Граммидин ® детский
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Граммидин® балаларға арналған
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Соруға арналған таблеткалар 1,5 мг + 1 мг
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: грамицидин С дигидрохлориді – 1,60 мг (грамицидин С шаққанда – 1,50 мг), цетилпиридиний хлориді моногидраты – 1,05 мг (цетилпиридиний хлоридіне шаққанда – 1,00 мг),
қосымша заттар: коллоидты кремнийдің қостотығы, тальк, лимон қышқылы моногидраты, аспартам, таңқурай хош иістендіргіші, сорбитол, магний стеараты
Сипаттамасы
Дөңгелек, екі беті дөңес, бір жағында «GR» өрнегі және таңқурай иісі бар, түсі ақ немесе ақ дерлік таблеткалар. Аздап мәрмәрлануына жол беріледі.
Фармакотерапиялық тобы
Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер.
АТХ коды R02АА20
Фармакологиялық қасиеттері
Тамақ және ауыз қуысының инфекциялық-қабыну ауруларын симптоматикалық емдеуге арналған біріктірілген препарат. Препарат құрамына микробқа қарсы грамицидин С дәрісі және антисептикалық дәрі - цетилпиридиний хлориді кіреді.
Грамицидин С әсер ету механизмі микроб жасушасының цитоплазмалық жарғақшасы өткізгіштігін жоғарылатуымен байланысты, оның тұрақтылығын бұзып, жасушаның жойылуын тудырады.
Грамицидин С кең ауқымда грамоң және грамтеріс микроорганизмдерге қатысты бактерияларға қарсы (бактерицидті) әсер етеді.
Цетилпиридиний хлориді антисептикалық дәріге жатады. Ауыз қуысы инфекциялық аурулары қоздырғыштарының өсуі мен көбеюін басады.
Препарат қабынуды азайтады, микробқа қарсы әсер етеді, тамақтағы жағымсыз сезінуді жұмсартып, жұтынуды жеңілдетеді, сорғанда ауыз қуысы мен жұтқыншақты микроорганизмдерден механикалық тазалауға ықпал ететін гиперсаливацияны туындатады.
Қолданылуы
Тамақтың және ауыз қуысының ауыруымен қатар жүретін ауыз қуысы мен тамақтың инфекциялық-қабыну ауруларын симптоматикалық емдеуде:
-
фарингит
-
тонзиллит
-
пародонтит
-
гингивит
-
стоматит
Қолдану тәсілі және дозалары
Жергілікті. Шайнамай, ауызда сору арқылы, тамақтан кейін қолданылады. Препаратты қолданғаннан кейін бірден 1-2 сағат ішінде тамақ және сусын ішуге болмайды.
4-тен 12 жасқа дейінгі балаларға арналған доза: 1 таблеткадан күніне 4 рет.
Ең жоғары тәуліктік доза – 4 таблетка.
12 жастан асқан балалар мен ересектерге арналған доза: 2 таблеткадан (бірінің соңынан бірін 20-30 минут ішінде) күніне 4 рет.
Ең жоғары тәуліктік доза – 8 таблетка.
Препаратты қабылдағанда 7 күн бойы емдік әсері болмаса, дәрігерге қаралу керек.
Жағымсыз әсерлері
Препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар, асқазан-ішек бұзылыстары (жүрек айну, диарея) болуы мүмкін.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препарат компоненттерге жоғары сезімталдық
-
фенилкетонурия (препарат құрамында аспартам бар)
-
4 жасқа дейінгі балалар
-
лактация кезеңі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Қазіргі кезде басқа дәрілік заттармен клиникалық мәнді өзара әрекеттесу жағдайлары сипатталмаған.
Айрықша нұсқаулар
Граммидин® балаларға арналған препаратын ауыз қуысында ашық жаралар болғанда қабылдамаған жөн, өйткені цетилпиридиний хлориді жараның жазылуын баяулатады.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүкті әйелдер препаратты қолданар алдында дәрігермен кеңесуі қажет. Егер анасы үшін ықтимал пайдасы ұрыққа төнетін ықтимал қауіптен асып түсетін болғанда, препараттың қолданылуы мүмкін.
Емдеу кезінде бала емізуді тоқтатқан жөн.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.
Препарат айрықша зейін қою мен жылдам реакцияны (автомобиль және басқа да көлік құралдарын басқару, қозғалатын механизмдермен жұмыс істеу, диспетчер және оператордың жұмысы және т.б.) талап ететін қызметтің қауіптілігі зор түрлерін атқаруға әсер етпейді.
Артық дозалануы
Симптомдары: препаратты ұсынылғаннан асып түсетін дозада қабылдау бактериялық флораның өзгеруі салдарынан асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылуларды туындатуы мүмкін: жүрек айну, құсу, диарея.
Емі: препарат қабылдауды тоқтату және дәрігерге қаралу керек
Шығарылу түрі және қаптамасы
Соруға арналған таблеткалар 1,5мг+1 мг.
9 таблеткадан поливинилхлорид немесе поливинилхлорид/поливинилиденхлорид үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі орыс және мемлекеттік тілдегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Валента Фармацевтика» ашық акционерлік қоғамы, Ресей Федерациясы
141101, Щелково қ-сы, Мәскеу обл., Фабричная к-сі, 2
Тіркеу куәлігінің иесі
«Валента Фармацевтика» ашық акционерлік қоғамы, Ресей Федерациясы
141101, Щелково қ-сы, Мәскеу обл., Фабричная к-сі, 2
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Валента Азия» ЖШС
Қазақстан Республикасы, 050009, Алматы қ., Абай д-лы, Радостовец к-сінің бұр, 151/115, «Алатау» бизнес орталығы, № 1102 кеңсе
Телефон/факс 8 (727) 334-15-51
Электрондық поштасы: asia@valentapharm.com