Глисэн 2

МНН: Глимепирид
Производитель: MSN Laboratories Limited
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Glimepiride
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021636
Информация о регистрации в РК: 15.09.2015 - 15.09.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Г лисэн 2

Халықаралық патенттелмеген атауы

Глимепирид

Дәрілік түрі

2 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 2 мг глимепирид

қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза (рН 102), натрий крахмалгликоляты (А типі), повидон К-30, полисорбат 80, магний стеараты.

Сипаттамасы

Ақ түсті, тегіс беткейлі, екі беті дөңес, дөңгелек пішінді таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Қант диабетін емдеуге арналған дәрілер. Ішу арқылы қабылдауға арналған қант төмендететін препараттар. Сульфонилмочевина туындылары. Глимепирид

АТХ коды А10ВВ12

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Глимепирид ішу арқылы қабылданғаннан кейін толық биожетімділігімен сипатталады. Ас ішу препараттың сіңуіне ықпалын тигізбейді, тек сіңу жылдамдығының аздап төмендеуімен қатарласа жүреді. Қан сарысуында ең жоғары концентрацияға (Cmax) препаратты ішу арқылы қабылдағаннан кейін шамамен 2,5 сағаттан соң жетіп (тәулігіне 4 мг дозада көп рет қабылдағанда орта есеппен 0,3 мкг/мл құрайды), доза мен Cmax және AUC (концентрацияның уақытқа тәуелділігінің қисығы астындағы аудан) мәндері арасының дозаға байланысты екендігін көрсетеді.

Таралуы

Глимепиридтің таралу көлемі өте төмен (шамамен 8,8 литр), шамамен альбуминнің таралуының тиісті кеңістігімен; ақуыздармен байланысу дәрежесінің жоғарылығымен (> 99%) және клиренсінің төмендігімен (шамамен 48 мл/мин) сәйкес келеді. Клиникаға дейінгі зерттеулерде глимепиридтің ана сүтіне бөлініп шығатындығы байқалады. Глимепирид плацента арқылы өтуге қабілетті. Гематоэнцефалдық бөгет арқылы өту дәрежесі – төмен.

Биотрансформациясы және шығарылуы

Көп рет қолдану жағдайында сарысулық концентрациялар үшін маңызды болып табылатын, сарысудан жартылай шығарылуының орташа доминантты кезеңі шамамен 5-8 сағатты құрайды. Препаратты жоғары дозаларда қабылдағаннан кейін жартылай шығарылу кезеңінің біршама ұзақ болатындығы білінді. Радиоактивті изотоппен таңбаланған глимепиридті бір рет қабылдағаннан кейін несепте 58% және нәжістерде 35% радиоактивтілігі байқалды. Несептен өзгермеген зат табылған жоқ. Несеп пен нәжісте бауыр метаболизмінің өнімдері болуы мүмкін екі метаболит (CYP2C9 негізгі ферменті): гидрокситуынды және карбокситуынды анықталды. Глимепиридті ішу арқылы қабылдағаннан кейін осы метаболиттердің жартылай шығарылуының терминальді кезеңдері, тиісінше, 3-6 және 5-6 сағатты құрады.

Тәулігіне бір реттік режиммен бір рет және көп рет қабылдау нәтижелерін салыстырғанда, фармакокинетика параметрлерінен мәндерінің әр адамда жекелей өзгеруінің өте төмендігімен сипатталатын елеулі айырмашылықтар білінген жоқ. Глимепиридтің едәуір жиналып қалуы байқалған жоқ.

Ерекше популяциялар

Әйелдерде және еркектерде, сондай-ақ жас және егде жастағы (65 жастан асқан) емделушілерде фармакокинетика параметрлерінің мәндері ұқсас болды. Креатинин клиренсі төмен емделушілерде глимепирид клиренсінің жоғарылауға және орташа сарысулық концентрацияларының төмендеуге тенденциясы білінді, бұлардың барлығы мүмкіндігінше ақуыздармен байланысу дәрежесінің аса төмендігіне байланысты өте тез шығарылуымен жүзеге асады. Бұдан басқа, негізгі екі метаболиттің бүйрек арқылы шығарылуының нашарлағаны байқалды. Жалпы алғанда, бұл емделушілерде препараттың жинақталуының қосымша қаупі күтілмейді.

Диабетпен ауырмайтын емделушінің бесеуінде өт жолдарына хирургиялық операция жасалғаннан кейін фармакокинетикалық параметрлерінің мәндері дені сау адамдарда байқалған мәндермен ұқсас болды.

Педиатриялық популяция

Қант диабетінің 2 типі бар педиатриялық 30 емделушіде (10-12 жастағы 4 бала және 12-17 жастағы 26 бала) 1 мг дозада қабылданған глимепиридтің фармакокинетикасына, қауіпсіздігіне және жағымдылығына баға беру үшін жүргізілген зерттеулер орташа AUC(0-last.), Cmax және t1/2 мәндерінің бұрын ересектерде байқалғандарға ұқсас болатындығын көрсетті.

Фармакодинамикасы

Глимепирид сульфонилмочевина туындылары тобына жататын гипогликемиялық дәрілерді ішу арқылы қолданғанда белсенді болып табылады. Оны инсулинге тәуелді емес қант диабетінде қолдануға болады.

Глимепиридтің әсері, негізінен, инсулин секрециясының ұйқы безінің бета-жасушаларымен көтермеленуінде болып табылады.

Басқа сульфонилмочевина туындылары жағдайындағыдай, бұл әсер ұйқы безінің бета-жасушаларының глюкозаның физиологиялық деңгейінің тітіркенуіне жауабының ұлғаюына негізделген. Бұдан басқа, глимепиридтің сульфонилмочевинаның басқа туындыларына да тән айқын экстрапанкреатиттік әсері болуы мүмкін.

Инсулин секрециясы

Сульфонилмочевина туындылары бета-жасушалық жарғақшалардың АТФ-сезімтал калий өзекшелерінің жабылуы арқылы инсулиннің секрециясын реттейді. Калий өзекшелерінің жабылуы бета-жасушалардың деполяризациясын тудырады және кальций өзекшелерінің ашылуы арқылы кальцийдің жасушаларға түсуін арттырады. Бұл инсулиннің экзоцитоз арқылы босап шығуына әкеледі.

Глимепирид бета-жасушалардың жасушалық жарғақшасы ақуызымен орнын басатын жоғары жылдамдықпен байланысады, ол АТФ-сезімтал калий өзекшелерімен астасады, бірақ сульфонилмочевинаның әдеттегі байланысу орнымен ерекшеленеді.

Экстрапанкреатиттік белсенділігі

Экстрапанкреатиттік әсерлері, мысалы, шеткергі тіндердің инсулинге сезімталдығының жақсаруы және бауырдың инсулинді қажетсіну дәрежесінің төмендеуі болып табылады.

Қаннан түскен глюкозаның шеткергі бұлшықет және май тіндері арқылы сіңуі жасуша жарғақшаларында орналасқан ерекше тасымалдаушы ақуыз есебінен жүреді. Осы тіндерде глюкозаның тасымалдануы глюкозаның тіндермен пайдалану жылдамдығын шектейтін сатысы болып табылады. Глимепирид бұлшықет пен май жасушаларының жасушалық жарғақшаларында глюкозаны тасымалдаушы-белсенді молекулалардың санын өте тез арттырады, бұл глюкозаның көтермеленіп сіңуіне әкеледі.

Глимепирид арнайы С гликозил-фосфатидилинозитол-фосфолипазаның белсенділігін күшейтеді, бұл жекелеген май және бұлшықет жасушаларында дәрілік заттан туындаған липогенезбен және гликогенезбен өзара байланысты болуы мүмкін. Глимепирид бауырда глюкозаның өндірілуін фруктозо-2,6-бисфосфаттың жасушаішілік концентрациясын арттыру есебінен басады, ол, өз кезегінде, глюконеогенез үдерісін тежейді.

Жалпы қасиеттері

Дені сау адамдарда ішу арқылы қабылданатын тиімді ең төмен доза шамамен 0,6 мг құрайды. Глимепирид дозаға байланысты және жаңғыртылатын әсерімен сипатталады. Глимепиридті қолдану аясында күшті дене жүктемесіне, инсулин секрециясының төмендеуіне физиологиялық жауап сақталады.

Дәрілік препаратты тамақтанудан 30 минут бұрын немесе тамақтану алдында қабылдағанда әсер ету сипатында елеулі айырмашылықтар байқалған жоқ. Қант диабеті бар емделушілерде препаратты тәулігіне бір рет қолданғанда 24 сағат ішінде жеткілікті метаболизмдік бақылауға қол жетуі мүмкін.

Глимепирид гидроксиметаболиті, сау адамдарда сарысудағы глюкоза деңгейін аздап, бірақ сенімді төмендетсе де, дәрілік препараттың жалпы әсерінің аздаған бөлігіне ғана жауап береді.

Метформинмен үйлесімдегі біріктірілген ем

Ең жоғары дозалардағы метформинді бақылау жеткіліксіз болған емделушілерге жүргізілген зерттеулерде глимепиридті қатарластыра қолданғанда, метформинмен монотерапиямен салыстырғанда, метаболизмдік бақылаудың жақсарғаны көрінді.

Инсулинмен біріктіріп емдеу

Осы кезеңде инсулинмен үйлесімдегі біріктірілген ем жөнінде барынша шектеулі деректер бар. Глимепиридтің ең жоғары дозасында ауруды бақылау жеткіліксіз болатын емделушілерге қатарластыра жүргізілетін инсулинмен ем тағайындалуы мүмкін. Екі зерттеуде де біріктірілген ем инсулинмен монотерапия аясында байқалғандағы сияқты, метаболизмдік бақылаудың жақсаруымен қатарласа жүрді; алайда мұндай кезде біріктірілген ем инсулиннің өте төмен орташа дозасын пайдалануды қажет етті.

Ерекше популяциялар

Педиатриялық популяция

Қант диабетінің 2 типі бар 285 баланы (8-17 жастағы) белсенді түрде бақылай отырып, (тәулігіне 8 мг-ге дейінгі дозадағы глимепирид немесе тәулігіне 2000 мг-ға дейінгі дозадағы метформин) 24 апталық зерттеу жүргізілді.

Глимепиридті және метформинді қабылдау бастапқы деңгеймен (глимепирид – 0,95 (СО 0,41); метформин -1,39 (СО 0,40)) салыстырғанда HbA1 едәуір төмендеуімен қатарласа жүрді. Алайда HbA1c өзгеруінің орташа мәні, глимепиридті қабылдау тобының бастапқы деңгейімен салыстырғанда, метформиннен қалыспайтын талапқа сай критерийлерге жетпеді. Емдеу топтарының арасындағы мәндердің айырмашылығы метформиннің 0,44%-ды құрайтын пайдасына шешілді. Мәндер айырмашылығындағы сенімді аралықтың жоғары (1,05) 95% шегі тиімділігі аз емес шектен 0,3% жоғары болды.

Глимепиридпен емдеу аясында балаларда, қант диабетінің 2 типі бар ересек емделушілермен салыстырғанда, жаңа жағымсыз реакциялардың белгі беруі байқалған жоқ. Препаратты педиатриялық науқастарға ұзақ қолданудың тиімділігі және қауіпсіздігі жөнінде деректер жоқ.

Қолданылуы

- ІІ типті қант диабетінде

Қолдану тәсілі және дозалары

П репаратты ересектерге қолданады. Дозалау қан мен несептегі глюкоза мөлшерін талдау нәтижелеріне байланысты. Әдетте Глисэн 2 тәулігіне 1 рет қолданады. Препаратты толыққанды таңғы асқа дейін немесе таңғы ас кезінде не болмаса, егер таңғы ас ішілмесе, алғашқы негізгі тамақтануға дейін немесе тамақтану кезінде қабылдау ұсынылады. Таблеткаларды шайнамай, сұйықтықпен іше отырып жұту керек. Егер гликемиялық бақылау оңтайлы болып табылмаса, дозаны тәулігіне сатылап 2, 3 немесе 4 мг глимепиридке дейін арттыру қажет (1-2 апта аралықпен). Егер науқаста препаратты тәулігіне 1 мг дозада қабылдауға гипогликемиялық реакция байқалса, онда бұл ауруды емдәм ұстану арқылы ғана бақылауға болатынын білдіреді. Тәулігіне 4 мг-ден жоғары доза тек жекелеген жағдайларда ғана жақсы нәтиже береді. Ең жоғарғы ұсынылатын доза -тәулігіне 6 мг Глисэн 2 .

Метформинмен біріктіру

Егер метформиннің ең жоғарғы тәуліктік дозасы жеткілікті түрде гликемиялық бақылауды қамтамасыз етпесе, глимепиридпен қатар жүретін емді бастауға болады.

Метформиннің алдыңғы дозасын ұстана отырып препаратты қабылдауды төменгі дозадан бастау керек, оны содан кейін метаболизмдік бақылаудың қажетті деңгейін нысанаға ала отырып, ең жоғарғы тәуліктік дозаға дейін біртіндеп арттыруға болады. Біріктірілген емді дәрігердің жіті бақылауымен жүргізу керек.

Инсулинмен біріктіру

Е гер Глисэн 2 -нің ең жоғарғы тәуліктік дозасы жеткілікті түрде гликемиялық бақылауды қамтамасыз етпесе, қажет болғанда инсулинмен қатар жүретін емді бастауға болады. Глимепиридтің алдыңғы дозасын ұстана отырып, инсулинмен емдеуді төменгі дозадан бастау керек, оны содан кейін метаболизмдік бақылаудың қажетті деңгейін нысанаға ала отырып, арттыруға болады. Біріктірілген емді дәрігердің жіті бақылауымен жүргізу керек.

Диабетті бақылаудың жақсаруы инсулинге сезімталдықтың жоғарылауымен қатар жүреді, сондықтан емдеу курсы кезінде глимепиридке қажеттілік төмендеуі мүмкін. Гипогликемияның алдын алу мақсатында дозаны біртіндеп төмендету керек немесе емді мүлдем тоқтату қажет. Егер емделушіде дене салмағы немесе өмірлік тәсілі өзгерсе немесе гипо- немесе гипергликемия қаупін арттыратын басқа талаптар әсер етсе, дозаны қайта қарау қажеттілігі де туындауы мүмкін.

Ұсынылатын бастапқы доза – тәулігіне 1 мг глимепирид. Доза препаратқа реакцияны ескере отырып, сатылап арттырылуы мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- тромбоцитопения, лейкопения, гранулоцитопения, агранулоцитоз, эритропения, гемолитикалық анемия және панцитопения, олар, әдетте қайтымды және препарат қабылдауды тоқтатқаннан кейін жоғалады

- гипогликемия; осыған ұқсас гипогликемиялық реакциялар, негізінен, шұғыл сипатқа ие, ауыр болуы мүмкін және әрдайым оңай түзетуге келе бермейді. Осы реакциялардың дамуы, гипогликемиялық емдеудің басқа да үлгілері жағдайындағы сияқты, тамақтану ерекшеліктері және дозалануы сияқты жекелей факторларға байланысты (барынша егжей-тегжейлі мәліметтер «Айрықша нұсқаулар» бөлімінде берілген).

Өте сирек

- лейкоцитокластикалық васкулит, жеңіл аса жоғары сезімталдық реакциялары, олар тынысты тарылтатын, артериялық қысымды төмендететін, кейде, тіпті, шокка ұшырататын ауыр реакцияларға ауысуы мүмкін

- жүректің айнуы, құсу, диарея, іштің кебуі, іш тұсында жайсыздық және ауыру, олар сирек жағдайларда емдеуді тоқтатуға әкеледі

- бауыр функциясының бұзылуы (мысалы, холестазда және сарғаюда), гепатит және бауыр жеткіліксіздігі

- қандағы натрий деңгейінің төмендеуі

Жиілігі белгісіз

- сульфонилмочевина туындыларымен, сульфаниламидтермен немесе соған ұқсас заттармен айқаспалы аллергия пайда болуы мүмкін

- көрудің уақытша нашарлауы, атап айтқанда, қандағы глюкоза деңгейінің өзгеруіне байланысты, емнің бас кезінде байқалуы мүмкін

- 10 000/мкл-ден төмен тромбоциттер мөлшерімен ауыр тромбоцитопения және тромбоцитопениялық пурпура

- бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы

- қышыну, бөртпе, есекжем және фотосенсибилизация түрінде білінетін терінің аса жоғары сезімталдық реакциясы.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне және сульфонилмочевина туындыларына немесе басқа да сульфаниламидтік препараттарға белгілі жоғары сезімталдық

- инсулинге тәуелді І типті қант диабеті

- диабеттік кетоацидоз, диабеттік кома

- бүйрек пен бауыр функцияларының ауыр бұзылулары

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар

Д әрілермен өзара әрекеттесуі

Глисэн 2 -ні белгілі бір дәрілік заттармен бір уақытта қабылдау глимепиридтің гипогликемиялық әсерінің әлсіреуін де, күшеюін де туғызуы мүмкін. Сондықтан басқа препараттарды тек дәрігердің рұқсатымен (немесе тағайындауымен) ғана қабылдау керек. Глимепирид Р450 2С9 (СYPC9) цитохромының көмегімен метаболизденеді. Индукторларды (мысалы, рифампицин) немесе СYPC9 тежегіштерін (мысалы, флуконазол) бір мезгілде қабылдау салдарынан бұл метаболизм өзгеруі мүмкін екендігі белгілі. Өзара әрекеттесудің іn vivo зерттеулерінің нәтижесі өте күшті СYPC9 тежегіштерінің бірі флуконазолдың глимепирид AUC шамамен екі есе арттыратынын көрсетті.

Бір мезгілде қолданғанда глимепирид әсерін күшейтеді: фенилбутазон, азапропазон және оксифенбутазон, сульфинпиразон, инсулин және пероральді диабетке қарсы препараттар, ұзақ әсер ететін кейбір сульфонамидтер, метформин, тетрациклиндер, салицилаттар мен р-аминосалицил қышқылы, МАО тежегіштері, анаболикалық стероидтар және ерлердің жыныс гормондары, хинолонды антибиотиктер, хлорамфеникол, пробенецид, кумаринді антикоагулянттар, миконазол, фенфлурамин, пентоксифилин (жоғары дозаларын парентеральді), фибраттар, тритоквалин, АӨФ тежегіштері, флуконазол, флуоксетин, аллопуринол, симпатолитиктер, циклофосфамид, дизопирамид, фенирамидол, гуанетидин, изофосфамид, ПАСҚ.

Бір мезгілде қолданғанда глимепиридтің гипогликемиялық әсерін төмендетеді: эстрогендер мен прогестагендер, салуретиктер, тиазидті диуретиктер; қалқанша без гормондары мен қалқанша без функциясын көтермелейтін препараттар, кортикостероидтар мен глюкокортикоидтар; фенотиазин туындылары, хлорпромазин, эпинефрин және симпатомиметиктер, никотин қышқылы (жоғары дозалары) және оның туындылары; глюкагон, іш жүргізетін дәрілер (ұзақ уақыт қолдану), фенитоин, диазоксид, глюкагон, барбитураттар мен рифампицин, ацетазоламид.

Н2-рецепторлар антагонистері, бета-блокаторлар, клонидин және резерпин гипогликемиялық әсерді күшейте де, төмендете де алады. Бета-блокаторлар, клонидин, гуанетидин мен резерпин сияқты симпатолитиктер әсерімен гипогликемияның адренергиялық кері реттелуінің көрінісі төмендеуі немесе жоғалуы мүмкін. Алкогольді қолдану глимепиридтің гипогликемиялық әсерін күшейтуі немесе әлсіретуі мүмкін.

Глимепирид кумарин туындыларының әсерін арттыра да, төмендете де алады.

Айрықша нұсқаулар

Қант диабетін жемісті емдеу емделушінің тиісті тамақтану рационын, ұдайы дене белсенділігін сақтауына, сондай-ақ қан мен несептегі глюкоза деңгейін тұрақты бақылап отыруына байланысты. Науқастың емдәмді ұстанбауы таблеткаларды немесе инсулинді қабылдаумен компенсациялана алмайды.

Г лисэн 2 тамақтанудан азырақ бұрын немесе тамақтану кезінде қабылдау қажет. Тамақты жүйесіз қабылдаған жағдайда немесе ас қабылдау уақытын өткізіп алғанда препаратты қабылдау гипогликемияны туғызуы мүмкін. Егер бірден көмірсуды (қант) қабылдаса, симптомдарды іс жүзінде әрдайым тез жеңілдетуге болады.

Жасанды тәттілендіргіштер ешқандай әсер бермейді.

Сульфонилмочевинаның басқа туындыларын қолдану тәжірибесі қабылданған шаралардың бастапқы сәттілігіне қарамастан, гипогликемияның екінші қайтара дамуы мүмкін екендігін көрсетті.

Қанттың әдеттегі мөлшерін қолдану арқылы ғана уақытша басылуы мүмкін ауыр немесе ұзақ гипогликемия дереу дәрі-дәрмекпен емдеуді, ал кейде ауруханаға жатқызуды қажет етеді.

Гипогликемияның туындауына ықпал ететін факторларға мыналар жатады:

емделушінің дәрігермен ынтымақтасуды (егде жастағы емделушілерде жиі) қаламауы немесе мүмкін еместігі; жеткіліксіз тамақтану, жүйесіз тамақтану немесе ас ішуді өткізіп алу, ашығу кезеңі; тамақтану режимінің өзгеруі; дене жүктемесі мен көмірсу қолдану арасында теңгерімнің болмауы; алкоголь қолдану, әсіресе ас қабылдау уақытын өткізіп алған кезде; бүйрек пен бауыр функциясының орташа бұзылуы; Диапиридтің артық дозалануы; көмірсу алмасуына немесе гипогликемияны бақылауды реттеуге ықпалын тигізетін кейбір компенсацияланбаған эндокриндік бұзылулар (мысалы, қалқанша бездің белгілі бір бұзылуларында және аденогипофиздің немесе бүйрекүсті безі қыртысы жеткіліксіздігінде); кейбір дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).

Г лисэн 2 -мен емдеу қандағы және несептегі глюкоза деңгейін жүйелі бақылап отыруды қажет етеді. Бұдан басқа, гликозилденген гемоглобин мөлшерін бақылау ұсынылады.

Препаратты қолданған кезде бауыр функциясын ұдайы бақылап отыру және қанның шеткергі көрінісін (әсіресе, лейкоциттер мен тромбоциттер санын) талдау қажет етіледі.

Стрестік жағдайларда (мысалы, жазатайым оқиғаларда, ургентті операцияларда, қызбамен қатар жүретін жұқпаларда) науқас инсулинге уақытша ауыстырылуы мүмкін.

Б ауыр функциясының ауыр бұзылулары бар емделушілерге немесе диализ қолданылатындарға Глисэн 2 -ні қабылдауға қатысты деректер жоқ. Бүйрек немесе бауырдың күрделі жеткіліксіздігі бар науқастарды инсулин қабылдауға ауыстыру керек.

Вегетативтік нейропатиясы бар егде жастағы емделушілерде немесе β-адренорецепторлар блокаторларымен, резерпинмен, клонидинмен, гуанетидинмен немесе басқа да симпатолитиктермен бір уақытта ем қабылдайтындарда гипогликемия симптомдары жасырын болуы немесе болмауы мүмкін екендігін ескеру керек. Егер әсері жеткіліксіз болса немесе ұзақ емдеген жағдайда әсері төмендесе, метформинмен немесе инсулинмен біріктіру ұсынылады.

Қант диабетін компенсациялаған жағдайда инсулинге сезімталдық артады, осыған байланысты емдеу үдерісінде препаратқа қажеттілік төмендеуі мүмкін. Гипогликемияның дамуын болдырмас үшін уақтылы дозаны төмендету немесе препаратты қабылдауды тоқтату керек. Емделушінің дене салмағы немесе өмірлік тәсілі өзгергенде не болмаса, гипо- немесе гипергликемияға ықпал ететін басқа факторлар пайда болған жағдайда да дозаны түзету қажет.

С ирек тұқым қуалайтын галактоза көтере алмаушылығы, лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза сіңірілуінің бұзылуы бар емделушілерге Глисэн 2 препаратын қабылдауға болмайды.

Жүктілік немесе бала емізу кезеңінде қолдану

Жүктілік кезінде препаратты қолдануға болмайды. Егер глимепирид қабылдайтын емделуші әйел жүктілікті жоспарлап жүрсе немесе жүкті болып қалса, оны мүмкіндігінше тезірек инсулинмен емдеуге ауыстыру қажет.

Сульфонилмочевинаның басқа туындылары емшек сүтінде анықталатындықтан, жаңа туған нәрестелерде гипогликемияның туындау қаупі салдарынан глимепиридпен емдеуді тоқтату ұсынылады.

Препараттың көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Зейін шоғырландыру қабілеті және реакция жылдамдығы гипогликемия немесе гипергликемия салдарынан немесе, мысалы, көрудің бұзылуынан төмендеуі мүмкін. Көлік құралын басқарған кезде гипогликемияның дамуын болдырмас үшін емделушілерге ескертіп қою керек. Әсіресе бұл өздерінде гипогликемияның симптомдарын-белгілерін нашар танитын немесе мүлде тани алмайтын адамдарға және гипогликемия ұстамалары жиі болатын адамдарға қатысты.

Мұндай жағдайларда рөлге отыру немесе басқа механизмдермен жұмыс істеу қажет-қажет еместігін таразылап алу керек.

Артық дозалануы

Артық дозалану гипогликемияға әкелуі мүмкін, ол 12-ден 72 сағатқа дейін созылады және бірінші жақсарғаннан кейін қайта көрінуі мүмкін.

Симптомдар препарат сіңірілгеннен кейін 24 сағаттан соң байқалуы мүмкін. Әдетте мұндай емделушілер стационарда болуы тиіс.

Гипогликемия симптомдары: жүректің айнуы, құсу және асқазан тұсының ауыруы, тремор, көру бұзылыстары, үйлесімділіктің бұзылуы, ұйқышылдық, ұйқы бұзылыстары, мазасыздық, озбырлық, зейін шоғырландырудың және реакция уақытының бұзылуы, депрессия, бағдардан жаңылу, сөйлеу мен көрудің бұзылыстары, афазия, парез, сезімталдықтың бұзылуы, бас айналуы, шарасыздық, өзін бақылай алмау, делирий, церебральді құрысулар, команың дамуына дейін баратын естен тану, үстірт тыныс алу және брадикардия. Бұдан бөлек, терлеу, үрейлену, тахикардия, артериялық гипертензия, жүректің соғуын сезіну, стенокардия және жүрек аритмиясы сияқты кері адренергиялық реттелу белгілері байқалуы мүмкін. Ауыр гипогликемиялық ұстаманың клиникалық көрінісі инсультті еске түсіруі мүмкін.

Емі: Емі, бірінші кезекте, препараттың сіңірілуін болдырмаудан тұрады. Бұл үшін құстыру, содан соң су немесе белсенділендірілген көмірмен (адсорбент) лимонад ішу керек, іш жүргізетін дәріні қолдану көрсетілген. Ауыр артық дозалану жағдайында реанимация бөлімшесіне жатқызу керек. Мүмкіндігінше тезірек глюкозаны енгізуді бастау қажет: қажет болғанда - 50 мл 50 % ерітіндімен алдымен бір реттік көктамыр ішіне инъекция жасау, содан соң – көктамыр ішіне тамшылатып 10 % ерітінді, қандағы глюкоза деңгейін ұдайы бақылап отыру керек. Бұдан ары симптоматикалық ем. Қандағы глюкоза деңгейін ұдайы бақылап отыру маңызды.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридтен (ПВХ) және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.

3 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

MSN Laboratories Limited, Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

Алембик Фармасьютикалс Лимитед, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Алматы қ., Қабанбай батыр к-сі 137, 39 пәтер

тел/факс +7(727) 292-72-75

 

 

Прикрепленные файлы

455163101477976393_ru.doc 105.5 кб
999516271477977592_kz.doc 110 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники