Глибетик (2 мг)

МНН: Глимепирид
Производитель: Фармацевтический завод Польфарма АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Glimepiride
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№005837
Информация о регистрации в РК: 26.07.2016 - 26.07.2021
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 27.77 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Глибетик

Халықаралық патенттелмеген атауы

Глимепирид

Дәрілік түрі

1 мг, 2 мг, 3 мг, 4 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 1 мг, 2 мг, 3 мг, 4 мг глимепирид,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза. натрий крахмалы гликоляты, повидон, магний стеараты, темірдің қызыл тотығы (E 172), темірдің сары тотығы (E 172), индигокармин (E 132).

Сипаттамасы

Қызғылт түсті (1 мг үшін), жасыл түсті (2 мг үшін), крем түсті (3 мг үшін), көгілдір түсті (4 мг үшін), екі жақ бетінде бөлетін сайы бар ұзынша пішінді таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Қант диабеті емдеуге арналған дәрілер. Пероральді түрде қабылданатын, қантты төмендететін дәрілер. Сульфонилмочевина туындылары. Глимепирид.

АТХ коды А10ВВ12

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі:

Ішке қабылдағанда глимепиридтің биожетімділігі толық болып табылады. Тамақ ішу, сіңірілу жылдамдығының аздаған баяулауын қоспағанда, сіңуіне айтарлықтай ықпалын тигізбейді. Қан сарысуында ең жоғары концентрацияға\ (Cmax) (тәулігінге 4 мг препаратты көп реттік қолданудан кейін орта есеппен 0.3 мкг/мл) препаратты қабылдағаннан кейін шамамен 2.5 сағаттан соң жетеді; препарат дозасы мен Cmax пен AUC (қисық астындағы аудан уақыт/концентрациясы) арасында дозаға байланыстылық бар.

Таралуы:

Глимепирид үшін шамамен альбуминнің таралу көлеміне тең өте төмен таралу көлемі (8,8 л-ге жуық), плазма ақуыздарымен байланысуының жоғары дәрежесі (99%-дан астам) мен төмен клиренс (минутына 48 мл-ге жуық) тән.

Глимепирид сүтпен бірге бөлініп шығады. Глимепирид плаценталық бөгет арқылы өтеді. Препарат гематоэнцефалдық бөгет арқылы нашар өтеді.

Метаболизмі және шығарылуы:

Көп реттік дозалау режиміне сәйкес келетін, сарысудағы препараттың плазмалық концентрацияларында орташа жартылай шығарылу кезеңі 5-8 сағатты құрайды. Препараттың жоғары дозаларын қабылдағаннан кейін жартылай шығарылу кезеңінің біршама ұзарғаны білінеді.

Радиоизотоппен таңбаланған глимепирид дозасын ішке бір реттік қабылдаудан кейін радиоизотоптың 58%-ы несеппен және 35%-ы нәжіспен бірге шығарылады. Өзгермеген зат несептен табылған жоқ. Несептен және нәжістен бауырдағы метаболизм нәтижесінде түзілуі өте мүмкін екі метаболит (негізгі фермент - CYP2C9): гидрокситуынды және карбокситуынды бөлініп шықты. Препаратты пероральді түрде қабылдаудан кейін ақырғы жартылай шығарылу кезеңі, сәйкесінше, 3 - 6 және 5 - 6 сағатты құрады.

Глимепиридті бір реттік және көп реттік (тәулігіне екі рет) қабылдауды салыстырғанда фармакокинетикалық көрсеткіштерінде сенімді айырмашылықтар білінген жоқ және олардың әртүрлі пациенттер арасында өте төмен ауытқушылығы байқалды. Препараттың елеулі жиналуы болған жоқ.

Пациенттердің ерекше популяциясы

Еркек және әйел жынысты пациенттердегі, сондай-ақ жас және егде жастағы (65 жастан асқан) пациенттердегі фармакокинетикалық көрсеткіштер ұқсас. Креатинин клиренсі төмен болатын пациенттерде глимепирид клиренсінің артуына және қан сарысуындағы оның орташа концентрацияларына беталыс байқалды, бұған, бар мүмкіндігінше, препараттың ақуыздармен байланысуының өте төмен болуы салдарынан оның өте тез шығарылуы себеп болады. Екі метаболиттің де бүйрек арқылы шығарылуы баяулаған. Сондықтан пациенттердің осы санаттарында препараттың жиналып қалуының қосымша қаупі жоқ.

Диабетсіз бес пациентте өт жүретін түтіктерге операциядан кейін фармакокинетикалық көрсеткіштер сау адамдардағы осындайға сәйкес келді.

Балаларда қолданылуы

2 типті қант диабеті бар 30 балада (10-12 жастағы 4 бала және 12-17 жастағы 26 жасөспірім) тамақ ішумен бірге, 1 мг глимепиридті бір реттік қабылдаудың фармакокинетикасы, қауіпсіздігі және жағымдылығы бағаланған зерттеулерде, AUC(0-last), Cmax және t1/2 орташа көрсеткіштері бұрын ересектерден алынған мәндерге сәйкес келді.

Фармакодинамикасы

Глибетик сульфонилмочевина туындылары тобына жататын пероральді гипогликемиялық препарат болып табылады. Ол инсулинге тәуелді емес қант диабетінде пайдаланылуы мүмкін.

Глибетик негізінен ұйқы безінің бета-жасушаларымен инсулиннің босап шығуын стимуляциялау жолымен әсер етеді.

Басқа сульфонилмочевина туындыларындағы сияқты бұл әсер ұйқы безінің бета-жасушаларының глюкозаның физиологиялық ықпалына сезімталдығының артуына негізделген. Бұдан басқа, Глибетиктің сульфонилмочевинаның басқа туындыларына тән айқын экстрапанкреатиндік әсерлері бар.

Инсулиннің босап шығуы

Сульфонилмочевина туындылары инсулин секрециясын бета-жасушалардың жарғақшасында АТФ-тәуелді калий өзектерін жабу жолымен реттейді. Калий өзектерінің жабылуы бета-жасушалардың деполяризациясын туындатады, ол кальций өзектерінің ашылуына және кальцийдің жасушалар ішіне түсуінің ұлғаюына әкеледі.

Бұл инсулиннің экзоцитоз жолымен босап шығуына әкеледі.

Глимепирид АТФ-тәуелді калий өзектерімен астасқан бета-жасушалар жарғақшасының ақуызымен алмасуының жоғары жылдамдығымен байланысады, бірақ бұл сульфонилмочевина туындыларымен байланысатын осындайға қарағанда байланысатын басқа жер.

Экстрапанкреатиндік белсенділігі

Экстрапанкреатиндік әсерлер, мысалы, шеткері тіндердің инсулинге утилизациясының сезімталдығының жоғарылауы және инсулиннің бауыр арқылы жойылуының төмендеуі болып табылады.

Қан глюкозасының шеткері тіндермен (бұлшықет және май) утилизациясы жасуша жарғақшаларындағы арнайы тасымалдаушы ақуыздардың жәрдемімен жүреді. Глюкозаның осы тіндерге тасымалдануы глюкозаны жоюдың лимиттейтін сатысы болып табылады. Глибетик бұлшықет және май жасушаларының цитоплазмалық жарғақшасына глюкозаны тасымалдайтын белсенді молекулалар мөлшерін өте тез арттырады, бұл глюкозаның утилизациясын стимуляциялайды.

Глибетик гликозил-фосфатидилинозитол-спецификалық С фосфолипаза белсенділігін арттырады, ол оқшаулаған май және бұлшықет жасушаларында препаратпен индукцияланған липогенезбен және гликогенезбен байланысты болуы мүмкін.

Глибетик бауырда глюкозаның өндірілуін фруктозо-2,6-бифосфаттың жасушаішілік концентрациясын арттыру жолымен тежейді, ол өз кезегінде глюконеогенезді тежейді.

Жалпы

Дені сау адамдарда препараттың ең төмен тиімді пероральді дозасы шамамен 0.6 мг құрайды. Глимепиридтің әсері дозаға тәуелді және ұдайы жаңғырып отырады. Глимепиридті қолданған кезде сондай-ақ инсулин секрециясының, денеге түсетін жоғары жүктемеге физиологиялық реакция сияқты, төмендеуі байқалады.

Препараттың әсері оны қабылдау уақытына (тамақтанудан 30 минут бұрын немесе тура тамақтанар алдында) іс-жүзінде тәуелді емес. Диабеті бар пациенттерде препараттың бір реттік тәуліктік дозасын қабылдаған кезде 24 сағат бойы жақсы метаболизмдік бақылауға қол жеткізіледі.

Глимепирид гидроксиметаболитінің дені сау адамдарда сарысулық глюкоза деңгейін аздаған, бірақ маңызды төмендететініне қарамастан, оның әсері препараттың жалпы әсерінің тек аздаған бөлігін ғана құрайды.

Метформинмен біріктіріп қолдану

Бір зерттеуде глимепирид пен метформинді бірге қолданғанда, метформинмен монотерапиямен салыстырғанда, метформиннің ең жоғары дозаларына резистентті пациенттерде метаболизмдік бақылаудың жақсарғаны білінді.

Инсулинмен біріктіріп қолдану

Инсулинмен біріктіріп емдеу жөнінде деректер шектеулі. Глимепиридтің ең жоғары дозаларына резистентті пациенттерде инсулинмен қатар жүретін ем басталуы мүмкін. Екі зерттеуде глимепиридпен және инсулинмен біріктіріп емдегенде метаболизмді бақылаудың, инсулинмен монотерапия кезіндегі сияқты, жақсаруына қол жеткізілетіні білінді; алайда біріктірілген ем кезінде инсулиннің орташа аз дозасы қажет болды.

Балаларда қолдану

Глибетикті балаларда қолданған кезде, 2 типті қант диабетінен зардап шегіп жүрген ересек пациенттердегімен салыстырғанда, қауіпсіздіктің жаңа аспектілері байқалған жоқ. Препаратты балаларда қолданудың тиімділігі және қауіпсіздігі жөнінде ұзақ мерзімдік деректер жоқ.

Қолданылуы

- 2 типті қант диабетінде диетотерапия, дене жүктемелері және дене салмағының төмендеуі тиімсіз болғанда (монотерапия түрінде немесе метформинмен немесе инсулинмен біріктірілген ем құрамында).

Қолдану тәсілі және дозалары

Пероральді түрде қолдануға арналған.

Қант диабетін ойдағыдай емдеудің негізінде диетаның дұрыс таңдау, жүйелі дене жүктемесі және қан мен несепті үнемі бақылау жатыр.

Дозаны қандағы және несептегі глюкоза деңгейін анықтау нәтижелерінің негізінде белгілейді.

Глибетиктің бастапқы дозасы тәулігіне 1 мг құрайды. Гликемияны жақсы бақылауға қол жеткізген кезде осы дозаны демеуші ем ретінде пайдаланған жөн.

Дозалаудың әртүрлі режимдерінде препараттың әртүрлі дозалары керек болады.

Гликемияны бақылау қанағаттанарлық болмағанда доза, 1-ден 2 аптаға дейінді құрайтын әрбір арттыру арасындағы аралығы бар 2, 3 немесе 4 мг дейінгі Глибетикті гликемиялық бақылау деректері негізінде, біртіндеп арттырылуы мүмкін.

Тәулігіне 4 мг-ден көбірек доза ерекше жағдайларда ғана өте жақсы нәтижелермен қамтамасыз етеді. Глибетиктің ұсынылатын ең жоғары дозасы тәулігіне 6 мг құрайды.

Метформиннің тәуліктік ең жоғары дозасын қолданғанда гликемия жеткіліксіз бақыланатын пациенттерде Глибетикпен емдеу қатар жүргізілуі мүмкін.

Метформиннің дозасын сақтағанда Глибетикпен емдеуді төмен дозадан бастайды, оны содан кейін метаболизмдік бақылаудың қажетті деңгейіне байланысты тәуліктік ең жоғары дозаға дейін титрлейді. Біріктірілген емді мұқият медициналық бақылаумен бастайды.

Глибетиктің тәуліктік ең жоғары дозаларын қолданғанда гликемия жеткіліксіз бақыланатын пациенттерде, қажет болғанда, инсулинмен қатар жүргізілетін ем қолданылуы мүмкін. Глибетиктің дозасы сақталғанда инсулинмен емдеуді төмен дозалардан бастайды, оны содан кейін метаболизмді бақылаудың қажетті деңгейіне байланысты титрлейді. Біріктірілген емді мұқият медициналық бақылаумен бастайды.

Әдеттегідей, Глибетикті тәулігіне бір реттік қабылдау жеткілікті. Препаратты таңертеңгі құнарлы тамақтану алдында немесе тамақтану кезінде немесе алғашқы тамақты тойып ішу алдында (кезінде) бірден қабылдау ұсынылады.

Бір таблетканы қабылдауды өткізіп алғанда кейінгі дозаларды арттырудың қажеті жоқ.

Таблетканы судың аздаған мөлшерімен ішіп жұту қажет.

Тәулігіне 1 мг Глибетикті қолданған кезде гипогликемиялық реакциялар дамығанда гликемия деңгейін диетамен емдеу жәрдемімен бақылау қажет.

Емдеу үдерісінде қант диабетін компенсациялауға қол жеткізгенде инсулинге сезімталдық жоғарылайды; осыған байланысты Глибетикке қажеттілік төмендеуі мүмкін. Гипогликемияның дамуына жол бермеу үшін дер кезінде дозаны төмендету немесе препаратты тоқтату қажет. Дозаны түзетуді пациенттің дене салмағы өзгергенде немесе оның өмір сүру салты өзгергенде, немесе гипо- немесе гипергликемияның даму қаупінің басқа факторлары пайда болғанда жүргізген жөн.

Басқа пероральді гипогликемиялық препараттардан Глибетикке ауысу

Басқа пероральді гипогликемиялық препараттардан Глибетикке ауысуы мүмкін. Мұндайда бұның алдындағы гипогликемиялық препарат әсерінің дәрежесіне және ұзақтығына көңіл бөлу қажет. Кейбір жағдайларда, әсіресе жартылай шығарылу кезеңі ұзаққа созылатын препараттарды (мысалы, хлорпропамидті) бірге қолданғанда аддитивтік әсері салдарынан гипогликемиялық реакциялардың даму қаупін төмендету мақсатында емдеуді уақытша тоқтату ұсынылады.

Глибетиктің ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне 1 мг құрайды. Алынған емдік әсер негізінде Глибетиктің дозасы жоғарыда аталғандай біртіндеп арттырылуы мүмкін.

Инсулиннен Глибетикке ауысу

Кейбір жағдайларда компенсацияға қол жеткізген кезде 2 типті қант диабеті бар пациенттер инсулиннен Глибетикке ауыстырылуы мүмкін. Ауысу мұқият медициналық бақылау арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

Балаларда қолданылуы

Глибетикті 8 жасқа дейінгі балаларда қолдануға қатысты деректер жоқ. 8-ден 17 жасқа дейінгі балаларда Глибетикті монотерапия ретінде қолдануға қатысты шектеулі ғана деректер бар.

Балаларда қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігіне қатысты ақпарат жеткіліксіз, сондықтан балаларға қолдануға ұсынылмайды.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- тромбоцитопения, лейкопения, гранулоцитопения, агранулоцитоз, эритропения, гемолиздік анемия және панцитопения, олар, әдеттегідей, препаратты қолдануды тоқтатқаннан кейін қайтымды болды

- гипогликемия, ашығу сезімі, шаршау

- бас ауыру, ұйқышылдық, ұйқының бұзылуы

Өте сирек

- лейкоцитокластикалық васкулит

- жеңіл дәрежелі аса жоғары сезімталдық реакциясы, ол тыныстың тарылуымен, артериялық қысымның төмендеуімен және кейде шокпен қатар жүретін айқын реакцияға өтуі мүмкін

- жүректің айнуы, құсу, диарея, іштің кебуі, жайсыздық және іштің ауыруы, бұлар препаратты қолдануды тоқтатуға сирек әкеледі

- бауыр функциясының бұзылуы (мысалы, холестазбен және сарғаюмен), гепатит және бауыр функциясының жеткіліксіздігі

- гипонатриемия

Белгісіз

- сульфонилмочевина препараттарымен, сульфаниламидтермен немесе қоспаларымен айқаспалы сезімталдық болуы мүмкін

- көздің транзиторлық бұзылулары, әдеттегідей, қанда глюкоза деңгейінің ауытқуына байланысты, емдеу курсының бас кезінде байқалады

- бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы

- терінің аса жоғары сезімталдық реакциялары қышынумен, тері бөртпесімен, есекжеммен және фотосенсибилизациямен білінуі мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- глимепиридке, сульфонилмочевинаның басқа туындыларына және сульфаниламидтерге, сондай-ақ қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- 1 типті қант диабеті

- диабеттік прекома және кома

- кетоацидоз

- жүктілік және бала емізу

- бүйрек немесе бауыр функцияларының ауыр бұзылулары

- галактозаның жақпаушылығы, «Лапп» лактазаның жеткіліксіздігі, глюкоза – галактоза сіңуінің бұзылулары

- 18 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Глибетикті кейбір дәрілік заттармен бір мезгілде қолданған кезде оның гипогликемиялық әсері күшеюі де, сонымен қатар бәсеңдеуі де мүмкін. Сондықтан басқа дәрілік препараттарды дәрігерден кеңес алғаннан кейін немесе рецепт бойынша қабылдаған жөн.

Глибетик P450 2C9 (CYP2C9) цитохромымен метаболизденеді. Оның метаболизміне CYP2C9 индукторларын (мысалы, рифампицинді) немесе тежегіштерін (мысалы, флуконазолды) бір мезгілде қолдану ықпалын тигізетіні белгілі.

Флуконазол, CYP2C9 ең күшті тежегіштерінің бірі, глимепиридтің AUC мәнін шамамен 2 есе арттырады.

Гипогликемиялық әсердің күшеюі және, оның салдары ретінде, гипогликемия келесі дәрілік препараттармен бір мезгілде қолданғанда пайда болуы мүмкін:

- фенилбутазон, азапропазон және оксифенбутазон,

- инсулин және пероральді гипогликемиялық препараттар, мысалы, метформин сияқты,

- салицилаттар және п-аминосалицил қышқылы,

- анаболикалық стероидтар және еркектің жыныс гормондары,

- хлорамфеникол, әсері ұзаққа созылатын сульфаниламидтер; тетрациклиндер,

- хинолондар және кларитромицин,

- кумаринді антикоагулянттар,

- фенфлурамин,

- дизопирамид,

- фибраттар,

- АӨФ тежегіштері,

- флуоксетин, МАО тежегіштері,

- аллопуринол, пробенецид, сульфинпиразон,

- симпатолитикалық дәрілер,

- циклофосфамид, трофосфамид және ифосфамид,

- миконазол, флуконазол,

- пентоксифиллин (жоғары дозаларды парентеральді түрде енгізгенде),

- тритоквалин.

Гипогликемиялық әсерінің бәсеңдеуі және, оның салдары ретінде, гипергликемия келесі дәрілік препараттармен бір мезгілде қолданғанда пайда болуы мүмкін:

- эстрогендер және прогестерондар,

- салуретиктер, тиазидтік диуретиктер,

- тиреотроптық гормондар, глюкокортикоидтар,

- фенотиазин туындылары, хлорпромазин,

- адреналин және басқа да симпатомиметиктер,

- никотин қышқылы (жоғары дозалары) және никотин қышқылының туындылары,

- іш жүргізетін дәрілер (ұзақ қолданған кезде),

- фенитоин, диазоксид,

- глюкагон, барбитураттар және рифампицин,

- ацетазоламид.

Гистаминдік H2-рецепторлардың блокаторларын, бета-блокаторларды, клонидинді және резерпинді бір мезгілде қолданғанда Глибетиктің гипогликемиялық әсерін потенциялауға да, сонымен қатар төмендетуге де қабілетті.

Бета-блокаторлар, клонидин, гуанетидин және резерпин сияқты симпатолитикалық дәрілік заттардың ықпал етуімен гипогликемияға әкеп соғатын реттеуге қарсы симптомдары бәсеңдеуі немесе жоқ болуы мүмкін.

Алкогольді қабылдау Глибетиктің гипогликемиялық әсерін күтпеген жерден күшейтуі немесе бәсеңдетуі мүмкін.

Глибетикті қолдану аясында кумарин туындыларының әсері күшеюі немесе бәсеңдеуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Тамақ ішуді өткізіп алғанда немесе жүйесіз тамақтанғанда Глибетикпен емдеу гипогликемияның дамуына әкелуі мүмкін. Гипогликемияның болуы мүмкін симптомдарына мыналар жатады: бас ауыру, қатты ашығу, жүректің айнуы, құсу, қажығыштық, ұйқышылдық, ұйқының бұзылуы, мазасыздық, озбырлық, зейінділіктік, көңіл бөлудің және әрекет ету уақытының нашарлауы, жабырқаңқылық, бағдардан адасу, сөйлеудің және көрудің бұзылулары, афазия, тремор, парез, сезімталдықтың бұзылулары, бас айналу, дәрменсіздік сезімі, өзін бақылай алмау, делирий, церебральді құрысулар, сомноленция және қомаға дейін болатын есінен айырылу, беткейлік тыныс алу және брадикардия. Бұдан басқа, жабысқақ тер, үрейлену, тахикардия, гипертензия, жүрек қағуының жиілеуі, стенокардия және аритмия сияқты адренергиялық реттеуге қарсы симптомдары пайда болуы мүмкін.

Клиникалық көрінісі бойынша ауыр гипогликемиялық жағдай инсультті еске түсіруі мүмкін.

Симптомдар көмірсуларды (қантты) дереу қабылдаудан кейін әрдайым дерлік жоғалады. Қанттың жасанды алмастырғыштары әсер бермейді.

Сульфонилмочевинаның басқа туындылары жөніндегі мәлімдемелерден, қарсы әсер етудің тиімді алғашқы шараларына қарамастан, гипогликемиялық жағдай қайтадан пайда болуы мүмкін екендігі белгілі.

Ауыр немесе ұзаққа созылатын гипогликемия қанттың әдеттегі мөлшерін қабылдаумен уақытша ғана басылуы мүмкін, сондықтан шұғыл медициналық жәрдем, ал кейбір жағдайларда – ауруханаға жатқызу қажет.

Гипогликемияның дамуына ықпал ететін факторларға мыналар жатады:

- қарым-қатынасты қаламау немесе (бұл көбіне егде жастағы пациенттерде жиі кездеседі) оған қабілетсіздік;

- толыққанды емес, жүйесіз тамақтану, тамақ ішуді өткізіп алу және ашығу кезеңдері;

- диетағы кемшілік;

- дене жүктемесі мен көмірсуларды пайдалану арасындағы сәйкессіздік;

- алкогольді қолдану, әсіресе тамақ ішуді өткізіп алумен біріккен; бүйрек функциясының бұзылуы;

- бауырдың ауыр сырқаттары;

- глимепиридтің артық дозалануы;

- көмірсулардың метаболизміне немесе гипогликемия реттелуіне қарсы ықпал ететін эндокриндік жүйенің декомпенсация сатысындағы белгілі аурулары (мысалы, қалқанша без функциясының белгілі бұзылулары, аденогипофиз немесе бүйрекүсті безі қыртысының жеткіліксіздігі);

- басқа дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану.

Глибетикпен емдеу қанда және несепте глюкоза деңгейін үнемі бақылауды қажет етеді. Бұдан басқа, гликирленген гемоглобин деңгейін анықтау ұсынылады.

Глибетикпен емдеу үдерісінде бауыр функциясына және қан талдамасы көрсеткіштеріне (әсіресе лейкоциттерге және тромбоциттерге) мониторинг қажет.

Стресс жағдайларында (жарақаттарда, хирургиялық араласымдарда, инфекциялы ауруларда қызбамен қатар жүргенде) науқасты инсулинге уақытша ауыстыру қажеттілігі пайда болуы мүмкін.

Глибетикті бауырдың ауыр аурулары бар пациенттерде және гемодиализде жүрген науқастарда қолдану зерттелген жоқ. Бауыр мен бүйрек функцияларының ауыр бұзылулары бар пациенттерді инсулинге ауыстыру қажет.

Г6ФДГ жеткіліксіздігі бар пациенттерді сульфонилмочевина препараттарымен емдеу гемолиздік анемияның дамуына әкеп соғуы мүмкін. Глибетик сульфонилмочевина туындыларының класына жататын болғандықтан, оны Г6ФДГ жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолданғанда сақтық таныту және осы класқа жатпайтын баламалы препараттарды қолдану ұсынылады.

Глибетиктің өзінің құрамында лактоза моногидраты бар. Галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза сіңуінің бұзылу синдромы сияқты тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттерге осы препаратты қолдануға жол бермеген жөн.

Педиатрияда қолданылуы

Балаларда қолданудың тиімділігі және қауіпсіздігі анықталған жоқ.

Жүктілік және лактация

Препаратты жүкті және бала емізетін әйелдерге қолданбаған жөн.

Көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Гипогликемия немесе гипергликемия салдарынан, сондай-ақ көрудің нашарлауы салдарынан пациенттің зейіні және реакция жылдамдығы бұзылуы мүмкін. Пациенттер көлік жүргізу кезінде гликемияға жол бермеу үшін сақтық шаралары жөнінде хабардар болуы тиіс. Бұл факт гипогликемияның қауіпті симптомдары жөнінде жеткіліксіз хабардар адамдарда немесе гипогликемияның ұстамалары жиі болатын адамдарда аса маңызды. Бұл жағдайларда көлік жүргізу немесе механизмдерді басқарудың мақсатқа сай екендігі жөніндегі мәселені қарастырған жөн.

Артық дозалануы

Гипогликемия симптомдары: бас ауыру, ашығу ұстамалары, жүректің айнуы, құсу, шаршау, қимыл мазасыздығы, озбырлық, зейінділіктің және сезімталдықтың нашарлауы, депрессия, бағдардан адасу, сөйлеу мен көрудің бұзылуы, афазия, тремор, парездер, бас айналу, делирий, генезі церебральді құрысулар, қатты терлеу, мазасыздық, тахикардия, қан қысымының жоғарылауы, ұйқышылдық және естен тану. Жоғарыда аталған симптомдар артық дозаланудан кейін 24 сағаттан соң ғана басталуы және 12-ден 72 сағатқа дейін созылуы мүмкін.

Емі: құстыру, асқазанды шаю, белсендірілген көмірді, натрий сульфатын, сондай-ақ көмірсуларды (қант) қолдану. Ауыр өтетін артық дозалану жағдайында қарқынды емдеу бөлімінде жатқызу ұсынылады. Глюкозаның 50 мл 50% глюкоза ерітіндісі (болюс), әрі қарай далее 10% ерітіндісі көктамырішілік енгізіледі, қандағы глюкоза концентрацияларына мониторинг жүргізіледі. Әрі қарай емдеу симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.

Пішінді 3 қаптама медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші /қаптаушы ұйымның атауы және елі

«Польфарма» Фармацевтикалық зауыты АҚ

Пельплиньс к-сі 19, 83-200 Старогард Гданьски, Польша

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы,

Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81

Телефон нөмірі +7 7252 (561342)

Факс нөмірі +7 7252 (561342)

Электронды поштасы infomed@santo.kz

Қазақстан Республикасы аумағында тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81

Телефон нөмірі +7 7252 (561342) Факс нөмірі 7252 (561342)

Электронды поштасы infomed@santo.kz

Прикрепленные файлы

207854281477976198_ru.doc 66.83 кб
154991851477977448_kz.doc 176 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники