Даприл (5 мг) (Lisinopril)

МНН: Лизиноприл
Производитель: Медокеми Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Lisinopril
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№006065
Информация о регистрации в РК: 28.05.2018 - 28.05.2023
Номер регистрации в РБ: 1145/95/01/06/11/17
Информация о регистрации в РБ: 03.05.2017 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 6.69 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Даприл

Халықарылық патенттелген атауы

Лизиноприл

Дәрілік түрі

5 мг, 10 мг, 20 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 5.45 мг, 10.89 мг немесе 21.78 мг лизиноприл дигидраты (5 мг,10 мг және 20 мг лизиноприлге баламалы)

қосымша заттар: маннитол, кальций гидрофосфаты, жүгері крахмалы, желатинделген крахмал, магний стеараты, темірдің қызыл тотығы (Е172).

Сипаттамасы

Диаметрі 6 мм, екі беті дөңес, дөңгелек пішінді, шабдалы түсті таблеткалар (5 мг доза үшін), немесе диаметрі 7 мм (10 мг доза үшін), немесе диаметрі 8 мм (20 мг доза үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Ренин-ангиотензин жүйесіне әсер етуші препараттар.

Ангиотензин-конвертирлеуші фермент (АКФ) тежегіштері.

АКФ тежегіштер. Лизиноприл.

АТХ коды С09АА03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препараттың биожетімділігі қабылданған дозаның 25-50%-ға жуығын құрайды. Қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясына 6-7 сағат ішінде жетеді. Ас қабылдау сіңірілу көрсеткішіне әсер етпейді. Лизиноприл қан плазмасының ақуыздарымен байланыспайды, организмде іс жүзінде метаболизмге ұшырамайды және несеппен өзгермеген түрде шығарылады, оның негізгі бөлігі бастапқы фаза уақытында бөлінеді (тиімді жартылай шығарылу кезеңі 12 сағат), одан кейін ақырғы терминальді фаза болады (жартылай шығарылу кезеңі 30 сағатқа жуық).

Фармакодинамикасы

Даприл ангиотензин өзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштерінің тобынан, ұзартылған әсерге ие антигипертензиялық препарат болып табылады. Әсер етуші зат - лизиноприл – эналаприлдің (эналаприлат) метаболитi болып табылады. Лизиноприл, АӨФ-н тежеп, ангиотензин І-ден ангиотензин ІІ-нің түзілуiн басады. Нәтижесінде ангиотензин II-нiң тамыр тарылтқыш әсерiн шеттейдi, оң инотропты әсер ететін ангиотензин III-тің түзілуi төмендейдi, симпатикалық жүйке жүйесiнiң пресинаптикалық везикулаларынан норадреналиннің босатылуы азаяды, бүйрек үсті безі қыртысының шумақты аймағындағы альдостеронның сөлінісі және олармен туындаған гипокалиемия және натрий мен судың іркілуі төмендейдi. Бұдан басқа, вазодилятация туғызатын брадикининнiң және простагландиннің жинақталуы болады. Мұның барлығы қысқа әсер ететiн каптоприлді тағайындауға қарағанда, артериялық қысымның баяу және бiртiндеп төмендеуiне әкеледi. Сондықтан жүректің жиырылу жиiлiгінiң ұлғаюы болмайды. Лизиноприл тамырлардың жалпы шеткергi кедергiсiн және кейінгі жүктеменi төмендетедi, бұл жүрек лықсуының, қанның минуттық көлемiнің және бүйректік қан ағымының ұлғаюына әкеледi. Бұдан басқа, көктамыр сыйымдылығы ұлғаяды, алдыңғы жүктеме, оң жүрекшедегі, өкпе артерияларындағы және көктамырлардағы, яғни қан айналымының кiшi шеңберіндегі қысым азаяды, сол қарыншадағы ақырғы-диастолалық қысым төмендейдi, диурез ұлғаяды. Шумақтық қылтамырлардағы сүзiліс қысымы төмендейдi, протеинурия азаяды және гломерулосклероздың дамуы баяулайды. Препаратты қабылдағаннан кейiн 2 сағаттан кейiн әсері басталады. Ең жоғары әсерi 4-6 сағаттан кейiн дамиды және кемiнде 24 сағат жалғасады.

Қолданылуы

- артериялық гипертензияда

- созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде

- бастапқы нефропатиясы және 2 типті қант диабетімен артериялық гипертензиясы бар емделушілерде бүйрек зақымдануын емдеуде

- гемодинамикасы тұрақты емделушілерде жедел миокард инфарктісінде (қысқа мерзімдік емдеуде (6 апта), жедел миокард инфарктісінен кейін 24 сағаттан кеш емес (біріктірілген ем құрамында)

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты ас қабылдауға қарамастан тәулігіне 1 рет iшке қабылдайды. Даприлді тәуліктің бір мезгілінде қабылдаған жөн.

Артериялық гипертензия: дозаны іріктеу артериялық қысымның көрсеткіштеріне байланысты жекелей жүргiзiледi. Даприлді антигипертензиялық дәрiлік заттардың басқа түрлерiмен монотерапияда да, біріктірімде де қолдануға болады. Бастапқы доза:артериялық гипертензиямен емделушiлер үшiн ұсынылатын бастапқы доза - 10 мг.Ренин-ангиотензин-альдостеронды жүйенің айқын белсенділігі кезінде (көбінесе реноваскулярлық гипертензиямен, организмнен электролиттердің және/немесе сұйықтықтың жоғары шығарылуымен, жүрек жеткіліксіздігімен, артериялық гипертензияның ауыр формасымен емделушiлерде) бастапқы дозаны қабылдау кезінде артериялық қысымның шамадан тыс төмендеуі мүмкін. Мұндай емделушiлерде ұсынылатын бастапқы доза 2.5-5 мг болып табылады. Дәрiгердің бақылауымен емдеуді бастау керек. Бүйрек жеткiлiксiздiгi кезінде бастапқы дозаны азайту керек болады. Демеуші доза: Әдеттегі тиiмдi демеуші доза - 20 мг. Тәулігіне бір рет тағайындалады. Егер 2-4 апта iшiнде күтілетiн терапиялық әсер болмаса, дозаны ұлғайту керек. Ең жоғары тәуліктік дозасы 80 мг құрайды. Диуретиктерді қабылдайтын емделушiлер:Диуретиктермен емдеуді Даприлмен терапия бастағанға дейін 2-3 күн қалғанда тоқтату керек. Диуретиктердi тоқтату мүмкiн емес болған кезде Даприлмен терапияны 5 мг дозадан бастайды. Емдеу уақытында бүйрек қызметіне және қандағы калий деңгейiне мониторинг жүргізеді. Бұдан әрi дозалауды артериялық қысымның деңгейiне байланысты түзету керек. Қажет болған кезде диуретиктермен терапияны қайта бастауға болады.Бүйрек жеткiлiксiздiгi кезінде дозаны түзету:Бүйрек жеткiлiксiздiгi кезінде дозаны креатинин клиренсінің деңгейi бойынша түзету керек.

Кесте

Креатинин клиренсі (мл/мин) Бастапқы доза (мг/тәулігіне)

минутына 10 мл-ден кем 2.5 мг*

(диализдегі емделушілерді қоса)

10 - 30 мл/мин 2.5 - 5 мг

31 - 80 мл/мин 5 - 10 мг

Созылмалы жүрек жеткiлiксiздiгi

Созылмалы жүрек жеткiлiксiздiгiмен емделушiлерде Даприлді диуретиктермен, қажет болған кезде гликозидтермен немесе бета-блокаторлармен біріктірілген терапияның құрамында қолданады. Бастапқы доза 2.5 мг күніне бiр рет. Артериялық қысымның көрсеткiштерi бойынша тиiмдi бастапқы дозаны анықтау үшiн дәрiгердің бақылауымен емдеуді бастау керек.

Препараттың дозасын ұлғайту принципі:- 10 мг-нан аспайтын ұлғайту- кемінде 2 апта аралығымен - емделушi үшiн ең жоғары қолайлы дозаны (35 мг-ға дейiн) күніне бiр рет қабылдау.Дозаны іріктеу әрбiр жеке емделушiнiң клиникалық реакциясына негiзделуi керек.Симптоматикалық гипотензияның жоғары қаупімен емделушiлерге мысалы, организмнен тұздың жоғары шығарылу деңгейімен (гипонатриемиямен немесе онсыз), гиповолемиямен немесе диуретиктердiң қарқынды терапиясынан кейiн, егер Даприлмен терапияның басталуына дейiн мүмкiн болса, емделушiлерге сулы-электролиттi теңгерімді қалпына келтiру керек. Бүйрек қызметіне және қан плазмасындағы калий деңгейiне зерттеу жүргiзу қажет.Тұрақты гемодинамика кезінде жедел миокард инфарктi: емделушiлерге қажет болған кезде тромболитиктермен, ацетилсалицил қышқылымен, бета-блокаторлармен стандартты емдеу ұсынылған. Даприлді қабылдау нитроглициринді көктамырішілік немесе трансдермальді енгiзумен бiрге тағайындалуы мүмкін. Бастапқы доза (инфаркттен кейін алғашқы 3 күнде):

Даприлмен емдеуді инфаркттен кейiн алғашқы 24 сағатта бастайды. Егер систолалық артериялық қысым сынап бағанасынан 100 мм төмен болса, емдеуді бастауға болмайды. Даприлдің старттық дозасы 5 мг, 24 сағаттан кейiн тағы 5 мг және 48 сағаттан кейiн 10 мг тағайындалады. Бұдан әрi демейтін доза тәулігіне 1 рет 10 мг құрайды.

Систолалық қысым сынап бағанасынан 120 мм немесе одан төмен болған кезде, емдеу басталар алдында немесе уақытында, инфарктен кейін алғашқы 3 күнінде лизиноприлді 2.5 мг дозада тағайындау керек. Бүйрек жеткiлiксiздiгi кезінде (КК≤ 80 мм/мин) бастапқы дозаны емделушiнiң КК-іне сәйкес іріктеу керек (Кестенi қараңыз).

Демеуші доза - тәулігіне 10 мг. Емдеу 6 апта бойы жалғасуы керек, содан соң емделушiні тексеру керек. Жүрек жеткіліксіздігiнiң даму симптомдары анықталған кезде Даприлді қабылдауды жалғастыру керек.

Егер емделушiде гипотензия байқалса (систолалық артериялық қысым төмен немесе сынап бағанасынан 100 мм-ге тең болса), күн сайынғы демейтін доза тәулігіне 5 мг-нан аспауы керек, қажет болған кезде дозаны 2.5 мг-ға дейiн азайтады. Егер ұзақ гипотензия байқалса (систолалық артериялық қысым 1 сағаттан астам сынап бағанасынан 90 мм төмен болса), онда Даприлмен емдеуді тоқтату қажет.

Артериялық гипертензиямен, 2 типтегі қант диабетімен және бастапқы нефропатиямен емделушiлерде бүйректердiң зақымдануы кезінде: 2 типтегі қант диабетімен, нефропатияның бастапқы сатысымен емделушiлерде Даприлді тәулігіне бiр рет 10 мг дозадан тағайындайды. Қажет болған кезде дозаны тәулігіне 20 мг-ға дейін ұлғайтуға болады (сынап бағанасынан 90 мм төмен тұрақты диастолалық артериялық қысымға жету үшiн, науқасты отырған күйінде).

Бүйрек жеткiлiксiздiгi кезінде (КК ≤ 80 мм/мин) лизиноприлдің бастапқы дозасын емделушiнiң КК көрсеткiшіне сәйкес іріктеу қажет (Кестенi қараңыз).

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі ( ≥ 10%)

- бас айналуы, бас ауыруы, қатты шаршағыштық

- құрғақ жөтел­­­­

- жүрек айнуы, құсу, диарея

Жиі ( ≥ 1%,< 10%)

- артериялық қысымның айқын төмендеуі, кеуде қуысының ауыруы

- көңіл-күйдің құбылуы, сананың шатасуы, қобалжуды сезіну, парестезиялар, ұйқышылдық, аяқ-қол мен еріннің бұлшықеттерінің құрысып тартылуы

- лейкопения, нейтропения, агранулоцитоз, тромбоцитопения, анемия (гемоглобиннің, гематокриттің төмендеуі), антинуклеарлы антиденеге тестің оң нәтижесі, эритроциттердің шөгу жылдамдығының жоғарылауы, эозинофилия, лейкоцитоз

- гиперкалиемия, гипонатриемия

- диспноэ, бронхтың түйілуі

- ауыздың құрғауы, анорексия, дәм сезудің бұзылуы, іштің ауыруы, диспепсия, панкреатит, гепатоцеллюлярлы немесе холестатикалық сарғаю, гепатит

- есекжем, қатты тершеңдік, тері қышымасы, тері бөртпесі, алопеция, фотосенсибилизация, беттің, аяқ-қолдың, еріннің, тілдің, көмекей, және/немесе көмейдің ангионевротикалық ісінуі, қызба

- олигурия, анурия, протеинурия, уремия, бүйрек қызметінің бұзылуы, жедел бүйрек жеткіліксіздігі

- потенцияның төмендеуі

Сирек (≥ 0,01%,< 0,1%)

- ортостатикалық гипотензия, жүрек қағуы, тахикардия, брадикардия, жүрек жеткіліксіздігі симптомдарының бәсеңдеуі, атриовентрикулярлы өткізгіштігінің бұзылуы, миокард инфаркті, цереброваскулярлы инсульт

- астениялық синдром

- артралгия/артрит, миалгия

- «бауыр» ферменттері белсенділігінің жоғарылауы, гипербилирубинемия

- мочевина және креатинин деңгейінің жоғарылауы

Өте сирек (< 0,01%)

- интерстициальді ангионевротикалық ісіну

 

Қолдануға болмайтын жағдай

- лизиноприлге немесе басқа да АӨФ тежегіштеріне асқын сезімталдық, сыртартқысында ангионевротикалық ісіну, оның ішінде АӨФ тежегіштерді қолданудан

- туа біткен Квинке ісінуі немесе идиопатиялық ісіну

- бүйрек артерияларының екі жақты стенозы

- үдемелі азотемиямен бір бүйрек артериясының стенозы

- бүйрек трансплантациясынан кейінгі жағдай

- бүйрек жеткіліксіздігі

- алғашқы гиперальдостеронизм

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер (тиімділігі мен қауіптілігі анықталмаған)

Мынадай жағдайларда сақтықпен қолдану керек:

аортальді стенозда/гипертрофиялық кардиомиопатияда, артериялық гипотензияда, жілік майының гипоплазиясында, гипонатриемияда (тұзы аз немесе тұзсыз емдәмде жүрген емделушілерде артериялық гипотензияның даму қаупі жоғарылағанда), гиповолемиялық жағдайда (оның ішінде диареяда, құсуда), дәнекер тіндердің ауруларында (жүйелі қызыл жегіде, склеродермияда), қант диабетінде, подаграда, гиперурикемияда, гиперкалиемияда, жүректің ишемиялық ауруында, цереброваскулярлық ауруларда (оның ішінде ми қан айналымының жеткіліксіздігінде) ауыр созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде, бауыр жеткіліксіздігінде және егде жастағы адамдарда.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Даприлді қабынуға қарсы стероидты емес дәрiлермен бiрмезгілде қолданған кезде олардың әсерiнiң төмендеуi және бүйрек қызметінiң нашарлауы мүмкiн. Даприлді калийсақтайтын диуретиктермен немесе калий тұздарымен біріктіру кезінде гиперкалиемия қаупi болады. Даприлді салуретиктермен және антидепрессанттармен қабылдау кезінде - артериялық қысымның төмендеу қаупі; литий тұздарымен - литий шығарылуының баяулауы мүмкiн. Емдеу кезеңiнде алкоголь ішімдіктерін қолдануға тыйым салынады, өйткенi алкоголь препараттың гипотензиялық әсерiн күшейтедi. Даприл теофиллиннің әсерiн әлсiретедi. Циметидин ұзартады, ал фенобарбитал Даприлдің әсерін төмендетедi.

Бета-адреноблокаторлармен, кальций антогонистерiмен, диуретиктермен және басқа гипотензиялық дәрiлерiмен біріктіріп қолдану гипотензиялық әсердің айқындығын күшейтедi.

Эстрогендермен, сондай-ақ адреностимуляторлармен бiрлесе қолдану кезінде - лизиноприлдің гипотензиялық әсерi төмендейді.

Антацидтермен және холестираминмен бiрмезгілде қолдану кезінде – асқазан-iшек жолындағы сіңірілуі төмендейді.

Айрықша нұсқаулар

Даприлді тағамға дейін де, одан кейiн де, күнбе-күн бір мезгілде қабылдаған жөн.

Симптоматикалық гипотензия

Созылмалы жүрек жеткiлiксiздiгiмен және бүйрек жеткiлiксiздiгiмен немесе онсыз науқастарда бүйрек қызметінің төмендеуiне әкелетін симптоматикалық артериялық гипотензияның дамуы мүмкiн. Симптоматикалық артериялық гипотензия диуретиктiң көп дозаларын қолдану, гипонатриемия, диарея, құсу, диализ немесе бүйрек қызметінің бұзылуы салдары ретінде жиiрек бiлiндi. Мұндай науқастарда емдеуді (препараттың және диуретиктердің дозасын іріктеуді сақтықпен жүргiзіп) дәрiгердiң қатал бақылауымен бастау керек. Жүректiң ишемиялық ауруымен, артериялық қысымның кенет төмендеуi миокард инфарктiне немесе инсультке әкелетін цереброваскулярлық жеткiлiксiздiгiмен науқастарға препаратты тағайындау кезінде ұқсас ережелерді ұстану керек. Препаратқа транзиторлық гипотензиялық реакция келесi дозаны қабылдау үшiн қарсы көрсетілім болып табылмайды. Транзиторлық артериялық гипотензиядан симптоматикалыққа өткен жағдайда препараттың дозасын азайту немесе емдеудi тоқтату қажет.

Бүйрек қызметінің бұзылуы

Созылмалы жүрек жеткiлiксiздiгiмен науқастарда АӨФ тежегіштері туғызған артериялық қысымның айқын төмендеуi бүйрек қызметінің бұдан әрі нашарлауына әкелуi мүмкін. Жедел бүйрек жеткiлiксiздiгi жағдайлары атап өтiлген. АӨФ тежегіштерін қабылдаған бүйрек артерияларының екi жақты стенозымен немесе жалғыз бүйрек артериясының стенозымен науқастарда емдеудi тоқтатқаннан кейiн әдетте қайтымды, мочевина және қан сарысуында креатинин деңгейiнің жоғарылауы атап өтілдi. Бүйрек жеткiлiксiздiгiмен науқастарда жиiрек кездестi.

Даприл жедел миокард инфарктi кезінде айқын бүйрек дисфункциясымен (сарысуда креатининнің концентрациясы 177 ммоль/л-ден асатын және/немесе протеинурия тәулігіне 500 мг-нан асатын) емделушiлерде қолданылмайды. Егер бүйрек дисфункциясы препаратты қолдану уақытында дамыса (сарысуда креатининнің концентрациясы 265 ммоль/л-ден асатын немесе мәндері емдеудi бастағанға дейiнгі көрсеткiштерге қарағанда екi есе өсетiн болса), дәрiгер препараттың бұдан әрі қолдану қажеттiгін бағалауы керек.

Жоғары сезімталдық/Ангионевротикалық ісіну

Лизиноприлді қоса, АӨФ тежегішін қабылдаған науқастарда беттің, қол-аяқтың, ерiннің, тiлдің, көмекейдің және/немесе көмейдiң ангионевротикалық iсiнуi сирек атап өтілдi. Аталған асқыну емдеудiң кез келген кезеңiнде пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайда препаратпен емдеуді бірден тоқтатып, науқасты симптомдардың толық регрессиясына дейiн бақылауды белгілеу керек. Iсiну тек қана бетте және ерінде пайда болған жағдайларда, осындай күй емдеусiз жиiрек өтедi, дегенмен антигистаминдік дәрілерді тағайындауға болады.

Көмекейдің ісінуімен ангионевротикалық ісіну фатальді болуы мүмкін. Тiлдің, көмекей немесе көмейдiң iсiнуi тыныс жолдарының тарылуына себепшi бола алады, сондықтан тиiстi терапияны (0,3-0,5 мл 1:1000 эпинефрин (адреналин) ерітіндісін тері астына) және/немесе тыныс жолдарының өткiзгiштiгін қамтамасыз ету бойынша шараларды дереу жүргiзу қажет.

АӨФ тежегішін қабылдайтын негроид нәсiлдi науқастарда басқа нәсiлдi науқастарға қарағанда ангионевротикалық iсiну жиiрек дамитыны атап өтiлген.

Сыртартқысында АӨФ тежегіштерімен емдеуге байланысты емес ангионевротикалық iсiну болатын науқастарда АӨФ тежегішімен емдеу уақытында оның даму қаупі жоғарылауы мүмкін.

Гименоптерге десенсибилизация жүргізу кезінде анафилактоидты реакциялар

Гименоптерге десенсибилизация бойы АӨФ тежегіштерін қабылдайтын науқастарда өмiрi үшiн қауiптi анафилактоидтiк реакция өте сирек пайда болуы мүмкiн. Егер әрбiр десенсибилизацияның алдында АӨФ тежегішімен емдеуді уақытша тоқтатса, бұдан аулақ болуға болады.

Гемодиализде болатын науқастар

Анафилактоидты реакциялар АӨФ тежегіштерін қабылдаумен бірмезгілде жоғары өткiзгіштік жарғақшамен гемодиализде болатын науқастарда атап өтіледi. Бұл жағдайларда диализ немесе басқа антигипертензиялық дәрі үшiн жарғақшаның басқа түрiн қолдану мүмкiндiгін қарастыру керек.

Жөтел

АӨФ тежегішін қолданған кезде препаратпен емдеу тоқтатылғаннан кейiн жоғалатын құрғақ, ұзақ жөтел атап өтілдi.

Хирургия/Жалпы анестезия

Ауқымды хирургиялық араласу кезінде немесе жалпы жансыздандыру уақытында артериялық қысымды төмендететiн дәрілерді қолдану кезінде лизиноприл рениннiң компенсаторлық бөлінуіне қарағанда екiншiлік, ангиотензин II-нiң түзілуiн бөгей алады.

Бұл механизмнiң салдары болып есептелетін артериялық қысымның айқын төмендеуiн айналымдағы қанның көлемiнiң ұлғаюымен шеттетуге болады.

Хирургиялық араласу алдында (стоматологиялық хирургияны қоса) АӨФ тежегішін қолдану туралы хирург/анестезиологқа мәлiмет беру керек.

Гиперкалиемия

Кейбір жағдайларда гиперкалиемия атап өтiлдi. Гиперкалиемияның дамуы үшiн қауiп факторлары бүйрек жеткiлiксiздiгi, қант диабеті және әсiресе бүйректің бұзылған қызметімен науқастарда калийсақтауыш диуретиктерін (спиронолактон, триамтерен немесе амилорид), калий препараттарын немесе калийден тұратын тұздың ауыстырғыштарын бiрмезгілде қолдану болып табылады.

Егер лизиноприлді және жоғарыда айтылған дәрілерді бiрмезгілде қолдану қажет деп есептелінсе, сақтықпен қолданып, қан сарысуындағы калий деңгейi мониторингін жүзеге асыру керек.

Артериялық қысымның көрсеткiшi бойынша препараттың бастапқы дозасынан терапиялық әсерді мониторлау қажет.

Препараттың көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың жағымсыз әсерлерін ескеріп, жоғары назар салуды талап ететiн көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару кезінде кезде сақтану қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары: артериялық қысымның айқын төмендеуі, ауыздың құрғауы, ұйқышылдық, несеп шығарудың кідіруі, іш қату, мазасыздану, жоғары ашушаңдық, гиперкалиемия.

Емі: симптоматикалық терапия, егер вазопрессорларды қолдану, артериялық қысымды, сулы-электролитті теңгерімді бақылау мүмкін болса, натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісін көктамырішілік енгізу.

Гемодиализ қолданылуы мүмкін.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан. 3 пішінді ұяшықты қаптама (5 мг және 10 мг доза үшін) және 2 пішінді ұяшықты қаптама (20 мг доза үшін) медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

“Медокеми Лтд”, Кипр

51409 СҮ-3505 Limassol

Tel 357-25-867600 Fax357-25-560863

Тіркеу куәлігінің иесі

“Медокеми Лтд”, Кипр

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауардың) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстан Республикасындағы “Медокеми Лтд” өкілдігі

Алматы қ., Мұқанов к-сі, 241 кеңсе, 1Б тел/факс: 313-73-76

E-mail: medochemie@mail.ru

Прикрепленные файлы

662702441477976914_ru.doc 92 кб
449882801477978071_kz.doc 95 кб
1145_95_01_06_11_17_i.pdf 1.07 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ