Гриппомикс (лимон)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Гриппомикс
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Ішке қабылдау үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ (орман жидектері, апельсин, лимон)
Құрамы
Бір пакеттің ішінде:
белсенді заттар: 360.0 мг парацетамол, 75.0 мг римантадин гидрохлориді,
125.0 мг аскорбин қышқылы, 2.5 мг цетиризин дигидрохлориді, 89.3 мг
(25.0 мг) кальций карбонаты 70 сорбитолмен (кальцийге шаққанда),
қосымша заттар: аспартам (Е 951), сусыз лимон қышқылы, хошиістендіргіш («Орман жидектері» немесе «Апельсин» болмаса «Лимон»), қант.
Сипаттамасы
Орман жидегінің иісі бар ақ немесе сарғыш немесе қызғылт реңді ақ дерлік түсті ұнтақ. Жұмсақ түйіршіктер болуына жол беріледі.
Препарат ерітіндісі – орман жидегінің иісі бар мөлдір немесе түссізден сарғышқа дейін немесе қызғылт түске дейін бұлыңғыр. Елеусіз шөгінді болуына жол беріледі («Гриппомикс» орман жидектері үшін).
Апельсин иісі бар ақ немесе сарғыш немесе сұр реңді ақ дерлік түсті ұнтақ. Жұмсақ түйіршіктер болуына жол беріледі.
Препарат ерітіндісі –апельсин иісі бар мөлдір немесе түссізден сарғыш түске дейін бұлыңғыр. Елеусіз шөгінді болуына жол беріледі («Гриппомикс» апельсин үшін).
Лимон иісі бар ақ немесе сарғыш немесе сұр реңді ақ дерлік түсті ұнтақ. Жұмсақ түйіршіктер болуына жол беріледі.
Препарат ерітіндісі –лимон иісі бар мөлдір немесе түссізден сарғыш түске дейін бұлыңғыр. Елеусіз шөгінді болуына жол беріледі («Гриппомикс» лимон үшін).
Фармакотерапиялық тобы
Басқа да анальгетиктер-антипиретиктер. Анилидтер. Басқа препараттармен біріктірілімдегі парацетамол (психолептиктерді қоспай).
АТХ коды N02ВЕ51
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Парацетамол асқазан-ішек жолынан тез және толық сіңеді, тіндерде біркелкі таралады. Парацетамолдың биожетімділігі – 90 %-ға жуық. Ақуыздармен байланысу дәрежесі — 25–50 %. Т1/2 - 2–4 сағатты құрайды. Парацетамол бауырда 80–90 % дейін метаболизденеді, бұл арада ол глюкурон немесе күкірт қышқылымен конъюгацияланады және содан кейін несеппен бірінші тәулік бойы шығарылады. Парацетамолдың 3 % жуығы өзгермеген түрде бөлінеді.
Римантадин гидрохлориді ішке қабылдағаннан кейін ішекте баяу, толық дерлік сіңіріледі. Плазма ақуыздарымен байланысуы - 40 % жуық. Cmax - 100 мг –ден 1 рет қабылдағанда/ – 181 нг/мл, 100 мг-ден 2 рет қабылдағанда – 416 нг/мл. Бауырда метаболизденеді. Т1/2 - 24-36 сағат. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде Т1/2 екі есе ұлғаяды. Бүйрек арқылы шығарылады. Бүйрек жеткіліксіздігі бар адамдарда және егде жастағы адамдарда егер доза креатинин клиренсінің азаюына пропорционалды түзетілмесе уытты концентрацияларда жинақталуы мүмкін.
Цетиризин дигидрохлориді асқазан-ішек жолынан тез сіңеді, сіңірілуі 70 % жетеді, ал қандағы плазма ақуыздарымен елеулі дәрежеде байланысады. Т1/2 – ересектерде 10 сағатқа жуық, 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларда - 6 сағатқа жуық болады. Бүйрек функциясы бұзылуында препараттың жалпы клиренсі азаяды. Цетиризин бауырда мүлде метаболизденбейді. Қабылданған дозаның үштен екісі несеппен өзгермеген түрде шығарылады.
Аскорбин қышқылы ішке қабылданғаннан кейін АІЖ толық сіңіріледі. Ағза тіндерінде кеңінен таралады. Аскорбин қышқылының қан плазмасындағы концентрациясы қалыпты жағдайда шамамен 10-20 мкг/мл құрайды. Қан плазмасындағы ақуыздармен байланысуы 25 % жуықты құрайды. Бауырда метаболизденеді, оксалат түрінде және өзгермеген түрде несеппен шығарылады. Шамадан тыс мөлшерде қабылданған аскорбин қышқылы өзгермеген түрде несеппен тез шығарылады.
Кальций карбонаты пероральді қабылдағаннан кейін аш ішектің проксимальді бөлігінде сіңіріледі, бұл арада кальций иондарының сіңуі D-витаминіне байланысты тасымал механизмдерінің көмегімен жүреді. Қан плазмасында кальций плазма ақуыздарымен байланысады, кальцийдің кейбір бөлігі бос иондалған түрде болады. Кальций ішек, бүйрек және тер бездері арқылы шығарылады. Бүйрекпен шығарылуы кальцийдің шумақтық сүзілісіне және өзекшелік реабсорбциясына байланысты.
Фармакодинамикасы
Дәрілік заттардың фармакологиялық белсенділігі оның компоненттерінің
- парацетамол, римантадин гидрохлориді, аскорбин қышқылы, цетиризин дигидрохлориді және кальций карбонатының кешенді әсерімен шартталған.
Дәрілік зат вирусқа қарсы, интерфероногенді, ыстық түсіретін, қабынуға қарсы, ауыруды басатын, антигистаминдік, ангиопротекторлық әсер етеді.
Парацетамол ыстық түсіретін, анальгетиктік және кейбір қабынуға қарсы әсерге ие, суық тию ауруларында байқалатын ауыру синдромын, тамақ ауыруын, бас ауыруын, бұлшықет және буын ауыруын азайтады, жоғарылаған температураны төмендетеді. Көбіне орталық жүйке жүйесінде бірінші және екінші типті циклооксигеназаны бөгейді. Шеткергі тіндерде простагландиндер синтезіне бөгегіш әсері болмауына байланысты су-тұз алмасуына (Na+ және судың іркілуі) және асқазан-ішек жолының шырышты қабығына әсер етпейді.
Римантадин гидрохлориді – вирусқа қарсы дәрі, адамантан туындысы. А тұмауы вирусының, I және II типті Herpes simplex вирустарының, кене энцефалиті вирустарының (орталық-еуропалық және ресейлік Flaviviridae тұқымдас арбовирустардың көктем-жаздық топтарынан) әртүрлі штамдарына қатысты белсенді.
Римантадин репликативті циклдың ерте сатысына тежегіш әсер етеді, вирустық геномның транскрипциясын тежеуі мүмкін. Генетикалық зерттеулер нәтижесі көрсетілген М2 вирион генінің вирустық ақуызы римантадинге А тұмауы вирусының шалдыққыштығында маңызды рөл атқарады деп болжауға мүмкіндік береді. Римантадин А тұмауы вирусының үш антигенді қосалқы түрлерінің изоляттарының, яғни адам жасушасынан бөлінген H1N1, H2N2 және H3N3 әрқайсысының жасушалық өсіріндідегі репликациясын тежейді. Римантадин В тұмауы вирусына қатысты белсенді емес немесе белсенді емес дерлік. А тұмауы вирусының римантадинге жасушалық өсіріндідегі шалдыққыштығы мен клиникалық тиімділігінің мөлшерлік арақатынасы анықталмаған. Дәрілік заттың жасушалық өсіріндідегі вирустың репликациясын 50 % немесе одан да көп тежеуге қажетті концентрациясы түрінде білінетін сезімталдық сынақтарының нәтижелерінің пайдаланатын сынақ хаттамаларына, инокулят өлшеміне, А тұмауы вирусының оқшауланған штамдарына және пайдаланылатын жасуша түріне байланысты айырмашылығы үлкен (19 нМ-ден 93 мкМ дейін). РЕЗИСТЕНТТІЛІГІ: жасушалық өсіріндіде және in vivo ем нәтижесінде туындаған римантадинге резистентті А тұмауы вирусының изоляттары бөлініп алынды. А тұмауы вирусының римантадин-резистентті штамдары римантадин пайдаланылған тәжірибелік жағдайларда жуырда бөліп алынған штамдар арасында пайда болған. Резистенттік вирустардың ауысып берілетіні және кәдімгі тұмау ауруының себепшісі болып табылатыны көрсетілген. Домен М2 жарғақшасындағы бес амин қышқылының кез келгенін алмастыру римантадинның резистенттілігіне алып келеді. Резистенттілікті туындататын көбірек таралған алмастыруға А тұмауы (H1N1) және А (H3N2) және S31N да жатады. Резистенттілікті туындататын бұдан басқа аз таралған алмастыруға A30F, V27A және L26F да жатады. Римантадинге резистенттілік римантадин қабылдамаған адамдардағы пандемиялық маусымдық тұмаудың оқшауланған штамдарында анықталады.
Римантадинге резистентті болған А (H1N1) (S-OIV) доңыз тұмауының вирусы құрамында S31N алмастырғышы бары көрсетілді. КРОСС-РЕЗИСТЕНТТІЛІГІ: адамантандар, римантадин және амантадин арасында кросс-резистенттілік байқалады. Римантадинге резистенттілік амантадинге кросс-резистенттілік арқылы және керісінше туындайды. Римантадинге резистенттілік себебі болып табылатын амин қышқылдарын алмастыруға (көбіне жиі) M2 S31N, сондай-ақ V27,V30A, L26F және A30T азырақ таралған өзгерістері де жатады.
Аскорбин қышқылы тотығу-тотықсыздану үдерісін, көмірсу алмасуын, қан ұюын, тіндердің регенерациясын реттеуге қатысады, қан тамырлардың өткізгіштігін азайтады. Антиагреганттық және айқын антиоксиданттық қасиеттері бар. Жасуша аралық заттардың коллоидты жай-күйін және қылтамырлардың қалыпты өткізгіштігін демейді (гиалуронидазаны бәсеңдетеді). Бауырдағы тыныс алу ферменттерін белсендіру есебінен оның уытсыздандыратын және ақуыз түзетін функциясын күшейтеді, протромбин синтезін жоғарылатады. Иммунологиялық реакцияларды (антидене синтезін, С3-компонентінің комплементін, интерферонды белсендіреді) реттейді, фагоцитозге ықпал етеді, ағзаның жұқпаларға қарсы тұру қабілетін жоғарылатады. Гистаминнің босап шығуын тежейді және гистаминнің деградациясын жеделдетеді, простагландиндердің және қабынудың басқа да медиаторларының пайда болуын және аллергиялық реакцияларды бәсеңдетеді.
Цетиризин дигидрохлориді - шеткергі гистаминдік Н1-рецепторлардың блокаторы, антигистаминдік аллергияға қарсы дәрі, гидроксизин метаболиті. Фармакологиялық белсенді дозаларында елеулі седативті әсері жоқ. Аллергиялық реакциялардың гистамин арқылы болатын ерте фазасын тежейді, гистаминнің қылтамырлық кеңеюі және жоғары өткізгіштігі (ісіну, есекжем, қызару дамуы), жүйкенің сезімтал ұштарын стимуляциялау (қышыну, ауыру) және тыныс алу органдары мен асқазан-ішек жолдарының тегіс бұлшықетінің жиырылуы сияқты әртүрлі физиологиялық және патофизиологиялық әсерін болдырмайды. Аллергиялық реакциялардың кешеуілдеген сатысында цетиризин дигидрохлориді гистамин бөлінуін және эозинофилдер мен басқа да жасушалардың көшуін тежейді, осылайша кешеуілдеген аллергиялық реакцияларды бәсеңдетеді. Аллергиялық қабыну маркері болып табылатын ICAM-1 және VCAM-1сияқты адгезия молекулаларының экспрессиясын төмендетеді. PAF (тромбоцит-белсендіретін фактор) және Р субстанциясы сияқты, гистамин секрециясының басқа медиаторлары мен индукторларының әсерін бәсеңдетеді. Бронх демікпесі бар науқастарда гистамин босап шығуына жауап ретінде туындайтын бронх тармағының аса жоғары белсенділігін елеулі төмендетеді. Бұл тиімділік орталықтық әсермен қатар жүрмейді.
Кальций карбонаты қан тамырларының жоғары өткізгіштігі мен сынғыштығы дамуын болдырмайды, қан ұюының қалыпты болуына ықпал етеді, жүйке импульстарының берілу үдерісінің жүзеге асуына, қаңқа және тегіс бұлшықеттің жиырылуына, жүрек қызметін реттеуге қатысады.
Қолданылуы
- ересектер мен 12 жастан асқан балаларда тыныс алу жолдарының вируспен зақымдануы салдарынан болатын тұмауды, ЖРВЖ (жедел респираторлық вирустық жұқпаларды), қызба жай-күйлерін симптоматикалық емдеуде
Қолдану тәсілі және дозалары
Ішке. Пакет ішіндегісін 1 стақан қайнаған ыстық суда ерітеді. Ыстық күйінде қолданады.
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға - 3-5 күн бойына қызба синдромы сақталғанда күніне 3 рет 1 ұнтақтан.
Дәрілік затты қабылдағанда өзін сезінудің жақсаруы болмаған жағдайда, емдеуді тоқтату және дәрігерге қаралу керек!
Жағымсыз әсерлері
Төменде көрсетілген қолайсыз реакциялардың жиілігі келесі ескертулерді пайдаланумен анықталды: өте жиі (> 1/10), жиі (> 1/100 - < 1/10), жиі емес (> 1/1.000 - < 1/100), сирек (> 1/10.000 - < 1/1.000), өте сирек (< 1/10.000), белгісіз (қолда бар деректер бойынша анықтауға болмайды.)
Орталық жүйке жүйесі тарапынан: сирек –бас ауыруы, қатты қажу, жоғары қозғыштық, бас айналуы, тремор, гиперкинезия.
Асқазан-ішек жолдары тарапынан: 7 күннен астам ұзақ қабылдағанда асқазан мен он екі елі ішектің шырышты қабығы зақымдануы мүмкін, диспепсия, ауыз құрғауы, жүрек айнуы, анорексия, метеоризм, диарея.
Қан жүйесі тарапынан: ұзақтығы 7 күннен астам қабылдағанда - агранулоцитоз, лейкопения, тромбоцитопения, нейтропения, анемия.
Аллергиялық реакциялар: сирек – тері бөртпесі, қышыну, есекжем болуы мүмкін.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- асқазан-ішек жолдарының асқыну сатысындағы эрозиялы-ойық жаралы зақымдануы
- асқазан-ішек қан кетулері
- гемофилия
- геморрагиялық диатез
- гипопротромбинемия
- бүйрек жеткіліксіздігі
- жедел бүйрек ауруы (жедел гломерулонефрит, жедел пиелонефрит)
- бауырдың жедел аурулары (жедел гепатит)
- порталды гипертензия
- жүктілік және лактация кезеңі
- 12 жасқа дейінгі балалар
- тиреотоксикоз
- созылмалы алкоголизм
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Басқа дәрілік заттармен бірге қабылдау қажет болғанда алдын ала дәрігермен кеңесу керек.
Парацетамол мен римантадинді бірге қабылдау римантадиннің ең жоғары концентрациясының және AUC шамамен 11 %-ға төмендеуіне алып келеді.
Аскорбин қышқылы римантадиннің Cmax10%-ға төмендетеді. Циметидин римантадиннің клиренсін 18 %-ға азайтады.
Римантадин эпилепсияға қарсы дәрілердің тиімділігін төмендетеді.
Парацетамол урикозуриялық дәрілік заттардың тиімділігін төмендетеді.
Бауырдағы микросомальді тотығу индукторлары (фенитоин, этанол, барбитураттар, рифампицин, фенилбутазон, үшциклдық антидепрессанттар), этанол және гепатоуыттылық препараттары гидроксилденген белсенді метаболиттер өнімін арттырады, бұл тіпті аздаған артық дозалануында ауыр уыттану дамуы мүмкіндігін шарттайды.
Барбитураттарды ұзақ пайдалану парацетамол тиімділігін төмендетеді.
Этанол жедел панкреатит дамуына ықпал етеді. Микросомальді тотығу тежегіштері (оның ішінде циметидин) гепатоуыттылық әсері қаупін төмендетеді. Дәрілік заттарды және басқа да қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді ұзақ бірге пайдалану "анальгетикалық" нефропатия және бүйректің папиллярлық некрозының, бүйрек жеткіліксіздігінің терминальді сатысының басталуы дамуының қаупін арттырады. Дифлунисал парацетамолдың плазмалық концентрациясын -гепатоуыттылық даму қаупін 50 %-ға жоғарылатады. Миелоуытты дәрілік заттар дәрілік заттардың гематоуыттылығы білінулерін күшейтеді.
Аскорбин қышқылы қандағы бензилпенициллиннің және тетрациклиннің
концентрациясын жоғарылатады; тәулігіне 1 г дозада этинилэстрадиолдың биожетімділігін (оның ішінде пероральді контрацептивтердің құрамына кіретін) арттырады. Гепариннің және тікелей емес антикоагулянттардың тиімділігін төмендетеді. Әсері қысқа салицилаттармен және сульфаниламидтармен емдегенде кристаллурия дамуының қаупін арттырады, бүйрекпен қышқыл шығарылуын баяулатады, сілтілік реакциялары бар (оның ішінде алкалоидтар) дәрілік заттардың шығарылуын арттырады. Өз кезегінде ағзадағы аскорбин қышқылының концентрациясын төмендететін этанолдың жалпы клиренсін жоғарылатады. Бір мезгілде қолданғанда изопреналиннің хронотроптық әсерін азайтады. Барбитураттар және примидон аскорбин қышқылының несеппен шығарылуын арттырады. Фенотиазин туындылары –нейролептиктердің емдік әсерін азайтады, амфетаминнің және үшциклды антидепрессанттардың өзекшелік реасорбциясын төмендетеді.
Дәрілік заттарды теофиллинмен (әсіресе егер теофиллин дозасы 400 мг асып кетсе) бірге тағайындағанда сарысудағы концентрациясы артуы және клиренс төмендеуінен цетиризиннің салыстырмалы артық дозалануы бақылануы мүмкін.
Миелоуытты дәрілік заттар цетиризиннің гематоуыттылығының білінуін күшейтеді.
Дәрілік заттарды ұйқының дәрісімен және тыныштандыратын дәрілермен, алкогольмен бірге қолданғанда ерекше сақтық жасау керек.
Айрықша нұсқаулар
Дәрілік зат профилактикаға арналмаған.
Емдеуді аурудың бірінші симптомдары білінген соң 48 сағаттан кешіктірмей бастау керек.
Қолдану ұзақтығы – 5 күннен аспау керек.
Ұзақ уақыт қолданғанда (7 күннен астам) созылмалы қатарлас аурулардың асқынуы мүмкін, артериялық гипертензиясы бар егде емделушілерде геморрагиялық инсульт даму қаупі жоғарылайды (дәрілік заттың құрамына кіретін римантадин есебінен).
Жұқпадан кейінгі иммунитет қалыптасуы үшін 12 жасқа дейінгі балаларды емдеу үшін қолдану ұсынылмайды. Сыртартқысында эпилепсия және римантадин қолдану аясында жүргізілетін құрысуға қарсы ем көрсетілгенде эпилепсиялық ұстама дамуының қаупі жоғарылайды.
Алкогольдік гепатозы бар науқастарда қабылданғанда бауыр зақымдану дамуының қаупі бар.
Плазмадағы глюкоза мен несеп қышқылын мөлшерлік анықтағанда зертханалық зерттеулердің көрсеткіштерін бұрмалайды (парацетамол).
Аскорбин қышқылының кортикостероидты гормондар синтезін стимуляциялайтын әсеріне байланысты бүйрек үсті безінің функциясын және артериялық қысымды қадағалау керек. Аскорбин қышқылы қалыпқа келтіргіш ретінде әртүрлі зертханалық тестердің нәтижесін бұрмалауы мүмкін (қанда глюкоза, билирубин болуы, "бауыр" трансаминазалары және лактатдегидрогеназа белсенділігінде).
Метастаздалатын ісіктер болғанда қолдануға болмайды.
Бауырға зақым келтіруінің болжамды әсерінен аулақ болу үшін, асқазан-ішек қан кетулері даму қаупі жоғарылауына байланысты, препарат қабылдау кезеңінде алкоголь қолдануға болмайды.
Сирек тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы аурулары, глюкоза/галактоза мальабсорбциясының синдромы немесе сахараза – изомальтаза жеткіліксіздігі бар емделушілерде сақтықпен қолдану керек.
Препарат құрамында фенилаланин көзі болып табылатын аспартам болғандықтан, фенилкетонуриясы бар емделушілерде сақтықпен қолдану керек.
Жүктілік және лактация
Тератогендік әсері: Жүктілік – С категориясы. Жүкті әйелдердегі талапқа сай және бақыланатын зерттеулер жоқ. Римантадиннің тышқандарда плацента арқылы өтетіні хабарланған. Римантадин егеуқұйрықтарда 200 мг/кг/ тәулік (мг/м2 негізге алғанда MRHD 11 есе) дозада енгізгенде эмбриоуытты.
Бұл дозада егеуқұйрықтардағы эмбриуытты әсері фетальді резорбциясы артуынан болды, сондай-ақ бұл доза атаксияны, тремор, құрысулар және салмақтың елеулі төмендеуін қоса, көптеген аналық әсерлерін туындатты.
Үй қояндары 50 мг/кг/тәулік дейінгі дозада (шамамен AUC негізделген MRHD 0,1есе) қабылдағанда эмбриуыттылық байқалмаған, бірақ дамудың ауытқуының дәлелі ретінде 12 немесе 13 қабырғалы ұрықтардың арақатынасының өзгерістері түрінде болғаны анықталған. Бұл арақатынас әдетте саңғырықта 50:50 жуық, бірақ римантадинмен 80:20 емнен кейін.
Тератогендік емес әсерлері: Римантадинді буаз егеуқұйрықтарға туу кезінде және туудан кейінгі кезеңде 30, 60 және 120 мг/кг/тәулік дозаларда (1,7, 3,4 және 6,8 есе MRHD мг/м2 негізінде) енгізген. Жүктілік кезінде аналық уыттылығы римантадиннің екі жоғарылау дозасында анықталды, және ең жоғары 120 мг/кг/тәулік дозасында туғаннан кейін бірінші 2-4 күнде өлім-жітім артқан. Тұқым өрбітудің F1төмендеуі сондай-ақ екі жоғарылау дозасында анықталды.
Осы себептерге байланысты препаратты жүктілікте қолдануға болмайды. Лактация кезеңі: емізу кезеңінде римантадин қабылдаған егеуқұйрық ұрпақтарында анықталған жағымсыз әсерлеріне байланысты римантадинді бала емізетін аналарға қолдануға болмайды. Римантадин дозаға қарай егеуқұйрық сүтінде анықталды: қабылдағаннан кейін 2-ден 3 сағатқа дейін.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.
Емдеу кезеңінде жоғары зейін шоғырландыруды және психомоторлы реакциялардың шапшаңдығын талап ететін автокөлік жүргізуде және басқа да қызметтің қауіптілігі потенциалды түрлерімен айналысқанда сақтық жасау керек (құрамында римантадин бар).
Артық дозалануы
Симптомдары: бастапқы 24 сағ бозару, жүрек айнуы, құсу және эпигастральді аумақтың ауыру, тремор, ұйқышылдық, тахикардия, қандағы билирубиннің артуы, зат алмасуының бұзылуы, қатарлас созылмалы аурулардың асқынуы мүмкін.
Парацетамолдың артық дозалану белгілері – жүрек айнуы, құсу, асқазандағы ауырулар, тері жабындысының бозаруы, анорексия. Бір немесе екі тәуліктен кейін бауыр зақымдануының белгілері анықталады. Ауыр жағдайларда бауыр жеткіліксіздігі және коматоздық жай-күй дамиды. Парацетамолдың ересектердегі уыттылық әсері 10-15 г астам парацетамол қабылдағаннан кейін болуы мүмкін: «бауыр» трансаминазаларының белсенділігі жоғарылауы, протромбиндік уақыттың артуы (қабылдағаннан кейін 12-48 сағ соң); бауыр зақымдануының толық клиникалық бейнесі 1-6 күннен кейін анықталады. Шұғыл бауыр зақымдануы сирек болады және ол бүйрек жеткіліксіздігімен асқынуы мүмкін (тубулярлық некроз).
Емі: Артық дозалануына күмән болғанда дереу дәрігерге қаралу керек. Зардап шегушіге уланудан соң бастапқы 4 сағат ішінде асқазанды шаю, адсорбенттер қабылдау керек (белсендірген көмір). SH- тобының донаторларын және глутатион – метионин синтезінің алдындағыларды – артық дозаланудан кейін 8 – 9 сағаттан соң және N-ацетилцистеинді – 12 сағаттан кейін енгізу керек. Қосымша емдік шараларды жүргізу қажеттігі қандағы парацетамол концентрациясына қарай, сондай-ақ оны қабылдағаннан кейін өткен уақытқа байланысты анықталады.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Біріккен материалдан (полиэтилентерефталатты үлбір, ақ полипропиленді үлбір, фольга, мөлдір полиэтиленді үлбір) жасалған, төрт жағынан дәнекерленген пакетте 10 г ұнтақтан.
Бес, он немесе он бес пакеттен медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Лекфарм» ЖШБҚ
Беларусь Республикасы, 223110, Логойск қ., Минская к-сі, 2а үй
Тел./факс: (01774)-53801, е-mail: office@lekpharm.by
Тіркеу куәлігінің иесі
«Лекфарм» ЖШБҚ, Беларусь Республикасы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Қазақстан Республикасындағы «РОМФАРМ КОМПАНИ» С.Р.Л. өкілдігі
050013, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Бұқар Жырау бульвары,
33 үй,
«Жеңіс» БО, 607 кеңсе, тел.(727) 247 07 85