Граммидин® с анестетиком нео

МНН: Грамицидин, Оксибупрокаин, Цетилпиридиния хлорид
Производитель: Валента Фарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты для лечения заболеваний глотки
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№017997
Информация о регистрации в РК: 01.07.2021 - 01.07.2031

Инструкция

Саудалық атауы

Граммидин® нео анестетик қосылған

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Соруға арналған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар - грамицидин С дигидрохлориді – 3,20 мг (грамицидин С шаққанда – 3,00 мг), цетилпиридиний хлориді моногидраты – 1,05 мг (цетилпиридиний хлоридіне шаққанда – 1,00 мг), оксибупрокаин гидрохлориді – 0,20 мг

қосымша заттар: коллоидты кремнийдің қостотығы, тальк, калий ацесульфамы, жалбыз хош иістендіргіші, сорбитол, магний стеараты.

Сипаттамасы

Екі жағы дөңес дөңгелек пішінді, бір жағында GR жазуы бар ақ түсті таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар

АТХ коды R02А

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препараттың жергілікті әсері бар және іс жүзінде асқазан-ішек жолында сіңбейді, бұл жүйелі әсерінің мүлдем жоқтығын анықтайды.

Фармакодинамикасы

Тамақ және ауыз қуысының инфекциялық-қабыну ауруларын емдеуге арналған біріктірілген препарат. Препарат құрамына микробтарға қарсы грамицидин С дәрісі, жергілікті жансыздандыратын (ауыруды басатын) дәрі - оксибупрокаин және антисептикалық дәрі - цетилпиридиний хлориді кіреді.

Грамицидин С әсер ету механизмі микробтар жасушасының цитоплазмалық жарғақшасы өткізгіштігін жоғарылатуымен байланысты, оның тұрақтылығын бұзып, жасушаның жойылуын тудырады.

Грамицидин С ауыз қуысы мен жұтқыншақтың инфекциялық ауруларының қоздырғыштарына қатысты микробтарға қарсы айқын әсер етеді.

Оксибупрокаин анестетигі ауыз қуысы мен тамақтың шырышты қабығына жергілікті ауыруды басатын әсер береді. Таралудың және жүйке жасушаларының аксондары арқылы жүйке импульстерінің берілуінің қайтымды бөгелуін туындатады.

Цетилпиридиний хлориді антисептикалық дәріге жатады. Ауыз қуысы инфекциялық аурулары қоздырғыштарының көбеюі мен өсуін басады.

Препарат ауыруды басатын әсер береді, қабынуды азайтады, микробтарға қарсы әсер етеді, тамақтағы жағымсыз сезімді басады, жұтынуды жеңілдетеді, сорғанда ауыз қуысы мен жұтқыншақты микроорганизмдерден механикалық тазалауға ықпал ететін гиперсаливацияны туындатады.

Қолданылуы

Тамақ және ауыз қуысының инфекциялық-қабыну ауруларында:

  • баспа, жедел фарингит, тонзиллит

  • пародонтоз, гингивит, стоматит

Қолдану тәсілі және дозалары

Шайнамай, ауызда сору арқылы, тамақтан кейін қабылданады. Препаратты қабылдағаннан кейін бірден 1-2 сағат ішінде тамақ және сусын ішуге болмайды.

Ересектер мен жасы 12-ден асқан балаларға арналған дозалау: күніне 1 таблеткадан 3-4 рет.

6-дан 12 жасқа дейінгі балаларға арналған дозалау: күніне 1 таблеткадан 1-2 рет.

Емдеу курсы 5-6 күн.

Препаратты қабылдағанда 7 күн бойы емдік әсері болмаса дәрігерге қаралу ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

Жекелеген жағдайларда препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар, тілдің сезімталдығын уақытша жоғалту байқалуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат құрамына кіретін компоненттерге жоғары сезімталдық

  • 6 жасқа дейінгі балалар

  • жүктілік (I триместрі) және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Граммидин® нео анестетик қосылған жергілікті және жүйелі әсер ететін басқа да микробтарға қарсы дәрілердің әсерін күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

Соруға арналған таблеткалар.

Поливинилхлоридті үлбірден немесе поливинилхлоридті/поливинилиденхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 9 таблеткадан.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөнінде орыс және мемлекеттік тілдердегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

 

/

«Валента Фармацевтика» ашық акционерлік қоғамы Ресей Федерациясы

 

141101, Щелково қ., Мәскеу обл., Фабричная к., 2

Тіркеу куәлігінің иесі

«Валента Фармацевтика» ашық акционерлік қоғамы Ресей Федерациясы

141101, Щелково қ., Мәскеу обл., Фабричная к., 2

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Валента Азия» ЖШС

Қазақстан Республикасы, 050009, Алматы қ., Абай даңғ., Радостовец к. бұрышы, 151/115, «Алатау» бизнес-орталығы, № 1102 кеңсе

Телефон/факс 8 (727) 334-15-51

Электрондық поштасы: asia@valentapharm.com

 

3

 

Прикрепленные файлы

994736121477976233_ru.doc 61 кб
480797511477977504_kz.doc 54.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники