Глюкоза (раствор для инфузий 5%; 200, 400 мл; Фармацевтическая компания Ромат)

МНН: Декстроза
Производитель: Фармацевтическая компания Ромат , завод медицинских препаратов ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Dextrose
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011940
Информация о регистрации в РК: 07.12.2012 - 07.12.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Глюкоза

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инфузияға арналған 5% ерітінді, 200, 400 мл

Құрамы

1 л препараттың құрамында

белсенді зат – 50 г глюкоза, сусызға шаққанда,

қосымша зат – инъекцияға арналған су 1л дейін.

Сипаттамасы

Түссіз немесе сәл сарғыштау мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Плазма алмастырғыш және перфузиялық ерітінділер. Ирригациялық ерітінділер. Басқа да ирригациялық ерітінділер.

АТХ коды B05CX01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Глюкозаның 5% ерітіндісі изотониялық болып табылады. Тұздардың, соның ішінде органикалық тұздар молекулаларымен салыстырғанда декстроза молекулаларының үлкен өлшемдеріне қарамастан, ол тамырлы арнадан тез шығып кетеді. Глюкоза үшін қылтамырлардың өткізгіштігі 0.6 (альбуминдер үшін - 0.0001-ден кем, су үшін – 1) құрайды. Сондықтан декстроза жасушааралық кеңістіктен жасуша ішіне тез еніп кетеді де, бұған инсулиннің қосымша шығарылуы жағдай жасайды, және сонда көміртегі қостотығы мен суға дейін метаболизденеді. Декстрозаның қандағы концентрациясы артық болғанда препараттың бір бөлігі бүйрекпен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Регидратация және дезинтоксикацияға арналған дәрі. Глюкоза организмде тотығу-тотықсыздану үдерістерін күшейтеді, бауырдың уыттануға қарсы қызметін жақсартады, жеңіл қорытылатын көмірсу көзі болып табылатындықтан организмдегі энергетикалық шығындардың бір бөлігін жауып отырады.

Қолданылуы

  • көмірсулы тамақтанудың жеткіліксіздігі

  • жұқпалы аурулар

  • бауыр аурулары

  • қалпына келмейтін жүрек қызметі

  • гипогликемия

  • өкпенің ісінуі

  • геморрагиялық диатез

  • шок

  • коллапс

  • көктамыр ішіне енгізуге арналған дәрілік препараттар ерітінділерін даярлау

Қолдану әдістері және дозасы

Изотониялық (5%) ерітіндіні көктамыр ішіне минутына 7 мл ең жоғары жылдамдықпен тамшылатып енгізеді (1 минутта 150 тамшы немесе 400 мл/сағ).

Ересектер үшін ең жоғары тәуліктік доза – 2 л. Сондай-ақ тері астына және клизмаларда қолданады (300-500 мл).

Глюкозаның дозасы организмнің жеке қажеттіліктеріне байланысты болады. Зат алмасуы қалыпты ересек адамдарға енгізілетін глюкозаның тәуліктік дозасы тәулігіне 4-6 г/кг аспауы тиіс, яғни тәулігіне 250-450 г жуық, бұл ретте енгізілетін сұйықтық көлемі тәулігіне 30-40 мл/кг құрайды. Зат алмасу қарқындылығы төмендеген кезде тәуліктік дозаны 200-300 г дейін азайтады.

Препаратты ұзақ енгізуді қан сарысуындағы глюкозаның концентрациясын бақылай отырып, жүргізу керек.

Глюкозаның барынша жылдам және толық қорытылуы үшін инсулинді бір уақытта енгізеді (тері астына 4-5 ӘБ).

Электролиттік теңгерімді бақылап отыру қажет!

Жағымсыз әсерлері

  • гипергликемия, гиперволемия

  • қызба

  • сол жақ қарыншалық жедел жеткіліксіздік

  • енгізілген жерде жұқпаның дамуы, тромбофлебит

- ұйқы безі инсулярлық аппаратының нашарлауы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық- гипергликемия, қант диабеті- гиперлактацидемия- гипергидратация- глюкозаның сіңіріліп шығарылуының операциядан кейінгі бұзылулары- ми және өкпе ісінуінің пайда болу қаупін төндіретін циркуляциялық бұзылулар- ми ісінуі, өкпе ісінуі- сол жақ қарыншалық жедел жеткіліксіздік - гиперосмолярлық кома

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Глюкоза натрийдің асқазан-ішек жолынан сіңуін жеңілдетеді. Препаратты аскорбин қышқылымен бірге тағайындауға болады. Инсулинді 4-5 г-ға 1 ӘБ есебімен бір уақытта енгізу глюкозаның барынша толық сіңуіне жағдай жасайды.

Глюкоза жеткілікті түрде күшті тотықтырғыш болып табылатындықтан, оны гексаметилентетраминмен бірге бір шприцте енгізуге болмайды.

Глюкозаны мүмкіндігінше алкалоид ерітінділерімен (олар ыдырай бастайды), жалпы анестетиктермен және ұйықтатқыштармен (олардың белсенділігін төмендетеді) араластырмаған дұрыс.

Глюкоза сондай-ақ ауыруды сездірмейтін, адреномиметиялық заттардың әсерін әлсіретеді; стрептомицинді әсерсіздендіреді, нистатиннің тиімділігін төмендетеді.

Айрықша нұсқаулар

Қандағы қант деңгейін бақылап отыру қажет.

Глюкозаны көп мөлшерде енгізу электролиттерді көп жоғалтқан науқастар үшін қауіпті болуы мүмкін. Гипергликемия сауығу үдерісіне жағымсыз әсер ететіндіктен, глюкоза ерітінділерін өткерген қатты ишемиялық ұстамалардан кейін тағайындамаған жөн.

Педиатрияда қолданылуы

Глюкоза көрсетілімдер бойынша қолданылуы мүмкін

Жүктілік және лактация

Глюкоза көрсетілім бойынша қолданылуы мүмкін

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Резеңке тығынмен тығындалып, алюминий қалпақшамен қаусырылған қанға, трансфузиялық және инфузиялық препараттарға арналған шыны бөтелкелерге 200, 400 мл-ден.

Бөтелкелерді медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі тиісті нұсқаулықтар санымен бірге гофрланған картон төсемдері бар гофрланған картон қорапқа қаптайды.

Сақтау шарттары

5 °С-ден 30 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Бөтелке бүтіндігі сақталған кезде препаратты мұздатып қатыру оны қолдануға қарсы көрсетілім болып табылмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Ромат» фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты, Қазақстан, Семей қ., Краснознаменная к-сі 13, тел (7222) 340867, факс (7222) 347559, e-mail: zmp@romat.kz

Тіркеу куәлігінің иесі

«Ромат» фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Ромат» фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты, Қазақстан, Семей қ., Краснознаменная к-сі 13, тел (7222) 340867, факс (7222) 347559, e-mail: zmp@romat.kz

.

Прикрепленные файлы

178527521477976933_ru.doc 49.5 кб
204300141477978087_kz.doc 53 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники