Глицерин
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Глицерин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Глицерол
Дәрілік түрі
Сұйықтық 25 г, 50 г
Құрамы
1 кг препараттың құрамында
белсенді зат - глицерин 1 кг,
қосымша зат - тығыздығы 1.223-1.233 глицерин алынғанға дейінгі жеткілікті мөлшердегі тазартылған су
Сипаттамасы
Шәрбат тәрізді, ұстағанда майлылығы білінетін, түссіз немесе түссіз дерлік, мөлдір сұйықтық. Өте гигроскопиялы келеді.
Фармакотерапиялық тобы
Басқа да дерматопротекторлар.
АТХ коды D02AX
Фармакологиялық қасиеттері
Глицерин теріге жұмсартатын әсер береді.
Қолданылуы
- тері мен шырышты қабықтардың құрғақтығында (сыртқа қолдану үшін)
- жақпамай және линименттер үшін негіз ретінде
Қолдану тәсілі және дозалары
Тері құрғап, жарылған кезде аппликация түрінде сыртқа қолданылады.
Жағымсыз әсерлері
- тітіркену (ұзақ қолданған кезде)
- аллергиялық реакциялар - қышыну, гиперемия
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препаратқа жоғары сезімталдық
- теріде зақымданудың болуы (ашық жарақаттар)
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Жүктілік және лактация кезеңі, балалар
Препаратты қолдануға болады.
Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозалануы
Шығарылу түрі және қаптамасы
25 г, 50 г препараттан пластмасса қақпағы немесе алюминий қалпақшасы бар полимер тығынмен тығындалған, мойны бұралатын шынымассадан жасалған құтыда.
Құтылар медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтардың тиісті санымен жылу ұстайтын үлбірмен тартып оралып картон тұғырға немесе гофрланған картоннан жасалған жәшікке салынады.
Сақтау шарттары
18 ˚С-ден 25 ˚С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Ромат» фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты, Семей қ., Қазақстан, тел (7222) 340867, факс (7222) 347559, e-mail: zmp@romat.kz
Тіркеу куәлігінің иесі
«Ромат» фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты, Семей қ., Қазақстан
Қаптаушы
«Ромат» фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты, Семей қ., Қазақстан
ҚР аумағында өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Ромат» фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты, Семей қ., Қазақстан, тел (7222) 340867, факс (7222) 347559, e-mail: zmp@romat.kz
Дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы
«Ромат» фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты, Семей қ., Қазақстан, тел (7222) 340867, факс (7222) 347559, e-mail: zmp@romat.kz