ГЛИЦ (суппозитории ректальные, 1405 мг)

МНН: Глицерол
Производитель: Antibiotice S.A.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Glycerol
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020051
Информация о регистрации в РК: 26.04.2018 - 26.04.2023

Инструкция

Саудалық атауы

ГЛИЦ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Глицерол

Дәрілік түрі

1405 мг және 2100 мг ректальді суппозиторийлер

Құрамы

Бір суппозиторийдің құрамында

белсенді зат - 1405 мг немесе 2100 мг глицерин,

қосымша заттар: натрий стеараты, тазартылған су

Сипаттамасы

Торпедо пішінді, беті майлы, тегіс, кескен жерінде сыртқы түрі біркелкі, өзіне тән әлсіз иісі бар, түссіз немесе жартылай мөлдір суппозиторийлер.

Фармакотерапиялық тобы

Іш жүргізетін дәрілер. Іш жүргізетін басқа да дәлілер. Глицерол

АТХ коды A06AX01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Шырышты қабық арқылы жақсы сіңеді

Фармакодинамикасы

Глицеролды ректальді суппозиторийлер түрінде қолдану нәжіс заттарының шығарылуын жеңілдетеді. Тік ішекке енгізген кезде глицеринді суппозиторийлер шырышты қабыққа жеңіл тітіркендіргіш әсер береді және дефекация үдерісін рефлекторлы жолмен шақырады. Әсері енгізгеннен кейін 15-30 минуттан соң басталады.

Суппозиторийдің құрамына кіретін глицерин гигроскопиялы, суды өзіне тартады, нәжіс заттарының жұмсаруына, тік ішектегі зат көлемінің ұлғаюына, оның қабырғасының созылуына, тік ішек рецепторларының механикалық тітіркенуіне, оның қозғалу қабілетінің жоғарылауына және дефекация актісінің белсенділенуіне мүмкіндік береді.

Глицеринді суппозиторийлер тік ішек шырышының секрециясын стимуляциялайды, нәжіс заттарының бүркелуіне мүмкіндік береді, олардың өтуін жеңілдетеді және ішектің босауын шапшаңдатады.

Қолданылуы

- этиологиясы әртүрлі іш қатуларды симптоматикалық емдеуге

- хирургиялық араласымнан кейін немесе ректоскопия жүргізер алдында дефекацияны жеңілдетуге

Қолдану тәсілі және дозалары

Тік ішекке тәулігіне 1 рет 1 суппозиторийден, дұрысы тамақтанып болғаннан кейін, қолданады.

Тік ішекті эндоскопиялық зерттеуге дайындағанда:

- зерттеу жүргізуден 5-30 минут бұрын бір суппозиторий.

Балаларға 2 жастан бастап 18 жасқа дейін 1405 мг ректальді суппозиторий ГЛИЦ тағайындалады.

Ересектерге 2100 мг ректальді суппозиторий ГЛИЦ тағайындалады.

Суппозиторийді тік ішекке енгізеді және онда, егер ішек босамаса, кем дегенде 5 минут ұстайды. Суппозиторий қалдықтары организмнен нәжіс заттарымен бірге шығарылады.

Іш қатуларды емдеу 10 күннен аспауы тиіс.

Жағымсыз әсерлері

Өте сирек (<1/10 000)

- аллергиялық реакциялар

- енгізген жердің ауыруы, тітіркенуі және тік ішекте жағымсыздықты сезіну; ұзақ қолданғанда катаральді проктит

- жүректің айнуы, құсу, асқазан-ішектік қан кету

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- глицеринге немесе препараттың кез келген қосымша компонентіне жоғары сезімталдық

- бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі

- тітіркенген ішек синдромы, ішек бітелісі, аппендицит, қан кету, диарея, өршу сатысындағы геморрой, артқы өтістің жарығы, қабыну аурулары, тік ішектің ісіктері, іштің анықталмаған ауыруы, геморрагиялық ректоколит

- 18 жасқа дейінгі балаларға 2100 мг ректальді суппозиторийді қолдануға болмайды.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Зерттелген жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Бүйрек қызметі бұзылғанда, аллергияларда, жүрек айнығанда, құсқанда абайлап қолдану керек. Нәжісте қан, ішекте тітіркену және ауыру пайда болған жағдайда пероральді түрде пайдалануға арналған препаратты қолданған жөн.

Суппозиторийді қолданар алдында және қолданғаннан кейін қолды мұқият жуған жөн.

Ішке енуін жеңілдету үшін суппозиторийді салқын суға малып алуға болады. Ұзақ қолдану «ішектің тітіркену синдромына» әкеп соғуы мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезеңінде 2100 мг ректальді суппозиторий ГЛИЦті ана үшін күтілетін пайдасы ұрық үшін қаупінен басым болған кезде ғана қолдануға болады.

Глицериннің емшек сүтіне бөлініп шығатын-шықпайтыны белгісіз, сондықтан бұл дәрілік зат, дәрігердің пікірі бойынша, ана үшін күтілетін пайдасы нәресте үшін қаупінен басым болған жағдайда қолданылады.

Көлік құралдарын және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшелктері

ГЛИЦ көлік құралдарын және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпалын тигізбейді.

Артық дозалануы

ГЛИЦті қолданғанда артық дозалану жөнінде мәлімделген жоқ.

Симптомы: диарея.

Емі: препаратты тоқтатқан жөн.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Полиэтиленді жабыны бар алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамаға 6 суппозиторийден салынады.

Пішінді ұяшықсыз 1 немесе 2 қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада, түпнұсқалық қаптамасында сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Antibiotice S.A., Румыния

707410, Яссы қ., Вали Лупулуй к-сі, 1, Румыния, ЕС.

Тел: +40 232 209 000, +40 372 065 000

Тіркеу куәлігінің иесі

A-MARK S.A., Швейцария

En reutet B, 1868 Collombey, Switzerland

Тұтынушылардан өнім сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Селтфар СА» өкілдігі. Алматы қ-сы, Әл-Фараби д-лы 5, Нұрлы Тау 1А, 301 кеңсе. Тел\факс +7 (727) 311 16 28.

Прикрепленные файлы

612025211477976811_ru.doc 52.5 кб
589289721477977966_kz.doc 54.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники