Глимерид® (4 мг)

МНН: Глимепирид
Производитель: Химфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Glimepiride
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018280
Информация о регистрации в РК: 08.12.2014 - 08.12.2019
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 50.34 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Глимерид®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Глимепирид

Дәрілік түрі

1, 2, 3 мг және 4 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 1,0 мг 2,0 мг 3,0 мг 4,0 мг глимепирид,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, повидон (поливинилпирролидон), натрий крахмал гликоляты, кальций стеараты.

Сипаттамасы

Ақ немесе ақ дерлік түсті, жалпақ цилиндр пішінді, таблетканың бір жақ бетінде ойығы, басқа жақ бетінде ойығы және фирманың крест түріндегі логотипі бар (дозасы 1 мг таблеткалар үшін);

таблетканың бір жақ бетінде ойығы және сызығы, басқа жақ бетінде ойығы және фирманың крест түріндегі логотипі бар (дозасы 2 мг, 3 мг таблеткалар үшін);

таблетканың бір жақ бетінде ойығы және екі сызығы, басқа жақ бетінде ойығы және фирманың крест түріндегі логотипі бар (дозасы 4 мг таблеткалар үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Қант диабетін емдеуге арналған дәрілер.

Қантты төмендететін, пероральды түрде қабылдауға арналған препараттар.

Сульфонилмочевина туындылары. Глимепирид.

АТХ коды A10BB12

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Глимепирид асқазан-ішек жолынан толық сіңеді. Тамақ ішу сіңуіне ықпалын тигізбейді. Қан сарысуында ең жоғары концентрацияға (Сmах) шамамен 2,5 сағаттан соң жетеді. Доза мен Сmах, сондай-ақ доза мен AUC («концентрация - уақыт» қисығы астындағы аудан) арасында дозаға байланысты арақатынас бар. Препараттың қан сарысуындағы бірнеше рет дозалау режиміне сәйкес келетін концентрацияларында жартылай шығарылу кезеңі 5-8 сағатты құрайды. Үлкен дозаларды қабылдағаннан кейін жартылай шығарылу кезеңі біршама артады.

Несепте және нәжістерде бауырдағы метаболизм нәтижесінде түзілетін белсенді емес екі метаболит білінеді (негізгі энзим CYP2C9), олардың біреуі гидрокситуынды, ал басқасы карбокситуынды болып табылады.

Глимепиридті тәулігіне бір рет және бірнеше рет қабылдаған кезде глимепиридтің фармакокинетикасында айырмашылық болмайды. Әртүрлі жас топтарында фармакокинетикалық параметрлерде айырмашылық жоқ.

Бүйрек функциясы бұзылған (креатинин клиренсі төмен) емделушілерде глимепиридті 3 мг дозада бір рет қабылдаған кезде глимепирид клиренсінің артуына және оның қан сарысуындағы орташа концентрациясының төмендеуіне беталыс байқалды. Креатинин клиренсі минутына < 22 мл емделушілерде глюкозаны метаболизмдік бақылауға тәулігіне 1 мг глимепирид дозасын қабылдаған кезде қол жетті. Осылайша, емделушілердің осы категорияларында препараттың жиналуына қосымша қауіп болмайды. Гемодиализ кезінде глимепиридтің бөлініп шығуы жөнінде деректер жоқ.

Глимепирид емшек сүтімен бірге бөлініп шығады және плацентарлы бөгет арқылы өтеді. Препарат гематоэнцефалдық бөгет арқылы нашар өтеді.

Фармакодинамикасы

Глимепирид сульфонилмочевина тобына жататын пероральді гипогликемиялық дәрі болып табылады. Оны инсулинге тәуелді емес қант диабетінде қолдануға болады.

Глимепиридтің әсері, негізінен, панкреатиттік бета-жасушалармен инсулин секрециясын стимуляциялау болып табылады.

Басқа сульфонилмочевина жағдайындағы сияқты, оның әсер етуі инсулин секрециясының глюкозамен физиологиялық стимулына ұйқы безінің бета-жасушалары сезімталдығының жоғарылауына негізделген. Бұдан басқа, глимепиридтің, сондай-ақ сульфонилмочевинаның басқа туындыларына тән айқын экстрапанкреатиттік әсері бар.

Инсулин секрециясы

Сульфонилмочевина туындылары бета-жасуша жарғақшаларындағы АТФ-сезімтал калий өзекшелерін жабу жолымен инсулин секрециясын реттейді. Калий өзекшелерінің жабылуы бета-жасушалардың деполяризациясын стимуляциялайды, осылайша кальций өзекшелерінің ашылуы жолымен жасушаларға кальций ағымының ұлғаюына әкеледі. Бұл инсулиннің экзоцитоз жолымен секрециялануына әкеледі.

Глимепирид АТФ-сезімтал калий өзекшелерімен байланысты бета-жасуша жарғақшаларының протеиніне (алмасу дәрежесі жоғары) бекінеді, бірақ оның сульфонилмочевинаның әдеттегі байланысатын орнынан айырмашылығы бар.

Экстрапанкреатиттік белсенділігі

Экстрапанкреатиттік әсерлері, мысалы, шеткергі тіндердің инсулинге сезімталдығының жоғарылауы және бауырдың инсулинді қармап қалуының төмендеуі болып табылады.

Қаннан түскен глюкозаның шеткергі бұлшықет және май тіндерімен сіңуі жасуша жарғақшаларында орналасқан тасымалдаушы ерекше ақуыздар есебінен жүреді. Глюкозаның осы тіндерге тасымалдануы глюкозаны жою үшін шектеулі фактор болып табылады. Глимепирид бұлшықет және май жасушаларының жарғақшаларында глюкозаның белсенді тасымалдаушы молекулаларының санын өте тез арттырады, бұл глюкозаның сіңуінің стимуляциялануымен қатар жүреді.

Глимепирид гликозил-фосфатидилинозит-спецификалық С фосфолипаза белсенділігін арттырады,ол, сірә, оқшауланған май және бұлшықет жасушаларындағы липо- және гликогенезбен (индукциялайтын затпен) байланысты.

Глимепирид бауырда глюкозаның өндірілуін фруктозо-2,6-бисфосфаттың жасушаішілік концентрациясының жоғарылауы есебінен бәсеңдетеді, өз кезегінде, ол глюконеогенез үдерісін тежейді.

Жалпы қасиеттері

Дені сау жекелеген адамдарда тиімді ең төмен пероральді доза шамамен 0,6 мг құрайды. Глимепирид дозаға байланысты әсер етуімен сипатталады. Глимепиридті қолдану аясында инсулин секрециясының төмендеуі түрінде көрініс беретін күшті дене жүктемелеріне физиологиялық реакция сақталады.

Дәрілік препаратты тамақтанудан 30 минут бұрын және тура тамақтанар алдында қабылдағанда әсер ету сипатында елеулі айырмашылықтар байқалған жоқ. Қант диабеті бар емделушілерде препаратты тәулігіне бір рет қолданғанда 24 сағат ішінде жеткілікті метаболимзмдік бақылауға қол жеткізілуі мүмкін.

Глимепиридтің гидроксиметаболиті, дені сау жеке адамдардың сарысуындағы глюкоза деңгейін аздап, бірақ сенімді түрде төмендетсе де, дәрілік препараттың жалпы әсерінің елеусіз бөлігі үшін ғана жауап береді.

Метформинмен үйлестіріп біріктірілген ем

Жалғыз ғана метформиннің ең жоғары дозасының жәрдемімен зат алмасуды қанағаттанарлық реттеуге қол жеткізу мүмкін болмаса да, бір зерттеуде глимепиридпен біріктірілген емде қандағы глюкоза деңгейін өте жақсы реттеуге қол жеткізудің сәті түсті (метформиннің бір өзімен ғана емдеумен салыстырғанда).

Инсулинмен үйлестіріп біріктірілген ем

Қазіргі таңда инсулинмен үйлестіріп біріктірілген ем жөнінде жеткілікті шектеулі деректер бар. Глимепиридтің ең жоғары дозасында ауруды бақылау жеткіліксіз болатын емделушілерге инсулинмен қатар жүргізілетін ем тағайындалуы мүмкін. Біріктірілген ем жәрдемімен жүргізілген екі зерттеуде қандағы глюкоза деңгейін түзетуге, тек инсулиннің өзін ғана пайдаланған кездегідей, қол жеткізілді; алайда біріктірілген емде инсулиннің орташа аз дозасы қажет болды.

Қолданылуы

- 2 типті қант диабетінде (инсулинге тәуелді), глюкозаның деңгейі емдәмнің, дене жаттығуларының және салмақты төмендетудің жәрдемімен бақылауға келмеген кезде (монотерапия түрінде немесе біріктірілген ем құрамында).

Қолдану тәсілі және дозалары

Глимерид® таблеткасын шайнамай, тұтастай, сұйықтықтың жеткілікті мөлшерімен (0,5 стаканға жуық) ішіп қабылдайды.

Бастапқы дозасы және дозаны таңдау

Емнің басында 1 мг Глимеридті® күніне 1 рет тағайындайды. Қажет болған кезде тәуліктік доза қандағы және несептегі глюкоза концентрациясын жүйелі (1-2 апта аралықпен) бақылау арқылы және келесі тәртіппен сатылап арттырылуы мүмкін: тәулігіне 1 мг - 2 мг - 3 мг - 4 мг - 6 мг Глимерид®.

1 мг Глимеридке® гипогликемиялық реакцияның дамуы науқасқа тек емдәм тағайындаудың жеткілікті екендігін көрсетеді.

Диабеті жақсы бақыланатын емделушілерге дозалау

Диабеті жақсы бақыланатын емделушілерде әдеттегі тәуліктік доза Глимеридтің® 1-4 мг-ын құрайды. Ең жоғары тәуліктік дозасы – 6 мг.

Тәуліктік дозаны қабылдау уақытын және санын дәрігер, науқастың өмір салтын ескере отырып, анықтайды. Әдеттегідей, таңертеңгілік мол тамақ алдында немесе тамақтану кезінде 1 рет қабылданатын тәуліктік дозаны тағайындау жеткілікті. Глимеридті® қабылдағаннан кейін тамақ ішу уақытын өткізіп алмау өте маңызды. Дозаны қабылдау уақытын өткізіп алған кезде келесі қабылданатын дозаны арттырмаған жөн. Емдеу ұзақтығына қарай, Глимеридке® қажеттілік төмендеуі мүмкін, ол, өзінше, емдеудің тиімділігінің көрсеткіші болып табылады және инсулинге сезімталдықтың артуымен байланысты. Гипогликемияның дамуына жол бермеу үшін Глимерид® дозасын уақытында төмендету немесе оны тағайындауды тоқтата тұру керек. Дозаны түзету де мынадай жағдайларда қажет, егер:

- емделушінің дене салмағы өзгерсе

- емделушінің өмір сүру салты өзгерсе

- гипогликемияның немесе гипергликемияның дамуына мүмкіндік беретін факторлар өзгерсе («Айрықша нұсқауларды» қараңыз).

Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер белгілейді.

Пероральды гипогликемиялық басқа препараттардан Глимеридке® ауысқан кезде соңғысының бастапқы тәуліктік дозасы 1 мг құрауы тиіс (тіпті, егер науқасты пероральді гипогликемиялық басқа препараттың ең жоғары дозасынан Глимеридке® көшірген жағдайда да). Глимерид® дозасын қалайда арттыруды жоғарыда келтірілген нұсқауларға сәйкес Глимеридке® жауапты есепке ала отырып, сатылап жүргізген жөн. Қолданылатын дозаға және бұның алдындағы гипогликемиялық дәрілер әсерінің ұзақтығына көңіл бөлу қажет. Кейбір жағдайларда, әсіресе жартылай шығарылуы үлкен гипогликемиялық препараттарды (мысалы, хлорпропамидті) қабылдаған кезде гипогликемияның даму қаупін арттыратын аддитивті әсерді болдырмау үшін емдеуді уақытша (бірнеше күн бойы) тоқтата тұру қажеттілігі пайда болуы мүмкін.

Емдеу барысында, инсулинге сезімталдықтың жоғарылауымен қатар жүретін қант диабетін бақылаудың жақсаруына орай, глимепиридке қажеттілік төмендеуі мүмкін. Сондықтан, гипогликемияны болдырмау үшін, мұндай жағдайларда дозаны дер кезінде азайтудың немесе емдеуді тоқтатудың қажеттілігі жөнінде ұмытпаған жөн. Дозаны түзету дене салмағы немесе өмір сүру салты, сондай-ақ гипо- немесе гипергликемияның даму қаупінің жоғарылауына мүмкіндік беретін басқа да факторлар өзгерген жағдайда қажет болуы мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- тромбоцитопения, лейкопения, гранулоцитопения, агранулоцитоз, эритропения, гемолитикалық анемия және панцитопения (бұлар, әдеттегідей, қайтымды және препарат қабылдауды тоқтатқаннан кейін қайтады)

- гипогликемия (осындай гипогликемиялық реакциялар, негізінен, дереу сипатта болады, ауыр болуы мүмкін және әрдайым түзету оңай бола бермейді)

Өте сирек

- лейкоцитокластикалық васкулит, аса жоғары сезімталдықтың жеңіл реакциялары (олар тыныс алудың қиындауымен, артериялық қысымның төмендеуімен, кейде тіпті шокпен ауыр реакцияларға ауысуы мүмкін)

- жүректің айнуы, құсу, диарея, іштің кебуі, жайсыздық және іш тұсының ауыруы (олар сирек жағдайларда емдеуді тоқтатуға әкеледі)

- бауыр функциясының бұзылулары (мысалы, холестазда және сароғаюда), гепатит және бауыр функциясының жеткіліксіздігі

- қанда натрий деңгейінің төмендеуі

Жиілігі белгісіз

- сульфонилмочевина туындыларымен, сульфаниламидтермен немесе тектес заттармен айқаспалы аллергия дамуы мүмкін

- көрудің уақытша бұзылулары (атап айтқанда, емнің бас кезінде қанда глюкоза деңгейінің өзгеруімен байланысты байқалуы мүмкін)

- бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы

- терінің қышыну, бөртпе, есекжем және жарыққа сезімталдық сияқты аса жоғары сезімталдық реакциясы.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- 1 типті қант диабеті (сыртартқысында кетоацидоз көрсетілген)

- диабеттік кетоацидоз, диабеттік кома алды және кома

- глимепиридке, сульфонилмочевинаның басқа туындыларына немесе сульфаниламидтік препараттарға, немесе кез келген қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық

- бауыр функциясының ауыр бұзылулары

- бүйрек функциясының ауыр бұзылулары (соның ішінде гемодиализдегі науқастарда)

- жүктілік және лактация кезеңі

- галактозаның жақпауы, "лаппа" лактазаның жеткіліксіздігі, глюкоза-галактоза сіңуінің бұзылуы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қабылдауға дәрігердің кеңесінен кейін ғана рұқсат етіледі.

Гипогликемиялық әсерінің күшеюі және осымен байланысты гипогликемияның дамуы глимеридті инсулинмен немесе пероральді гипогликемиялық басқа препараттармен, метформинмен, ангиотензин өзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштерімен, анаболикалық стероидтармен және еркектің жыныстық гормондарымен, хлорамфениколмен, кумарин туындыларымен, циклофосфамидпен, дизопирамидпен, фенфлураминмен, фенирамидолмен, фибраттармен, флуоксетинмен, симпатолитиктермен (гуанетидинмен), фосфамидпен, моноаминоксидаза (МАО) тежегіштерімен, миконазолмен, флуконазолмен, парааминосалицил қышқылымен, пентоксифиллинмен (жоғары дозаларда парентеральді түрде енгізген кезде), фенилбутазонмен, азапропазонмен, оксифенбутазонмен, пробеницидпен, аллопуринолмен, хинолондармен, салицилаттармен, сульфинпиразонмен, сульфаниламидті антибиотиктермен, тетрациклиндермен, тритоквалинмен, трофосфамидпен бір мезгілде қолданған кезде дамуы мүмкін.

Гипогликемиялық әсерінің бәсеңдеуі және онымен байланысты глюкозаның қандағы концентрациясының жоғарылауы глимеридті ацетазоламидпен, барбитураттармен, глюкокортикостероидтармен, диазоксидпен, диуретиктермен, адреналинмен және басқа симпатомиметикалық заттармен, глюкагонмен, іш айдағыш дәрілермен (ұзақ уақыт қолданған кезде), никотин қышқылымен (жоғары дозаларда), эстрогендермен және прогестагендермен, фенотиазиндермен, фенитоинмен, рифампицинмен, қалқанша без гормондарымен бір мезгілде қолданған кезде байқалуы мүмкін.

Н2-рецепторларының блокаторлары, клонидин және резерпин глимеридтің гипогликемиялық әсерін күшейтуге де, сонымен қатар бәсеңдетуге де қабілетті.

Бета-блокаторлар, клонидин, гуанетидин және резерпин сияқты симпатолитикалық препараттардың әсер етуімен гипогликемия симптомдары бәсеңдеуі немесе жоғалуы мүмкін.

Алкогольді бір рет немесе үнемі қолдану глимеридтің гликемиялық әсерін болжауға келмейтіндей күшейтуі немесе бәсеңдетуі мүмкін.

Кумарин туындыларының әсері күшеюі немесе бәсеңдеуі мүмкін.

Глимепирид Р450 2С9 (CYP2C9) цитохромының қатысуымен метаболизденеді. Бұл фактіні глимепиридті CYP2C9 индукторларымен (мысалы, рифампицин сияқты), немесе тежегіштерімен (флуконазол) бір мезгілде қолданған кезде ескеру қажет. Флуконазол глимеридтің AUC мәнін шамамен 2 есе арттырады.

Глимепиридтің басқа дәрілік заттармен фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі сипатталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Тамақты жүйесіз ішкен жағдайда немесе тамақтану уақытын өткізіп алған кезде Глимеридпен® емдеу гипогликемияны тудыруы мүмкін.

Егер науқас өзінде жоғарыда аталған қандай да бір жағымсыз әсерлерді немесе басқа да жағымсыз әсерлерді байқаса, емдеуші дәрігерден кеңес алғаны жөн. Есекжем белгілері пайда болған кезде дәрігерге дереу қаралғаны жөн.

Науқасты инсулинмен емдеуге көшіруді қажет ететін жағдайларға ерекше көңіл бөлген жөн: ауқымды күйіктер, ауыр бірнеше жарақат, ауқымды хирургиялық араласым, сондай-ақ асқазан-ішек жолында тағамның және дәрілік заттардың сіңуінің бұзылуы (ішек бітелісі, ішектің парезі т.б.) және дене температурасының жоғарылауымен қатар жүретін жұқпалы аурулар.

Емнің алғашқы аптасында гипогликемияның даму қаупі жоғарылайды, және бұл емделушіні тиянақты бақылауды қажет етеді.

Гипогликемияның дамуына мүмкіндік беретін факторлар:

- емделушінің дәрігермен ынтымақтасқысы келмеуі немесе қабілетсіздігі

- тойып тамақтанбау, жүйесіз тамақтану, ас қабылдауды өткізіп алу

- дене жүктемесі мен көмірсу қабылдау арасындағы сәйкессіздік

- емдәмнің бұзылуы

- алкоголь пайдалану, әсіресе тамақ ішуді өткізіп алған кезде

- бүйрек функциясының бұзылуы

- бауыр функциясының бұзылуы

- артық дозалану

- көмірсу алмасуға ықпал ететін кейбір декомпенсацияланған эндокриндік бұзылулар (қалқанша бездің белгілі бір патологиясында немесе гипофиздің алдыңғы бөлігі немесе бүйрекүсті безі қабығы функциясының жеткіліксіздігі)

- қолдану көрсетілімі жоқ болған кезде глимерид қабылдау

Науқаста гипогликемия қаупінің осындай факторлары болған кезде глимерид дозасын түзету қажет етілуі мүмкін.

Гипогликемия симптомдары, егер егде жастағы адамдарда гипогликемия біртіндеп дамитын болса, жеңіл түрде көрініс беруі немесе тіпті болмауы мүмкін. Гипогликемия глюкозаны немесе қантты ішке қабылдаған кезде түгелдей басылуы мүмкін.

Гипогликемия көріністері қайталануы мүмкін. Сондықтан емделушілер тиянақты бақылануы тиіс. Гипогликемияның ауыр жағдайлары шұғыл емдік шараларды және кейбір жағдайларда ауруханаға жатқызуды қажет етеді.

Педиатрияда қолданылуы Балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталған жоқ. Жүктілік және лактация кезеңі

Глимеридті® жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Әйелдерді, егер ол жүкті болса, немесе жүкті болуды жоспарласа, инсулинмен емдеуге көшірген жөн.

Глимеридті® әйелдер бала емізген кезде қабылдауына болмайды. Мұндай жағдайда инсулинмен емдеуге ауысуы немесе бала емізуді тоқтата тұруы қажет.

Көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Зейінді жұмылдыру қабілеті және реакция шапшаңдығы гипо- және гипергликемия салдарынан, әсіресе емнің басында немесе емдеу сызбасын өзгерткенде, немесе препаратты жүйесіз қабылдаған кезде төмендеуі мүмкін. Бұл автомобильді және қозғалыстағы механизмдерді басқару қабілетіне ықпалын тигізуі мүмкін. Глимеридтің® жағымсыз әсерін ескере отырып, автокөлікті және қауіпті механизмдерді басқарған кезде сақ болған жөн.

Артық дозалануы

Глимеридтің® жоғары дозаларымен ұзақ уақыт емдеген кездегідей, жедел артық дозалану ауыр, өмірге қатер төндіретін гипогликемияның дамуына себепші болуы мүмкін.

Гипогликемия симптомдары: бас ауыру, ашығу сезімі, жүректің айнуы, құсу, шаршау сезімі, ұйқышылдық, ұйқының бұзылулары, мазасыздық, озбырлық, зейінді жұмылдыру қабілетінің төмендеуі, әрекет шапшаңдығының төмендеуі, депрессия, сананың шатасуы, сөйлеудің және көрудің нашарлауы, афазия, тремор, парез, сезімталдықтың бұзылуы, бас айналу, көру бұзылыстары, үйлесімділіктің бұзылуы, дәрменсіз жағдай, өзін-өзі бақылай алмау, делирий, церебральді құрысулар, есінен адасу және коматозды күйге дейін есінен тану, үстірт тыныс алу, брадикария. Бұдан басқа, салқын, жабысқақ тер, мазасыздық, тахикардия, артериялық гипертензия, стенокардия және жүрек ырғағының бұзылуы сияқты симптомдар пайда болуы мүмкін. Глюкоза деңгейі қалыпқа келген кезде, симптомдар әрдайым дерлік жоғалады.

Дәрігер Глимеридпен® артық дозалану жағдайы жөнінде дереу хабардар болуы тиіс. Гипогликемия әрдайым дерлік көмірсуларды (глюкозаны немесе қантты, мысалы, түйір қант, тәтті жидек шырыны немесе шай түрінде) дереу қабылдау арқылы тез басылуы мүмкін. Осыған байланысты науқас өзімен бірге кем дегенде 20 г глюкоза (4 түйір қант) алып жүруі тиіс. Сахарозаны алмастырғыштар гипогликемияны емдеуде тиімсіз.

Емі: ішке үлкен дозалар түскен кезде асқазанды шайып, әрі қарай белсенділендірілген көмір мен натрий сульфатын қолданумен жалғастыру керек. Артық дозаланудың ауыр жағдайларында аурухананың қарқынды бөліміне жатқызады. Мүмкіндігінше, глюкозаны енгізуге көшкен, қажет болған жағдайда, 50 мл 50% ерітіндісін көктамыр ішіне болюсті түрде, содан кейін 10% ерітіндісін инфузия түрінде, қандағы қант деңгейін қатаң түрде бақылай отырып, енгізуге кірісу керек. Әрі қарай емдеу – симптоматикалық.

Сәби байқамай Глимерид® қабылдап қойған ерекше жағдайларда, гипергликемияның дамуына жол бермеу үшін, глюкозаның енгізілген дозасын абайлап есептеу керек, мұндайда қандағы глюкоза деңгейін тиянақты бақылау қажет.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 30 таблеткадан.

Пішінді ұяшықты қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдерінде бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдерінде бекітілген нұсқаулықтан алынған ақпаратты қорапшаға жапсыруға рұқсат етіледі.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы,

Шымкент қ-сы, Рашидов к-сі, 81, т/ф: 561342

Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы туралы түскен шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның атауы және мекен-жайы:

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы,

Шымкент қаласы, Рашидов к-сі, 81

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электронды поштасы infomed@santo.kz

 

Прикрепленные файлы

737793721477976555_ru.doc 100 кб
071188791477977713_kz.doc 125.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники