Дексаполькорт Н

МНН: Дексаметазон, Неомицин
Производитель: Тархоминский фармацевтический завод Польфа Акционерное Общество
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Дексаметазон в комбинации с антибиотиками
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021398
Информация о регистрации в РК: 06.04.2020 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

ДЕКСАПОЛЬКОРТ Н

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған аэрозоль (1.38 мг + 0.28 мг)/г

Құрамы

Бір баллонның ішінде

белсенді заттар: 22.50 мг неомицин сульфаты (неомицинге шаққанда),

4.50 мг дексаметазон,

қосымша заттар: сорбитан триолеаты, лецитин, изопропилмиристат, пропеллент (пропан/бутан/изобутан).

Сипаттамасы

Ақ немесе ақ дерлік түсті бір текті суспензия

Фармакотерапиялық тобы

Тері ауруларын жергілікті емдеуге арналған глюкокортикостероидтар. Антибиотиктермен біріктірілген глюкокортикостероидтар. Антибиотиктермен біріктірілген белсенділігі орташа глюкокортикостероидтар. Антибиотиктермен біріктірілген дексаметазон.

АТХ коды D07CB04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Зақымданбаған теріге қолданылатын неомицин жергілікті әсер көрсетеді және мүлде қанға өтпейді. Препарат жарақатталған, зақымданған теріге қолданылған жағдайда неомицин қанға өтеді.

Жергілікті қолдануға, атап айтқанда, терінің ауқымды бөліктеріне пайдаланылған дексаметазон қанға өтуі мүмкін. Қабыну үдерісі және (немесе) терінің басқа аурулары дәрілік заттың сіңуін жеделдетеді. Окклюзиялық таңғыш дәрілік заттың тері арқылы сіңуін елеулі арттырады. Қанға өткен соң дексаметазон бауырда метаболизмге ұшырап, артынан организмнен бүйрек арқылы бөлініп шығады.

Фармакодинамикасы

Дексаполькорт Н, сыртқа қолдануға арналған аэрозоль, құрамында екі әсер етуші зат – неомицин сульфаты және дексаметазон бар.

Неомицин бактерияға қарсы әсер ету ауқымы кең аминогликозидті антибиотик болып табылады; көптеген грамоң және грамтеріс бактерияларға әсер етеді.

Дексаметазон – қабынуға қарсы, қышынуға қарсы, аллергияға қарсы орташа әсер ететін және тамыр тарылтатын кортикостероид.

Дексаполькорт Н терінің қабыну ошақтарында болатын неомицинге сезімтал бактерияларға әсер етеді, сондай-ақ жергілікті қабыну үдерістерін редукциялайды, эритема мен қышынуды азайтады.

Қолданылуы

Дексаполькорт Н бір мезгілде қабынуға қарсы және (немесе) қышынуға қарсы ем қажет болатын:

  • салдарлы бактериялық жұқпамен асқынған терінің аллергиялық аурулары;

  • импетигинизациямен қатар жүретін басқа дерматоздар (мысалы, салдарлы бактериялық жұқпамен асқынған сулы бөртпелі тері аурулары)

сияқты жағдайларда неомицинге сезімтал бактериялар туғызған тері жұқпаларын жергілікті емдеуге көрсетілімде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Препарат тек сыртқа қолдануға (теріге) арналған.

Терінің ауырсынулы өзгерістері бар жерлерге баллонды 1-3 секунд бойы 15 см-ден 20 см дейінгі қашықтықта бүріккіштің басын жоғары қарата тік ұстап тұрып, суспензияны ағындата бүркіп шашады.

Ересектер

Тең уақыт аралықтарында тәулігіне 2-ден 3 ретке дейін қолданылады.

Ескертпе: Бүріккен заттан көзді қорғау керек.

Бүріккен затты деммен ішке тартпаған жөн.

Препаратты әр бүркуден соң қолды сабындап сумен мұқият жуу қажет.

Қолданар алдында баллонды бірнеше рет сілку қажет.

Емдеу ұзақтығы

Ем, орта есеппен, 5-10 күн жалғасуы тиіс. Ұсынылатын емдеу ұзақтығы

2 аптадан асырылмауы тиіс.

Бет терісіне 5 күннен артық қолданылмайды.

Жағымсыз әсерлері

  • Дексаметазон - препараттың стероидты компоненті, мына жергілікті жағымсыз симптомдардың пайда болуын туындата алады: препаратты бүріккен жердегі ашыту, қышыну, тітіркену, шектен тыс құрғау, терінің атрофиялық өзгерістері, теленгиэктазиялар, фотосенсибилизация, пурпура, жанаспалы дерматит, периоральді дерматит, тері мацерациясы, акне тәрізді өзгерістер, стриялар, баздану, бөртпе, шамадан тыс шаш өсуі, терінің пигментті өзгерістері (депигментация), терінің салдарлы жұқпа жұқтыруы және фолликулит

  • препаратты ұзақ уақыт қолдану кезінде және (немесе) оны терінің ауқымды беткейіне қолданғанда дексаметазон қанға өтіп, кортикостероидтарға тән типтік жүйелі жағымсыз симптомдарды, соның ішінде бүйрек үсті бездері функциясының бәсеңдеуін, гипергликемия, глюкозурия, Иценко-Кушинг синдромын, артериялық гипертензия, шеткергі ісінулер, иммунитеттің төмендеуін туындатуы мүмкін

  • препарат құрамындағы неомицин терінің жергілікті тітіркенуін, аллергиялық реакцияларды, естудің және бүйректің зақымдануын туғызуы мүмкін

Егер қандай да бір жағымсыз симптомдар, соның ішінде нұсқаулықта сипатталмаған кез келген болжамды жағымсыз әсерлер пайда болса, дәрігерге қаралу керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • неомицинге, дексаметазонға немесе препараттың қандай да бір қосымша затына жоғары сезімталдық

  • терінің вирустық, зеңдік немесе туберкулездік аурулары

  • кәдімгі және эритематозды (қызғылт) акне

  • мерез (тері көріністері)

  • периоральді дерматит

  • вакцинация кезеңі

  • тері обыры және обыр алдындағы жай-күйлер

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препаратты тағайындалған көрсетілімдеріне және дозалау тәсіліне сай жергілікті қолдану кезінде өзара әрекеттесулер анықталмаған.

Бір мезгілде екі немесе одан көп препаратты жергілікті қолдану ұсынылмайды, өйткені бұл қолдану кезінде әсер етуші заттардың концентрациясына ықпал етуі немесе терінің тітіркенуін туғызуы мүмкін.

Препаратты бір мезгілде нефро- және отоуытты әсер ететін препараттармен (мысалы, гентамицин, этакрин қышқылы, колистин) ұзақ уақыт қолдану неомицин уыттылығын күшейте алады.

Айрықша нұсқаулар

  • Аэрозоль түріндегі Дексаполькорт Н препараты тек қана теріге қолдануға арналған.

  • Бүріккен затты деммен ішке тартпау керек.

  • Бүріккен заттан көзді қорғау керек. Препараттың көзге түсіп кетпеуін қадағалау қажет, өйткені бұл глаукоманы туғызуы мүмкін. Суспензия көзге түсіп кеткен жағдайда оны жылы сумен мұқият жуып-шаю қажет.

  • Бет терісі мен шап аумағына, жоғары сіңуін және жағымсыз әсерлердің (телеангиэктазиялар, периоральді дерматит) даму қаупінің артуын ескеріп, аса қажет болған жағдайларда ғана қолдану керек.

  • Препараттың шырышты қабықтармен жанасуына жол бермеген жөн.

  • Теріасты шелі атрофиясының жай-күйлері бұрыннан бар емделушілерде, әсіресе, жасы ұлғайған тұлғаларда абайлап қолдану керек.

  • Егер препарат қолданылған жерде терінің тітіркенуі немесе аллергиялық реакциялары (қышыну, ашыту немесе қызару) пайда болса, оны қолдануды тоқтатып, дәрігерге қаралу керек.

Препаратты ұзақ уақыт қолданудан немесе терінің ауқымды беткейіне қолданудан аулақ болу керек, сонымен бірге оны окклюзиялық таңғыштардың астында қолдануға болмайды, өйткені бұл эпидермис атрофиясына, стриялар мен асқын жұқпаларға әкелуі мүмкін, сондай-ақ дексаметазонның қанға өту қаупі артады. Мұндай жағдайларда дексаметазон гипоталамды-гипофизарлы-бүйрек үсті бездері жүйесі функциясының бәсеңдеуін қоса, кортикостероидтарға тән жүйелі жағымсыз әсерлерін (атап айтқанда, Кушинг синдромы симптомдары, ісінулер, артериялық қысымның көтерілуі, иммунитеттің төмендеуі, глюкозурия, гипергликемия) көрсетуі мүмкін. Кортикостероидтардың жүйелі жағымсыз симптомдары білінгенде препаратпен емдеуді тоқтатып, несептегі кортизол концентрациясын бақылау қажет.

Дексаметазон тері арқылы қанға өтіп, иммуносупрессиялық әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан препаратты қолдану кезінде емделуші вирустық жұқпалы аурулар (желшешек, қызылша) жұқтырып алмауы тиіс.

Жұқпа өршіген жағдайда бактерияға қарсы немесе зеңге қарсы қосымша ем қолданылады. Егер жұқпа симптомдары қалса, жұқпаны емдеуге дейін препаратты пайдалануды тоқтату қажет.

Неомициннің отоуытты және нефроуытты әсеріне орай, препаратты терінің ауқымды беткейіне немесе зақымданған теріге ұзақ уақыт қолдануға болмайды. Препарат бүйрек функциясының бұзылулары және естудің бұзылуына алып келген есту ағзасының функционалдық (мысалы, қабынудан кейінгі) өзгерістері бар емделушілерде қолдануға ұсынылмайды.

Препаратты ұзақ уақыт қолдану неомицинге төзімді бактериялар штаммдарының өсуіне, сондай-ақ неомицинге болатын аллергияға әкелуі мүмкін.

Неомицинге сезімтал емес бактериялар немесе зеңдер туғызған жұқпалар пайда болған жағдайда бактерияға қарсы немесе зеңге қарсы тиісті ем қолданылады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктіліктің I триместрінде қолдануға болмайды. Препаратты жүктіліктің едәуір кешірек мерзімдерінде анасы үшін әлеуетті пайдасы ұрыққа төнетін болжамды қауіптен асып кететін жағдайларда ғана қолдануға болады. Препаратты лактация кезеңінде қолдану қажет болса, бала емізуді тоқтату керек.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Дәрілік заттың көлік құралдарын басқару және механизмдерге қызмет көрсету қабілетіне ықпал етуі жөнінде деректер жоқ.

Артық дозалануы

Препарат ұзақ уақыт қолданылған жағдайда, сондай-ақ ол терінің ауқымды беткейіне, көп дозаларда, окклюзиялық таңғыш астынан немесе зақымданған теріге қолданылғанда ол қанға өтіп, кортикостероид немесе неомициннің жүйелі әсерін туғызуы мүмкін («Айрықша нұсқауларын» қараңыз).

Кортикостероидпен созылмалы уланған жағдайда препарат қолдануды біртіндеп тоқтату ұсынылады.

Препарат кездейсоқ ішке қабылданғанда дереу дәрігерге немесе таяудағы жедел медициналық жәрдем бөлімшесіне қаралу керек. Медицина мамандары қандай дәрілік препараттың қолданылғанын дәл анықтау үшін түпнұсқалық қаптамасындағы препаратты өзімен бірге алып жүру қажет.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Полипропилен қалпақшамен сақтандырылған бүріккіш басы мен клапаны бар алюминий аэрозоль баллонында 16.25 г препараттан. Медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге 1 баллоннан картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

25C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Басқа да ақпарат

Препаратты ашық оттың жанында қолдануға болмайды.

Баллонды тесуге және қыздыруға болмайды.

Қысымдағы баллон.

Толық босаған баллонды тастау керек.

ПРЕПАРАТ ЖЕҢІЛ ТҰТАНАДЫ. БАЛЛОНДЫ ОТТАН САҚТАУ КЕРЕК!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Тархомин фармацевтикалық зауыты «Польфа» Акционерлік Қоғамы

А. Флеминг к-сі 2, 03-176 Варшава, Польша

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

Тархомин фармацевтикалық зауыты «Польфа» Акционерлік Қоғамы,

Польша

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Adalan» ЖШС

Тимирязев к-сі 42, 23 пав., 202 кеңсе, 050057 Алматы қ.

Тел. + 727 269 54 59; e-mail: reg@adalan.kz

 

Прикрепленные файлы

722631951477976489_ru.doc 86 кб
513676151477977652_kz.doc 95.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники