Грипповир-ТК

МНН: Умифеновир
Производитель: ТК Фарм Актобе ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие противовирусные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№022206
Информация о регистрации в РК: 22.02.2021 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Грипповир-ТК

Халықаралық патенттелмеген атауы

Умифеновир

Дәрілік түрі, дозасы

Капсулалар,100 мг

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі қолдануға арналған инфекцияға қарсы препараттар. Жүйелі қолдануға арналған вирусқа қарсы препараттар. Тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттар. Вирусқа қарсы басқа да препараттар. Умифеновир.

АТХ кодыJ05AX13

Қолданылуы

  • ересектердегі: А және В тұмауы, басқа ЖРВИ емдеу және профилактикасы;

- операциядан кейінгі инфекциялық асқынулардың профилактикасы.

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер

  • жүктілік және лактация кезеңі

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттармен тағайындағанда жағымсыз әсерлер байқалмаған.

Арнайы ескертулер

Грипповир-ТК препаратын қатар жүретін жүрек-қантамыр жүйесі, бауыр мен бүйрек аурулары бар науқастарға сақтықпен тағайындаған жөн.

Нұсқаулықта ұсынылған препаратты қабылдау сызбасы мен ұзақтығын сақтау қажет. Препараттың бір дозасын қабылдауды өткізіп алған жағдайда оны мүмкіндігінше ертерек қабылдап, препаратты қабылдау курсын бастаған сызба бойынша жалғастыру керек.

Егер Грипповир-ТК препаратын қолданғаннан кейін үш тәулік ішінде тұмауды және басқа да ЖРВИ емдегенде ауру симптомдарының айқындылығы, оның ішінде жоғары температура (38°С және одан жоғары) сақталса, онда препаратты қабылдаудың негізділігін бағалау үшін дәрігерге жүгіну қажет.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Механизмдермен жұмыс жасаған және көлік жүргізген тұлғаларда препаратты емдік дозада қолдану қарсы көрсетілімде емес.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Ішке, ас қабылдағанға дейін.

Препараттың бір реттік дозасы

200 мг (2 капсула)

Ең жоғары бір реттік дозасы

200 мг (2 капсула)

Ең жоғары тәуліктік дозасы

800 мг (8 капсула)

Қолдану тәсілі

Ішке қабылдауға арналған.

Қолданылуы

Препаратты қабылдау сызбасы

Тұмау және басқа ЖРВИ эпидемиясы кезеңіндегі спецификалық емес профилактика

бір реттік дозаны аптасына 2 рет

3 апта бойы

Тұмау және басқа ЖРВИ науқастармен тікелей қатынас кезіндеспецификалық емес профилактика

бір реттік дозаны күніне 1 рет

10-14 күн бойы

Тұмау және басқа ЖРВИ емдеу

бір реттік дозаны тәулігіне 4 рет (әр 6 сағат сайын) 5 тәулік бойы

Операциядан кейінгі инфекциялық асқынулардың профилактикасы

бір реттік дозаны 2 тәулік бұрын операцияға дейін, содан соң операциядан кейінгі 2 және 5 тәулікте

Препаратты тұмаумен және басқа да ЖРВИ ауруының алғашқы симптомдары пайда болған сәттен бастап, аурудың басталуынан 3 тәуліктен кешіктірмей қабылдауды бастайды.

Егер Грипповир-ТК препаратын қолданғаннан кейін үш тәулік ішінде тұмауды және басқа да ЖРВИ емдегенде ауру симптомдарының айқындылығы, оның ішінде жоғары температура (38°С және одан жоғары) сақталса, онда препаратты қабылдаудың негізділігін бағалау үшін дәрігерге жүгіну қажет.

Тұмау және ЖРВИ емдеу кезінде ыстықты түсіретін препараттарды, муколитикалық және жергілікті тамыр тарылтатын дәрілерді қабылдауды қоса симптоматикалық емді қатар жүргізуге болады.

Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар

Симптомдары – артық дозалану жағдайы байқалмаған.

Емі– симптоматикалық (артық дозалану жағдайы пайда болғанда).

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар

Бүкіл қосымша парақты мұқият оқып шығыңыз. Егер Сізге дәрілік препаратты қолдану тәсілі түсініксіз болса, медицина қызметкерінің кеңесіне жүгінуді ұсынамыз.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

Сирек

  • аллергиялық реакциялар: тері бөртпесі, қышыну

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» РМК ШЖҚ

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат– 100.00 мг умифеновир гидрохлориді

қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, повидон, магний стеараты,

капсула қабығының құрамы: титанның қостотығы (Е 171), темірдің қара тотығы(Е 172), желатин.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Өлшемі 3, сұр түсті корпусы және ақ түсті қақпағы бар қатты желатинді капсулалар. Капсулалардың ішіндегісі - ақ немесе крем реңді ақ түсті ұнтақ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және/немесе баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 капсуладан.

Бір немесе екі пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жеде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚР, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ-сы, Астана ауд., Шестихатка а., Шестихатка т.а., ғимарат № 467, тел.: 8 (7132) 21 72 15

Электронды поштасы: dir-tkpharm@mail.ru

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚР, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ-сы, Астана ауд., Шестихатка а., Шестихатка т.а., ғимарат № 467, тел.: 8 (7132) 21 72 15

Электронды поштасы: dir-tkpharm@mail.ru

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚР, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ-сы, Астана ауд., Шестихатка а., Шестихатка т.а., ғимарат № 467, тел.: 8 (7132) 21 72 15

Электронды поштасы: dir-tkpharm@mail.ru

Прикрепленные файлы

Грипповир_ЛВ_каз_.docx 0.05 кб
ЛВ_Грипповир_рус.docx 0.05 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники