Дарзалекс (100 мг)

МНН: Даратумумаб
Производитель: Силаг АГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Даратумумаб
Номер регистрации в РК: РК-БП-5№023399
Информация о регистрации в РК: 03.03.2022 - 03.03.2032

Инструкция

Саудалық атауы

Дарзалекс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Даратумумаб

Дәрілік түрі

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат, 100 мг/5 мл және

400 мг/20 мл

Құрамы

Препараттың 1 құтысының ішінде

белсенді зат – 100 мг немесе 400 мг даратумумаб,

қосымша заттар: мұзды сірке қышқылы, натрий ацетаты тригидраты, натрий хлориді, маннитол, полисорбат 20, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір немесе бозаңданған, ішінде бірен-саран ақуыз бөлшектері болуы мүмкін, түссіз немесе түссіз дерлік сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Антинеопластикалық және иммуномодуляциялайтын препараттар.

Антинеопластикалық препараттар. Антинеопластикалық басқа препараттар. Моноклональді антиденелер. Даратумумаб.

АТХ коды L01XC24

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Даратумумабтың вена ішіне енгізілгеннен кейінгі фармакокинетикасы қайталанатын және рефрактерлі көптүрлі миеломасы бар пациенттерде монотерапияда 0.1-ден 24 мг/кг дейінгі дозаларында қолданылуы кезінде зерттелді.

1-24 мг/кг қабылдаған топтарда, алғашқы дозасынан кейін плазмадағы ең жоғарғы концентрациясы (Cmax) шамамен дозасына пропорционал жоғарылаған, таралу көлемі плазмадағы бастапқы таралуына сәйкес келген. Апта сайынғы соңғы енгізілуінен кейін Cmax көрсеткіші препараттың нысанасы түрткі болған таралуына сәйкес, пропорционал дозалары тәсілі кезіндегісіне қарағанда көбірек артқан.

«Концентрация-уақыт» қисығы астындағы ауданының (AUC) жоғарылауы дозасына тікелей пропорционалдылығын басып озып орын алған, бұдан өзге, дозасын арттырған сайын клиренсінің төмендегені байқалды. Бұл мәліметтер жоғарырақ дозаларында CD38 қанығуы мүмкіндігін көрсетеді, содан кейін нысанасы түрткі болған клиренсінің әсері азаяды, және даратумумабтың клиренсі эндогендік IgG1-ге тән желілік клиренсіне жуықтайды. Бірнеше рет енгізгеннен кейін де клиренсінің төмендегін байқалған, бұған ісік жүктемесінің азаюы түрткі болуы мүмкін.

Жартылай шығарылуының терминалдық кезеңі препараттың дозасын арттырған кезде және бірнеше рет енгізген кезде жоғарылайды. Даратумумабтың 16 мг/кг дозадағы алғашқы инфузиясынан кейін жартылай шығарылуының есептеп шығарылған терминалдық кезеңінің орташа мәні (стандартты ауытқуы) 9 (4.3) күнге тең болды. Даратумумабтың жартылай шығарылуының есептеп шығарылған терминалдық кезеңі соңғы 16 мг / кг енгізгеннен кейін жоғарылаған, бірақ сенімді түрде баға беру үшін мәліметтер жеткіліксіз. популяциялық фармакокинетикалық талдаудың негізінде, дозасына тәуелді спецификалық емес элиминациясы үшін жартылай шығарылу кезеңінің орташа мәні (стандартты ауытқуы) шамамен 18 (9) күнге тең болды; жартылай шығарылуының бұл терминалдық кезеңін клиренс нысанасы түрткі болған толық қанығуы жағдайында және даратумумабты бірнеше рет енгізген кезде күтуге болады.

Ұсынылған кестесі мен 16 мг/кг дозасы пайдаланылған апта сайынғы инфузиялары кезеңінің соңында сарысудағы Cmax орташа мәні (стандартты ауытқуы) 915 (410.3) мкг/мл тең болды, бұл алғашқы инфузиясынан кейінгіден шамамен 2.9 есе жоғары. Апта сайынғы инфузиялары кезеңінің соңында препараттың кезекті дозасын енгізер алдында (ең төменгі мәні) плазмадағы концентрациясының орташа мәні (стандартты ауытқуы) 573 (331.5) мкг/мл тең болды.

Бұл препараттың фармакокинетикасының сипаттарын сипаттау үшін, даратумумаб фармакокинетикасына үш популяциялық, сондай-ақ, даратумумабтың таралуына ковариаталарының әсерін бағалау үшін, көптүрлі миеломасы бар пациенттерде талдау жүргізілді.

Осының негізінде , дене салмағы даратумумаб клиренсінің статистикалық тұрғыдан маңызды ковариатасы ретінде идентификацияланды. Осылайша, дозасын дене салмағы бойынша таңдау көптүрлі миеломасы бар пациенттерде дозасын есептеп шығару үшін қолайлы стратегия болып табылады.

Даратумумаб фармакокинетикасын модельдеу ұсынылған барлық дозалау режимдері үшін жүргізілді. Модельдеу нәтижелерінен алғашқы дозасы үшін бөлшектелген және бір реттік инфузиясы емдеудің алғашқы күніндегі фармакокинетикалық бейінін қоспағанда, ұқсас фармакокинетикасын қамтамасыз ететіндігі расталды.

Пациенттердің айрықша топтары

Жас шамасы мен жынысы

Жас шамасы (аралығы: 31-93 жас) даратумумаб фармакокинетикасына клиникалық тұрғыдан елеулі әсері жоқ.

Клиникалық маңыздылығы тұрғысынан, жыныстық ерекшелік популяциялық фармакокинетикалық екі талдауда да даратумумабтың әсеріне ықпал етпеген.

Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер

Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде даратумумабты зерттеу жүргізілген жоқ. Даратумумабты монотерапияда немесе біріктіріп емдеуде (бүйрек функциясы қалыпты (креатинин клиренсі ≥90 мл/мин) қабылдаған, бүйрек функциясының жеңіл дәрежелі бұзылуы бар (креатинин клиренсі <90 және ≥60 мл/мин), бүйрек функциясының орташа дәрежелі бұзылуы бар (креатинин клиренсі <60 және ≥30 мл/мин) бүйрек функциясының ауыр дәрежелі бұзылуы немесе бүйрек жеткіліксіздігінің терминалды сатысы бар (креатинин клиренсі <30 мл/мин) пациенттерде бүйректің функционалдық жағдайы жөніндегі қолда бар мәліметтердің негізінде үш популяциялық фармакокинетикалық талдау жүргізілді. Бүйрек функциясының бұзылуы бар және бүйрек функциясы қалыпты пациенттер арасында даратумумаб концентрациясының клиникалық тұрғыдан маңызды айырмашылықтары анықталған жоқ.

Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер

Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде даратумумабты зерттеулер жүргізілген жоқ. Даратумумабтың шығарылуына бауыр функциясының өзгерістері қандай-да бір ықпал етуі екіталай, өйткені, даратумумаб сияқты IgG1 молекулалары, бауыр жолдары арқылы метаболизденбейді. Бауыр функциясы қалыпты (жалпы билирубин мен аспартатаминотрансфераза (АСТ) ≤ қалыптың жоғарғы шегі (ҚЖШ)), бауыр функциясының жеңіл дәрежелі бұзылуы бар (жалпы билирубин 1.0 x 1.5 x ҚЖШ немесе АСТ > ҚЖШ) және бауыр функциясының орташа (ЖБ> 1.5 х 3.0 х ҚЖШ) немесе ауыр (ЖБ> 3.0 х ҚЖШ) дәрежелі бұзылуы бар пациенттерді кірістіріп, даратумумабпен монотерапияны немесе біріктірілген емді қабылдап жүрген пациенттерде үш популяциялық фармакокинетикалық талдау жүргізілді. Бауыр функциясының бұзылуы бар және бауыр функциясы қалыпты пациенттер арасында даратумумаб концентрациясында клиникалық тұрғыдан маңызды ешқандай айырмашылықтар анықталған жоқ.

Нәсіл

Даратумумабпен монотерапия немесе біріктірілген емді қабылдаған пациенттердегі үш популяциялық фармакокинетикалық талдаудың негізінде, ақ және қара нәсілді пациенттер арасында даратумумаб әсерінің ұқсастығы анықталды.

Фармакодинамикасы

Даратумумаб – бұл адамдағы моноклональді IgG1κ антиденесі, ол көптүрлі миелома жасушаларын, сондай-ақ, жасушалар мен тіндердің басқа типтерін қоса, түрлі гематологиялық қатерлі жаңа түзілімдер кезінде жасушалар беткейіндегі экспрессия деңгейінің жоғарылығымен сипатталатын CD38 ақуызымен байланысады. CD38 ақуызының, рецепторлар түрткі болатын адгезиясын, сигналдық және ферментативтік белсенділігін қоса, көптеген функциясы бар.

Даратумумабтың CD38 экспрессиялайтын ісік жасушаларының in vivo көбеюін күшті тежеуге қабілеттілігі көрінді. In vitro зерттеулердің негізінде даратумумаб көптеген эффекторлық функцияларының есебінен, ісік жасушаларының иммундық жүйе түрткі болатын қырылуын туғызуы мүмкін. Ол зерттеулердің мәліметтері даратумумаб комплементке тәуелді цитоуыттылығы, антиденеге тәуелді жасушалық цитоуыттылығы және CD38 экспрессиясымен қатерлі жаңа түзілімдер кезіндегі антиденеге тәуелді жасушалық фагоцитозы арқылы ісік жасушаларының лизисін индукциялауға қабілетті деген болжам жасауға мүмкіндік береді.

Миелоидтық супрессорлық жасушалардың (CD38 + MDSCs), реттегіштік Т-жасушалардың (CD38 + Tregs) және В-жасушалардың (CD38 + Bregs) субпопуляциясы даратумумаб түрткі болған жасушалар лизисіне сезімтал. Сонымен қатар, Т-жасушалар (CD3 +, CD4 + және CD8 +) даму сатысы мен белсену деңгейіне байланысты, CD38 экспрессиялайтындығы белгілі. Даратумумабпен емдеу кезінде CD4+ және CD8+ Т-лимфоциттердің абсолюттік санының едәуір көбеюі, сондай-ақ, шеткері айырылмаған қан мен сүйек кемігіндегі лимфоциттердің пайыздық мөлшері байқалған. Бұдан өзге, Т-жасушалардың ДНҚ рецепторларын секвенирлеу, даратумумабпен емдеуде Т-жасушалардың клональділігі жоғарылағанын растады, бұл клиникалық жауапқа ықпал етуі мүмкін иммуномодуляциялаушы әсерлерін көрсетеді.

Бұдан өзге, даратумумаб in vitro Fc-түрткі болған айқаспалы байланысу мен CD38 ферментативтік белсенділігінің модульденуінен кейінгі апоптозды индукциялаған, бұл циклазалардың ферментативтік белсенділігінің тежелуін және гидролазалар белсенділігінің стимуляциялануын туғызды. Аталған әсерлерінің клиникалық тәжірибеде in vitro маңыздылығы, сондай-ақ, олардың ісіктің өсуіне ықпалы толығымен зерттелген жоқ.

Фармакодинамикалық әсерлері

Табиғи киллер жасушалар (NK-жасушалар) мен T-жасушалар саны

NK-жасушалар CD38едәуір мөлшерде экспрессиялайтындығы белгілілі, сол себепті, олар даратумумаб түрткі болатын лизиске сезімтал. Даратумумабты қолданғанда шеткері қан мен сүйек кемігіндегі NK-жасушалардың (CD16+CD56+) және белсендірілген NK-жасушалардың (CD16+CD56dim) абсолюттік саны мен пайыздық мөлшерінің азайғаны байқалды. Дегенмен, NK-жасушалардың бастапқы саны мен клиникалық жауап арасында өзара байланыстылық бары анықталған жоқ.

Иммуногенділік

Даратумумабпен монотерапияны және біріктірілген емді қабылдаған пациенттерде, емдеу кезіндегі бірнеше уақыт кезеңдерінде және емдеу аяқталғаннан кейін 8 аптаға дейін дарутумумабқа антиденелердің антитерапиялық реакциялары бағаланды. Даратумумабпен емдеуді бастағаннан кейін монотерапия қабылдаған пациенттердің бірде-біреуінде, және біріктірілген ем тобында 0.48%-ында даратумумабқа антиденелерге оң реакция көрсетілген; біріктірілген ем қабылдаған пациенттердің 1-еуінде дарутумумабқа қарсы транзиторлық бейтараптандырғыш антиденелер дамыған.

Алайда, қолданылған талдауда даратумумабтың концентрациялары жоғары болған жағдайда, дарутумумабқа антиденелерді анықтауда шектеулер бар. Сол себепті, антиденелердің даму жиілігін анықтау мүмкін емес.

Балалар

Еуропаның дәрілік заттар жөніндегі агенттігі көптүрлі миеломасы бар педиатриялық популяцияның барлық топтарындағы даратумумаб зерттеулерінің нәтижелерін беруден бас тартты.

Қолданылуы

Дарзалекс препараты келесілерде қолданылады:

- көптүрлі миелома диагнозы алғаш қойылған, дің жасушаларының аутологиялық трансплантациясын жүргізуге жарамсыз ересек пациенттерді емдеу үшін бортезомибпен, мелфаланмен және преднизонмен біріктіріп

- монотерапия ретінде қайталанатын және рефрактерлі көптүрлі миеломасы бар, протеасома тежегіштері мен иммуномодуляциялаушы препараттарды қоса, ем қабылдаған және соңғы емдеуде аурудың үдеуі анықталған ересек пациенттерді емдеу үшін ұсынылады

- көптүрлі миеломасы бар, осының алдында кемінде бір рет ем қабылдаған ересек пациенттерді емдеу үшін леналидомидпен және дексаметазонмен, немесе бортезомибпен және дексаметазонмен біріктіріп қолданылады.

Қолдану тәсілі және дозалары

Енгізуді медицина қызметкері, реанимация үшін қажетті жабдықтар бар жағдайларда жүзеге асыруы тиіс.

Әсер етуші заты даратумумаб туғызған инфузиялық реакциялардың (ИР) туындау қауіптерін азайту үшін, инфузия алдындағы және инфузиядан кейінгі дәрілік заттарды қабылдау керек.

Дозалау

Алғаш анықталған көптүрлі миелома диагнозы

Дің жасушаларының аутологиялық трансплантациясына жарамсыз пациенттер үшін бортезомибпен, мелфаланмен және преднизонмен біріктіріп дозалау режимі (6 апталық емдеу режимі):Дарзалекс препаратының ұсынылатын дозасы 1 кестедегі келесі сызба бойынша, венаішілік инфузия түрінде, дене салмағына 16 мг/кг құрайды:

1 кесте: Дарзалекс препаратын бортезомибпен, мелфаланмен және преднизонмен біріктіріп дозалау режимі ([VMP сызбасы], циклдің 6 апталық дозалау режимі)

Апталар

Режимі

1-6 апталар

Апта сайын (барлығы 6 доза)

7 54 апталарa

Үш аптада бір рет (барлығы 16 доза)

55 аптадан бастап ауру үдегенге дейінb

Төрт аптада бір рет

а 3 аптада бір рет емдеу режимі кезіндегі алғашқы дозасы 7 аптада енгізіледі.

b 4 аптада бір рет емдеу режимі кезіндегі алғашқы дозасы 55 аптада енгізіледі.

Бортезомиб алғашқы 6 апталық цикл үшін 1, 2, 4 және 5 апталарда аптасына екі рет, кейіннен тағы 6 апталық сегіз цикл үшін 1, 2, 4 және 5 апталарда аптасына бір рет тағайындалады. VMP сызбасындағы Дарзалекс препаратымен бірге енгізілетін дәрілік препараттардың дозалары мен дозалау режимін «Фармакодинамикасы» бөлімінен және дәрілік препараттарды медициналық қолдану жөніндегі сәйкесінше нұсқаулықтардан қараңыз.

Қайталанатын/ рефрактерлі көптүрлі миелома

Монотерапия үшін және леналидомидпен біріктіріп дозалау режимі (емдеудің 4 апталық режимі): Дарзалекс препаратының ұсынылатын дозасы 2 кестедегі келесі сызба бойынша венаішілік инфузия түрінде, дене салмағына16 мг/кг құрайды:

2 кесте: Дарзалекс препаратын монотерапия кезінде және леналидомидпен біріктіріп дозалау режимі (циклдің 4 апталық дозалау режимі)

Апталар

Режимі

1-8 апталар

Апта сайын (барлығы 8 доза)

9-24 апталара

Екі аптада бір рет (барлығы 8 доза)

25 аптадан бастап ауру үдегенге дейін b

Төрт аптада бір рет

а 2 аптада бір рет емдеу режимі кезіндегі алғашқы дозасы 9 аптада енгізіледі.

b 4 аптада бір рет емдеу режимі кезіндегі алғашқы дозасы 25 аптада енгізіледі.

Дарзалекс препаратымен бірге енгізілетін дәрілік препараттардың дозалары мен дозалау режимін «Фармакодинамикасы» бөлімінен және дәрілік препараттарды медициналық қолдану жөніндегі сәйкесінше нұсқаулықтардан қараңыз.

Бортезомибпен біріктіріп енгізу кезіндегі дозалау режимі (емдеудің 3 апталық режимі): Дарзалекс препаратының ұсынылатын дозасы 3 кестеде келтірілген, препаратты дозалау режиміне сәйкес, венаішілік инфузиялары түрінде, дене салмағына16 мг/кг құрайды.

3 кесте. Дарзалекс препаратын бортезомибпен біріктіріп енгізу кезіндегі дозалау режимі (емдеудің 3 апталық режимі)

Апталар

Режимі

1-9 апталар

Апта сайын (барлығы 9 доза)

10-24 апталар а

3 аптада бір рет (барлығы 5 доза)

25 аптадан бастап ауру үдегенге дейінb

Төрт аптада бір рет

а 3 аптада бір рет емдеу режимі кезіндегі алғашқы дозасы 10 аптада енгізіледі.

b 4 аптада бір рет емдеу режимі кезіндегі алғашқы дозасы 25 аптада енгізіледі.

Дарзалекс препаратымен бірге енгізілетін дәрілік препараттардың дозалары мен дозалау режимін «Фармакодинамикасы» бөлімінен және дәрілік препараттарды медициналық қолдану жөніндегі сәйкесінше нұсқаулықтардан қараңыз.

Инфузия жылдамдығы

Дарзалекс препаратының инфузияға арналған ерітіндісін сұйылтқаннан кейін вена ішіне, төменде 4 кестеде көрсетілгендей, дәрілік заттың сәйкесінше бастапқы енгізу жылдамдығын сақтай отырып енгізу керек. Дәрілік затты енгізу жылдамдығын біртіндеп арттыруды тек, инфузиялық реакция болмаған жағдайда ғана қарастыру керек.

Енгізуді жеңілдету үшін, 1-ші аптадағы бастапқы тағайындалған 16 мг/кг дозасын қатарынан екі күнге бөлуге болады, яғни 1-ші күні және екінші 2-ші күні сәйкесінше 8 мг/кг, төмендегі 4 кестені қараңыз.

4 кесте: Дарзалекс препаратын енгізу жылдамдығы (16 мг/кг)

Сұйылтылу көлемі

Бастапқы енгізу жылдамдығы (алғашқы сағатта)

Енгізу жылдамдығын арттыруа

Енгізудің ең жоғарғы жылдамдығы

1 инфузия аптасы

1 нұсқа (бір реттік инфузия)

1 аптаның 1 күні (16 мг/кг)

1000 мл

50 мл/сағ

сағат сайын 50 мл/сағ

200 мл/сағ

1 нұсқа (бөлшектелген инфузия)

1 аптаның 1 күні (8 мг/кг)

500 мл

50 мл/сағ

сағат сайын 50 мл/сағ

200 мл/сағ

1 аптаның 2 күні (8 мг/кг)

500 мл

50 мл/сағ

сағат сайын 50 мл/сағ

200 мл/сағ

2 аптаның инфузиясы (16 мг/кг)b

500 мл

50 мл/сағ

сағат сайын 50 мл/сағ

200 мл/сағ

Кейінгі инфузиялары с (3 апта және одан ары қарай, 16 мг/кг)

500 мл

100 мл/сағ

сағат сайын 50 мл/сағ

200 мл/сағ

a Дәрілік затты енгізу жылдамдығын біртіндеп арттыруды тек, инфузиялық реакция болмаған жағдайда ғана қарастыру керек.

b 16 мг/кг дозасы үшін 500 мл сұйылту көлемі тек, егер алдыңғы аптада ИР болмаған жағдайда ғана жол беріледі. Басқалай жағдайда, 1000 мл еріту көлемін пайдаланыңыз.

с Келесі енгізілулері үшін (яғни, 3-ші инфузиясы және одан ары қарай) бастапқы енгізу жылдамдығын (100 мл/сағ) өзгертуге тек, егер алдыңғы аптада ИР болмаған жағдайда ғана жол беріледі. Басқалай жағдайда, екінші инфузиясына берілген нұсқауларды басшылыққа алуды жалғастыра беріңіз.

Инфузиялық реакциялары бар пациенттерді емдеу тәсілі

Инфузиялық реакциялардың (ИР) туындау қаупін азайту үшін, Дарзалекс препаратын енгізгенге дейін премедикация қажет.

Кез келген ауырлық дәрежесіндегі инфузиялық реакциялар туындаған жағдайда Дарзалекс препаратының инфузиясын дереу тоқтату және тиісінше симптоматикалық ем жүргізу қажет.

Инфузиялық реакциялар дамыған жағдайда әрекет ету тәсілдеріне төменде келтірілген сипаттамаларға сәйкес, инфузия жылдамдығын азайтуды немесе Дарзалекс препаратымен емдеуді тоқтатуды жатқызуға болады:

  • 1-2 дәрежесі (жеңіл – орташа реакциялар): инфузиялық реакция симптомдары басылғаннан кейін, инфузияны инфузиялық реакцияның дамуы орын алған жылдамдығының жартысынан аспайтын жылдамдықпен қайта бастау керек. Егер пациентте ары қарай инфузиялық реакцияның ешқандай симптомдары туындамаса, инфузия жылдамдығын арттыруға жол беріледі, сонымен қатар тиісінше қадамдар мен аралықтарды пайдалану керек, бұл клиникалық тұрғыдан ең жоғарғы 200 мл/сағ жылдамдыққа сәйкес келеді (4 кесте).

  • 3 дәрежесі (ауыр реакциялар): инфузиялық реакция симптомдары басылғаннан кейін, инфузияны реакция дамуы орын алған жылдамдығының жартысынан аспайтын жылдамдықпен қайта бастау туралы мәселені шешіп алу керек. Егер пациентте ары қарай инфузиялық реакцияның ешқандай қосымша симптомдары туындамаса, инфузия жылдамдығын арттыруға жол беріледі, сонымен қатар тиісінше қадамдар мен аралықтарды (4 кесте) пайдалану керек. 3 дәрежелі симптомдар қайталанған жағдайда, жоғарыда сипатталған емшараны қайталау қажет. Егер келесі инфузиясы кезінде пациентте инфузиямен байланысты кез келген, 3 және одан жоғары дәрежелі симптомдар туындаса, Дарзалекс препаратын мүлдем тоқтату қажет.

  • 4 дәрежесі (өмірге қауіп төндіретін реакциялар): Дарзалекс препаратымен емдеуді толықтай тоқтату қажет.

Дозасын өткізіп алу

Дарзалекс препаратының кез келген жоспарлы дозасын өткізіп алған жағдайда, ол дозасын барынша жылдамырақ енгізу және инфузиялар арасындағы аралықты сақтау мақсатында, дозалау режимін тиісінше түзету қажет.

Дозасын өзгерту

Дарзалекс препаратының дозасын азайту ұсынылмайды. Гематологиялық уыттылығы жағдайында, қан жасушаларының санын қалпына келтіру үшін емдеуді тоқтата тұру қажет болуы мүмкін. Дарзалекс препаратымен біріктіріп қабылданатын дәрілік заттарға қатысты ақпаратты білу үшін, препаратты медициналық қолдану жөніндегі сәйкесінше нұсқаулықты қараңыз.

Ұсынылатын қатарлас препараттар

Инфузияға дейін қолданылатын препараттар

Инфузиялық реакциялардың туындау қаупін азайту мақсатында, барлық пациенттер келесі препараттардың біріктірілімін Дарзалекс препаратының әрбір инфузиясына дейін шамамен 1 - 3 сағат бұрын қабылдауы тиіс:

- кортикостероидтар (әсер ету ұзақтығы орташа немесе ұзаққа созылатын)

Монотерапия:

Метилпреднизолон 100 мг немесе вена ішіне енгізілетін басқа кортикостероидтың баламалы дозасы. Екінші инфузиясынан кейін, кортикостероидтың дозасын (пероральді немесе вена ішіне 60 мг метилпреднизолон) төмендетуге болады.

Біріктірілген ем:

Дарзалекс препаратының әрбір инфузиясына дейін енгізілетін 20 мг дексаметазон (немесе баламасы). Дексаметазонды Дарзалекс препаратының алғашқы инфузиясына дейін вена ішіне енгізеді және келесі инфузияларына дейін ішу арқылы қабылдауды қарастыруға болады. Егер пациенттер дексаметазонды пре-медикация препараты ретінде қабылдаған болса, қосымша «тұйықтау» емі ретіндегі спецификалық кортикостероидтар (мысалы, преднизон) режимін Дарзалекс препаратының инфузиялары күндерінде қабылдамау керек.

Антипиретиктер (650 - 1000 мг дозадағы пероральді парацетамол )

Антигистамин (25 - 50 мг дозадағы дифенгидрамин немесе баламалы препарат пероральді немесе вена ішіне).

Инфузиядан кейін қолданылатын препараттар

Кейіннен білінетін инфузиялық реакцияларды азайту үшін, инфузиядан кейінгі препараттарды келесі тәртіппен енгізу керек:

Монотерапия:

Пероральді кортикостероидты (жергілікті стандарттарға сәйкес, 20 мг дозадағы метилпреднизолон немесе әсер ету ұзақтығы орташа немесе ұзаққа созылатын басқа кортикостероидтың баламалы дозасы) әрбір инфузиядан кейін 2 күн бойы (инфузиядан кейінгі келесі күннен бастап) қабылдау керек.

Біріктірілген ем:

Дарзалекс препаратын енгізгеннен кейін келесі күні төмен дозалы пероральді метилпреднизолонды (≤ 20 мг) немесе баламасын енгізу мүмкіндігін қарастыру ұсынылады. Алайда, егер спецификалық кортикостероидтармен (мысалы, дексаметазон, преднизон) «тұйықтау» емі Дарзалекс препаратының инфузиясынан кейін келесі күні қолданылса, инфузиядан кейін қолданылатын қосымша препараттар қажет болмауы да мүмкін.

Бұдан өзге, анамнезінде өкпенің созылмалы обструкциялық аурулары бар пациенттерге әр инфузиядан кейін қысқа және ұзақ әсерлі бронходилататорларды, не болмаса ингаляциялық кортикостероидтарды қолдану қажеттілігін қарастыру керек. Егер алғашқы төрт инфузиясынан кейін пациентте ешқандай елеулі инфузиялық реакциялар байқалмаса, онда инфузиядан кейін қолданылатын препараттарды, дәрігердің шешімі бойынша тоқтатуға болады.

Белдемелі герпес вирусының қайта белсенділенуінің профилактикасы

Белдемелі герпес вирусының қайта белсенділенуін болдырмас үшін, вирусқа қарсы профилактика мәселесін қарастыру керек.

Пациенттердің айрықша топтары

Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер

Популяциялық фармакокинетикалық талдау мәліметтерінің негізінде, бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер үшін дозасын түзету қажет емес екендігі анықталды.

Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер

Популяциялық фармакокинетикалық талдау мәліметтерінің негізінде, бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде дозасын түзету қажет емес екендігі анықталды.

Егде жастағы пациенттер

Дозасын түзету қажет емес.

Балалар

Дарзалекс препаратының 18 жасқа дейінгі балалардағы қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ. Мәліметтер қолжетімсіз.

Қолдану тәсілі

Дарзалекс препараты вена ішіне енгізуге арналған. Препарат 0.9 % натрий хлориді ерітіндісімен сұйылтқаннан кейін венаішілік инфузиялар түрінде енгізіледі.

Ерітіндіні дайындау, онымен жұмыс жасау және жою жөніндегі нұсқаулар

Препарат тек бір рет қолдануға арналған.

Инфузияға арналған ерітіндіні асептика талаптарын сақтай отырып, келесідегідей дайындау қажет:

- Дене салмағының негізінде, Дарзалекс препаратының қажетті дозасы (мг) мен жалпы көлемін (мл), сондай-ақ, Дарзалекс препараты құтыларының қажетті санын есептеп шығару қажет.

- Дарзалекс препаратының түсін тексеріңіз (ол түссізден сары түске дейін болуы тиіс). Түсі өзгерген, қатты бұлыңғырланған немесе ішінде бөгде бөлшектер пайда болған ерітіндіні пайдалануға жол берілмейді.

- Асептика талаптарын сақтай отырып, инфузиялық пакеттен/контейнерден объем 0.9% натрий хлориді ерітіндісінің Дарзалекс препаратының қажетті көлеміне тең болатын көлемін шығарып алу қажет.

- Дарзалекс препаратының қажетті мөлшерін шығарып алу және оны ішінде 0.9% натрий хлориді ерітіндісі бар инфузиялық пакетке/контейнерге қосу арқылы керекті көлеміне дейін сұйылтыңыз. Инфузиялық пакеттер/контейнерлер поливинилхлоридтен (ПВХ), полипропиленнен (ПП), полиэтиленнен (ПЭ) немесе полиолефиндер (полиэтиленнің полипропиленмен) қоспасынан дайындалуы тиіс. Препаратты асептикалық жағдайларда сұйылту қажет. Препараттың құтыдағы пайдаланылмаған бөлігін жойып жіберу қажет.

- Ерітіндіні араластыру үшін, пакетті/контейнерді абайлап төңкеріңіз. Сілкуге болмайды!

- Енгізер алдында парентеральді препараттардың құрамында бөгде бөлшектердің бар-жоқтығын және түсінің өзгермегендігін тексеріп шығу қажет. Сұйылтылған ерітінділердің ішінде өте кішкентай мөлдір немесе ақ түсті ақуыз бөлшектері болуы мүмкін, өйткені Дарзалекс препараты ақуыздық препарат болып табылады. Түсі өзгерген, қатты бұлыңғырланған немесе ішінде бөгде бөлшектер пайда болған ерітіндіні пайдалануға жол берілмейді.

Дарзалекс препаратының құрамында консервант жоқ болғандықтан, сұйылтылған ерітінділерді бөлме температурасында (15 °C - 25 °C) және бөлме жарығында 15 сағат ішінде (инфузия уақытын қоса) енгізу қажет.

- Егер ерітінді дереу пайдаланылмайтын болса, сұйылтылған ерітіндіні енгізер алдында 24 сағатқа дейін салқындатылған жағдайдарда (2 °С - 8 °С) және жарықтан қорғалған жерде сақтауға болады. Мұздатып қатыруға болмайды.

- Сұйылтылған ерітіндіні инфузияға арналған, ағын жылдамдығын реттегіші және ішіне орнатылған стерильді апирогенді полиэфирсульфон сүзгісі (тесіктерінің диаметрі 0.22 немесе 0.2 микрон) бар, ақуыздармен байланысуы төмен жинақты пайдаланып, венаішілік инфузияның көмегімен енгізу керек. Инфузияға арналған, полиуретаннан, полибутадиеннен, поливинилхлоридтен, полипропиленнен немесе полиэтиленнен жасалған жинақтарды пайдалану қажет.

- Дарзалекс препаратының инфузиясын басқа дәрілік заттармен бір мезгілде, венаішілік бір инфузиялық жүйеде жүргізбеу керек.

- Инфузияға арналған ерітіндінің пайдаланылмаған бөлігін ары қарай қолдану мақсатында сақтауға болмайды. Кез келген пайдаланылмаған препаратты немесе оның қолданылғаннан кейінгі қалдықтарын жергілікті талаптарға сәйкес жою қажет.

Жағымсыз әсерлері

Қауіпсіздік бейіні туралы жиынтық мәліметтер

Жекелеген рандомизацияланған бақыланатын зерттеулерде анағұрлым жиі кездесетін жағымсыз реакциялар (>20%) инфузиялық реакциялар, шаршау, жүрек айнуы, диарея, бұлшықет түйілулері, қызба, жөтел, нейтропения, тромбоцитопения, анемия, шеткері сенсорлық нейропатия және жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары болды. Ауыр жағымсыз реакциялар пневмония, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары, өкпенің ісінуі, тұмау, қызба, диарея және жүрекшелердің фибрилляциясы болды.

Жағымсыз әсерлерінің тізбесі

Мәліметтер Дарзалекс (16 мг/кг) препаратының көптүрлі миеломасы бар пациенттердегі, соның ішінде, Дарзалекс препаратын леналидомидпен және дексаметазонмен, бортезомибпен және дексаметазон немесе бортезомиб, мелфалан және преднизонмен біріктіріп қабылдаған пациенттердегі белсенді бақыланатын III фазадағы үш зерттеудегі, және пациенттер Дарзалексті помалидомидпен және дексаметазонмен біріктіріп, леналидомидпен және дексаметазонмен біріктіріп немесе монотерапия ретінде қабылдаған бес ашық клиникалық сынақтағы әсерін көрсетеді.

Маркетингтен кейінгі жағымсыз реакциялар да қамтылды.Жағымсыз реакциялар ағзалар жүйесінің класына және көрініс беру жиіліктеріне сәйкес атап келтіріледі. Жиілік санаттары келесідегідей анықталған: өте жиі (>1/10), жиі (>1/100 - <1/10 дейін), жиі емес (>1/1000 - <1/100 дейін), сирек (>1/10 000 - <1/1000 дейін). Әр санатта жағымсыз реакциялар ауырлық дәрежесінің азаюы тәртібімен келтірілген.

Өте жиі

- пневмонияа, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясыа

- анемияа, нейтропенияа, тромбоцитопенияа, лимфопенияа

- шеткері сенсорлық нейропатия

- бас ауыруы

- гипертензияа

- жөтела, ентігуа

- жүрек айнуы, диарея, құсу

- бұлшықет түйілуі

- шаршау, қызба, шеткері ісінулера

- инфузиялық реакцияларс

Жиі

- тұмау

- жүрекшелердің фибрилляциясы

- өкпенің ісінуіа

Сирек

- анафилаксиялық реакцияларb

а терминдер тобын көрсетеді

b маркетингтен кейінгі жағымсыз реакциялар

с инфузиялық реакциялар зерттеушілер инфузиялармен байланысты терминдер ретінде анықтаған терминдерді қамтиды, төменнен қараңыз

Инфузиялық реакциялар

Клиникалық зерттеулерде (монотерапия және біріктіріп емдеу) кез келген дәрежедегі инфузиялық реакциялардың туындау жиілігі Дарзалекс препаратының алғашқы инфузиясы (16 мг/кг, 1-ші апта) кезінде 40%-ды, екінші инфузиясы кезінде 2%-ды және кейінгі инфузиялары кезінде 4%-ды құрады. 1%-дан аз пациентте екінші немесе кейінгі инфузиялары кезінде 3 дәрежелі инфузиялық реакциялар байқалды. 4 дәрежелі инфузиялық реакциялар 0.2% пациентте тіркелді.

Реакция басталғанға дейінгі орташа уақыт 1.4 сағатты (аралығы: 0.02-ден 72.8 сағатқа дейін) құрады. Инфузиялардың реакцияларға байланысты тоқтатылу жиілігі 37%-ды құрады. Бірінші, екінші және одан кейінгі инфузиялары үшін инфузияның орташа ұзақтығы 16 мг/кг сәйкесінше 7.0, 4.3 және 3.4 сағат болды.

Ауыр инфузиялық реакциялар бронх түйілуін, ентігуді, көмейдің ісінуін, өкпенің ісінуін, гипоксия мен гипертензияны қамтыды. Инфузиямен байланысты басқа жағымсыз реакциялар мұрынның бітелуі, жөтел, қалтырау, тамақтың тітіркенуі, құсу және жүрек айнуы болды.

Біріктірілген емді қабылдаған пациенттерге, даратумумабтың 16 мг/кг алғашқы дозасы 1 аптада екі күнге бөліп, яғни, 1 және 2 күндері сәйкесінше 8 мг/кг енгізілді. Инфузиямен байланысты реакциялардың жиілігі, 42 % құрады, 36 % пациент инфузиялық реакцияларды 1 аптаның 1-ші күні, 4 % - 1 аптаның 2-ші күні, және 8%-ы кейінгі инфузиялары кезінде бастан өткереді. Реакцияның басталуының орташа уақыты 1.8 сағатты (аралығы: 0.1-ден 5.4 сағатқа дейін) құрады. Реакцияларға байланысты инфузияның тоқтатылу жиілігі 30 % құрады. Инфузиялардың ұзақтығының медианасы 1 аптаның 1-ші күні үшін 4.2 сағатты, 1 аптаның 2-ші күні үшін 4.2 сағатты және кейінгі инфузиялары үшін 3.4 сағатты құрады.

Инфекциялар

Дарзалекс препаратымен біріктіріп ем қабылдаған пациенттерде препаратты қолданғанда және негізгі ем кезінде 3 немесе 4 дәрежелі инфекция туралы хабарланған. Пневмония анағұрлым жиі кездесетін ауыр (3-ші немесе 4-ші дәрежелі) инфекция болып табылады. Өлімге соқтырған инфекциялар тұтас алғанда, құрамында Дарзалекс бар сызбалар мен бақыланатын зерттеулердегі белсенді бақылау топтары арасында теңдестірілді, және негізінен, пневмониямен және сепсиспен байланысты болды.

Гемолиз

Теориялық тұрғыдан, гемолиздің дамуы қаупі бар. Аталған қауіпті көрсеткішті үздіксіз бақылау клиникалық зерттеулерде және маркетингтен кейінгі қауіпсіздік мәліметтерінде жүргізілетін болады.

Пациенттердің айрықша топтары

Көптүрлі миелома диагнозы алғаш қойылған, дің жасушаларының аутологиялық трансплантациясы үшін жарамсыз пациенттерде D-VMP емі VMP емімен салыстырылды, пациенттердің тиімділік көрсеткіші ECOG 2 (D-VMP, VMP) қосалқы тобында қауіпсіздік талдауы жалпы популяцияға сәйкес келеді.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық

- балаларға (балалардағы қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Даратумумабтың басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуін зерттеулер жүргізілген жоқ.

Даратумумаб моноклональді IgG1κ антидене болып табылатындықтан, несеппен экскрециялануы мен бауыр ферменті түрткі болатын метаболизмі, интактілі даратумумабтың шығарылуының негізгі жолдары болып табылуы екіталай. Сол себепті, дәрілік затты метаболиздейтін ферменттердегі өзгерістердің даратумумабтың шығарылуына ықпал ету ықтималдығы аз. CD38-дегі бірегей эпитоппен (антигендік детерминантамен) тектестігінің жоғарылығына байланысты, даратумумабтың дәрілік зат метаболизміне қатысатын ферменттерді өзгертуі күтілмейді.

Помалидомидті, талидомид пен бортезомибті клиникалық тұрғыдан фармакокинетикалық бағалаулар Дарзалекс препараты мен аталған біріктірілген емдер арасында клиникалық тұрғыдан елеулі өзара дәрілік әрекеттесулердің жоқтығын көрсетті.

Тікелей емес антиглобулиндік тестінің нәтижелеріне ықпалы (Кумбстың тікелей емес сынамасы)

Даратумумаб эритроциттерде анықталған CD38-бен байланысады, және үйлесімділікке тест, соның ішінде, серологиялық тестілеуді жүргізуге және үйлесімділікке айқаспалы сынама алуға кедергі келтіреді. Даратумумабтың мұндай әсерлерін азайту әдістеріне, даратумумабтың байланысын ыдырату үшін, эритроциттерді дитиотреитолмен өңдеу немесе басқа тексерілген әдістер кіреді. Келл бойынша қан топтары жүйесі дитиотреитолмен өңдеуге сезімтал болғандықтан, дитиотреитолмен өңделген эритроциттердің көмегімен аллогенді антиденелерді шығарып тастаудан немесе анықтаудан кейін, Келл-теріс бірліктерді қамтамасыз ету керек. Баламасы ретінде, фенотиптеуді немесе генотиптеуді де қарастыруға болады.

Сарысу ақуыздарының электрофорезіне әсері және иммунофиксация әдісі

Даратумумабты сарысу ақуыздарының электрофорезі әдісімен немесе моноклональді иммуноглобулинді (М-протеин) анықтау үшін пайдаланылатын иммунофиксация әдісімен анықтауға болады, бұл Халықаралық көптүрлі миеломаны зерттеу тобының (IMWG) критерийлері бойынша, толық жауаптың бастапқы бағалануына ықпал ететін IgGκ типті миеломалық протеині бар пациенттерде сарысу ақуыздарының электрофорезі және иммунофиксация әдісі талдауларының жалған оң нәтижелеріне алып келуі мүмкін. Үздіксіз, өте жақсы ішінара жауабы бар пациенттер үшін, даратумумабтың араласуына күдіктенген жағдайларда, даратумумабты пациенттің сарысуындағы кез келген басқа эндогендік М – протеиннен ажырата алу үшін, толық жауапты бағалауды жеңілдету үшін даратутмумабтың негізінде валидацияланған иммунофиксация талдауын пайдалану мүмкіндігін қарастыру қажет.

Айрықша нұсұқаулар

Инфузиялық реакциялар

Дарзалекс анафилаксиялық реакцияларды қоса, ауыр инфузиялық реакцияларды туғызуы мүмкін. Пациенттердің барлығы түгелдей инфузия кезеңі бойына ИР қатысты бақылауда болуы тиіс. ИР қандай-да бір дәрежесін бастан өткерген пациенттер үшін инфузиядан кейін мониторингілеуді, симптомдары жойылғанға дейін жалғастыру керек. Инфузиялық реакциялар Дарзалекс препаратын қабылдаған пациенттердің шамамен жартысында байқалған.

Инфузиялық реакциялардың көпшілігі алғашқы инфузиясы кезінде байқалған және 1-2 дәрежелі болған. 4% пациентте инфузиялық реакциялар бір инфузиядан көп жүргізген кезде байқалған. Бронх түйілулерін, гипертензияны, ентігуді, көмейдің ісінуін, өкпенің ісінуін және гипоксияны қамтыған ауыр инфузиялық реакциялар туралы хабарланды. Клиникалық көріністері көбінесе мұрынның бітелуін, қалтырауды, жөтелді, тамақтың жыбырлауын, құсу мен жүрек айнуын қамтыды. Аз таралған симптомдары ысқырып дем алу, аллергиялық ринит, қызба, кеуде қуысындағы жайсыздық, қышыну және гипотония болды.

Инфузиялық реакциялар қаупін азайту үшін, Дарзалекс препаратын қолданар алдында антигистаминдік препараттармен, ыстықты түсіретін дәрілермен және кортикостероидтармен премедикация жүргізу керек. Кез келген дәрежедегі инфузиялық реакциялардың туындаған жағдайда, Дарзалекс препаратының инфузиясын тоқтата тұру қажет. Қажет болған жағдайда сәйкесінше демеуші/симптоматикалық ем тағайындалады.

1, 2 немесе 3 дәрежелі инфузиялық реакциясы бар пациенттер үшін, инфузияны қайталап енгізгенде инфузия жылдамдығын азайту керек. Егер анафилаксиялық реакция немесе өмірге қауіп төндіретін инфузия (4 дәрежесі) орын алса, сәйкесінше шұғыл көмек дереу басталуы тиіс. Дарзалекс препаратымен емдеу дереу және мүлдем тоқтатылуы тиіс.

Кейіннен білінетін инфузиялық реакциялардың профилактикасы үшін барлық пациенттерге әрбір инфузиядан кейін пероральді кортикостероидтарды қабылдау қажет. Бұдан өзге, анамнезінде өкпенің обструкциялық аурулары бар пациенттерге өкпе асқынуларын емдеу үшін, ондайлар дамыған жағдайда, қосымша, инфузиядан кейінгі препараттарды (мысалы, ингаляциялық кортикостероидтарды, қысқа және ұзақ әсер ететін бронходилататорларды) қолдану мәселесін шешіп алу керек.

Нейтропения/Тромбоцитопения

Дарзалекс негізгі емнен туындаған нейтропения мен тромбоцитопенияны күшейтуі мүмкін. Емдеу кезінде негізгі емге қатысты өндіруші берген, препарат туралы ақпаратқа сәйкес, қан жасушаларының санын жүйелі түрде бақылау қажет. Инфекция белгілерін анықтау үшін, нейтропениясы бар пациенттерге мониторинг жүргізілуі тиіс. Қан жасушаларының санын қалпына келтіру үшін, Дарзалекс препаратының келесі дозасын енгізуді кідірту қажет болуы мүмкін. Дарзалекс препаратының дозасын азайту ұсынылмайды. Қан құюлармен немесе өсу факторларымен демеуші емді қарастыру керек.

Тікелей емес антиглобулиндік тестінің нәтижелеріне ықпалы (Кумбстың тікелей емес сынамасы)

Даратумумаб қанның қызыл түйішіктерінде (эритроциттерде) төмен мәндермен анықталған CD38-бен байланысады, бұл Кумбстың тікелей емес сынамасының оң нәтижесіне алып келуі мүмкін. Кумбстың тікелей емес сынамасының даратумумаб түрткі болған оң нәтижесі Дарзалекс препаратының соңғы инфузиясын жүргізгеннен кейін 6 ай бойы сақталуы мүмкін. Эритроциттермен байланысқан даратумумаб, пациенттің сарысуындағы елеусіз антигендерге антиденелердің анықталуын бүркемелеуі мүмкін екендігін мойындау керек. Бұл пациенттің қан тобы мен қанының резус-факторының анықталуына әсер етпейді.

Дарзалекс препаратымен емдеудің алдында пациенттердің типін анықтау және скрининг жүргізу қажет. Дарзалекс препаратымен емдеуді бастағанға дейін жергілікті тәжірибені қолдана отырып, фенотипін анықтап алу қажет. Эритроциттердің генотиптелуіне даратумумаб әсер етпейді, сондықтан оны кез келген уақытта жүргізуге болады.

Қан құю жоспарланған жағдайда, қан құю орталықтары тікелей емес антиглобулиндік тест нәтижелеріне мұндай әсері барынан хабардар болуы тиіс. Шұғыл түрде қан құю қажет болған жағдайда, ABO және Rh жүйелері бойынша үйлесімді эритроциттерді, қан құю бекеттері пайдаланып жүрген жергілікті тәжірибеге сәйкес, қанның айқаспалы үйлесімділігін тексермей енгізуге болады.

Толық жауапты анықтаудың нәтижелеріне ықпалы

Даратумумаб – бұл адамдағы моноклональді IgGκ антиденесі, оны сарысу ақуыздарының электрофорезі әдісімен немесе иммунофиксациялау әдісімен анықтауға болады. Екі әдіс те эндогендік М-протеинді анықтау үшін де пайдаланылады. Бұл өзара әрекеттестігі толық жауапты анықтау нәтижелеріне және IgGκ типі миеломалық протеині бар пациенттерде аурудың үдеуін анықтау нәтижелеріне ықпал етуі мүмкін.

Қосымша заттар

Дарзалекс препаратының әр5 мл және 20 мл құтысының ішінде сәйкесінше 0.4 ммоль және 1.6 ммоль (9.3 мг және 37.3 мг) натрий бар. Бұл ересектер үшін натрийдің ДДҰ ұсынған ең жоғарғы тәуліктік 2 г дозасының сәйкесінше 0.46% және 1.86%-ына сәйкес келеді.

Қадағалануы

Биологиялық дәрілік препараттардың қадағалануын жақсарту үшін, қолданылып отырған препараттың саудалық атауы мен серия нөмірі анық көрсетілуі тиіс.

Жүктілік және лактация кезеңі

Бала туатын жастағы әйелдер/Контрацепция

Бала туатын жастағы әйелдер Дарзалекс препаратымен емделу кезінде және емдеуден кейін 3 ай бойы контрацепцияның тиімді әдістерін пайдалануы тиіс.

Жүктілік

Қазіргі кезде адамдарда немесе жануарларда, Дарзалекс препаратының жүктілік кезінде қолданылуының қауіптілігі бағаланған зерттеулердің нәтижелері жоқ. Моноклональді IgG1 антиденелері жүктіліктің алғашқы триместрінен кейін плацента арқылы енуге қабілетті. Осылайша, Дарзалекс препаратын әйел үшін пайдасы шарана үшін ықтимал қаупінен асып түсетін жағдайларда болмаса, жүктілік кезінде қолданбау керек. Егер пациент әйел бұл препаратты қабылдау кезінде жүкті болып қалса, оны шарана үшін ықтимал қаупінен хабардар ету керек.

Лактация кезеңі

Қазіргі кезде, адамда немесе жануарларда Дарзалекс препаратының емшек сүтіне экскрециялануы орын алатын-алмайтындығы белгісіз.

Анасындағы IgG емшек сүтімен экскрецияланады, дегенмен, олар жаңа туған нәрестелер мен сәбилердің қантамыр жүйесіне елеулі мөлшерлерде түспейді, өйткені бұл ақуыздар асқазан-ішек жолында ыдырап кетеді және сіңірілмейді.

Даратумумабтың жаңа туған нәрестелерге/емшектегі балаларға әсері белгісіз. Емшекпен қоректендірудің бала үшін пайдасы мен осы препараттың анасының денсаулығы үшін пайдасын ескере отырып, бала емізуді тоқтату немесе Дарзалекс препаратын тоқтату туралы шешім қабылдау қажет.

Фертильділік

Қазіргі кезде Дарзалекс препаратының ерлер мен әйелдердегі фертильділікке ықтимал әсерлері туралы мәліметтер жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Дарзалекс препараты көлік құралы мен механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді немесе болар-болмас әсер етеді.

Алайда, кейбір пациенттерде Дарзалекс препаратымен емдеу аясында шаршау байқалған және мұны пациенттің автокөлік немесе басқа механизмдерді басқару қабілеттерін бағалау кезінде ескеру керек.

Артық дозалануы

Симптомдары

Клиникалық зерттеулерде артық дозалану жағдайлары тіркелмеген. Зерттеулерде пациенттерге 24 мг/кг дейінгі дозалары вена ішіне енгізілген.

Емі

Қазіргі кезде Дарзалекс препараты үшін белгілі арнайы антидоты жоқ. Артық дозалануы туындаған жағдайда, кез келген шағымдарды немесе симптомдарды анықтау мақсатында пациентті қадағалау керек. Ондайлар анықталған жағдайда, дереу сәйкесінше симптоматикалық емді бастау қажет.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған 20 мг/мл концентрат; 5 мл немесе 20 мл концентраттан, резеңке тығынмен жабылған, алюминий қалпақшамен қаусырылған және пластик қақпақпен қорғалған I типті шыны құтыда. Препарат құйылған бір құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, жарықтан қорғалған жерде, 2С-ден 8°C-ге дейінгі температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды! Сілкуге болмайды! Дайындалғаннан кейін ерітіндіні 2С-ден 8°C-ге дейінгі температурада, жарықтан қорғалған жерде 24 сағаттан асырмай сақтауға болады.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші/Қаптаушы

Силаг АГ, Швейцария

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Джонсон & Джонсон” ЖШҚ, Ресей

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефоны, факсы, электронды поштасы)

Джонсон & Джонсон” ЖШҚ Қазақстан Республикасындағы филиалы

050040, Алматы қ., Тимирязев к-сі 42, № 23 «А» павильоны

Тел.: +7 (727) 356 88 11

е-mail: DrugSafetyKZ@its.jnj.com

Прикрепленные файлы

Дарзалекс_рус.doc 0.22 кб
Дарзалекс_каз.doc 0.26 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники