік заттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету туралы деректер жоқ.

Артық дозалануы

Симптомдары – дәрілік заттың жағымсыз көріністерінің күшеюі мүмкін.

В6 дәруменінің күніне 2-7 г (немесе 0,2 г күніне 2 ай) қабылдайтын науқастарда атаксия және қол мен аяқтың ұйып қалуымен қатар жүретін сенсорлық невропатия дамыған. Пиридоксин пайдалануды тоқтатқаннан кейін симптомдар азаяды. Сезімталдықты қалпына келтіру үшін 6 ай қажет болуы мүмкін.

Емі – симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы 2 мл препараттан янтарь түсті шыны ампулаға (I типі) құйылады. Ампулаға өздігінен желімделетін заттаңба жапсырылады.5 ампуладан пластик контейнерге салынады. 2 пластик контейнерден қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

DEMO S.A. Pharmaceutical Industry,

21st km National Road Athens – Lamia 145 68 Krioneri, Афины, Греция

Тіркеу куәлігінің иесі

DEMO S.A. Pharmaceutical Industry, Греция

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын, дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«WELFAR-KAZAKHSTAN» ЖШС

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Байзақов к-сі 125/185, 509-кеңсе

Телефон/Факс: +7 727 352 71 36

E-mail: info@welfar.kz

Прикрепленные файлы

Демотон_Б_КАЗ.doc 0.06 кб
Демотон_Б_рус.doc 0.06 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники