Глицерин (суппозитории ректальные, 2.11 г) (Glycerol)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Глицерин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Глицерол
Дәрілік түрі
1,24 г немесе 2,11 г ректальді суппозиторийлер
Құрамы
1 суппозиторийдің құрамында
белсенді зат - глицерин мөлшерінің 100 %-на шаққанда глицерин (глицерол) - 1,24 г немесе 2,11 г (бұл тығыздығы 1,2481 г/см3 1,32 г немесе 2,25 г 94 % глицеринге сәйкес келеді),
қосымша заттар: макрогол 400 (полиэтиленоксид 400), стеарин қышқылы, натрий карбонат декагидраты (10-сулы натрий көмір қышқылы).
Сипаттамасы
Торпеда тәрізді пішінді, мөлдір немесе жартылай мөлдір, түссіз дерлік немесе сарғыш-қоңыр реңді түстес, жағылатын беткейімен, гигроскопиялы суппозиторийлер. Суппозиторийдің бұлыңғырлануына, жоғарғы қабатының елеусіз босаңсуына және пішінді қаптамасының сулануына жол беріледі. Ауа өзегінің болуына жол беріледі
Фармакотерапиялық тобы
Іш жүргізетіндер. Басқа да іш жүргізетіндер. Глицерол
АТХ коды А06АХ01
Фармакологиялық қасиеттері
Іш жүргізетін дәрі, қатып қалған нәжісті жұмсартады және майлайды, жуан ішек арқылы оның өтуін жеңілдетеді, ішектің моторикасын рефлекторлы стимуляциялай отырып, ішектің шырышты қабығына тітіркендіргіш әсер береді.
Қолданылуы
-
іш қатуында (оның ішінде жүктілік және лактация кезеңінде)
-
дефекация кезінде күшене алмайтын пациенттерде іш қату профилактикасында (ауырсынумен тромбталған геморройда, артқы өтіс сызаты немесе перианальді абсцессте, аноректальді стенозда, миокард инфарктін өткергеннен кейін)
Қолдану тәсілі мен дозалары
Ректальді, тағамды қабылдағаннан кейін 15-20 минуттан соң.
2,11 г суппозиторийлер: ересектер мен 7 жастан асқан балаларға – тәулігіне 1 рет 1 суппозиторийден.
1,24 г суппозиторийлер: өмірінің бірінші күнінен бастап қолдануға рұқсат етіледі. 3 жасқа дейінгі балаларға – ½ суппозиторийден, 3-тен 7 жасқа дейінгі балаларға – тәулігіне 1 рет 1 суппозиторийден.
Қажет болған кезде дозаны тәулігіне 2 суппозиторийге дейін арттырады.
Дәрігердің қатаң тағайындауынсыз препаратты 1 аптадан астам қолдану ұсынылмайды.
Жағымсыз әсерлері
-
аллергиялық реакциялар
-
жергілікті реакциялар (қышыну және теріні шымылдатып күйдіріп ашыту)
-
дефекацияның физиологиялық үдерісінің әлсіреуі (ұзақ қолданған кезде)
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
-
геморрой (асқыну сатысы), проктит, парапроктит, тік ішек ісігі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Деректер жоқ
Айрықша нұсқаулар
Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде абайлап қолдану керек.
Жүйелі қолдану ұсынылмайды. Ішектің қалыпты перистальтикасы орнына келгеннен кейін емдеуді тоқтату керек.
Суппозиторийді сұйық немесе қатты минералды майлармен жағуға болмайды.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Артық дозалану симптомдары сұйық нәжістің жиіленуі болып табылады.
Артық дозаланған жағдайда препаратты тоқтату керек.
Шығарылу түрі мен қаптамасы
5 суппозиторийден алюминий/полиэтилен екі қабатты үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
2 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші/Қаптаушы
«Нижфарм» АҚ, Ресей Федерациясы
603950, Нижний Новгород қ.,
Салганская к-сі, 7
тел.: (831) 278-80-88,
факс: (831) 430-72-28,
e-mail: med@stada.ru
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
«Нижфарм» АҚ, Ресей Федерациясы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы:
«Нижфарм» АҚ Өкілдігі
050043, Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Хан-Тәңірі ы/а, 55б
тел.: (727) 2222-100
факс: (727) 398-64-95
e-mail: almaty@stada.kz