Глюкоза (400 мг/мл, 10 мл, Дальхимфарм ОАО)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Глюкоза
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Вена ішіне енгізуге арналған ерітінді
Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында:
белсенді зат – глюкоза сусызға шаққанда - 400 мг
қосымша заттар: натрий хлориді – 0.26 мг, инъекцияға арналған су – 1 мл дейін, 0.1М хлорсутек қышқылы - рН 3.0 – 4.0 дейін.
Сипаттамасы
Мөлдір түссіз немесе ақшыл сары сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Плазманың орнын алмастыратын және перфузиялық ерітінділер. Ирригациялық басқа да ерітінділер. Декстроза.
ATХ коды B05CX01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Организмге толық сіңеді, бүйрек арқылы шығарылмайды (несепте пайда болуы патологиялық белгі болып табылады)
Фармакодинамикасы
Глюкоза организмде зат алмасудың әртүрлі үдерісіне қатысады, организмде тотығу-тотықсыздану үдерістерін күшейтеді, бауырдың уыттануға қарсы функциясын жақсартады.
Глюкоза ерітінділерін енгізу ішінара су тапшылығының орнын толтырады. Глюкоза тіндерге түсе отырып, фосфорланып, глюкоза-6-фосфатқа айналады, ол организмде зат алмасудың көптеген тізбектеріне белсенді түрде қамтылады.
Изотониялық 5% глюкоза ерітіндісі уытсыздандырғыш, метаболикалық әсер береді, жеңіл қорытылатын қоректік заттардың көзі болып табылады. Тіндерде глюкоза метаболизденген кезде организмнің тіршілігі үшін қажетті қуаттың едәуір мөлшері бөлініп шығады.
Гипертониялық ерітінділер (10 %, 20 %, 40 %) қанның осмостық қысымын арттырады, зат алмасуды жақсартады; миокардтың жиырылғыштығын арттырады; бауырдың уыттануға қарсы функциясын жақсартады, қантамырларын кеңейтеді, диурезді ұлғайтады. 10 % глюкозаның теориялық осмолярлығы– 555 мОсм/л, 20 % – 1110 мОсм/л.
Қолданылуы
Гипогликемияда, тамақта көмірсу жеткіліксіздігінде, бауыр ауруларында уытты инфекцияларда, уыттануда (гепатит, дистрофия және бауыр атрофиясы, соның ішінде бауыр жеткіліксіздігі), геморрагиялық диатезде;- дегидратацияда (құсу, диарея, операциядан кейінгі кезең), коллапста, шокта.
Вена ішіне енгізуге арналған дәрілік заттардың ерітінділерін дайындау үшін.
Қолдану тәсілі және дозалары
Вена ішіне
Вена ішіне сорғалатып – 10-50 мл 5 % және 10 % ерітінділер енгізу.
Зат алмасу қалыпты болатын ересектерде енгізілетін глюкозаның тәуліктік дозасы 4-6 г/кг аспауы тиіс, яғни тәулігіне 250-450 г жуық (зат алмасу қарқындылығы төмендегенде тәуліктік дозаны 200-300 г дейін азайтады), бұл ретте енгізілетін сұйықтықтың тәуліктік көлемі – 30-40 мл/кг
Парентеральді түрде тамақтандыру үшін балаларға, майлармен және амин қышқылдарымен қатар, алғашқы күні тәулігіне 6 г/кг, одан кейін - тәулігіне 15 г/кг дейін глюкоза енгізеді. Глюкозаның 5% және 10% ерітінділерін енгізген кезде глюкоза дозасын есептеу үшін енгізілетін сұйықтық шекті көлеміне көңіл бөлу керек: дене салмағы 2-10 кг балалар үшін – тәулігіне 100-165 мл/кг, дене салмағы 10-40 кг балалар үшін - тәулігіне 45-100 мл/кг.
Енгізу жылдамдығы: зат алмасудың қалыпты жағдайында енгізудің ең жоғары жылдамдығы ересектерде – сағатына 0,25-0,5 г/кг (зат алмасу қарқындылығы төмендеген кезде енгізу жылдамдығын сағатына 0,125-0,25 г/кг дейін төмендетеді). Балаларда енгізу жылдамдығы тәулігіне 0,5 г/кг аспауы тиіс; ол 5% ерітінді үшін минутына 10 мл жуықты – минутына 200 тамшыны құрайды (20 тамшы = 1 мл).
Үлкен дозада енгізілетін глюкозаның барынша толық сіңуі үшін 4-5 г глюкозаға 1 ӘБ есебінен онымен бір мезгілде инсулин тағайындайды. Диабеті бар науқастарға глюкозаны оның қандағы және несептегі мөлшеріне бақылау жасай отырып, енгізеді.
Жағымсыз әсерлері
- гипергликемия, иондық теңгерімнің бұзылуы
- қызба
- гиперволемия, сол жақ қарынша жедел жеткіліксіздігі
- енгізу жылдамдығын арттырған кезде – суды, электролиттерді жоғалтатын және гиперосмостық кома пайда болатын осмостық диурез
- енгізілген жерде – нфекцияның пайда болуы, тромбофлебит
- ұйқы безінің инсулярлы аппаратының әлсіреуі
Қолдануға бомлайтын жағдайлар
- аса жоғары сезімталдық
- гипергликемия
- қант диабеті
- гиперлактацидемия
- гипергидратация
- глюкозаны қайта өңдеудің операциядан кейінгі бұзылулары
- ми мен өкпе ісіну қаупін төндіретін айналымдық бұзылулар
- мидың ісінуі, өкпенің ісінуі
- сол жақ қарынша жедел жеткіліксіздігі
- гиперосмолярлы кома
- ауыр дегидратация, алкогольдік делирийді қоса
- глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы.
Сақтықпен
Жүректің декомпенсацияланған созылмалы жеткіліксіздігі, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі (олигоанурия), гипонатриемия.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Глюкоза ерітінділерін алкалоидтармен (олар ыдырайды), жалпы анестетиктермен араластырмаған жөн (белсенділігі төмендейді). Глюкоза жансыздандыратын, адреномиметикалық дәрілердің әсерін бәсеңдетеді.
Басқа дәрілік заттармен біріктірген кезде үйлесімділігін көзбен бақылап көру қажет (көзге көрінбейтін химиялық немесе емдік үйлесімсіздік болуы мүмкін).
Глюкоза аминофилинмен, еритін барбитураттармен, гидрокортизонмен, канамицинмен, еритін сульфаниламидтермен, цианокобаламинмен ерітінділерде үйлеспейді.
Глюкоза барынша күшті тотықтырғыш болып табылатындықтан, оны бір шприцте гексаметилентетраминмен бірге енгізбеген жөн. Гемотрансфузия алдында немесе одан кейін жалған агглютинация пайда болуы мүмкін екендігіне байланысты, бір жүйеде бір мезгілде қолдануға болмайды.
Тиазидтік диуретиктермен және фуросемидпен бір мезгілде қолданған кезде олардың қан сарысуындағы глюкоза деңгейіне ықпал ету қабілетін ескерген жөн. Тиазидтік диуретиктер және фуросемидтің әсерімен глюкозаға төзімділік төмендейді.
Инсулин глюкозаның шеткергі тіндерге түсуіне мүмкіндік береді.
Глюкоза ерітінділері пиразинамидтің бауырға уытты әсерін төмендетеді. Глюкоза ерітіндісінің үлкен көлемін енгізу гипокалиемияның пайда болуына мүмкіндік береді, ол бір мезгілде қабылданған оймақгүл препараттарының уыттылығын арттырады.
Глюкоза ерітіндісі келесі біріктірулермен үйлеспейді:
- бевацизумаб
- бенфотиамин + пиридоксин
- кладрибин – кладрибиннің дегидратациясын күшейтеді
- пиридоксин + тиамин + цианокобаламин + [лидокаин]
- тиокт қышқылы
Темір (III) ерітіндісі – декстран гидроксидін 5% декстроза ерітіндісімен араластыруға болады.
Линезолид инфузияға арналған ерітінді түрінде 5% декстроза ерітіндісімен үйлеседі.
Айрықша нұсқаулар
Глюкозаның барынша толық және өте тез сіңуі үшін 4-5 г глюкозаға 1 ӘБ есебінен 4-5 ӘБ инсулинді тері астына енгізуге болады.
Басқа дәрілік заттармен біріктірілімде үйлесімдігін көзбен көріп бақылау қажет (көрінбейтін химиялық немесе емдік үйлесімсіздік болуы мүмкін).
Глюкоза ерітіндісін енгізген кезде электролиттік теңгерімге, қандағы және несептегі глюкоза мөлшеріне бақылау жасау қажет.
Ерітіндіні көп рет енгізген кезде бауырдың функционалдық жағдайының бұзылуы және ұйқы безінің инсулярлы аппаратының әлсіреуі мүмкін.
Гипокалиемия кезінде глюкоза ерітіндісін енгізуді калий тапшылығын түзетумен бір мезгілде үйлестіру қажет (гипокалиемияның күшею қаупіне байланысты).
Балалар
Препаратты балаларға тек дәрігердің тағайындауымен және бақылауымен қолдану керек.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препарат жүктілік және лактация кезеңінде ана үшін пайдасы шарана үшін қаупінен басым болған жағдайда ғана қолданылуы мүмкін (талапқа сай және қатаң бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ). Нормогликемиясы бар жүкті әйелдерге препаратты қолдану шарананың гипергликемиясын, метаболизмдік ацидозды туындатуы мүмкін. Соңғысын әсіресе шараналық дистресс немесе гипоксия басқа перинатальді факторлармен байланысты болғанда ескерген маңызды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Зерттелмеген.
Артық дозалануы
Симптомдары: гипергликемия, глюкозурия, гипергликемиялық гиперосмолярлық кома, асқын гидратация, су-электролиттік теңгерімнің бұзылуы, липонеогенездің күшейіп, көмір қышқыл газдың ұлғаюы, бұл минуттық тыныс алу көлемінің күрт артуы және мұның салдары ретінде тыныс алудың жиілеуі; бауырдың майлы инфильтрациясы.
Емі: глюкозаны енгізуді тоқтату, инсулин енгізу, симптоматикалық ем.
Шығарылу түрі және қаптамасыВена ішіне енгізуге арналған 400 мг/мл ерітінді.
10 мл-ден бейтарап шыны ампулада.
10 ампуладан қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен және ампула ашуға арналған пышақпен немесе ампулалық скарификатормен бірге картон қорапқа салынады.
Сындыру сақинасы және нүктесі бар ампулалар пайдаланғанда ампулалық скарификатор немесе ампула ашуға арналған пышақ салынбайды.
Сақтау шарттары
5°С-ден 30°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Ампулалар герметикалығы сақталған жағдайда препаратты мұздатып қатыру оны қолдануға қарсы көрсетілім болып табылмайды.
Сақтау мерзімі
5 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
"ДАЛЬХИМФАРМ" ААҚ, 680001, Ресей Федерациясы, Хабаровск өлкесі, Хабаровск қ., Ташкент к-сі, 22, тел/факс (4212) 53-91-86.
Тіркеу куәлігінің иесі
"ДАЛЬХИМФАРМ" ААҚ, 680001, Ресей Федерациясы, Хабаровск өлкесі, Хабаровск қ., Ташкентская к-сі, 22, тел/факс (4212) 53-91-86.
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан препарат сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«МедЛайн Фармацевтика» ЖШС
Қазақстан Республикасы, 050054, Алматы қ., Сүйінбай д-лы, 162 А,
тел. 8 (727) 225 00 37
Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері:
«МедЛайн Фармацевтика» ЖШС
Қазақстан Республикасы, 050054, Алматы қ., Сүйінбай д-лы, 162 А,
тел. 8 (727) 225 00 37.