Декспантенол-ТК (Декспантенол)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Декспантенол-ТК
Халықаралық патенттелмеген атауы
Декспантенол
Дәрілік түрі, дозасы
Сыртқа қолдануға арналған жақпамай, 5 %
Фармакотерапиялық тобы
Дерматология. Жарақаттар мен ойық жараларды емдеуге арналған препараттар. Жарақаттарды жазатын препараттар. Жарақаттарды жазатын басқа препараттар. Декспантенол.
АТХ коды D03AХ03
Қолданылуы
емшек еметін балаларда базданудың профилактикасында және емдеуде
емізу кезіндегі сүт бездері күтімінде: емшек ұшының «құрғақтығын» және жарылуын емдеуде
жеңіл зақымдануларда, жарылуларда, сыдыруларда, тері тітіркенулерінде, жаялықтан болған эритемада, жеңіл күйіктерде, созылмалы ойық жараларда, тесілулерде, теріні ауыстырып салғанда, анальді жарылулар және жатыр мойнының эрозиялары кезінде терінің жазылу үдерісін тездету (белсендіру) үшін
тері жабынының бүтіндігі зақымданған кездегі тері құрғақтығын емдеу және профилактикасында, соның ішінде кортикостероидты препараттарды қолданған жағдайда.
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Жақпамайды көзге тигізіп алмаңыз.
Ланолин, стеарил және цетил спирттері тері тітіркенуін (мысалы, жанаспалы дерматит) туындатуы мүмкін.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Басқа препараттармен өзара әрекеттесу жағдайлары белгісіз.
Басқа өзара әрекеттесулері:
Генитальді немесе анальді аумақтағы жараларды емдеген жағдайда жақпамай құрамындағы қосымша заттар латексті мүшеқаптар беріктігінің төмендеуіне және жыртылуына әкеледі, сонысымен олардың қауіпсіздігін азайтады.
Арнайы ескертулер
Жүктілік, лактация кезеңі
Жақпамайды жүктілік кезінде және емшек емізу кезеңінде пайдалануға болады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Сыртқа. Жақпамайды терінің зақымданған немесе қабынған бөлігіне күніне қажеттілігіне қарай бір немесе бірнеше рет жағады.
Емшектегі баланың күтімі: жаялықты (жөргекті) әрбір ауыстырған сайын жақпамайды жағады.
Бала емізетін аналар сүт бездерінің күтімі: жақпамайды баланы әр емізгеннен кейін емшек ұшына жағады. Келесі жолы бала емізердің алдында жақпамайдың қалдығын сүрткімен немесе жұмсақ матамен cүртіп тастау керек.
Емдеу ұзақтығы көрсетілімдері мен емдеудің тиімділігіне байланысты.
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар
Жақпамайды жоғары дозаларда пайдаланғанның өзінде де артық дозалану жағдайлары белгісіз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қолдану керек шаралар
Өте сирек:
аллергиялық дерматит
жанаспалы дерматит,қышыну, қызару
экзема, бөртпе, есекжем
терінің тітіркенуі және күлдіреуіктің пайда болуы
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімді еместігі туралы мәлімдемелерді қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөнінде деректердің ақпараттық базасына тікелей хабарлау керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті» «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
1 г жақпамайдың құрамында
белсенді зат –50.0 мг декспантенол
қосымша заттар: DL-Пантолактон, цетил спирті, стеарил спирті, ланолин, араның ақ балауызы, ақ жұмсақ парафин, бадам майы, сұйық парафин, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ланолиннің өзіне тән иісі бар, крем тәріздес ақ түсті, жұмсақ, созылғыш, біртекті жақпамай.
Шығарылу түрі және қаптамасы
30 г препарат мойны бұралатын, нығыздағыш элементі бар бұрандалы полиэтилен қақпағы бар шынымассадан жасалған банкіге салынады.
Банкілерге өздігінен жабысатын заттаңба немесе заттаңбалық және жазу қағазынан жасалған заттаңбалар жапсырылады.
Банкілер медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге сәйкес мөлшерде орама қағаздан жасалған бумаларға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстайтын полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картоннан жасалған жәшіктерге салынады.
30 г препарат біріктірілген материалдан жасалған дәрілік заттарға арналған сықпада.
Әрбір сықпа медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады. Картон қорапшалар сәйкес мөлшерде орама қағаздан жасалған бумаларға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстайтын полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картоннан жасалған жәшіктерге салынады.
Екінші қаптамаға қапталмаған сықпалар медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықтың сәйкес санымен бірге орама қағаздан жасалған бумаларға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстайтын полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картоннан жасалған жәшіктерге салынады.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші туралы мәліметтер
«Фармация 2010» ЖШС, ҚР, Қарағанды обл., Қарағанды қ-сы, Қазыбек Би ат. ауд. Чкалов к-сі, құр. 7А, тел. 8 (7212) 42-67-34
е-mail: farmaciyakrg@mail.ru
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Фармация 2010» ЖШС, ҚР, Қарағанды обл., Қарағанды қ-сы, Қазыбек Би ат. ауд. Чкалов к-сі, құр. 7А, тел. 8 (7212) 42-67-34
е-mail: farmaciyakrg@mail.ru
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Фармация 2010» ЖШС, ҚР, Қарағанды обл., Қарағанды қ-сы, Қазыбек Би ат. ауд. Чкалов к-сі, құр. 7А, тел. 8 (7212) 42-67-34
е-mail: farmaciyakrg@mail.ru