Глицерин

МНН: Глицерол
Производитель: Султан ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты со смягчающим и протекторным действием
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№023682
Информация о регистрации в РК: 04.06.2018 - 04.06.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Глицерин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Глицерол

Дәрілік түрі

Сұйықтық 25,0 г

Құрамы

1 л препараттың құрамында

белсенді зат: глицерин 1.0 кг,

қосымша зат – тығыздығы 1.223-1.233 г /см3 болатын глицерин алуға дейінгі тазартылған су

Сипаттамасы

Қою, мөлдір, түссіз, шәрбат тәрізді, дәмі тәтті, бейтарап реакциялы, иіссіз, өте гигроскопиялық сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да дерматопротекторлар

АТХ коды D02AX

Фармакологиялық қасиеттері

Глицерин 30 % сулы ерітінді түрінде және оларды линименттер мен жақпамайларға арналған құрамында минералы немесе суда және глицеринде еритін органикалық заттары бар негіз ретінде қолданған кезде де теріге жұмсартатын әсер береді.

Қолданылуы

- тері және шырышты қабықтың құрғауында (сыртқа қолдануға арналған)

- жақпамай және линименттерге арналған негіз ретінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Құрғақ жарылған теріге аппликация түрінде сыртқа қолданылады.

Жағымсыз әсерлері

- тітіркену (ұзақ қолданған кезде)

- аллергиялық реакциялар - қышыну, гиперемия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препаратқа аса жоғары сезімталдық

  • тері зақымдануларының (ашық жаралар) болуы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация кезеңі

Көрсетілімдер бойынша қолдануға болады

Балаларға

Препаратты 6 жастан бастап қолдануға болады

Препараттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

25 г бұрандалы қақпағы бар пластик құтыда. Құтылар қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 ˚С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Султан» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талғар ауданы, Еркін ауылы, Б.Момышұлы көшесі, 5

Тіркеу куәлігінің иесі

«Сұлтан» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы:

«Сұлтан» ЖШС, Қазақстан

Алматы обл., Талғар ауданы

Еркін ауылы, Б.Момышұлы к-сі, 5

Тел./факс 7 727 305-48-65/80

Электрондық пошта: toosultan@list.ru

Прикрепленные файлы

Глицерин_рус.docx 0.02 кб
Глицерин_каз.doc 0.05 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту