Глорион (3 мг)

МНН: Глимепирид
Производитель: Хикма Фармасьютикалс
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Glimepiride
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№016691
Информация о регистрации в РК: 28.03.2017 - 28.03.2022
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 37.15 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Глорион

Халықаралық патенттелмеген атауы

Глимепирид

Дәрілік түрі

1 мг, 2 мг, 3 мг, 4 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат– 1 мг, 2 мг, 3 мг, 4 мг глимепирид,

қосымша заттар

1 мг таблетка:

лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, натрий крахмал гликоляты, натрий лаурилсульфаты, магний стеараты, темірдің (III) қызыл тотығы,

2 мг таблетка:

лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, натрий крахмал гликоляты, натрий лаурилсульфаты, магний стеараты, темірдің (III) сары тотығы, FD&C көгілдір №2,

3 мг таблетка:

лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, натрий крахмал гликоляты, натрий лаурилсульфаты, магний стеараты, темірдің (III) сары тотығы,

4 мг таблетка:

лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, натрий крахмал гликоляты, натрий лаурилсульфаты, магний стеараты, FD&C көгілдір №2.

Сипаттамасы

Ұзынша, екі жағы дөңес, бір жақ бетінде сызығы мен «H 85» ойылып жазылған қызғылт түсті таблеткалар (1 мг доза үшін).

Ұзынша, екі жағы дөңес, бір жақ бетінде сызығы мен «H 85» ойылып жазылған жасыл түсті таблеткалар (2 мг доза үшін).

Ұзынша, екі жағы дөңес, бір жақ бетінде сызығы мен «H 85» ойылып жазылған сары түсті таблеткалар (3 мг доза үшін).

Ұзынша, екі жағы дөңес, бір жақ бетінде сызығы мен «H 85» ойылып жазылған көгілдір түсті таблеткалар (4 мг доза үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Қант диабетін емдеуге арналған дәрілер. Қантты төмендететін ішу арқылы қабылданатын препараттар. Сульфонилмочевина туындылары. Глимепирид.

АТХ коды A10BB12

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препаратты тәулігіне 4 мг дозада ішке бірнеше рет қабылдаған кезде қан сарысуында ең жоғары концентрацияға (Cmax) шамамен 2,5 сағаттан соң жетеді (орта есеппен алғанда 0,3 мкг/мл). Доза мен Cmax арасында, сондай-ақ доза мен AUC («концентрация-уақыт» қисығы астындағы аудан) арасында желілік байланыс бар. Глимепирид ішке қабылданғаннан кейін абсолютті биожетімділікке ие болады. Ас қабылдау сіңуіне елеулі әсерін тигізбейді, бірақ жылдамдығы біршама төмендейді. Глимепирид үшін, альбуминнің таралу көлеміне шамамен тең, өте төмен таралу көлемі (8,8 л жуық), плазма ақуыздарымен байланысуының жоғары дәрежесі (99% астам) және төмен клиренс (минутына 48 мл жуық) тән. Глимепирид плацентарлық бөгет арқылы енеді және гематоэнцефалдық бөгет арқылы нашар өтеді. Глимепирид CYP2C9 цитохромы жүйесі ферментінің қатысуымен тотығу биотрансформациясы арқылы толық метаболизденеді. Глимепиридтің бауырдағы метаболизмі нәтижесінде түзілу ықтималдығы бар және несепте де, нәжісте де табылатын екі метаболит глимепиридтің циклогексил-гидроксил метилденген туындысы және карбоксилденген туындысы болып табылады.

Ішке бірнеше рет қабылдағаннан кейінгі орташа жартылай шығарылу кезеңі 5-8 сағатты құрайды. Препаратты жоғары дозаларда ішке қабылдағаннан кейін биологиялық жартылай ыдырауының өте жоғары көрсеткіштері білінді. Радионуклидпен таңбаланған глимепиридті ішке бір рет қабылдағаннан кейін радиобелсенді белгінің 58%-ы несептен, ал

35%-ы нәжістен табылды. Өзгермеген белсенді зат несептен табылмайды. Глимепиридтің гидроксилденген және карбоксилденген метаболиттерінің жартылай шығарылу кезеңі, тиісінше 3-6 және 5-6 сағатты құрайды. Жинақталу белгілері байқалған жоқ. Фармакокинетикалық параметрлері әртүрлі жыныстағы пациенттерде және әртүрлі жас топтарында ұқсас. Бүйрек функциясы бұзылған (креатинин клиренсі төмен) пациенттерде глимепирид клиренсінің артуына және оның қан сарысуындағы орташа концентрациясының төмендеуіне беталыс байқалды, бұлар ақуызбен байланысуының төмендеуінен тезірек шығарылуы салдарынан болуы мүмкін. Екі метаболиттің де несеппен бірге шығарылуы бұзылады. Мұндай пациенттерде препараттың жинақталуына қосымша қауіп жоқ.

Фармакодинамикасы

Глорион – қандағы глюкоза деңгейін төмендететін, ішу арқылы қолдануға арналған сульфонилмочевина туындысы. Инсулиннің ұйқы безінің β-жасушаларынан шығарылуын және секрециясын көтермелейді. Сульфонилмочевинаның басқа туындылары сияқты, бұл әсер ұйқы безінің β-жасушаларының глюкозамен физиологиялық көтермеленуіне сезімталдығының жоғарылауына негізделген. Сульфонилмочевина туындылары инсулин секрециясын ұйқы безі β-жасушаларының цитоплазмалық жарғақшасында орналасқан АТФ-ке тәуелді калий өзекшелерін жабу арқылы реттейді. Калий өзекшелерінің жабылуы β-жасушаларының деполяризациясын тудырады, ол кальций өзекшелерінің ашылуына және кальцийдің жасуша ішіне түсуінің артуына мүмкіндік береді. Бұл инсулиннің экзоцитоз арқылы босап шығуына әкеп соқтырады. Глимепирид АТФ-ке тәуелді калий өзекшелерімен астасқан β-жасушаларының жарғақшалық ақуыздарымен байланысады; байланысуы алмасу жылдамдығының жоғарылығымен сипатталады, бірақ сульфонилмочевинаның дәстүрлі туындыларымен байланысуының әдеттегі жерінен ерекшеленеді.

Бұдан басқа, препарат экстрапанкреатиндік әсер көрсетеді, оған шеткері тіндердің инсулинге сезімталдығының жоғарылауы және инсулиннің бауыр арқылы сіңуінің төмендеуі жатады. Глюкозаның қаннан шеткергі тіндерге (бұлшықет және май) тасымалдануы жасушалық жарғақшаларда орналасқан арнайы тасымалдаушы ақуыздармен жүзеге асырылады. Глюкозаның бұл тіндерге тасымалдануы глюкозаның утилизациясы кезеңінің жылдамдығы бойынша шектеулі болып табылады. Глимепирид тасымалдаушы ақуыздардың мөлшерін және белсенділігін арттырады, ол глюкозаның шеткері тіндермен сіңуінің артуына әкеледі. Глимепирид гликозил-фосфатидилинозитол-спецификалық С фосфолипаза белсенділігін арттырады, оқшауланған май және бұлшықет жасушаларында препараттан болған липогенез бен гликогенезді онымен түзете алады. Глимепирид бауырда глюкозаның өндірілуін фруктоза-2,6-бисфосфаттың жасушаішілік концентрациясын арттыру арқылы тежейді, ол өз кезегінде глюконеогенезді басады.

Глорионды қабылдағаннан кейін дене жүктемесін күрт арттырған кезде инсулин секрециясы төмендеуінің физиологиялық реакциясы сақталады. Препараттың тамақтанудан 30 минут бұрын немесе тура тамақтанар алдында қабылдаған кездегі әсері шамамен бірдей. Қант диабетіне шалдыққан науқастарда метаболизмдік үдерістерді 24 сағат бойы жақсы басқаруға тәулігіне бір дозаны қабылдау арқылы қол жеткізуге болады.

Қолданылуы

- 2 типті қант диабетінде, диетотерапия және дене жүктемесі тиімсіз болған жағдайда, дәрілік затсыз дене салмағын төмендету қандағы глюкоза деңгейін жеткілікті шамада төмендетуге қол жеткізуге мүмкіндік бермеген кезде

Қолдану тәсілі және дозалары

Дозаны жекелей қандағы және несептегі глюкоза деңгейін жүйелі бақылау нәтижелерінің негізінде анықтайды.

Таблетканы тұтастай, сұйықтықтың мол мөлшерімен ішіп қабылдаған жөн. Тәуліктік дозаны, әдеттегідей, таңертеңгілік тойып тамақтануға дейін немесе тамақтану кезінде немесе (мұндай таңертеңгілік тамақ болмағанда) күндізгі алғашқы негізгі ас қабылдар алдында немесе осындай ас қабылдау кезінде бір рет қабылдауға тағайындайды. Препарат қабылдауды өткізіп алуды келесі өте жоғары дозаны қабылдау арқылы түзетуге болмайды.

Бастапқы тәуліктік доза – 1 мг. Егер осы дозада глюкозаны қалаған деңгейге төмендетуге қол жеткізілсе, оны демеуші ем үшін қолданған жөн.

Қажет болған кезде тәуліктік доза, қандағы глюкоза деңгейін бақылай отырып, 1-2 апта аралықпен тәулігіне 2 мг, 3 мг немесе 4 мг Глорионға дейін біртіндеп арттырылуы мүмкін. Глорионды тәулігіне 4 мг астам дозада қабылдау емдеу нәтижесін ерекше жағдайларда ғана жақсартады.

Ең жоғары тәуліктік доза – тәулігіне 6 мг.

Глорионды метформинмен біріктіріп қолдану

Метформин қабылдап жүрген пациенттердің қанында глюкоза концентрациясының тұрақтануы жеткіліксіздігінде Глорионмен емдеуді қатар жүргізуді бастауға болады. Метформин дозасын бұрынғы деңгейінде сақтаған кезде Глорионмен емдеу ең аз дозадан басталады, ал содан кейін дозаны гликемиялық бақылаудың қалаған деңгейінен бастап, ең жоғары тәуліктік дозаға дейін біртіндеп арттырады. Біріктірілген емдеуді тиянақты дәрігерлік бақылаумен бастаған жөн.

Глорионды инсулинмен біріктіріп қолдану

Қандағы глюкоза концентрациясына Глорионның ең жоғары дозасын қабылдау арқылы қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда, ол инсулинмен біріктірілуі мүмкін. Глорион дозасын бұрынғы деңгейде сақтаған кезде инсулинмен емдеуді ең аз дозадан бастап, кейін қандағы глюкоза концентрациясын бақылай отырып, инсулин дозасын мүмкіндігінше біртіндеп арттырады. Біріктіріп емдеу міндетті түрде дәрігерлік бақылауды қажет етеді.

Емдеу курсының барысында, инсулинге сезімталдықтың жоғарылауына байланысты, глюкоза деңгейін бақылаудың жақсаруына қарай, Глорионға қажеттілік төмендеуі мүмкін. Гипогликемияның дамуын болдырмау үшін препарат дозасын дер кезінде төмендеткен немесе оны тоқтатқан жөн. Дозаны түзетуді дене салмағы өзгерген кезде де немесе пациенттің өмір сүру салты өзгерген кезде де, сондай-ақ гипо- немесе гипергликемияның дамуына мүмкіндік беретін басқа факторлар пайда болған кезде де жүргізген жөн.

Басқа ішу арқылы қабылданатын гипогликемиялық дәрілерден Глорионды қабылдауға көшу

Глорионға көшкен кезде пайдаланылатын дозаға және бұдан бұрынғы гипогликемиялық дәрі әсерінің ұзақтығына назар аудару қажет. Кейбір жағдайларда, әсіресе жартылай шығарылу кезеңі ұзақ гипогликемиялық препараттарды (мысалы, хлорпропамид) қабылдаған кезде, әсерлерінің қосылуы салдарынан гипогликемиялық реакциялардың даму қаупін болдырмау үшін емдеуді уақытша (бірнеше күн бойы) тоқтата тұру қажеттілігі туындауы ықтимал. Глорионның ұсынылатын бастапқы дозасы – тәулігіне бір рет 1 мг. Глорионға реакциясын ескере отырып, дозаны жоғарыда көрсетілгендей, біртіндеп арттыруға болады.

Инсулиннен Глорионға көшу

2 типті қант диабетіне шалдыққан, инсулин қабылдап жүрген пациенттер ерекше жағдайларда Глорионға көшірілуі мүмкін. Мұндай көшіруді тиянақты дәрігерлік бақылау арқылы орындаған жөн.

Бүйрек немесе бауыр функциясы бұзылған пациенттерге қолданылуы

«Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз.

Жағымсыз әсерлері

Сирек (>1/10 000, <1/1000)

- гипогликемиялық реакциялар: бас ауыруы, ашығу сезімі, жүрек айнуы, құсу, қажу, ұйқышылдық, ұйқының бұзылуы, мазасыздық, озбырлық, зейінді қоюдың бұзылуы, ояу жүру деңгейінің немесе реакция уақытының өзгеруі, депрессия, сананың шатасуы, сөйлеудің және көрудің бұзылуы, афазия, тремор, парез, сенсорлық бұзылулар, бас айналу, лажсыздық, өзін-өзі бақылай алмау, делирий, церебральді бұзылулар, ұйқышылдық және кома күйіне дейін болатын есінен тану, беткейлік тыныс алу, брадикардия

- адренергиялық компенсаторлы реттелу белгілері: тершеңдік, тердің жабысқақтығы, мазасыздық, тахикардия, гипертензия, жүректің қағуы, стенокардия және жүрек ырғағының бұзылуы

- қанның жасушалық құрамының өзгеруі (тромбоцитопения, лейкопения, эритроцитопения, гранулоцитопения, агранулоцитоз, гемолитикалық анемия, панцитопения); әдетте препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін жоғалады

Өте сирек (<1/10 000, оның ішінде жекелеген мәлімдемелер)

- жүрек айнуы, құсу, эпигастрийдегі жайсыздық сезімі, іштің ауыруы, диарея

- бауыр жеткіліксіздігі дамығанға дейінгі бауыр функциясының бұзылуы (холестаз, сарғаю), гепатит

- қан сарысуында натрий концентрациясының төмендеуі

- аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары (тыныс алудың нашарлауы, артериялық қысымның төмендеуі, шок), аллергиялық васкулит

- сульфонилмочевина, сульфаниламидтер препараттарына немесе оларға ұқсас заттарға айқаспалы аллергиялық реакциялар

- фотосенсибилизация

Болуы мүмкін

- көрудің транзиторлы бұзылулары, әсіресе қандағы глюкоза деңгейінің өзгеруінен емнің бас кезінде

- бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы

- терінің аса жоғары сезімталдық реакциялары, мысалы, қышыну, тері бөртпесі және есекжем.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- глимепиридке немесе препараттың басқа компоненттеріне, сондай-ақ сульфонилмочевинаның басқа туындыларына немесе сульфаниламидтерге аса жоғары сезімталдық

- 1 типті қант диабеті

- диабеттік кетоацидоз, диабеттік прекома, кома

- бүйрек немесе бауыр функциясының ауыр бұзылулары (пациентті инсулинге көшіру ұсынылады)

- галактозаға төзімділіктің тұқым қуалаған бұзылулары, тұқым қуалаған лактоза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Глорионды басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қабылдаған кезде Глорионның гипогликемиялық әсері жағымсыз күшеюі немесе әлсіреуі мүмкін. Сондықтан басқа препараттарды тек дәрігердің бақылауымен ғана қабылдаған жөн.

Глорионды бір мезгілде мына препараттармен қолданғанда, кейде гипогликемияның дамуымен, гипогликемиялық әсердің күшеюі мүмкін:

- фенилбутазон, азапропазон және оксифенбутазон; сульфинпиразон; инсулин және диабетке қарсы пероральді дәрілер; әсері ұзаққа созылатын кейбір сульфаниламидтер; метформин; тетрациклиндер; салицилаттар және парааминосалицил қышқылы; МАО тежегіштері; анаболикалық стероидтар және еркектің жыныс гормондары; хинолонды антибиотиктер; хлорамфеникол; пробенецид; антикоагулянттар – кумарин туындылары; миконазол; фенфлурамин; пентоксифиллин (жоғары дозаларда парентеральді енгізу); фибраттар; тритоквалин; АӨФ тежегіштері; флуоксетин; аллопуринол; симпатолитиктер; цикло-, тро- және изофосфамид.

Қандағы глюкоза деңгейін арттыратын гипогликемиялық әсердің әлсіреуі Глорионды келесі препараттармен бір мезгілде қабылдаған кезде болуы мүмкін:

- эстрогендер және прогестагендер; салуретиктер, тиазидтік диуретиктер; қалқанша без функциясын көтермелейтін препараттар, глюкокортикоидтар; фенотиазин туындылары, хлорпромазин; адреналин және симпатомиметиктер; никотин қышқылы (жоғары дозалары) және оның туындылары; іш жүргізетін дәрілер (ұзақ қолданған кезде); фенитоин, диазоксид; глюкагон, барбитураттар және рифампицин; ацетазоламид.

Бір мезгілде қолданған кезде H2-гистаминоблокаторлар, бета-адреноблокаторлар, клонидин және резерпин Глорионның гипогликемиялық әсерін күшейтуі немесе әлсіретуі мүмкін.

Глорионмен бір мезгілде қабылдаған кезде симпатолитикалық препараттар, мысалы, бета-адреноблокаторлар, клонидин, гуанетидин және резерпин, гипогликемияға адренергиялық компенсаторлы реакциялардың белгілерін бәсеңдетуі немесе жоюы мүмкін.

Этанол Глорионның гипогликемиялық әсерін күшейтуі немесе бәсеңдетуі мүмкін.

Глорионды қабылдау аясында кумарин туындылары әсерінің күшейгені немесе бәсеңдегені байқалуы мүмкін.

Глорион P4502C9 (CYP2C9) цитохромы жүйесінің ферментімен метаболизденеді. Глорионмен бірге осы ферменттің индукторын (рифампицин) немесе тежегішін (флуконазол) бір мезгілде қабылдаған кезде глимепиридтің метаболизмі өзгеруі мүмкін.

Іn vivo нәтижелері глимепирид AUC-ы CYP2C9 тежегіштерінің бірі – флуконазолдың қатысуымен шамамен екі еселенетінін көрсетті.

Айрықша нұсқаулар

Гипогликемияның дамуына мүмкіндік беретін факторларға мыналар жатады:

дәрі ішуді қаламау немесе дәрігердің тағайындағанын (егде жастағы пациенттерде) орындау мүмкіндігінің жеткіліксіздігі; тамақтанудың жүйесіз, толыққанды емес болуы; дағдыланған диетаның өзгеруі; дене жүктемесі деңгейінің пайдаланылған көмірсулар мөлшеріне сәйкес келмеуі; дене жүктемесінің әдеттегідей режимінің өзгеруі; алкоголь қабылдау, әсіресе ас қабылдауды өткізіп алумен қатарластыра; бүйрек, бауыр функциясының айқын бұзылуы; Глорион препаратының артық дозалануы; эндокринді жүйенің көмірсу алмасуына немесе гипогликемия компенсациясы механизміне ықпалын тигізетін қатарласқан компенсацияланбаған аурулар (оның ішінде қалқанша без функциясының бұзылуы, гипофиздің алдыңғы бөлігі немесе бүйрекүсті безінің қабығы функциясының бұзылуы); басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қабылдау.

Глимепирид пен метформинді біріктіріп қолданған кездегі метаболизмдік үдерістердің, метформиннің ең жоғары тәуліктік дозасы жеткілікті әсер бермеген жағдайларда метформин монотерапиясымен салыстырғанда, жақсарғаны байқалады.

Глорионды инсулинмен біріктіріп қолдану жөнінде деректер шектеулі. Инсулинді Глорионды қабылдап жүрген пациенттерге, егер оның ең жоғары тәуліктік дозасы қандағы глюкоза деңгейін бақылауға мүмкіндік бермесе, тағайындауға болады. Зерттеудің екеуінде мұндай біріктірілім инсулиннің өзін бөлек қолданған кездегідей, метаболизмдік бақылаудың жақсаруына қол жеткізуге мүмкіндік берді; алайда мұндайда инсулиннің аз орташа дозасы қажет етіледі.

Асты жүйесіз қабылдаған кезде немесе ас қабылдауды өткізіп алғанда Глорион препаратын қабылдау гипогликемияны тудыруы мүмкін.

Егер пациентте тәулігіне Глорионның 1 мг қабылдағанда гипогликемиялық реакция басталса, бұл осы пациенттегі глюкозаның қандағы деңгейін тек диетамен ретке келтіруге болатындығын көрсетеді.

Адекватты диета, жүйелі дене жаттығулары және қажет болған кезде дене салмағын төмендетудің, глимепиридті жүйелі қабылдау сияқты, қандағы глюкоза деңгейін тиімді бақылауға қол жеткізу үшін үлкен маңызы бар.

Глорион препаратымен емдеу кезінде мыналарды жүйелі бақылап отыру қажет:

- қандағы және несептегі глюкоза деңгейін, бұдан басқа, қанда гликозилденген гемоглобин деңгейін анықтау.

- бауыр функциясы және шеткері қан көрінісі (лейкоциттер мен тромбоциттер санын).

Стресс жағдайларында (жарақаттар, хирургиялық араласым, қызба қатар жүретін инфекциялық аурулар және басқалар) пациентті инсулинге уақытша көшіру қажеттілігі пайда болуы мүмкін.

Глорионды бауыр функциясынің бұзылуы ауыр немесе гемодиализдегі пациенттерге қолдану тәжірибесі жоқ. Мұндай пациенттерді инсулинге көшіруге болады.

Педиатрияда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдердегі қолданудың тиімділігі және қауіпсіздігі анықталмаған.

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емделу кезінде көлікті басқаруды және жоғары зейін қою мен психомоторлы реакциялар шапшаңдығын қажет ететін қауіпті қызмет түрлерімен айналысудан бас тарта тұрған жөн. Пациенттің зейін қоюы және реакциялары гипогликемия немесе гипергликемия нәтижесінде, мысалы, көрудің бұзылуына байланысты нашарлауы мүмкін. Бұл гипогликемияның алғашқы белгілерін аз білетін немесе білмейтін немесе гипогликемияны жиі бастан кешетін пациенттер үшін аса маңызды.

Артық дозалануы

Гипогликемияның мүмкін болатын симптомдары: бас ауыру, ашығу сезімі, жүректің айнуы, құсу, эпигастрий тұсының ауыруы, қажу, ұйқышылдық, ұйқының бұзылуы, мазасыздық, озбырлық, зейінді қоюдың бұзылуы, ояу жүру деңгейінің немесе реакция уақытының өзгеруі, депрессия, сананың шатасуы, сөйлеудің және көрудің нашарлауы, афазия, тремор, парез, сенсорлы бұзылулар, бас айналу, лажсыздық, өзін-өзі бақылай алмау, делирий, церебральді құрысулар, ұйқышылдық және кома күйіне дейін болатын есінен тану, беткейлік тыныс алу, брадикардия.

Гипогликемияның ауыр ұстамасының клиникалық көрінісі инсультке ұқсайды.

Гипогликемия 12-ден 72 сағатқа дейін жалғасуы және науқастың жағдайы алғаш жақсарғаннан кейін қайталануы мүмкін. Симптомдар препаратты ішке қабылдағаннан кейін 24 сағаттан соң да байқалуы мүмкін. Жалпы жағдайда стационарлық бақылау ұсынылады.

Емі: препараттың сіңуіне жол бермеу, гипогликемияны жою. Препараттың үлкен мөлшерін ішке қабылдағаннан кейін асқазанды шаю, белсендірілген көмір және натрий сульфатын тағайындау қажет. Гипогликемия көмірсуды (қант) ішке дереу қабылдау арқылы тез басылуы мүмкін. Жасанды тәттілеуіштер тиімсіз. Қанттың әдеттегі мөлшерімен уақытша ғана жойылатын ауыр немесе ұзақ гипогликемия шұғыл емдеуді қажет етеді. Ауыр жағдайларда пациентті ауруханаға жатқызу қажет. Мүмкіндігіне қарай, тезірек глюкоза енгізген жөн. Мүмкіндігінше, вена ішіне 50 мл 50%-дық ерітіндісін, содан кейін 10%-дық ерітіндісін, қандағы глюкоза деңгейін мұқият бақылай отырып, баяу сорғалатып енгізу керек. Әрі қарай симптоматикалық ем жүргізіледі. Жаңа туған нәрестелерде және сәбилерде Глорион препаратын байқамай қабылдап қоюдан болатын гипогликемияны емдеген кезде, қауіпті гипергликемияның пайда болуына жол бермеу үшін, енгізілетін глюкозаны мұқият дозалаған жөн. Мұндайда қандағы глюкоза деңгейін ұдайы бақылап отыру қажет.

Шығарылу түрі және қаптамасы

1 мг, 2 мг, 3 мг, 4 мг таблеткалар; 10 таблеткадан пішінді ұяшықты қаптамада; 3 пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қаптамада.

Сақтау шарттары

Балалардан қорғау керек!

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Хикма Фармасьютикалс,

а/ж 182400, Баядер Вади Эль-Сир

Амман, Иордания

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың қауіпсіздігіне тіркеуден кейінгі бақылауға жауапты ұйымның мекенжайы

Алматы қ., “Керемет” ТК, 28 үй, 1 кеңсе

Тел/факс: 271-81-50

 

 

 

Прикрепленные файлы

Глорион_рус.doc 0.09 кб
Глорион_каз.doc 0.11 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту