Дексилант ™ (30 мг)

МНН: Декслансопразол
Производитель: Такеда Фармасьютикал Компани Лимитед, завод в г. Осака
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты, применяемые при состояниях, связанных с нарушениями кислотности
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020861
Информация о регистрации в РК: 03.10.2019 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Дексилант™

Халықаралық патенттелмеген атауы

Декслансопразол

Дәрілік түрі

Бөлініп шығуы өзгертілген 30 мг және 60 мг капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді заттар: 30 мг немесе 60 мг декслансопразол

қосымша заттар: қант ұнтағы, магний карбонаты, сахароза, орын басуы төмен гипролоза, гипролоза, гипромеллоза 2910, тальк, титанның қостотығы (Е 171), метакрил қышқылы сополимерінің дисперсиясы, макрогол 8000, полисорбат 80, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, метакрил қышқылы сополимері (В типі), метакрил қышқылы сополимері (А типі), триэтилцитрат

Капсуланың қабығы:

Каррагинан, калий хлориді, титанның қостотығы (Е 171), алюминий лагы (E132) FD & C көк № 2 бояғыш, темірдің қара тотығы (Е 172), гипромеллоза, тазартылған сұр сия

 - қант ұнтағының құрамы: сахароза, жүгері крахмалы;

** - метакрил қышқылы сополимері дисперсиясының құрамы: метакрил қышқылы, этилакрилат, натрий лаурилсульфаты, полисорбат;

*** - тазартылған сұр сия құрамы: темірдің қызыл тотығы (E 172), темірдің сары тотығы (E 172), алюминий лагы (E 132) FD & C көк № 2 бояғыш, карнауб балауызы, шеллак, глицерин моноолеаты.

Сипаттамасы

Мөлдір емес көк қақпақшасы және мөлдір емес сұр корпусы бар капсулалар. Қақпақшасына күңгірт-сұр сиямен «ТАР» логотипі, корпусына «30» деген жазу түсірілген. Капсуланың ішінде – ақтан ақ дерлік түске дейінгі түйіршіктер (30 мг доза үшін)

Мөлдір емес көк қақпақшасы және корпусы бар капсулалар. Қақпақшасына күңгірт-сұр сиямен «ТАР» логотипі, корпусына «60» деген жазу түсірілген. Капсуланың ішінде – ақтан ақ дерлік түске дейінгі түйіршіктер (60 мг доза үшін)

Фармакотерапиялық тобы

Қышқылдықтың бұзылуымен байланысты ауруларды емдеуге арналған препараттар. Ойық жараға қарсы препараттар және гастроэзофагеальді рефлюксті емдеуге арналған препараттар. Протон сорғысының тежегіштері. Декслансопразол.

АТХ коды А02ВС06

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Дексилант™ – дәрілік заты қосарлы баяу босап шығатын препарат, бұл қан плазмасындағы концентрациясының екі әртүрлі шыңына әкеледі; бірінші шыңы ішке қабылдағаннан кейін бір-екі сағат ішінде, содан кейін төрт-бес сағат ішінде екінші шыңына әкеледі.

Декслансопразолдың дені сау адамдардағы және гастроэзофагеальді рефлюксті ауруының (ГЭРА) симптомдары бар науқастарда жартылай ыдырау кезеңі бір-екі сағатқа жуық. 1-ші күнге қарағанда 5-ші күні плазмадағы декслансопразолдың жеткен (Cmax) қисық астындағы ауданның орташа мәні (AUCt) және дәрілік препараттың ең жоғары концентрациясы біршама жоғары (10% аз) болса да, Дексилант™ препаратын 30 мг немесе 60 мг көп рет немесе бір рет қабылдағаннан кейін декслансопразол жинақталуы жүрмейді.

Декслансопразол фармакокинетикасы өте ауытқымалы, препаратты (CL/F)

30%-дан астам (1 кестені қараңыз) ішу арқылы қабылдағанда Cmax, AUC, және клиренсі үшін ауытқудың пайыздық коэффициентінің (CV%)

мәні бар.

1 кесте: Дексилант TМпрепаратын қабылдағаннан кейін 5-ші күні пациенттердегі фармакокинетикалық параметрлердің орташа мәні (CV%)

Доза (мг)

Cmax

(нг/мл)

AUC24

(нг·сағ/мл)

CL/F

(л/сағ)

30

658 (40%)

(N=44)

3275 (47%)

(N=43)

11,4 (48%)

(N=43)

60

1397 (51%)

(N=79)

6529 (60%)

(N=73)

11,6 (46%)

(N=41)

Сіңірілуі

Дексилант™ препаратын 30 мг немесе 60 мг дені сау адамдар және ГЭРА симптоматикалары бар пациенттер ішу арқылы қабылдағаннан кейін декслансопразолдың Cmax және AUC орташа мәндері шамамен дозаға пропорционалды ұлғайған.

60 мг дозадағы Дексилант™ препаратының түйіршіктері сумен араластырып және назогастральді зонд арқылы немесе шприцпен ішу арқылы енгізсе декслансопразолдың (Cmax және AUC) биожетімділігі Дексилант™ препаратын 60 мг ашылмаған капсула түрінде енгізудегі биожетімділігне ұқсас болады.

Таралуы

Декслансопразолдың дені сау еріктілердегі плазма ақуыздарымен байланысуы 96%-дан 99%-ға дейін ауытқыды және 0,01-20 мкг/л концентрациясына тәуелсіз болды.

Симптоматикаплық гастроэзофагеальді рефлюксті ауруы бар пациенттерде көп реттік дозаны қабылдағаннан кейін болжамды таралу көлемі (Vz/F) 40 л құрады.

Метаболизмі

Декслансопразол бауырда тотығу, тотықсыздану және соңынан белсенді емес метаболиттерге дейінгі сульфатты, глюкуронидты және глутатионді қосылыстарға дейін түзілу жолдарымен экстенсивті метаболизденеді. Тотығу метаболиттері негізінен CYP2C19 изоферментімен гидроксилденуді және CYP3A4 изоферментімен сульфонға дейін тотығуын қоса, Р450 (CYP) цитохромының фермент жүйесі көмегімен түзіледі. CYP2C19 изоферменті метаболизмінде үш фенотип; жылдам метаболизаторлар (*1/*1), аралық метаболизаторлар (*1/мутант) және баяу метаболизаторлар (мутант/мутант) ретінде білінетін полиморфты бауыр изоферменті болып табылады. Декслансопразол CYP2C19 метаболизаторы статусына байланыссыз плазмада айналымда болатын негізгі компонент болып табылады. CYP2C19 изоферментінің аралық және жылдам метаболизаторларында қан плазмасындағы негізгі метаболиті 5-гидроксидекслансопразол және оның глюкуронды қосылыстары болып табылады, бұл арада CYP2C19 баяу метаболизаторларында қан плазмасындағы негізгі метаболиті сульфон болып табылады.

Шығарылуы

Дексилант™ препаратын енгізгеннен кейін декслансопразол несеппен өзгермеген түрде шығарылмайды. Дені сау алты еріктіге таңбаланған 14С декслансопразол енгізілгеннен кейін енгізілген радиоактивтіліктің 50,7% жуығы (стандарттық ауытқу (СА): 9,0%) несеппен және 47,6% (СА: 7,3%) – нәжіспен шығарылады. Дені сау адамдар тәулігіне бір рет 30 мг немесе 60 мг дозада ішу арқылы қабылдағанда 5 күндік қолданудан кейін клиренсі тиісінше 11,4-11,6 л/сағат құрады.

Тамақ ішудің әсері

Дені сау еріктілерде тамақ ішудің әсерінің зерттеулерінде Дексилант™ препаратын тамақ ішкеннен кейін қабылдау препаратты ашқарынға қабылдаумен салыстырылған; Cmax ұлғаюы 12%-дан 55%-ға дейін ауытқыды, AUC ұлғаюы 9%-дан 37%-ға дейін ауытқыды және сондай-ақ Тmax (0,7 сағатқа дейін төмендеуден үш сағатқа дейінгі ұлғаюға дейінгі шекте) өзгерген.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалық жас

18 жасқа дейінгі пациенттерде декслансопразол фармакокинетикасы зерттелмеген.

Егде жаста

Ақырғы жартылай шығарылу кезеңі жастармен салыстырғанда егделерде елеулі ұлғаяды (тиісінше 2,2 және 1,5 сағат). Декслансопразолдың егделердегі жүйелік әсері (AUC) жас пациенттермен салыстырғанда (34% жоғары) елеулі түрде жоғары.

Жынысы

12 дені сау ер адам және 12 дені сау әйел Дексилант™ 60 мг препаратын ішу арқылы бір рет қабылдағанда әйелдерде ерлерге қарағанда жүйелік әсерінің (AUC) жоғарырақ деңгейі (43%-ға жоғары) анықталды. Бұл айырмашылық қауіпсіздігі бойынша елеулі мәселе емес.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Декслансопразол елеулі дәрежеде бауырда белсенді емес метаболиттерге дейін метаболизденеді және декслансопразолды ішу арықлы қабылдағаннан кейін несептегі бастапқы зат анықталмады. Сондықтан бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде декслансопразол фармакокинетикасының өзгерістері күтілмейді. Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер арасында зерттеулер жүргізілмеген. Бұдан басқа бүйрек функциясының жеңіл, орташа және ауыр дәрежелі бұзылуы бар пациенттердегі лансопразол фармакокинетикасы клиникалық тұрғыда бүйрек функциясы қалыпты дені сау адамдармен салыстырғанда айырмасыз болды.

Бауыр функциясының бұзылуы

Бауыр функциясының орташа (Чайлд-Пью жіктеуі бойынша В класы) бұзылуы бар, Дексилант™ препаратын 60 мг дозада ішу арқылы бір рет қабылдаған 12 пациентте байланысқан және байланыспаған декслансопразолдың (AUC) жүйелік әсері бауыр функциясы қалыпты пациенттермен салыстырғанда шамамен екі есе астам болды. Әсеріндегі бұл айырмашылық ақуыздармен байланысудағы айырмашылық салдары болмаған. Бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар науқастарда зерттеулер жүргізілмеген.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі

Декслансопразол антисекреторлық препараттар класына жатады, ол асқазанның париетальді жасушаларында Н+/K+-АТФ-азаны бәсеңдету жолымен асқазан сөлі секрециялануын басатын бензимидазол туындысы болып табылады. Бұл фермент париетальді жасушаларда қышқылдық (-протондық) сорғы ретінде қарастырылатындықтан декслансопразол асқазанның протон сорғысының тежегіші ретінде сипатталады, өйткені ол қышқыл түзілуінің ақырғы сатысын бөгейді.

Антисекреторлық белсенділігі

Дені сау адамдармен айқаспалы зерттеулерде бес күн бойына күніне бір рет Дексилант™ 60 мг (n = 20) және лансопразол 30 мг (n = 23) препараттарын қабылдағанда 24 сағаттық асқазан ішіндегі pH антисекреторлық әсері бағаланды. Нәтижесі 2 кестеде келтірілген.

2 кесте. Дексилант™ және лансопразол препараттарын қабылдаудың 5-ші күнгі асқазан ішіндегі рН 24 сағаттық әсері

Дексилант™ 60 мг

Лансопразол 30 мг

Асқазан ішіндегі pH орташа мәні

4.55

4.13

Асқазан ішіндегі рН >4 деңгейімен уақыт аралығы, % (сағат)

71

(17 hours)

60

(14 hours)

Сарысулық гастрин деңгейіне әсері

Дексилант™ препаратының сарысулық гастрин концентрациясына әсері ұзақтығы сегіз аптаға дейінгі клиникалық зерттеулердегі шамамен 3460 пациентте және ұзақтығы алтыдан 12 айға дейінгі клиникалық зерттеулердегі 1023 науқаста бағаланды. Гастриннің ашқарындағы концентрациясының орташа мәні Дексилант™ 30 мг және 60 мг препаратымен ем уақытындағы бақылау тобымен салыстырғанда ұлғайған. Алты айдан астам ем алған пациенттерде сарысулық гастриннің орташа деңгейі емнің алғашқы үш айы бойына шамамен ұлғайған және емнің қалған уақыты бойына тұрақты болып қалды. Сарысулық гастриннің орташа деңгейі препарат қабылдауды тоқтатқаннан кейін бір ай ішінде емге дейінгі деңгейіне оралған. Гастриннің ұлғаюы энтерохромаффинге ұқсас жасушалардың (ECL) гиперплазиясын және сарысулық хромогранин А (CgA) деңгейін туындатады. CgA деңгейінің жоғарылауы нейроэндокриндік ісікті анықтау бойынша жүргізілген диагностикалық зерттеулерде жалғаноң нәтиже туындатуы мүмкін.

Энтерохромаффин тәрізді жасушаларға ықпалы (ECL)

12 айға дейінгі кезеңде 30 мг, 60 мг немесе 90 мг Дексилант™ қолданылғанда гастробиоптаттар негізіндегі ECL-жасушалар гиперплазиясы туралы хабарламалар алынбаған. Егеуқұйрықтар өмір бойына күніне 150 мг/кг дейін лансопразол қолданғанда соңынан ECL жасушалары пролиферациясымен гипергастринемия және карциноидты ісіктердің, әсіресе ұрғашы жыныстыларында, дамығаны бақыланды.

Жүрек реполяризациясына әсері

Ең жоғары ұсынылатын дозасынан бес есе астам болатын доза қабылдағанда, декслансопразол QT аралығын кез келген клиникалық елеулі мәнге дейін ұзартпайды.

Қолданылуы

  • ауырлығы кез келген дәрежедегі эрозиялық эзофагитті емдеуде;

  • емделген эрозиялық эзофагитті демеуші емдеуде және қыжыл біліністерін жеңілдетуде;

  • симптоматикалық эрозиялық емесе гастроэзофагеальді рефлюксті ауруға байланысты (ГЭРА) қыжылды емдеу үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Қолдану бойынша маңызды ақпарат

  • Өткізіп алған дозалар: егер дозаны өткізіп алсаңыз, капсуланы мүмкін болғанша тезірек қабылдау керек. Алайда егер келесі жоспарлы дозаны қабылдау керек болса, өткізіп алғанды қабылдамаңыз, ал келесі дозаны уақытында қабылдаңыз. Өткізіп алған дозаның орнын толтыру мақсатында бір мезгілде екі дозаны қабылдауға болмайды.

  • Дексилант™ препаратын ас қабылдауға байланыссыз қабылдауға болады.

  • Тұтастай жұту керек; шайнауға болмайды.

  • Жұту бұзылуы бар пациенттерге Дексилант™ препаратының капсуласын ашуға болады және алма езбесімен төмендегідей қабылдау керек:

1. Бір ас қасық алма езбесін таза ыдысқа салыңыз.

2. Капсуланы ашыңыз.

3. Түйіршікті алма езбесіне себіңіз.

4. Түйіршіктері бар алма езбесін дереу жұтып қойыңыз. Түйіршікті шайнауға болмайды. Түйіршіктері бар алма езбесін келесіде пайдалану үшін сақтамаңыз.

  • Балама ретінде, капсуланы сумен ішу арқылы қабылданатын шприцпен немесе назогастральді зонд арқылы енгізуге болады.

Ішу арқылы қабылданатын шприц көмегімен сумен енгізу

1. Капсуланы ашыңыз және 20 мл суы бар таза ыдысқа түйіршікті себіңіз.

2. Барлық қоспаны шприцке енгізіңіз.

3. Түйіршіктер шөгуін болдырмау үшін шприц ішіндегісін ұқыпты түрде араластырыңыз.

4. Қоспаны ауызға дереу енгізіңіз. Су мен түйіршік қоспасын келесі қолдану үшін сақтамаңыз.

5. Шприцке 10 мл суды қайтадан толтырыңыз, сақтықпен шайқаңыз және ауызға енгізіңіз.

6. Қайтадан шприцке 10 мл суды қайталап толтырыңыз, сақтықпен шайқаңыз және ауызға енгізіңіз.

Сумен назогастральді зонд арқылы сумен енгізіңіз (>16 француз калибрі)

1. Капсуланы ашыңыз және түйіршікті 20 мл сумен таза ыдысқа салыңыз.

2. Барлық қоспаны ұшында катетері бар шприцке салыңыз.

7. Түйіршік шөгуін болдырмау үшін шприц ішіндегісін ұқыппен араластырыңыз және қоспаны асқазанға назогастральді зонд арқылы дереу енгізіңіз. Су және түйіршік қоспасын келесі қолдану үшін сақтауға болмайды.

3. 10 мл суды шприцке қайтадан толтырыңыз, сақтықпен шайқаңыз және зондқа құйыңыз.

4. Шприцке тағы қайтадан 10 мл су толтырыңыз, сақтықпен шайқаңыз және асқазанға енгізіңіз.

Дексилант™ препараты 30 мг және 60 мг дозаларында капсула түрінде қолжетімді. Ересектерде дозалау бойынша ұсыныстар 3 кестеде келтірілген.

Қолданылуы

*Бақыланатын зерттеулер 6 айдан астам емес болды.

Эрозиялық эзофагиті және бауыр функциясы бұзылуы бар ересек пациенттерде доза түзету

Ауырлығы орташа дәрежелі бауыр функциясы бұзылуы бар пациенттерде

(Чайлд-Пью жіктеуі бойынша В класы) тәуліктік доза тәулігіне бір рет 8 аптаға дейін 30 мг декслансопразолдан аспауы тиіс.

Дексилант™ препаратын ауыр дәрежелі бауыр функциясы бұзылуы бар науқастарда (Чайлд-Пью жіктеуі бойынша С класы) қолдану ұсынылмайды.

Жағымсыз әсерлері

Келесі күрделі жағымсыз реакциялар төменде сипатталған, сондай-ақ нұсқаулықтың басқа бөлімінде:

  • Жедел интерстициальді нефрит

  • Цианокобаламин тапшылығы (B12 витамині)

  • Клостридий туындатқан диарея

  • Сүйек сынуы

  • Гипомагниемия

Клиникалық зерттеулер тәжірибесі

Клиникалық сынақтар әртүрлі жағдайларда жүргізілетін болғандықтан оларды жүргізу уақытында бақыланатын жағымсыз реакциялар үлесі басқа препараттың клиникалық сынағындағы реакция үлесімен тікелей салыстыруға болмайды. Бұдан басқа олар тәжірибедегі анықталған жиілігін білдірмеуі де мүмкін.

Дексилант™ препаратының қауіпсіздігі бақыланатын және бақыланбайтын клиникалық зерттеулердегі 4548 науқаста, оның ішінде ең кемі алты ай бойына ем қабылдаған 863 пациентте және бір жыл бойы ем алған 203 пациентте бағаланған. Зерттеулерге 18 жастан 90 жасқа дейінгі пациенттер (орташа жасы 48 жас), 54% әйел, 85% еуропалықтар, 8% қара нәсілділер, 4% азиялықтар және 3% басқа нәсілділер қатысты. Алты рандомизацияланған клиникалық бақыланатын сынақтар эрозиялық эзофагит емінің, емделген эрозиялық эзофагит және симптоматикалық ГЭРА демеуші емі жөнінде жүргізілді. Оларға плацебо алған 896 пациент, Дексилант™ 30 мг қабылдаған 455 пациент, 2218 пациент – 60 мг және күніне бір рет лансопразол 30 мг қабылдаған 1363 пациент жатады.

Жиілігі көбірек (2 % кем емес) қолайсыз жағымсыз реакциялар диарея, метеоризм, іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу, жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары болып табылады.

Емді тоқтатуға әкелетін жағымсыз реакциялар

Клиникалық бақыланатын зерттеулерде Дексилант™препаратын қабылдауды тоқтатуға әкелетін таралуы кең реакция диарея (0,7%) болды.

Жиілігі аздау жағымсыз реакциялар

Туындау жиілігі 2% аз бақыланатын зерттеулерде хабарланған басқа да жағымсыз реакциялар организм жүйесі бойынша төменде келтірілген:

Қан жүру және лимфа жүйесінің бұзылу: анемия, лимфаденопатия

Жүрек тарапынан бұзылулар: стенокардия, аритмия, брадикардия, кеуденің ауыруы, ісіну, миокард инфарктісі, жүрек қағуы, тахикардия

Есту мүшесі және тепе-теңдік тарапынан бұзылулар: құлақ ауыруы, құлақтың шуылы, бас айналуы

Эндокриндік жүйе тарапынан бұзылулар: зоб

Көру мүшелері тарапынан бұзылулар: көз тітіркенуі, көз ісінуі

Асқазан-ішек жолдары тарапынан бұзылулар: іште жағымсыздық сезіну, іш аумағының сезімталдығы, қалыптан тыс нәжіс, анустық жайсыздық, Баррет өңеші, безоар, ішектің қалыптан тыс дыбыстары, тыныс алғандағы иіс, микроскопиялық колит, жуан ішектің полипі, іш қатуы, ауыз құрғауы, дуоденит, диспепсия, дисфагия, энтерит, кекіру, эзофагит, қарыншалық полип, гастрит, гастроэнтерит, асқазан-ішек бұзылыстары, асқазан-ішектегі гиперкинетикалық бұзылыстар, ГЭРА, АІЖ ойық жарасы және тесілуі, гематемезис, қанды нәжіс, геморрой, асқазан босауының бұзылуы, ішектің тітіркенуі синдромы, шырышты нәжіс, ауыздың шырышты қабығында күлдір бөртпе түзілуі, ауырсынумен болатын дефекация, проктит, ауыз қуысының парестезиясы, ректальді қан құйылулар, құсқысы келу

Жалпы бұзылулар және енгізу орнындағы бұзылулар: дәрілік препаратқа жағымсыз реакция, астения, кеуденің ауыруы, қалтырау, түйсіктің дұрыс болмауы, қабыну, шырышты қабықтың қабынуы, түйіннің жуандауы, жалпақтану, ауыру, гипертермия

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар: өт шаншулары, холелитиаз, гепатомегалия

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар: аса жоғары сезімталдық

Инфекциялық және паразитарлық аурулар: кандидоз, тұмау, назофарингит, оральді герпес, фарингит, синусит, вирустық инфекция, вульво-қынаптық инфекциялар

Жарақат, улану және емшарадан асқынулар: құлау, сынулар, буындардың шығуы, артық дозалануы, емшара уақытындағы ауыру, күнге күю

Зертханалық зерттеулер: сілтілік фосфотаза деңгейі жоғарылауы, аланинаминотрансфераза (АЛТ) деңгейінің артуы, аспартатаминотрансфераза (АСТ) артуы, жоғарылаған/төмендеген билирубин, қандағы креатинин артуы, қандағы гастрин артуы, қандағы глюкоза деңгейі артуы, қандағы калий артуы, қалыптан ауытқыған бауыр сынамалары, тромбоциттер санының азаюы, жалпы ақуыз артуы, салмақ ұлғаюы

Зат алмасу және қоректену тарапынан бұзылулар: тәбеттегі өзгерістер, гиперкальциемия, гипокалиемия

Қаңқа бұлшықеттері және дәнекер тіндер тарапынан бұзылулар: артралгия, артрит, бұлшықет құрысулары, қаңқа-бұлшықет ауыруы, миалгия

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар: дәм сезу өзгерістері, құрысулар, бас айналуы, бас ауыруы, бас сақинасы, есте сақтаудың нашарлауы, парестезия, психомоторлық аса жоғары белсенділік, тремор, үш тармақты жүйке невралгиясы

Психика бұзылулары: ерекше түс көрулер, үрейлену, депрессия, ұйқысыздық, либидо өзгерісі

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар: дизурия, несеп шығаруға императивті қысылу

Ұрпақ өрбіту жүйесі және сүт безі тарапынан бұзылулар: дисменорея, диспареуния, меноррагия, етеккір оралымының бұзылуы

Тыныс алу, кеуденің және көкірек ортасы ағзалары тарапынан бұзылулар: аспирация, демікпе, бронхит, жөтел, ентігу, ықылық ату, гипервентиляция, тыныс алу жолдарының бітелуі, тамақ ауыруы

Тері және тері асты шелі тарапынан бұзылулар: акне, дерматит, эритема, қышыну, бөртпе, тері зақымдануы, есекжем

Жүрек-қантамырлар жүйесі қызметінің бұзылуы: терең веналар тромбозы, қан кернеулері, гипертония

Емдеуші дәрігер пікірі бойынша Дексилант™препаратын қабылдауға байланысты болған ұзақ мерзімді бақыланбайтын зерттеулерде хабарланған қосымша жағымсыз реакцияларға мыналар: анафилаксия, есту арқылы елестетулер, В-жасушалық лимфома, бурсит, орталықтық семіздік, жедел холецистит, сусыздану, қант диабеті, дисфония, эпистаксис, фолликулит, подагра, белдемелі теміреткі, гиперлипидемия, гипотиреоз, нейтрофилдер санының артуы, эритроциттердегі гемоглобин концентрациясының орташа төмендеуі, нейтропения, ауырсынумен жүретін дефекация, тынымсыз аяқ синдромы, ұйқышылдық, тонзиллит жатады.

Тіркеуден кейінгі қолдану тәжірибесі

Келесі жағымсыз реакциялар Дексилант™препаратын тіркеуден кейінгі қолданудағы үдерісте анықталды. Бұл реакциялар туралы тұрғындардан еркін түрде белгісіз көлемде хабарланғандықтан олардың біліну жиілігін нақты бағалау немесе препарат әсерімен себеп-салдарлы байланысын анықтау барлық уақытта мүмкін болмауы ықтимал.

Қан жүру және лимфа жүйесінің бұзылуы: аутоиммундық гемолиздік анемия, идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура

Есту мүшелері және тепе-теңдік тарапынан бұзылулар: кереңдік

Көру мүшелері тарапынан бұзылулар: анық көрмеу

Асқазан-ішек жолдары тарапынан бұзылулар: ауыз қуысының ісінуі, панкреатит

Жалпы бұзылулар және енгізу орнындағы бұзылулар: беттің ісінуі

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар: дәрі-дәрмектік гепатит

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар: анафилаксиялық шок (шұғыл араласуды талап ететін), эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз (кейде өліммен аяқталуы мүмкін)

Инфекциялық және паразиттік аурулар: клостридий туындатқан диарея

Зат алмасу және қоректену тарапынан бұзылулар: гипомагниемия, гипонатриемия

Тірек-қимыл аппараты бұзылулары: сүйек сынуы

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар: ми қан айналымы бұзылуы, транзиторлық ишемиялық шабуыл

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар: жедел бүйрек жеткіліксіздігі

Тыныс алу, кеуденің және көкірек ортасы ағзаларының тарапынан бұзылулар: көмей ісінуі, тамақтың қысылуы

Тері және тері асты шелі тарапынан бұзылулар: жайылған бөртпе, лейкоцитокласты васкулит

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

  • құрамында рилпивирин бар препараттармен бірге қолдану

  • жедел интерстициальді нефрит

  • 18 жасқа дейінгі балалар жасы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

4 және 5 кестелерде Дексилант™ препаратымен клиникалық елеулі дәрілермен өзара әрекеттесулері, Дексилант™ препараты және диагностикалық тесттердің өзара әсер етулері, сондай-ақ асқынуларының профилактикасы бойынша ұсыныстар сипатталады.

4 кесте. Дексилант™ препаратымен клиникалық елеулі дәрілермен өзара әрекеттесулері және диагностикалық тесттермен өзара әрекеттесулері

Антиретровирусты препараттар

Клиникалық әсері:

Антиретровирусты препараттарға протон помпасы тежегіштерінің (ППТ) әсері ауытқымалы. Клиникалық мәні және бұл өзара әрекеттесулер негізіндегі механизмдер әркез белгілі бола бермейді.

  • Декслансопразолмен бір уақытта пайдаланғанда кейбір антиретровирусты препараттардың (мысалы, рилпивирин, атазанавир және нелфинавир) әсері төмендеуі вирусқа қарсы әсерін азайтуы және дәрілік төзімділігі дамуына ықпал етуі мүмкін.

  • Декслансопразолмен бір уақытта пайдаланғанда басқа антиретровирусты препараттардың (мысалы, саквинавир) әсері ұлғаюы антиретровирусты препараттардың уыттылығын арттыруы мүмкін.

  • Сондай-ақ декслансопразолмен клиникалық мәнді өзара әрекеттесулерге әкелмейтін басқа антиретровирусты препараттар да бар.

Алдын алу шаралары:

Құрамында рилпивирин бар дәрілер: Дексилант™ препаратымен қолдану қарсы көрсетілімде.

Атазанавир: дозалау бойынша ақпарат алу үшін атазанавир қолдануының нұсқаулығын қараңыз.

Нельфинавир: Дексилант™ препаратымен пайдаланудан аулақ болыңыз. Нелфинавир қолдануы бойынша нұсқаулығын қараңыз.

Саквинавир: саквинавир қолдануы бойынша нұсқаулығын қараңыз және саквинавирдің потенциалды уыттылығы бойынша мониторинг жүргізіңіз.

Басқа антиретровирусты дәрілер: қолдануы бойынша нұсқаулығын қараңыз.

Варфарин

Клиникалық әсері:

ППТ және варфаринді бір уақытта қабылдайтын пациенттерде халықаралық қалыптасқан қатынас (ХҚҚ) және протромбиндік уақыт артады. ХҚҚ және протромбиндік уақыт артуы қан кетулеріне және тіпті өлімге әкелуі мүмкін.

Алдын алу шаралары:

ХҚҚ және протромбиндік уақыт мониторингі. ХҚҚ негізгі диапазонын ұстап тұру үшін варфарин дозасын түзету қажет болуы мүмкін. Варфарин қолдану бойынша нұсқаулықты қараңыз.

Метотрексат

Клиникалық әсері:

ППТ метотрексатпен (негізінен жоғары дозаларда) қатар қолдану сарысулық метотрексаттың және/немесе оның метаболиті гидроксиметотраксаттың деңгейін жоғарылатуы және болуын ұзартуы мүмкін, бұл метотрексат уыттылығына әкелуі мүмкін. Метотрексаттың жоғары дозаларының ППТ өзара әрекеттесулері бойынша ешбір ресми зерттеулері жүргізілмеген.

Алдын алу шаралары:

Метотрексаттың жоғары дозаларын қабылдайтын кейбір пациенттерде Дексилант™ препаратын қабылдауды уақытша тоқтату қарастырылуы мүмкін.

Дигоксин

Клиникалық әсері:

Дигоксин әсерін ұлғайтудың зор мүмкіндігі.

Алдын алу шаралары:

Дигоксин концентрациясының мониторингі. Дәрілік заттардың емдік концентрациясын ұстап тұру үшін дигоксин дозасын түзету талап етілуі мүмкін. Дигоксин қолдануы бойынша нұсқаулығын қараңыз.

Сіңуі асқазанның pH тәуелді препараттар (мысалы, темір тұздары, эрлотиниб, дазатиниб, нилотиниб, микофенолат мофетил, кетоконазол/итраконазол)

Клиникалық әсері:

Декслансопразол оның асқазан қышқылдығын төмендету әсерінен басқа дәрілердің сіңуін азайтуы мүмкін.

Алдын алу шаралары:

Микофенолат мофетил (ММФ): ММФ дені сау адамдарда және ағзалары трансплантацияланғаннан кейінгі пациенттерде ППТ бірге қолданғанда белсенді метаболиттің және микофенолды қышқылдың (МФҚ) әсері азайғаны анықталды, бұл асқазанның рН жоғарылығында ММФ ерігіштігі азаюы салдарынан болуы мүмкін. Дексилант™ және ММФ қабылдайтын трансплантациядан кейінгі пациенттерде МФҚ ағзалардың қабылданбай ажырауына әсері азаюының клиникалық мәні анықталмады. ММФ қабылдайтын трансплантациядан кейінгі пациенттерге Дексилант™ препаратын сақтықпен қолдану керек.

Сіңуі асқазанның рН тәуелді басқа дәрілік заттарды қолдану бойынша нұсқаулықты қараңыз.

Такролимус

Клиникалық әсері:

CYP2C19 аралық немесе баяу метаболизаторлары болып табылатын әсіресе трансплантациядан кейінгі пациенттерде такролимус әсерінің потенциалды жоғарырақ деңгейі.

Алдын алу шаралары:

Қандағы такролимус концентрациясының мониторингін жүргізу керек. Дәрілік заттардың емдік концентрациясын ұстап тұру үшін такролимус дозасын түзету талап етілуі мүмкін. Такролимус қолдануы бойынша нұсқаулығын қараңыз.

.

Нейроэндокриндік ісіктерді анықтау бойынша жүргізілген диагностикалық тесттермен өзара әрекеттесулер

Клиникалық әсері:

Асқазан сөлі қышқылдығының ППТ индукцияланып төмендеуі салдарынан CgA деңгейінің салдарлы артуы. CgA жоғары деңгейі нейроэндокриндік ісіктерді анықтау бойынша жүргізілген диагностикалық зерттеулердің жалғаноң нәтижесінің себебі болуы мүмкін.

Алдын алу шаралары:

Егер CgA бастапқы деңгейі жоғары болса Дексилант™препаратын қабылдауды уақытша тоқтату, ең болмаса, CgA деңгейін бағалау алдында 14 күн бұрын және тестті қайталау керек. Егер тесттер сериясы жүргізілсе (мысалы, мониторинг үшін), онда оларды бір ғана зертханада жүргізу керек, өйткені тесттер арасындағы референттік диапазондарда айырмашылық болуы мүмкін.

Секретинмен стимуляцияланған тесттермен өзара әрекеттесулері

Клиникалық әсері:

Гастринмен секрециялану түріндегі асқын жауабы секретинмен стимуляцияланған тестке реакция ретінде гастриннің жалған болжамына әкелуі мүмкін.

Алдын алу шаралары:

Гастрин бастапқы деңгейіне оралуы үшін Дексилант™ препаратымен емді, ең болмағанда бағалау алдында 30 күн бұрын уақытша тоқтату керек.

Несептің тетрагидроканнабинолға талдауының жалғаноң нәтижесі

Клиникалық әсері:

ППТ қабылдайтын пациенттерде несептің тетрагидроканнабинолға (ТГК) талдауының жалғаноң нәтижесі бақыланды

Алдын алу шаралары:

Оң нәтижені растау үшін баламалы тест жүргізуді қарастыру керек.

5 кесте. Дексилант™ препаратының CYP2C19 және басқа дәрілік заттарымен және CYP3A4 индукторларымен бірге қолданғандағы клиникалық елеулі өзара әрекеттесулері

Клиникалық әсері:

Күшті индукторлармен бір уақытта пайдаланғанда декслансопразолға әсерінің төмендеуі.

Алдын алу шаралары:

Шайқурай, рифампин: Дексилант™ препаратымен қолданудан аулақ болыңыз

Құрамында ритонавир бар препараттар: қолдануы бойынша нұсқаулығын қараңыз.

CYP2C19 немесе CYP3A4 тежегіштері

Клиникалық әсері:

Декслансопразол экспозициясының ұлғаюы күшті тежегіштермен бір уақытта қолданғанда күтіледі.

Алдын алу шаралары:

Вориконазол: қолдануы бойынша нұсқаулығын қараңыз.

Декслансопразолдың басқа дәрілік заттарға әсері

Цитохром P 450

Декслансопразол ішінара CYP2C19 және CYP3A4 метаболизденеді.

In vitro зерттеулері декслансопразолдың CYP изоформаларын 1A1, 1A2, 2A6, 2B6, 2C8, 2C9, 2D6, 2E1 немесе 3A4 тежемейтіндігін көрсетті. Осылайша, бұл CYP ферменттерімен метаболизденетін дәрілермен қандай да бір клиникалық елеулі өзара әрекеттесулер күтілмейді. Бұдан басқа, in vivo зерттеулері Дексилант™ препаратының фенитоин (CYP2C9 субстраты) немесе теофиллин (CYP1A2 субстраты) фармакокинетикасына әсер етпейтіндігін көрсетті. In vitro зерттеулері in vivo Дексилант™ CYP2C19 тежеуі мүмкіндігін көрсетсе де; in vivo дәрілік өзара әрекеттесулерінің зерттеулері CYP2C19 жылдам және аралық метаболизаторлары арасында Дексилант™ препаратының диазепам фармакокинетикасына (CYP2C19 субстраты) әсер етпейтіндігін көрсетті.

Клопидогрел

Клопидогрел CYP2C19 көмегімен ішінара белсенді метаболитіне метаболизденеді. CYP2C19 жылдам метаболизаторлары болып табылатын және клопидогрель 75 мг дара немесе Дексилант™ 60 мг (n = 40) препаратымен тоғыз күн бойына күніне бір рет бір мезгілде қабылдаған дені сау адамдарда зерттеулер жүргізілді. Клопидогрельді Дексилант™ препаратымен қабылдағанда клопидогрельдің белсенді метаболитінің AUC орташа мәні шамамен 9% -ға төмендеген. Сынақтағы дені сау адамдарда декслансопразол және клопидогрельді бір уақытта қабылдаудың клопидогрельдің белсенді метаболитінің әсеріне немесе клопидогрель-индукцияланған тромбоциттер тежелуіне клиникалық елеулі әсері болмады.

Басқа препараттардың декслансопразолға әсері

Декслансопразол CYP2C19 және CYP3A4 метаболизденетіндіктен, бұл ферменттердің индукторлары және тежегіштері декслансопразол әсерін потенциалды өзгертуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Асқазандағы жаңа түзілімдер

Дексилант™ препаратын қабылдағанда симптоматикалық жауап асқазанның қатерлі жаңа түзілімі болуын жоққа шығармайды.

Жедел интерстициальді нефрит

Жедел интерстициальді нефрит лансопразолды қоса, ППТ қабылдайтын пациенттерде бақыланған. ППТ емі уақытында кез келген сәтте, әдетте идиопатиялық аса жоғары сезімталдық реакцияларымен байланыстырылатын жедел интерстициальді нефрит туындауы мүмкін. Жедел интерстициальді нефрит дамығанда Дексилант™ препаратымен емді тоқтату керек.

Цианокобаламин тапшылығы (B12 витамині)

Ұзақ уақыт бойына (мысалы, 3 жастан астам) күн сайын кез келген қышқыл бәсеңдететін препараттармен емдеу гипо- немесе ахлоргидриядан туындаған цианокобаламин (В12 витамині) сіңуі бұзылуына әкелуі мүмкін.

Қышқыл бәсеңдететін ем салдарынан болатын цианокобаламин тапшылығы туралы сирек хабарламалар сипатталған. Бұл диагнозды егер цианокобаламин тапшылығын көрсететін клиникалық симптомдар бақыланса, Дексилант™ препаратын қабылдайтын пациенттерде қарастыру керек.

Клостридий туындатқан диарея

Жариялапнған бақылау зерттеулері ППТ емінің, Дексилант™ препаратының емі сияқты, әсіресе ауруханада жатқан пациенттерде клостридий туындатқан диарея дамуының жоғары қаупіне байланысты болуы мүмкіндігі туралы айғақтайды. Бұл диагнозды қалыпқа келмейтін диареяда қарастыру керек.

Пациенттер емге жататын жай-күйге сәйкес ең төмен дозаны және ППТ емінің ең қысқа ұзақтығын қолдану керек.

Сүйек сынулары

Жарияланған бақыланған бірқатар зерттеулері ППТ емінің остеопорозға байланысты сан, білезік немесе омыртқа сынуларының жоғары қаупіне байланысты болуы мүмкіндігі туралы айғақтайды. Сыну қаупі бірнеше тәуліктік доза ретінде анықталатын жоғары дозаларды, сондай-ақ ППТ ұзақ мерзімді емін (жыл немесе одан астам) қабылдайтын науқастарда артқан. Пациенттер емге жататын жай-күйге сәйкес ең төмен дозасын және ППТ емінің ең қысқа ұзақтығын қолдануы тиіс. Остеопорозға байланысты сыну қаупі бар пациенттерге ем бойынша анықталған ұсыныстарға сәйкес кешенді шаралар жүргізілуі тиіс.

Гипомагниемия

Сирек жағдайларда пациенттерде кемінде үш ай бойы, ал көпшілік жағдайларда бір жыл бойы ППТ препараттарын қабылдағанда симптоматикалық және асимптоматикалық гипомагниемия байқалды. Гипомагниемия симптомдары тетания, аритмия және құрысулар болып табылады. Емі – магнийдің орнын толтыру және ППТ препараттарын қабылдауды тоқтату. Ұзақ уақыт емдеу қажет болатын немесе ППТ препараттарын дигоксинмен немесе гипомагниемия туғызуға қабілетті басқа препараттармен (мысалы, диуретиктер) бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде ем басталғанға дейін және емдеу кезінде сарысудағы магний деңгейін бақылау қажет.

Нейроэндокриндік ісіктерді анықтау бойынша жүргізілген диагностикалық тесттермен өзара әрекеттесулер

Асқазан сөлі қышқылдығының дәрілермен индукцияланып төмендеуінен кейін сарысулық CgA ұлғаяды. CgA деңгейі жоғарылауы нейроэндокриндік ісіктерді анықтау бойынша жүргізілген диагностикалық зерттеулердің жалғаноң нәтижесінің себебі болуы мүмкін.

Егер CgA бастапқы деңгейі жоғары болса ең болмаса, CgA деңгейін бағалаудан 14 күн бұрын медициналық қызметкерлер декслансопразол емін уақытша тоқтатуы тиіс, және тестті қайталау керек. Егер тесттердің сериясы жүргізілсе (мысалы, мониторинг үшін), онда оларды бір ғана зертханада жүргізу керек, өйткені тесттер арасындағы референттік диапазондарда айырмашылық болуы мүмкін.

Метотрексатпен бір мезгілде қолданылуы

Әдебиет деректеріне сәйкес, ППТ метотрексатпен (негізінен жоғары дозаларда) бір уақытта пайдалану деңгейін жоғарылатуы және метотрексаттың және/немесе оның метаболитінің сарысуда болуын ұзартуы мүмкін, бұл метотрексат уыттылығына әкелуі мүмкін.

Метотрексаттың жоғары дозаларын қабылдайтын кейбір пациенттерде ППТ қабылдауды уақытша тоқтату қарастырылуы мүмкін

Жүктілік және лактация кезеңі

Декслансопразолды жүкті әйелдерде қолдануда, дәріні қолдануға байланысты қауіп туралы деректер беруі мүмкін зерттеулері жоқ. Дексилант™ препаратын жүктілік кезеңінде қолдану қарсы көрсетілімді.

Препаратты лактация кезеңінде қолдану қажет болғанда бала емізуді тоқтату керек.

Педиатриялық тәжірибеде қолдану

Балалар жасындағы (18 жасқа толмаған) пациенттер үшін Дексилан™ препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Егде жастағы адамдарда қолданылуы

Дексилант™препаратының клиникалық зерттеулеріндегі пациенттердің жалпы санынан (n = 4548) 11% пациент 65 жас және одан асқан жаста болды, бұл арада пациенттердің 2%-ы 75 жас және одан асқан жаста болды.

Егде жастағы және жас пациенттер арасында қауіпсіздігі мен тиімділігі бойынша айырмашылық анықталмады. Оған қосымша, кейбір егде жастағы адамдарда жоғары сезімталдықты жоққа шығаруға болмаса да, клиникалық тәжірибеден хабарламалар гериатриялық және жас пациенттер арасындағы жауапта елеулі айырмашылық барын анықтамады.

Бауыр функциясының бұзылуы

Бауыр функциясының жеңіл дәрежелі Чайлд-Пью жіктеуі бойынша А класы) бұзылуы бар пациенттерде Дексилант™ препаратының дозасын түзетудің керегі жоқ.

Дексилант ™ препаратын 60 мг қабылдаған бауыр функциясының орташа (Чайлд-Пью жіктеуі бойынша В класы) бұзылуы бар ересек пациенттердегі зерттеулерде бауыр функциясы қалыпты дені сау адамдармен салыстырғанда декслансопразолдың жүйелік әсерінің елеулі артуы бақыланды. Сондықтан бауыр функциясының орташа (Чайлд-Пью жіктеуі бойынша В класы) бұзылуы бар ересек пациенттерде Дексилант ™ препаратының эрозиялық эзофагитті емдеуге арналған ұсынылатын дозасы 8 апта бойына күніне бір рет 30 мг болып табылады.

Бауыр функциясының ауыр бұзылуы (Чайлд-Пью жіктеуі бойынша С класы) бар науқастарда зерттеулер жүргізілмеген; бұндай пациенттерде Дексилант™ препаратын қолдану ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Бас айналудың болуы және көрудің нашарлауы ықтимал екендіктен, көлік құралдарын және жоғары зейін қоюды талап ететін басқа механизмдерді басқарудан бас тарту керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: Дексилант™ препаратын қолдану нәтижесіндегі артық дозаланудың елеулі жағдайлары жөнінде хабарламалар болмаған. 120 мг дозаны көп рет қабылдау және 300 мг дозада бір рет қабылдау ауыр жағымсыз әсерлер тудырмаған. Алайда Дексилант™ препаратын күніне 2 рет 60 мг қабылдау кезінде артериялық гипертензия түріндегі күрделі жағымсыз әсері байқалды. Дексилант™препаратының екі еселенген тәуліктік 60 мг дозасын қолданғанда бақыланатын күрделі емес жағымсыз реакцияларға қан кернеулері, контузия, ауыз-жұтқыншақтың ауыруы және салмақ жоғалту жатады. Декслансопразолдың гемодиализ көмегімен шығарылуы күтілмейді.

Емі: симптоматикалық және демеуші болуы тиіс.

Шығарылу түрі және қаптамасы

14 немесе 28 капсуладан алғашқы ашылуы бақыланатын сақинамен жабдықталған және құрамында силикагель бар жолағымен бұралатын полипропилен қақпақтармен тығындалған және алюминий фольгамен дәнекерленген полиэтилен құтыларға салынады.

1 құтыдан медициналық қолдануы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Такеда Фармасьютикал Компани Лимитед, Осака қ. зауыты, Жапония

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

Такеда Фармасьютикалс АҚШ, Инк, АҚШ

Қаптаушы ұйымның атауы және елі

Пэкеджинг Координаторс, ЖШҚ, АҚШ

Шығарылу сапасын бақылаушы ұйымның атауы және елі

Такеда Фармасьютикал Компани Лимитед, Осака қ. зауыты, Жапония

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар)

сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстандағы «Takeda Osteuropa Holding GmbH» (Австрия) компаниясының өкілдігі

Алматы қ., Шашкин к-сі, 44

Телефон: +7 (727) 2444004

Факс: +7 (727) 2444005

Электронды пошта DSO-KZ@takeda.com

 

Прикрепленные файлы

970695341477976647_ru.doc 177.5 кб
611402141477977790_kz.doc 211.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники