Декстанол (гель, 12.5 мг/1г)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
ДЕКСТАНОЛ
Халықаралық патенттелмеген атауы
Декскетопрофен
Дәрілік түрі
Сыртқа қолдануға арналған гель, 12.5 мг/1 г
Құрамы
1 грамм препараттың құрамында
белсенді зат – (12.5 мг декскетопрофенге баламалы) 18.5 мг декскетопрофен трометамол бар,
қосымша заттар: карбопол 974 Р, диэтиленгликоль моноэтил, полиэтиленгликоль 8000 Р, лаванда хош иістендіргіші, 96 % этил спирті, тазартылған су
Сипаттамасы
Лаванда иісі бар мөлдір гель
Фармакотерапиялық тобы
Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар.
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар.
Пропион қышқылы туындылары. Декскетопрофен
АТХ коды М01АE17
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Жергілікті қолданғанда баяу сіңеді, іс жүзінде жинақталмайды. Гельдің биожетімділігі 5 %-ға жуық. 50-150 мг дозада қолданғаннан кейін плазмадағы концентрациясы 5-8 сағаттан кейін 0,08 – 0,15 мкг/мл құрайды. Глюкурон қышқылымен конъюгациялану арқылы метаболизденеді. Белсенді метаболиттер түзілмейді.
Фармакодинамикасы
ДЕКСТАНОЛ қабынуға қарсы стероидты емес, ыстықты түсіретін және ауырғанды басатын дәрілік заттар тобына жатады.
Декскетопрофеннің негізгі әсер ету механизмі простагландиндер синтезін реттейтін циклооксигеназа 1 және 2 белсенділігін басумен байланысты.
Атап айтқанда, арахидон қышқылының PGE1, PGE2, PGF2а, PGD2 простогландиндері, сондай-ақ простациклин PGI2 және тромбоксандар ТхА2 және ТхВ2 түзілетін PGG2 және PGH2 циклдық эндопероксидтерге қайта түзілуін тежейді.
Буын синдромы кезінде препаратты пайдалану тыныш күйде және қозғалыс кезінде ауырғанды азайтуға, таңертеңгі сіресуді, буындар домбығуын азайтуға мүмкіндік береді.
ДЕКСТАНОЛ препаратының артықшылығы оның тері арқылы жеңіл өтуі мен қаңқа бұлшықеттеріне кедергісіз әсер етуінде. Гель жергілікті қолданғанда өңделген аумақтағы ауыру мен ісінуді азайтады. Осылайша қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді ішке қабылдау кезінде байқалатын өзіне тән емес жағымсыз әсерлерсіз қаңқа бұлшықеттерінің өршу ауыруларын жеңілдетеді. Қолданылған орында, тері сезімтал болса да, өте жақсы көтере алуымен ерекшеленеді.
Қолданылуы
Қарқындылығы жеңіл және орташа ауыру синдромы:
-
тірек-қимыл аппаратының ауруларында (ревматизм және подагра өршуі кезіндегі буын синдромы, ревматоидты артрит, псориаздық артрит, шорбуынданатын спондилоартрит, остеоартроз, түбіршектік синдромымен остеохондроз, радикулит, байламдардың, сіңірлердің қабынған зақымданулары, бурсит, ишиас, люмбаго)
-
шығу тегі ревматизмдік және ревматиздік емес бұлшықеттер ауыруында
-
жұмсақ тіндер мен тірек-қимыл аппаратының жарақаттанудан кейінгі қабынуында (байламдардың зақымдануы мен үзілуі, соғылулар)
Қолдану тәсілі және дозалары
Сыртқа.
Ұзындығы 4-5 см гель жолағын дененің қабынған және ауыратын жерлеріне тәулігіне 2-3 рет жеңіл уқалай отырып жағу керек. Дәрігердің кеңесінсіз пайдалану ұзақтығы 7 күннен аспауы керек.
Жағымсыз әсерлері
Сирек:
- қышыну, препарат жаққан жердегі күйдіру сезімі, ісіну
Өте сирек:
- аллергиялық реакциялар (тері гиперемиясы, фотосенсибилизация, тері экзантемасы, пурпура)
- фотосенсибилизация (жарық сезгіштік), (теріде су толған күлдіреуіктер түзілуі), қызару
- ДЕКСТАНОЛ ацетилсалицил қышқылы және басқа да ҚҚСП демікпе, ринит немесе аллергиялық бөртпе туындатуы мүмкін емделушілерге ұсынылмайды
- жедел аллергиялық ринит
- мұрын полиптері
- аллергиялық сипаттағы бет пен тамақтың аллергиялық ісінуі
Мұндай жағдайларда препаратпен емдеуді тоқтатқан жөн.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
декскетопрофенге немесе препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық
-
ацетилсалицил қышқылына және басқа да ҚҚСП жоғары сезімталдық
-
суланатын дерматоздар
-
экзема
-
жұқпа жұқтырған сыдырулар
-
ашық жаралар, көз, шырышты қабықтар (ауыз, мұрын, гениталий)
-
жүктілік және лактация кезеңі
-
12 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі:
Декскетопрофенді гель түрінде сыртқа қолданған кезде дәрілік және басқа да өзара әрекеттесулері анықталмаған.
Айрықша нұсқаулар
Ашық жаралар мен қабынған теріге жағуға болмайды!
Көзге (конъюктива тітікенуінің қаупі бар) және шырышты қабықтарға тигізбеуге тырысу керек.
Гельмен жұмыс істегеннен кейін бірден қолды жуу қажет. Гель жаққаннан кейін тар киім қимеген немесе окклюзиялық (ауа өткізбейтін) таңғышты қолданбаған жөн.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Зейін шоғырландыруға, қозғалыс белсендігі мен рефлекстерге жағымсыз әсерлері жөнінде деректер жоқ.
Артық дозалануы
Жергілікті қолданылатындықтан, сондай-ақ препарат белсенді компоненттерінің сыртқа қолданғанда жүйелі сіңірілуі өте төмен болуы іс жүзінде артық дозалану ықтималдығын жоққа шығарады.
Шығарылу түрі және қаптамасы
60 г препараттан пластмасса қалпақшасы бар алюминий сықпаға салынады.
1 сықпадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е.
Тіркеу куәлігінің иесі
«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ
Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ
Қазақстан Республикасы, 050008, Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е.
Телефон нөмірі: (+7 727) 399-50-50
Факс нөмірі: (+7 727) 399-60-60
Электронды поштасы nobel@nobel.kz