Гриппостад® Рино (капли назальные для детей, 0.05%)

МНН: Ксилометазолин
Производитель: Штада Арцнаймиттель АГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Xylometazoline
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010190
Информация о регистрации в РК: 26.06.2012 - 26.06.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Гриппостад® Рино

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ксилометазолин

Дәрілік түрі

Балаларға арналған 0,05% мұрын тамшы дәрісі және ересектерге арналған 0,1 % мұрын тамшы дәрісі

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат - 0,5 мг және 1 мг ксилометазолин гидрохлориді,

қосымша заттар: бензалконий хлориді, 50 % ерітінді, лимон қышқылының моногидраты, натрий цитраты дигидраты, глицерин 85 %, тазартылған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз немесе сәл боялған, көзге көрінетін механикалық қосылыстарсыз, иіссіз дерлік ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Респираторлық жүйе ауруларын емдеуге арналған препараттар. Мұрынға арналған препараттар. Антиконгестанттар және жергілікті қолданылатын басқа мұрынға арналған препараттар. Симпатомиметиктер.

АТЖ коды R01AA07

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ксилометазолиннің әсері қолданғаннан кейін 5-10 минуттан соң басталады және бірнеше сағат бойы сақталады (орташа алғанда 6-8 сағат).

Интраназальді қолданғанда кейде препараттың сіңірілген мөлшері орталық жүйке жүйесі және жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан болатын жүйелік әсерінің дамуы үшін жеткілікті болуы мүмкін.

Фармакодинамикасы

Ксилометазолин, имидазолиннің туындысы, альфа-адренергиялық әсері бар симпатомиметик болып табылады. Бета-адренорецепторларға әсер етпейтін, тікелей әсері бар альфа-адренорецепторлардың агонисі бола отырып, ксилометазолин норэпинефриннің босап шығуы арқылы іске асатын тікелей емес симпатомиметикалық әсер бермейді. Ксилометазолин мен норэпинефриннің құрылымдық ұқсастығының арқасында, ксилометазолин тудырған альфа-1 және альфа-2 рецепторлардың стимуляциясы вазоконстрикцияға алып келеді. Бұл шырышты қабықтардың ісінуінің азаюына және сөлініс ағымының жақсаруына ықпал етеді, бұл мұрынмен дем алудың жеңілдеуіне алып келеді.

Қолданылуы

Мына жағдайларда мұрынның шырышты қабығының ісінуін азайту үшін:

  • жедел ринитте

  • ұстама тәрізді вазомоторлық ринитте

  • аллергиялық ринитте.

Қолдану тәсілі мен дозалары

Гриппостад Рино, балаларға арналған 0,05 % мұрын тамшысы

2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға – әр мұрын жолына күніне 2-3 рет 1 тамшыдан. Ұсынылған бір реттік дозасы күніне 3 реттен жиі қолданылмауы тиіс.

Гриппостад Рино, ересектерге арналған 0,1 % мұрын тамшы дәрісі

Ересектер мен 6 жастан асқан балаларға – әр мұрын жолына күніне 2-3 рет 1 тамшыдан. Ұсынылған бір реттік дозасы күніне 3 реттен жиі қолданылмауы тиіс.

Қолданылу ұзақтығы

Гриппостад® Рино, балаларға арналған 0,05% мұрын тамшы дәрісін және ересектерге арналған 0,1 % мұрын тамшы дәрісін 7 күннен артық пайдаланбау керек. Тек бірнеше күн үзілістен кейін ғана қайталап қолдануға болады.

Жағымсыз әсерлері

- жиі (≥ 1/100 < 1/10): күйдіру және мұрынның шырышты қабығының құрғауы, түшкіру

- жиі емес (≥ 1/1000 < 1/100): мұрынның шырышты қабығының ісінуінің (препараттың әсері тоқтағаннан кейін), мұрыннан қан кетудің; асқын сезімталдықтың артуы (ангионевротикалық ісіну, тері бөртпесі, қышу)

- сирек (≥ 1/10000 < 1/1000): жүрек қағысының күшеюі (пальпитация), тахикардия, артериялық қан қысымының жоғарылауы

- өте сирек (< 1/10000): аритмия; бас ауыруы, құрысулар (әсіресе балаларда); қажығыштық, ұйқышылдық, мәңгіру; қозу, ұйқысыздық, елестеулер (әсіресе балаларда).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • әсер етуші затына немесе препараттың кез-келген компонентіне асқын сезімталдық

  • мұрын шырышты қабығының құрғауы және қабынуы (Rhinitis sicca)

  • транссфеноидальді гипофизэктомияны немесе кез-келген басқа мидың қатты қабығына хирургиялық араласуларды басынан өткерген емделушілер

  • көзішілік қан қысымының жоғарылауы, әсіресе жабық бұрышты глаукомада

  • жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, атеросклероз

  • феохромацитома

  • гипертиреоз, қант диабеті

  • порфирия

  • простатаның гиперплазиясы

  • жүктілік, лактация кезеңі

Гриппостад Рино, балаларға арналған 0,05 % мұрын тамшы дәрісі

  • 2 жасқа дейінгі балалар

Гриппостад Рино, ересектерге арналған 0,1 % мұрын тамшы дәрісі

  • 6 жасқа дейінгі балалар.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Гриппостад® Рино мен транилципромин типті моноаминооксидаза тежегіштерін, үшциклдық антидепрессанттар мен гипертензивтік препараттарды бір мезгілде қабылдау артериялық қан қысымының артуына алып келуі мүмкін. Осыған байланысты мұндай дәрілік заттардың біріктірілімін болдырмау керек.

Айрықша нұсқаулар

Созылмалы ринитте, мұрынның шырышты қабығының атрофиясы қаупінің салдарынан, емдеуді дәрігердің қадағалауымен жүргізу керек.

Емдік дозаларын қолданғаннан кейін, ауыр жағымсыз әсерлер (апноэ) дамыған жекелеген жағдайлар болған. Осыған байланысты препараттың артық дозалануын болдырмау керек.

Мына жағдайларда Гриппостад® Рино, балаларға арналған 0,05% мұрын тамшы дәрісі және ересектерге арналған 0,1% мұрын тамшы дәрісі препараттарын тек пайда мен қауіп арақатынасына мұқият бағалау жүргізгеннен кейін ғана қолдануға болады:

  • моноаминооксидаза тежегіштерімен (МАО тежегіштері) және артериялық қан қысымын арттыруы ықтимал басқа дәрілік заттармен емделуші науқастарға.

Ұзақ қолданғанда немесе артық дозаланған жағдайда мұрынға арналған деконгестанттардың әсері әлсіреуі мүмкін. Препараттың бұлай дұрыс қолданылмауы жағдайында мыналар дамуы мүмкін:

- мұрынның шырышты қабығының реактивті гиперемиясы (дәрі-дәрмектік ринит)

- мұрынның шырышты қабығының атрофиясы.

Мұрынмен ішінара болса да дем алуды демеп тұру үшін препаратты бірінші мұрын жолындағы симптомдар басылғанша, екінші мұрын жолына тамызбау керек.

Бұл дәрілік заттың құрамындағы консервант (бензалконий хлориді) – әсіресе ұзақ қолданғанда – мұрынның шырышты қабығының ісінуіне алып келеді. Мұндай реакцияға күдіктенген жағдайда (мысалы, мұрынның шырышты қабығының тұрақты ісінуі) құрамында консерванттары жоқ препараттарды пайдалану керек. Құрамында консерванттары жоқ препараттар болмаған жағдайда, басқа дәрілік түрлерін пайдалану мүмкіндігін қарастырған жөн.

Жүктілік және лактация

Жүктілік кезінде тек пайда мен қауіп арақатынасына мұқият баға бергеннен кейін ғана қолдануға болады. Өйткені артық дозаланған жағдайда әсер етуші затының бір бөлігі ұрықтың қан ағымына түсуі мүмкін, препараттың ұсынылған дозалау режимін қатаң сақтау керек.

Лактация кезінде тек пайда мен қауіп арақатынасына мұқият баға бергеннен кейін ғана қолдануға болады. Өйткені артық дозалануы емшек сүті өнімділігінің төмендеуіне алып келуі мүмкін, препараттың ұсынылған дозалау режимін қатаң сақтау керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат дұрыс қолданылғанда көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Белгілері: үрей сезімі, қозу, елестеулер мен құрысулар; гипотермия, летаргия, ұйқышылдық, кома; миоз, мидриаз, қатты тершеңдік, қызба, тері жабындарының бозаруы, цианоз, жүрек айнуы және құсу, тахикардия, брадикардия, жүрек аритмиясы, жүректің тоқтауы, пальпитация, гипертензия, шок тәрізді гипотония, өкпенің ісінуі, тыныс алудың бәсеңдеуі және апноэ, психикалық бұзылыстар. Балаларда артық дозаланудан кейін негізінен құрысуларды, команы, брадикардияны, апноэны және гипотонияға ұласуы мүмкін гипертензияны қоса, ОЖЖ тарапынан симптомдар дамиды.

Уыттануының клиникалық көрінісі көмескіленуі мүмкін, өйткені ОЖЖ стимуляциясы ОЖЖ-нің бәсеңдеу фазаларымен кезектесіп тұрады.

Емі: дереу белсенділендірілген көмірді (абсорбент), натрий сульфатын (іш жүргізетін дәрі) немесе асқазанды шаюды тағайындайды. Артериялық қан қысымы төмендеген жағдайда іріктелмеген альфа-блокаторлар тағайындалады. Вазопрессорларды қолдану қарсы көрсетілімді. Қажет болса ыстық түсіретін, құрысуға қарсы емді және өкпені жасанды желдетуді жүргізеді.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

10 мл препараттан тамшуыры бар қақпақпен бұралатын қоңыр түсті шыныдан жасалған құтыларға құяды.

Құтыны шыны тамшуырмен және мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

25° С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Құтысын бірінші ашқаннан кейінгі сақтау мерзімі – 6 ай.

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

ШТАДА Арцнаймиттель АГ

Штадаштрассе 2 - 18

D-61118 Бад Вилбель, Германия

Телефон: 06101 / 603-0

Телефакс: 06101 / 603-259

Веб сайт: http://www.stada.de

Тіркеу куәлігінің иесі

ШТАДА Арцнаймиттель АГ, Германия

ҚР аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Нижфарм» ААҚ Өкілдігі

050043, Қазақстан Республикасы,

Алматы қ-сы, Хан Тәңірі ықш. ауд., 55б

тел.: (727) 271-99-68

факс: (727) 255-33-78

e–mail: almaty@stada.kz

 

Прикрепленные файлы

637417241477977095_ru.doc 62 кб
053843291477978256_kz.doc 78 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники