Дамелиум


Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Дамелиум
Халықаралық патенттелмеген атауы
Домперидон
Дәрілік түрі
Таблеткалар, 10 мг
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 12.72 мг домперидон малеаты (10.00 мг домперидонға баламалы),
қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, микрокристалды целлюлоза, повидон К-30, натрий лаурилсульфаты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты.
Сипаттамасы
Дөңгелек, екі беті дөңес, бір жағында «Dm10» өрнегі бар, диаметрі 6.7-ден 7.0 мм дейінгі және биіктігі 2.5-тен 3.0 мм дейінгі ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар
Фармакотерапиялық тобы
Асқазан-ішек жолының функционалдық бұзылыстарын емдеуге арналған препараттар. Асқазан-ішек жолы моторикасының стимуляторлары. Домперидон.
АТХ коды: A03FA03
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңуі
Домперидонды ашқарынға қабылдаған еріктілердің организмінде ол жылдам сіңірілген, плазмадағы ең жоғарғы концентрацияларына шамамен 1 сағат ішінде жеткен. Препаратты тамақтан кейін қабылдағанда домперидонның сіңірілуі баяулайды, ал қисық астындағы ауданы (AUC) артады. Домперидонның ішу арқылы қабылдағаннан кейінгі абсолюттік төмен биожетімділігіне (15% жуық) ішек қабырғалары мен бауырдағы экстенсивті алғашқы метаболизмі түрткі болады. Дені сау еріктілерде домперидоннің биожетімділігі тамақтан кейін қабылдағанда жоғарылайды, алайда асқазан-ішек жолы функциясының бұзылулары бар пациенттерге препаратты тамақтан 15-30 минут бұрын қабылдау ұсынылады. Асқазан сөлі қышқылдылығының төмендеуі домперидонның өзіне қарағанда, домперидон малеатының сіңірілуіне әсер етпейді. Циметидин немесе натрий бикарбонатынан кейін қабылданған домперидон малеатының пероральді биожетімділігі Домперидонның өзіне қарағанда төмендемейді. Домперидон тамақтан кейін қабылданған жағдайда ең жоғарғы сіңірілуіне қол жеткізу үшін көп уақыт қажет болады, ал AUC мәндері арта түседі.
Биозгерісі
Домперидон өз метаболизмін индукцияламайды, бірақ бауырда гидроксилдену және N-дезалкилдену арқылы жылдам және экстенсивті биоөзгеріске ұшырайды.
Таралуы
Домперидон ішу арқылы қабылдағанда жинақталмайды. Қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрациясы препаратты тәулігіне 30 мг дозада ішу арқылы бірінші рет қабылдағаннан кейін 18 нг/мл және тәулігіне 30 мг препаратты 2 апта бойы күнделікті қабылдағанда 21 нг/мл құраған.
Домперидонның қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы 91-93% құрайды.
Препараттың таралуын жануарларға радиоактивті изотоппен таңбаланған домперидонды пайдаланып жүргізілген зерттеулер оның тіндерде айтарлықтай таралатындығын, бірақ мидағы концентрациясының өте төмен екендігін көрсетеді. Домперидонның емшек сүтіндегі концентрациясы плазмадағы осындайдан төрт есе төмен. Домперидон гематоэнцефалдық бөгет арқылы нашар өтеді.
Шығарылуы
Несеппен және нәжіспен шығарылуы ішу арқылы қабылданатын дозасының сәйкесінше 31% және 66% құрайды. Өзгеріссіз күйде препараттың тек азғантай мөлшері шығарылады (10% - нәжіспен және 1%-ға жуығы - несеппен).
Қан плазмасынан жартылай шығарылу кезеңі препаратты бір рет қабылдағаннан кейін 7–9 сағатты құрайды, бірақ бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде ол ұзақтау болуы мүмкін.
Фармакодинамикасы
Дамелиум құсуға қарсы қасиеттері бар дофаминдік рецепторлардың антагонисі болып табылады. Ол гематоэнцефалдық бөгет арқылы тек азғантай мөлшерлерде ғана өтеді және сондықтан да Дамелиумді қабылдаған пациенттерде экстрапирамидалық реакциялар өте сирек дамиды. Гипофиз гематоэнцефалдық бөгеттен тыс тұратындықтан, Дамелиум пролактиннің шығарылуын көтермелейді. Оның құсуға қарсы әсеріне шеткергі гастрокинетикалық әсері мен ми хеморецепторларының триггерлік аймағындағы гематоэнцефалдық бөгеттен тыс areapostrema аймағында орналасқан дофамин рецепторларының бөгелуінің бірігуі түрткі болуы ықтимал. Жануарларға жүргізілген зерттеулер және Дамелиумнің мидағы төмен концентрациялары Дамелиумнің дофамин рецепторларына шеткергі әсерінің басым екендігін көрсетеді. Еріктілердің қатысуымен жүргізілген зерттеулер Дамелиумді ішу арқылы қабылдағаннан кейін асқазан мен он екі елі ішектің антральді бөлігінің перистальтикалық жиырылулары ұзақтығының артқанын, асқазанның — дені сау адамдарда сұйықтан жартылай сұйыққа дейінгі фракциясының және бұл үдеріс баяулаған науқастарда қатты фракциясының босауы жеделдейтінін көрсеткен.
Сондай-ақ дені сау еріктілерде Дамелиумді қабылдағаннан кейін өңештің төменгі бөлігінің сфинктері тонусының жоғарылағаны байқалған.
Дамелиум асқазан секрециясына әсер етпейді.
Қолданылуы
-
жүрек айнуы мен құсуды симптоматикалық емдеуде.
Қолдану тәсілі және дозалары
Дамелиум 10 мг таблеткаларын тамаққа дейін қабылдау ұсынылады, өйткені препаратты тамақтан кейін қабылдау оның сіңуін біраз баяулатады.
Жүрек-қантамыр құбылыстары қаупін азайту үшін ең аз тиімді дозасын және ең көп қысқа уақытта қабылдаған жөн.
Ересектер мен 12 жастан үлкен және салмағы 35 кг асатын жасөспірімдер
Күніне 3 реттен асырмай 1 таблеткадан, ең жоғары тәуліктік дозасы 30 мг құрайды.
Егер препарат қабылдауды өткізіп алса, тағайындалған қабылдау режимін жаңғыртып, бұл өткізіп алған таблетканы шығарып тастау керек. Өткізіп алған қабылдаудың орнын толтыру үшін, препараттың өткізіп алған дозасын екі еселеуге болмайды.
Емдеу ұзақтығы бір аптадан аспауы тиіс.
Жағымсыз әсерлері
Жағымсыз реакциялардың туындау жиілігі былайша бағаланады: өте жиі (> 1/10), жиі (от > 1/100 < 1/10 дейін), жиі емес (> 1/1000 < 1/100 дейін), сирек (> 1/10000 < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000).
Жиі
- асқазан-ішек бұзылыстары (жүрек айну, құсу, ауыздың құрғауы, диарея, тәбеттік бұзылуы және т.б.)
- жекелеген жағдайлардағы ішектің өтпелі түйілулері
Сирек
- галакторея, гинекомастия және аменорея
- пролактин деңгейінің жоғарылауы
- мазасыздық, либидоны жоғалту
- астения
Өте сирек
- анафилаксия, анафилаксиялық шок, анафилаксиялық реакциялар, есекжем және ангионевроздық ісінуді қоса, аллергиялық реакциялар
- экстрапирамидалық құбылыстар, препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін осы құбылыстар жоғалады
- ажитация, күйгелектік
- диарея
- тері бөртпесі, қышыну, есекжем
- бауырдың функционалдық сынамаларының бұзылулары
Жиілігі белгісіз (жиілігін қолда бар мәліметтердің негізінде анықтау мүмкін емеc)
- окулогирлік кризис
- қарыншалық аритмия, QT,Torsades de pointes аралығының ұзаруы, кенеттен жүректен болған өлім
- құрысулар, бас ауыру, ұйқышылдық және қозу, экстрапирамидалық бұзылыс (экстрапирамидалық бұзылыстар негізінен жаңа туған нәрестелер мен ерте жастағы балаларда дамиды)
- несептің іркілуі
Орталық жүйке жүйесімен байланысты басқа да жағымсыз құбылыстар, мысалы, құрысулар, ұйқышылдық және ажитацияның дамуы өте сирек.
Жоғарыда аталған реакцияларға қосымша акатизия, тыныс алудың бұзылуы, емшектің ұлғаюы, депрессия, етеккір жүйесіздігі байқалған.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- домперидонға немесе қосымша заттарының кез-келгеніне жоғары сезімталдық
- гипофиздің пролактин-секрециялаушы ісігі (пролактинома)
- ауыр және орташа дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігі
- кетоконазолдың, эритромициннің пероральді түрлерін немесе CYP3A4 изоферментінің басқа күшті тежегіштерін (флуконазол, вориконазол, кларитромицин, амиодарон және телитромицин), олардың QT аралығын ұзарту әсеріне байланыссыз бір мезгілде қабылдау
- қазіргі кезде немесе анамнезде өткізгіштігінің бұзылуы, атап айтқанда ЭКГ-да QT аралығының ұзаруы бар пациенттер
- QT аралығын ұзартатын дәрілік заттармен бірге қолдану
- электролиттік теңгерімнің айқын бұзылуы (гипокалиемия, гиперкалиемия, гипомагниемия) немесе күрделі жүрек аурулары бар
(мысалы, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, брадикардия) пациенттер
- асқазан-ішектен қан кетулер, механикалық бітелу немесе тесілу (яғни, асқазанның жиырылғыштық функциясын стимуляциялау қауіпті болуы мүмкін жағдайларда)
- тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
- жүктілік және лактация кезеңі
- 12 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Антихолинергиялық препараттар Дамелиумнің диспепсияға қарсы әсерін бейтараптандыруы мүмкін.
Дамелиум асқазанның жиырылу функциясын көтермелейтіндіктен, ол бір мезгілде қолданылған препараттардың, атап айтқанда, белсенді заты баяу босап шығатын таблеткалардың, немесе арнайы қабықпен қапталған таблеткалардың сіңірілуіне әсер етуі мүмкін.
Дамелиумнің метаболизмдік өзгерулері негізінен CYP3A4 изоферменті арқылы жүреді. Дамелиум және осы ферментті едәуір тежейтін дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану Дамелиум плазмалық деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін.
QT аралығы ұзаруы қаупінің туындауын ескере отырып, мынадай дәрілік заттарды біріктіріп қолдануға болмайды:
- аритмияға қарсы IA класс препараттары (мысалы, дизопирамид, гидрохинидин, хинидин);
- аритмияға қарсы III класс препараттары (мысалы, амиодарон, дофетилида, дронедарон, ибутилид, соталол);
- нейролептиктер (мысалы, галоперидол, пимозид, сертиндол);
- антидепрессанттар (мысалы, циталопрам, эсциталопрам);
- антибиотиктер (мысалы, эритромицин, левофлоксацин, моксифлоксацин, спирамицин);
- зеңге қарсы дәрілер (мысалы, пентамидин);
- безгекке қарсы дәрілер (көбіне галофантрин, люмефантринмен);
- асқазан-ішек жолы ауруларын емдеуге арналған препараттар (мысалы, цизаприд, доласетрон, прукалоприд);
- гистаминге қарсы (мысалы, меквитазин, мизоластин);
- ісікке қарсы препараттар (мысалы, торемифен, вандетаниб, винкамин);
- әртүрлі топтардың препараттары (мысалы, бепридил, дифеманил, метадон). QT аралығының клиникалық мәнді өзгерістері.
Дамелиумді CYP3А4 изоферментінің күшті тежегіштерімен тағайындауға болмайды (олардың QT-әсерлеріне байланыссыз):
- протеаза тежегіштері
- азол қатарының зеңге қарсы препараттары
- макролидтер тобының антибиотиктері (эритромицин, кларитромицин, телитромицин).
CYP3A4 орташа тежегіштерімен (дилтиазем, верапамил және кейбір макролидтер) бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Мынадай заттармен бір мезгілде қолдану сақтықты қажет етеді
- брадикардия және гипокалиемияны индукциялайтын препараттар;
- QT-аралықты ұзартатын макролидтер: азитромицин және рокситромицин (кларитромицинді CYP3A4 күшті тежегіші ретінде қолдануға болмайды).
Дені сау субъектілерде домперидонның кетоконазол немесе Эритромициннің пероральді түрімен өзара әрекеттесуін жекелеген фармакокинетикалық/фармакодинамикалық зеттеулер осы препараттармен домперидонның CYP3A4 арқылы бастапқы метаболизмі айтарлықтай тежелетінін дәлелдеген.
10 мг домперидонды тәулігіне 4 рет және 200 мг кетоконазолды тәулігіне 2 рет бір мезгілде қабылдағанда бақылаудың бүкіл кезеңі бойы QT аралығының орташа алғанда 9,8 мсек ұзаруы байқалған, жекелеген сәттерде өзгерістер 1,2-ден 17,5 мсек дейін ауытқып отырған. 10 мг домперидонды тәулігіне 4 рет және 500 мг эритромицинді тәулігіне 3 рет біріктіріп қабылдағанда бақылаудың бүкіл кезеңі бойы QT аралығының орташа алғанда 9,9 мсек ұзаруы байқалған, жекелеген сәттерде өзгерістер 1,6-дан 14,3 мсек дейін ауытқып отырған. Бұл зерттеулерде домперидонның Cmax және AUC шамамен үш есе ұлғайған.
Бұл зерттеулерде 10 мг дозада тәулігіне төрт рет домперидонмен монотерапия QT аралығын 1,6 мсек (кетоконазол зерттеуі) және 2,5 мс (эритромицин зерттеуі) ұзартқан, бұл ретте кетоконазолмен монотерапия (200 мг тәулігіне екі рет) және эритромицинмен монотерапия (500 мг тәулігіне үш рет) бақылаудың бүкіл кезеңі бойы, сәйкесінше QT аралығының 3,8 және 4,9 мсек ұзаруына әкелген.
Қазіргі кезде плазмадағы домперидон концентрациясының жоғарылауы QT аралығының өзгеруіне қандай үлес қосатыны белгісіз.
Парацетамол немесе дигоксинді таңдап алынған дозада қабылдап жүрген пациенттерде, емдеуге Дамелиумді қосу бұл препараттардың қандағы деңгейіне әсер етпеген.
Дамелиумді мыналармен бір мезгілде қолдануға болады:
- нейролептиктермен, өйткені домперидон олардың әсерін күшейтпейді,
- дофаминдік рецепторлар агонистерімен (бромокриптин, L-dopa). Домперидон олардың жағымсыз шеткері әсерлерін (асқазан-ішек симптомдар, жүрек айнуы және құсу) бәсеңдетеді, негізгі қасиеттеріне әсер етпейді.
Айрықша нұсқаулар
10 мг Дамелиум құрамында лактоза бар және лактозаны көтере алмаушылығы, галактоземиясы немесе глюкоза/галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге қарсы көрсетілімді.
Балаларда қолданылуы
Дамелиум таблеткаларын дене салмағы 35 кг аспайтын 12 жасқа дейінгі балаларға тағайындамау керек. Балаларда артық дозаланған жағдайда экстрапирамидалық симптомдар байқалуы мүмкін.
Бауыр функциясының бұзылулары кезінде қолданылуы
Домперидонның көбінесе бауырда метаболизденетіндігін ескере отырып, Дамелиумді бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге тағайындамаған дұрыс.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде (қан сарысуы креатинині > 6 мг/100 мл немесе > 0,6 ммоль/л) домперидонның жартылай шығарылу кезеңі 7,4-тен 20,8 сағатқа дейін артқан, алайда бұл кезде препараттың плазмадағы деңгейлері дені сау еріктілерге қарағанда төмен болған. Препараттың азғантай бөлігі ғана өзгеріссіз күйде бүйрекпен шығарылатындықтан, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде бір рет қабылдағанда дозасын түзету қажет болмауы ықтимал. Дегенмен, домперидонды қайта қолданғанда қабылдау жиілігін бүйрек функциясы бұзылуларының ауырлығына байланысты, тәулігіне 1–2 ретке дейін қысқарту ұсынылады, сондай-ақ дозасын төмендету қажеттілігі туындауы мүмкін. Жүйелі мониторинг бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге Дамелиуммен емдеудің ұзақ курсы тағайындалған жағдайда қолданылады.
CYP3A4 күшті тежегіштерімен біріктіріп қолдану
Препаратты ішу арқылы қабылданатын кетоконазолмен, эритромицинмен немесе корригирленген QT аралығының ұзаруын тудыратын басқа CYP3A4 күшті тежегіштерімен бір мезгілде қабылдануын болдырмау керек.
Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан болатын әсерлер
Домперидонды қолдану ЭКГ-да QT аралығының ұзаруымен байланысты. Маркетингтен кейін бақылау жүргізу барысында домперидон қабылдайтын пациенттерде QT, Torsades de pointes аралығының ұзару жағдайлары туралы өте сирек хабарлар алынған. Мұндай жағдайлар аралас қауіп факторлары, электролиттік теңгерімнің бұзылуы бар және ықпал ететін факторлар болуы мүмкін қатар жүретін емді қамтыған.
Эпидемиологиялық зерттеулер домперидонды қолдану қарыншалық аритмиялар даму қаупінің жоғарылауы және кенеттен жүректен болған өліммен байланысты екендігін көрсетті. Барынша жоғары қауіп күнделікті 30 мг асатын домперидон қабылдаған, QT аралығы ұзару қаупінің белгілі факторы бар басқа да дәрілік заттарды немесе күшті CYP3A4 тежегіштерін бір мезгілде қабылдайтын 60 жастан асқан пациенттерде байқалған.
Ересектер мен балаларда домперидонды ең аз тиімді дозасында қабылдаған жөн.
Домперидонды жүрек өткізгіштігі аралығының, атап айтқанда QT ұзаруы болжамдалған, электролиттік теңгерімнің елеулі бұзылуы (гипокалиемия, гиперкалиемия, гипомагниемия) немесе қарыншалық аритмия даму қаупінің жоғарылауы салдарынан брадикардиясы бар пациенттерге, қарыншалық аритмияның даму қаупі жоғарылауы салдарынан болатын іркілісті жүрек жеткіліксіздігі сияқты жүрек аурулары бар пациенттерге қолдануға болмайды. Электролиттік теңгерімнің бұзылуы (гипокалиемия, гиперкалиемия, гипомагниемия), брадикардия проаритмия қаупін арттыратын факторлар болып табылады.
Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан симптомдар туындаған жағдайда домперидонмен емдеу тоқтатылуы тиіс, ал пациенттер өздерінің емдеуші дәрігерімен кеңесулері тиіс.
Жүктілік
Препарат нарыққа шығарылғаннан кейін Дамелиумді жүкті әйелдерде қолдану жөніндегі мәліметтер шектеулі. Егеуқұйрықтарға жүргізілген зерттеулер препаратты жоғары және ана организмі үшін уытты дозаларда енгізгендегі репродуктивтік уыттылығын анықтап берді. Адамдар үшін ықтимал қаупі белгісіз.
Осылайша, Дамелиум жүктілік кезінде тек егер күтілетін емдік пайдасы ұрық үшін ықтимал қауіптен асатын болса ғана тағайындалады.
Бала емізу
Әйелдерде Дамелиумнің емшек сүтіндегі концентрациясы плазмадағы сәйкесінше концентрациясының 10%-дан 50%-ға дейінгісін құрайды және 10 нг/мл аспайды. Жағымсыз әсерлерінің, атап айтқанда жүректің жағымсыз әсерлерінің туындауын емшек сүті арқылы препараттың әсер етуінен кейін жоққа шығаруға болмайды. Дамелиумді бала емізетін аналар қабылдамауы керек.
Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Дамелиум автокөлік басқару және психомоторлық реакциялардың жоғары жылдамдығын қажет ететін жұмыстарды орындау мүмкіндігіне іс жүзінде мүлдем әсер етпейді, бірақ болуы мүмкін жағымсыз әсерлерін ескере отырып сақ болу қажет.
Артық дозалануы
Симптомдары: қозу, сананың өзгеруі, құрысулар, бағдарсыздық, ұйқышылдық және көбіне балалардағы экстрапирамидалық реакциялар.
Емі: домперидонның арнайы антидоты жоқ. Артық дозаланған жағдайда асқазанды шаю жүргізіледі және белсендірілген көмір тағайындалады. Пациенттің жағдайын мұқият қадағалау, QT аралығының ұзаруы мүмкіндігі салдарынан ЭКГ мониторингілеуді және демеуші, симптоматикалық ем жүргізу ұсынылады. Антихолинергиялық және паркинсон ауруына қарсы дәрілер экстрапирамидалық реакцияларды емдеу кезінде тиімді болуы мүмкін.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
1 немесе 3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салады.
Сақтау шарттары
25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Сақтау мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Aurex BV, Нидерланды
Қаптаушы
Интас Фармасьютикалс Лтд, Үндістан
Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі
Actavis Group, Исландия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы:
Алматы қ. «Актавис Интернешнл Лтд.» өкілдігі.
Қазақстан Республикасы, 050009, Алматы қ., Мұқанов к-сі 241, 1-а кеңсе.
Тел./факс: 8 (727) 313 74 30, 313 74 31, 313 74 32;
Электрондық пошта: actavis@actavis.kz; сайт: www.actavis.com