Гиотриф® (30 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Гиотриф®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Афатиниб
Дәрілік түрі
Үлбірлі қабықпен қапталған 20 мг, 30 мг, 40 мг, 50 мг таблеткалар
Құрамы
Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында
белсенді зат: афатиниб дималеаты түріндегі 20 мг, 30 мг, 40 мг, 50 мг афатиниб,
қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, кросповидон, магний стеараты,
қабықтың құрамы: гипромеллоза 2910, макрогол 400, титанның қостотығы (Е171), тальк, полисорбат 80, индигокармин алюминий лагы 11-14 %
(Е 132).
Сипаттамасы
20 мг: дөңгелек жиегі кертілген екі жағы дөңес ақ немесе сәл сарғыш түсті таблетканың бір жағында «Берингер Ингельхайм» компаниясының логотипі ойып басылған және екінші жағында «Т20» на белгісі бар үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар;
30 мг: дөңгелек жиегі кертілген екі жағы дөңес күңгірт көгілдір түсті таблетканың бір жағында Берингер Ингельхайм компаниясының логотипі ойып басылған және екінші жағында «Т30» на белгісі бар үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар;
40 мг: дөңгелек жиегі кертілген екі жағы дөңес ашық көгілдір түсті таблетканың бір жағында «Берингер Ингельхайм» компаниясының логотипі ойып басылған және екінші жағында «Т40» на белгісі бар үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар;
50 мг: сопақша жиегі кертілген екі жағы дөңес күңгірт көгілдір түсті таблетканың бір жағында Берингер Ингельхайм компаниясының логотипі ойып басылған және екінші жағында «Т50» на белгісі бар үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Ісікке қарсы препараттар. Протеинкиназа тежегіштері. Афатиниб.
АТХ коды L01XE13
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңуі
Ішке қабылдағаннан кейін Афатиниб қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясына (Сmax) 2-ден 5 сағатқа дейінгі кезеңде жетеді. ГИОТРИФ препаратының 20-дан 50 мг дейінгі доза диапазонында Сmax мәні және «концентрация-уақыт» (AUC0-∞) қисығы астындағы ауданның орташа мәні пропорционалды мәннен астамға ұлғайған. Препаратты құрамы майлы тамақпен бір уақытта қабылдағанда препаратты ашқарынға қабылдағанмен салыстырғанда афатинибтың жалпы әсері 50 %-ға (Cmax) және 39 %-ға (AUC0-∞) төмендеген. Ісіктің әртүрлі типтерімен пациенттерде клиникалық сынақтарды жүргізу нәтижелерінің талдауы негізінде тамақты ГИОТРИФ препаратын қабылдар алдында 3 сағат бұрын немесе енгізуден кейін 1 сағаттан соң ішкенде AUCτ,ss орташа 26 %-ға төмендегенін көрсетті. Осы себепті тамақты ГИОТРИФ препаратын қабылдар алдында 3 сағат бұрын немесе ең болмағанда, қабылдаудан кейін 1 сағаттан соң ішу керек.
Таралуы
In vitro зерттеулері афатинибтың плазма ақуыздарымен шамамен 95 %-ға байланысатындығын көрсетті. Афатиниб ақуыздарымен ковалентті емес (ақуызбен әдеттегі байланысу), және сондай-ақ ковалентті түрде байланысады.
Метаболизм
Ферменттермен катализделетін метаболизмдік реакциялар in vivo афатиниб әсерінде елеусіз рөл атқарады. Афатинибтың айналымдағы ірі метаболиттері ақуыздардың ковалентті аддуктарымен көрсетілген.
Шығарылуы
Афатиниб негізінен ішек арқылы шығарылады. 15 мг афатинибты ішке қабылдағаннан кейін организмнен шығарылғанда нәжісте дозаның 85,4 % және несепте 4,3 % анықталған. Енгізілген дозаның 88 % афатинибтың бастапқы құрамына сай келеді. Афатинибтың ақырғы жартылай шығарылу кезеңі шамамен 37 сағатты құрайды. Афатинибтың плазмадағы тұрақты концентрациясына афатинибты көп рет дозалағанда 8 күн ішінде қол жеткен, соның нәтижесінде артуы AUC0-∞ үшін 2,77 және Cmax үшін 2,11 құрады.
Пациенттердің ерекше топтарындағы фармакокинетикасы
Бүйрек функциясының бұзылуы
Афатинибтың бір реттік дозасының 5 % азы бүйрек арқылы шығарылады. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде ГИОТРИФ препаратымен емнің қауіпсіздігі, фармакокинетикасы және тиімділігі зерттелмеген. Клиникалық зерттеулердің нәтижелері бойынша бүйрек функциясының жеңіл немесе орташа бұзылуы бар пациенттерді емдегенде доза түзету талап етілмейтіні анықталды.
Афатинибтың орташа әсері Кокрофт-Голт формуласына сәйкес есептелген креатинин клиренсі (CrCL) төмендеуімен күшейеді. Яғни CrCL 79 мл/мин (CrCL медианалық деңгейі) пациенттермен салыстырғанда CrCL 60 мл/мин немесе 30 мл/мин пациенттер үшін афатиниб мөлшерінің (AUCτ,ss) көлемі тиісінше 13 % және 42 % ұлғайған, ал CrCL 90 мл/мин немесе 120 мл/мин (AUCτ,ss) пациенттер үшін тиісінше 6 % және 20 % төмендеген.
Бауыр функциясының бұзылуы
Афатиниб негізінен өтпен немесе нәжіспен шығарылады. Бауыр функциясының жеңіл (Чайлд-Пью бойынша А класы) немесе орташа (Чайлд-Пью бойынша В класы) бұзылуы бар пациенттерде ГИОТРИФ 50 мг препаратының бір дозасын қабылдағаннан кейін дені сау еріктілерде бақыланғандай әсері байқалған. Бұл ісік типтері әртүрлі пациенттердегі клиникалық сынақтардан алынған популяциялық фармакокинетика талдауы деректерімен сәйкес келеді. Бауыр функциясының жеңіл немесе орташа бұзылуы бар пациенттерде бастапқы дозаны түзету талап етілмейді. Бауырдың ауыр дисфункциясы (Чайлд-Пью бойынша С класы) бар пациенттерді емдегенде афатиниб фармакокинетикасы зерттелмеген.
Дене салмағының индексі
Қан плазмасындағы афатиниб мөлшерінің деңгейі (AUCτ,ss) дене салмағы 62 кг (пациенттердің орташа дене салмағы) пациенттермен салыстырғанда дене салмағы 42 кг (2,5 процентиль) пациенттер үшін 26 %-ға артқан және дене салмағы 95 кг (97,5 процентиль) пациенттер үшін 22 %-ға төмендеген.
Нәсілі, жасы афатиниб фармакокинетикасына клиникалық елеулі әсер етпеген.
Жынысы
Әйел жынысты пациенттердегі қан плазмасындағы афатиниб мөлшерінің деңгейі еркектермен салыстырғанда 15 %-ға ұлғайған.
Фармакодинамикасы
Әсер ету механизмі
Афатиниб ErbB тектестердің қуатты селективті, қайтымсыз блокаторы болып табылады, ковалентті байланыстырады және ErbB тектестері: EGFR ErbB (ErbB1), HER2 (ErbB2), ErbB3 және ErbB4 беретін барлық гомо-және гетеродимерлерден сигналды қайтымсыз бөгейді.
Фармакодинамикалық әсері
Рецептор мутациясынан және (немесе) ұлғаюымен және (немесе) лиганда рецепторларының шамадан тыс экспрессиялануынан туындаған ErbB қалыптан ауытқыған сигналы қатерлі фенотип түзілуіне ықпал етеді. EGFR генінің мутациясы өкпе обырының белгілі бір молекулярлық қосалқы типін сипаттайды.
Афатиниб in vitro ұсақ жасушалы емес өкпе обыры (ҰЖЕӨО) жасуша желілерінде және (немесе) in vivo ісік модельдерінде (ксенотрансплантаттарда немесе трансгендік модельдерде) мутацияланған эпидермалдық өсу факторы рецепторлары изоформаларымен (EGFR) (Т790М немесе T854A) қамтамасыз етілген өзінің EGFR эрлотиниб және гефитиниб қайтымды тежегіштеріне тұрақтылығымен белгілі ісікке қарсы елеулі белсенділігін сақтайды. Бұдан басқа экзон 20 Т790М мутациясын тасушы ісік белсенділігі клиникалық түрде анықталды. Экзон 20 инкерциялық мутациясы бар ҰЖЕӨО ісіктерінде клиникаға дейінгі шектеулі және (немесе) клиникалық белсенділігі тіркелген.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Ауқымды, рандомизацияланған көп орталықты ашық зерттеулерде жергілікті таралған EGFR оң мутациялы немесе метастаздық ҰЖЕӨО (IIIB немесе IV сатысы) бар пациенттерде ГИОТРИФ препаратының тиімділігіне және қауіпсіздігіне біріншілік бағалау жүргізілді. Полимераздық тізбектік реакциялар (ПТР) әдісі негізінде 29 әртүрлі EGFR мутациялары болуына пациенттерде скрининг жүргізілген. Зерттеулер TheraScreen® жинағын қолданумен жүргізілді: EGFR29 Qiagen Manchester Ltd мутация анықтауға арналған жинақ. Пациенттер ГИОТРИФ 40 мг препаратын күніне бір рет немесе пеметрекседті 6 циклға дейін (немесе цисплатин) қабылдау үшін рандомизацияланған (2:1). Рандомизацияланған пациенттер арасында ECOG 0 (39 %) немесе 1 (61 %) шкаласы бойынша бастапқы статусы бар 65 %-н 61 жастағы - орта жастағы әйелдер құрады.
Олардың 26 % - еуропалықтар, ал 72 % — азиялықтар құраған.
Негізгі ақырғы көрсеткіш — тәуелсіз сараптама жүргізу жолымен бағаланатын (PFS) ауру үдеуі болмайтын тіршілік ету қабілеті. Бастапқы талдау кезінде жалпы алғанда ГИОТРИФ препаратын қабылдаған пациенттердің 45 (20 %) және химиотерапия қабылдаған пациенттердің 3 (3 %) тірі қалды және аурудың үдеуі бақыланбаған.
Қолданылуы
- жергілікті таралған немесе эпидермалдық өсу факторы рецепторларының (ЭӨФ) мутациясымен метастаздық ұсақ жасушалы емес өкпе обыры (ҰЖЕӨО) бар науқастарда монотерапия ретінде ересек пациенттерді емдеу үшін.
Қолдану тәсілі және дозалары
ГИОТРИФ препаратымен ем онкологиялық ауруларды емдеу үшін тағайындалады және соған маманданған дәрігер бақылайды.
ГИОТРИФ препаратын тағайындағанға дейін ЭӨФ мутациясы статусын анықтау керек.
Ұсынылатын доза күніне бір рет 40 мг құрайды.
Препаратты тамақпен бір уақытта қолдануға болмайды. Препаратты тамақ ішуден кейін 3 сағаттан соң және келесі тамақ ішуден 1 сағат бұрын қабылдау керек.
ГИОТРИФ препаратымен емді аурудың үдеу белгілері пайда болған жағдайда немесе препарат пациентке жақпағанда оны тоқтату керек.
Дозаны арттыру
Егер бастапқы үш апта ішінде пациент препараттың бастапқы күнделікті 40 мг жақсы көтерсе (яғни диарея, тері бөртулері, стоматит және басқа да ауырлық дәрежесі CTCAE шкаласы бойынша > 1 жағымсыз реакциялар болмағанда), препараттың қабылданатын дозасын күніне 50 мг дейінгі ең жоғары дозаға дейін ұлғайтуға болады. Егер пациент дозасы бұрын төмендетілсе оны ұлғайтуға болмайды. Препараттың ең жоғары тәуліктік дозасы 50 мг.
Жағымсыз реакцияларда препарат дозасын түзету
Өзіне тән жағымсыз реакциялар (мысалы, ауыр/ұзақ диарея немесе терінің жағымсыз реакциялары) пайда болған жағдайда емді уақытша тоқтата тұру ұсынылады және препарат дозасын төмендету немесе 1 кестеде көрсетілуіне сәйкес ГИОТРИФ препаратымен емді тоқтату керек.
1 кесте. Жағымсыз реакцияларда препарат дозасын түзету бойынша ұсыныстар
CTCAEa шкаласы бойынша жағымсыз реакциялар |
Ұсынылатын дозалау |
|
1 дәрежелі немесе 2 дәрежелі |
Емді тоқтатпау керекb |
Дозасын түзету керек емес |
2 дәрежелі (симптомдары ұзақc немесе пациентке жағымсыз) > 3 дәрежелі |
0/1 b дәреже симптомдары білінгенге дейін емді уақытша тоқтата тұру |
Дозаны 10 мг d төмендетіп, препаратпен емді жаңғырту |
a Ұлттық онкология институтының (NCI) жиілігі көбірек жағымсыз құбылыстардың ауырлық дәрежесін бағалау критерийлері
b Диарея жағдайында дереу диареяға қарсы медициналық препараттар (мысалы, лоперамид) қабылдау керек және препарат қабылдауды сұйық нәжіс тоқтағанға дейін жалғастыру керек.
c Диарея кезеңінің ұзақтығы > 48 сағат және (немесе) тері бөртпелері кезеңінің ұзақтығы > 7 күн.
d Егер пациент препараттың күніне 20 мг дозасын көтере алмаса, ГИОТРИФ препаратымен емді тоқтату туралы мәселені қарастыру керек.
Пациенттерде жедел респираторлық симптомдар пайда болғанда немесе олардың ұлғаюында өкпенің интерстициальді аурулары (ӨИА) дамуы мүмкіндігін ескеру керек. Бұл жағдайда емдеуді пациенттің жай-күйін бағалауды аяқтағанға дейін тоқтата тұру керек. Егер ӨИА диагнозы қойылса, ГИОТРИФ препаратын қабылдауды тоқтату керек және емнің сәйкес келетін курсын тағайындау керек.
Қабылданбай өткізіп алған доза
Егер доза қабылданбай қалса препаратты пациент есіне түсе салысымен дереу қабылдауы тиіс. Алайда келесі дозаны қабылдауға дейін 8 сағат қалса, препараттың қабылданбай қалған дозасын қолданудың керегі жоқ.
Р-гликопротеин (Р gp) тежегіштерін пайдалану
P gp тежегіштерін (сондай-ақ ритонавир, циклоспорин А, кетоконазол, итраконазол, эритромицин, верапамил, хинидин, такролимус, нелфинавир, саквинавир және амиодарон препараттарын қоса) ГИОТРИФ препаратымен бірге қабылдау қажет болғанда тежегіштер дозасын ГИОТРИФ-тен бөлек 6 сағат (P gp тежегіштерін күніне екі рет қабылдау) немесе 12 сағат айырмашылықпен (P gp тежегіштерін күніне 1 рет қабылдау) қабылдау керек.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде препараттың қауіпсіздігін, фармакокинетикасын және тиімділігін зерттеу жүргізілмеген. Жеңіл және орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде доза түзету талап етілмейді. Препарат бүйрек функциясының ауыр бұзылуы (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) бар науқастарды емдеу үшін ұсынылмайды.
Бауыр функциясы бұзылуы бар пациенттер
Афатиниб әсерінің бауырдың жеңіл (бауыр зақымдануының Чайлд-Пью бойынша А класы) немесе орташа (бауыр зақымдануының Чайлд-Пью бойынша В класы) жеткіліксіздігі бар пациенттерде елеулі айырмашылығы болмайды. Бауырдың жеңіл немесе орташа дәрежелі жеткіліксіздігі бар пациенттерде доза түзету талап етілмейді. Ауыр дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге препарат әсері (бауыр зақымдануының Чайлд-Пью бойынша С класы) зерттелмеген. Бұл топтағы пациенттерді емдеу ұсынылмайды.
Балалар
Балалар мен жасөспірімдерді ГИОТРИФ препаратымен емдеу оны пайдаланудың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы ақпарат болмауы себепті ұсынылмайды.
Қолдану тәсілі
ГИОТРИФ дәрілік затын ішу арқылы қабылдау керек, таблеткаларды сумен іше отырып, тұтас жұту керек.
Егер таблетканы тұтастай жұту мүмкін болмаса, оны газдалмаған 100 мл ауыз суда (басқа сұйықтық қолдануға болмайды) келесі түрде еріту керек: бүтін таблетканы суы бар стақанға салып және ерітіндіні препарат ерігенше 15 минут бойы араластыру керек. Ерітіндіні дереу ішу керек. Стақанды 100 мл су құйып жуып-шайып және оны ішу керек. Ерітіндіні сондай-ақ асқазан зонды арқылы енгізуге болады.
Жағымсыз әсерлері
Клиникалық зерттеулер барысында афатиниб қабылдаған пациенттерде бақыланған қолайсыз құбылыстар келесі жіктемені пайдалана отырып, 2 кестеде келтірілген: жиі ≥1/100 - <1/10 дейін, жиі емес ≥1/1000 - <1/100 дейін, сирек ≥1/10000 - <1/1000 дейін, өте сирек <10000.
2 кесте. Клиникалық зерттеулерде анықталған жағымсыз әсерлер
Инфекциялық және паразиттік аурулар: |
|
Өте жиі: |
перионихия (тырнақ инфекциясын, тырнақ пластинасы инфекциясын қоса) |
Жиі: |
қуық қабынуы |
Зат алмасу және қоректену тарапынан бұзылулар: |
|
Өте жиі:: |
тәбет төмендеуі |
Жиі: |
сусыздануы гипокалиемия |
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар: |
|
Жиі: |
дәм сезудің бұзылуы |
Офтальмологиялық бұзылулар: |
|
Жиі: |
конъюнктивит «құрғақ көз» синдромы |
Сирек: |
кератит |
Тыныс алу жүйесі, кеуде және көкірек ортасы ағзалары жұмысының бұзылуы: |
|
Өте жиі:: |
мұрыннан қан кету |
Жиі: |
ринорея |
Сирек: |
өкпенің интерстициальді аурулары (ӨИА), ӨИА –ұқсас реакциялар (өкпе инфильтрациясы, пневмония, жедел тыныс алу жеткіліксіздігі синдромы, аллергиялық альвеолит), оның ішінде өліммен аяқталатын |
Асқазан-ішек жолдары тарапынан бұзылулар: |
|
Өте жиі: |
диарея стоматит (афтозды стоматитты, шырышты қабық қабынуын, ойық жаралы стоматитты, ауыз қуысының шырышының эрозиясы, шырышты қабық эрозиясын, шырышты қабықтың ойық жаралануын қоса) |
Жиі: |
диспепсия хейлит |
Гепатобилиарлы жүйе тарапынан бұзылулар: |
|
Жиі: |
аланинаминотрансфераза концентрациясының ұлғаюы (АЛТ) аспартатаминотрансфераза концентрациясының ұлғаюы (АСТ) |
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар: |
|
Өте жиі: |
бөртпе акне сияқты дерматит (анкені, пустулезді безеуді қоса) қышыну тері құрғауы, тері тілінуі |
Жиі: |
алақан-табан эритродизестезия синдромы |
Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіндер тарапынан бұзылулар: |
|
Жиі: |
бұлшықет түйілуі |
Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар: |
|
Жиі: |
бүйрек функциясы бұзылуы бүйрек жеткіліксіздігі |
Жалпы сипаттағы асқынулар және енгізу орнындағы реакциялар: |
|
Жиі: |
гипертермия салмақ төмендеуі |
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
белсенді заттарына, кез келген қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық
-
бүйрек функциясының ауыр бұзылуы (креатинин клиренсі < 30 мл/мин)
-
ауыр дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі (Чайлд-Пью шкаласы бойынша С класы бауыр зақымдануы)
-
сирек кездесетін тұқым қуалайтын аурулар (лактаза тапшылығы, лактоза жақпаушылығы, глюкоза-галактозды мальабсорбция)
-
жүктілік және бала емізу кезеңі
-
18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдік кезең (тиімділігі және қауіпсіздігі бойынша деректер болмауына байланысты)
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
P гликопротеиннің (P gp) және сүт безі обырының резистенттілік ақуызының (BCRP) афатинибқа әсері
In vitro зерттеулері афатиниб P gp субстраты және BCRP болып табылатынын көрсетті. ГИОТРИФ (20 мг) 1 дозасын қабылдар алдында бір сағат бұрын ритонавир — P gp белсенді тежегіші және BCRP (200 мг күніне екі рет 3 күн бойына) енгізілді. Афатиниб әсері 48 %-ға (қисық астындағы аудан (AUC0-∞)) және 39 %-ға (плазмадағы ең жоғары концентрациясы (Cmax)) ұлғайған. Ритонавир бір мезгілде немесе ГИОТРИФ 40 мг қабылдаған соң 6 сағаттан кейін енгізілген жағдайда, афатинибтің салыстырмалы биожетімділігі тиісінше 119 % (AUC0-∞) және 104 % (Cmax) және 111 % (AUC0-∞) және 105 % (Cmax) құрады. Сондықтан P gp қуатты тежегіштерін (бәріне қоса, ритонавир, циклоспорин А, кетоконазол, итраконазол, эритромицин, верапамил, хинидин, такролимус, нелфинавир, саквинавир и амиодарон препараттары) уақыты бойынша кейінге қалдырылған доза түрінде енгізу ұсынылады. Дұрысы ГИОТРИФ препаратын қабылдағанға дейін немесе одан кейін 6 немесе 12 сағаттан соң енгізген жөн.
P gp индукторларының афатинибқа әсері
Қуатты P gp индукторы Рифампицин препаратымен (600 мг 7 күн бойына күніне бір рет) алдын ала емдеу ГИОТРИФ препаратының 40 мг бір дозасын енгізгеннен кейін қан плазмасындағы афатиниб мөлшерін 34 % -ға (AUC0-∞) және (Cmax) 22 %-ға төмендетті. P gp белсенді индукторлары (бәріне қоса, рифампицин, карбамазепин, фенитоин, фенобарбитал препараттары немесе шайқурай (Hypericum perforatum) қоса алғанда) афатиниб әсерін төмендетуі мүмкін.
Афатинибтың P gp субстратына әсері
In vitro алынған деректер негізінде, афатинибтың P gp орташа тежегіші болып табылатыны анықталған. Клиникалық зерттеулерін негізге ала отырып, ГИОТРИФ препаратымен емінің өте аз ықтималдықпен қан плазмасында басқа P gp субстраттары концентрациясының өзгерістеріне әкелетіні анықталды.
BCRP өзара әрекеттесулері
In vitro зерттеулері афатинибтың BCRP тасымалдау ақуызының субстраты және тежегіші болып табылатынын көрсетті. Афатиниб ішу арқылы қабылданатын BCRP субстраттарының (бәріне қоса, розувастатин және сульфасалазин препараттарын қоса алғанда) биотиімділігін ұлғайтуы мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
ЭӨФР-мутациясының статусын анықтау
Пациенттің ЭӨФР-мутациясының статусын анықтауда тексерілген, сенімді әдістемені таңдаған маңызды және жалғантеріс және жалғаноң көрсеткіштерден аулақ болу керек.
Диарея
Диарея (әдетте емнің бастапқы 2 аптасы ішінде бақыланады, 3 дәрежелі диарея – бастапқы 6 апта ішінде) сирек жағдайда өліммен аяқталуға әкелуі мүмкін бүйрек жеткіліксіздігімен немесе онсыз сусыздануға әкелуі мүмкін. Диареяның алдын алу емінің (оның ішінде диареяға қарсы дәрілік заттармен үйлесімдегі талапқа сай гидратация), әсіресе препаратты қабылдаудың бастапқы 6 аптасы ішінде маңызы жоғары. Сондықтан емді диареяның бірінші белгілерінде диареяға қарсы дәрілік заттармен (мысалы, лоперамидпен) бастау керек. Қажет болғанда дозаны ең жоғары рұқсат етілген дозаға дейін ұлғайтуға болады. Нәжіс 12 сағаттан астам уақыт болмаған жағдайда препарат қабылдауды тоқтату керек. Диареяның ауыр түрі бар пациенттерге емді уақытша тоқтата тұру және дозаны азайту немесе ГИОТРИФ препаратын қабылдауды тоқтату керек. Сусыздануы бар пациенттерге электролиттер және сұйықтықтарды көктамырішілік енгізу талап етілуі мүмкін.
Жағымсыз тері реакциялары
Көп жағдайларда тітіркену күн сәулесі әсеріне ұшырағыш тері бөліктерінде тереңдей түсетін орташа эритематозды және безеу бөртпелері ретінде білінеді. Күн әсеріне сезімтал пациенттерге қорғағыш киім кию және күннен қорғайтын дәрілер пайдалану ұсынылады. Дерматологиялық реакцияларды емдегенде (мысалы, әсерін бәсеңдететін дәрілер, антибиотиктер) пайдаланылатын препараттарды ерте басынан қабылдау ГИОТРИФ препаратын үздіксіз қабылдауды жеңілдетуге көмектеседі. Ауыр тері реакциялары бар пациенттерге емді уақытша тоқтату немесе ГИОТРИФ препаратының дозасын азайту, сондай-ақ қосымша емдік араласулар талап етіледі және осыған ұқсас дерматологиялық реакцияларды емдеуге арнайы мамандандырылған дәрігерге жолдама беру керек.
Ауыр буллезді, Стивенс Джонсон синдромын көрсететін сирек жағдайларды қоса, іріңдігі бар немесе эксфолиативтік тері аурулары дамыған жағдайларда ГИОТРИФ медициналық препаратымен емдеуді уақытша тоқтата тұру немесе тоқтату керек.
Әйел пациенттер, салмағы төмен және қатарлас жүретін бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Зерттеулер әйел жынысты пациенттерге, дене салмағы төмен пациенттерге және қатарлас жүретін бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге афатинибтың жоғары дәрежелі әсерін анықтады. Бұл жағымсыз реакциялардың, атап айтқанда диарея, тітіркену/акне және стоматит біліну қаупін жоғарылатады. Қауіптің бұл факторлары бар пациенттерді аса мұқият бақылау ұсынылады.
Өкпенің интерстициальді ауруы (ӨИА)
ӨИА немесе ӨИА ұқсас реакциялар (өкпе инфильтрациясы, пневмония, жедел тыныс алу жеткіліксіздігі синдромы, аллергиялық альвеолит) жағдайлары тіркелген, оның ішінде ҰЖЕӨО емдеу үшін ГИОТРИФ қабылдайтын пациенттерде өлім жағдайымен аяқталғаны да бар, ӨИА ұқсас реакциялар 3800 астам пациентте 0,7 % жағдайда тіркелген.
CTCAE бойынша ≥ 3 дәрежелі ӨИА ұқсас реакциялар 0,5% пациентте тіркелді. Сыртартқысында ӨИА бар пациенттерде зерттеулер жүргізілмеген. ӨИА бар-жоғын анықтау үшін жедел ұстамасы және (немесе) өкпе симптомдарының (ентігу, жөтел, қызба) түсініксіз нашарлауы бар барлық пациенттерге мұқият бағалау жүргізілу керек. ГИОТРИФ препаратымен емдеуді бұл симптомдардың себептері анықталуы аяқталғанға дейін уақытша тоқтата тұру керек. Егер ӨИА диагностикаланса, ГИОТРИФ препаратын қабылдауды тоқтату керек және қажет болғанда сәйкес ем тағайындау керек.
Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі
Бауыр жеткіліксіздігі жағдайы (оның ішінде өліммен аяқталатыны бар) ГИОТРИФ препаратын қабылдайтын пациенттердің 1 % азында тіркелген. Бұл жағдайда асқындырушы фактор санына бұрын өткерген бауыр аурулары және (немесе) ісіктің үдеуіне байланысты патологиялар кіреді.
Бұрын бауыр ауруларын өткерген пациенттерде бауыр функциясына мезгіл-мезгіл тексеру жүргізу ұсынылады. Күніне 40 мг дозада қабылдайтын бастапқы деңгейдегі бауыр функиясы тестінің көрсеткіштері қалыпты пациенттердің 2,4 %-да АЛТ және АСТ жоғарылағаны бақыланды, бұл арада бастапқы деңгейдегі бауыр функиясы тестінің көрсеткіштері қалыптан ауытқыған пациенттерде 3,5 есе жоғары. Бауыр функциясы нашарлауы бақыланған пациенттерге ГИОТРИФ препаратымен емдеуде үзіліс жасау және ауыр бауыр жеткіліксіздігі дамыған жағдайда емді тоқтату ұсынылады.
Кератит
Көздің жедел қабынуы немесе қабынудың ұлғаюы, көзден жас ағуы, жарыққа сезімталдығы, көрудің бұлыңғырлануы, көздің ауыруы және (немесе) көздің қызаруы сияқты симптомдар пайда болған пациенттерге жедел түрде офтальмологқа қаралу керек. Егер ойық жаралы кератит диагнозы расталса, емді уақытша тоқтата тұру немесе тоқтату керек. Кератит диагностикаланғанда одан әрі қарай емнің салдары мен қаупін мұқият қарастыру керек. ГИОТРИФ препаратын кератиті, ойық жаралы кератиті немесе сыртартқысында құрғақ көз ауыр синдромы бар пациенттерге сақтықпен пайдалану керек. Сондай-ақ кератит және ойық жара дамуының қауіп факторы жанаспалы линза кию болып табылады.
Сол жақ қарынша функциясы
Сол жақ қарынша дисфункциясы HER2 рецепторы тежелуіне байланысты. Клиникалық сынақтар нәтижесі жүректің жиырғыш функциясына ГИОТРИФ препаратының жағымсыз әсерін растамайды. Алайда бұл медициналық препараттың сол жақ қарынша лықсытуының фракциясы аномальді (СЖҚЛФ) немесе сыртартқысында жүрек аурулары бар пациенттерге әсері зерттелмеген. Жүрек аурулары қаупінің факторы бар пациенттерге және жай-күйіне СЖҚЛФ әсер ететін пациенттерге емнің басында және ем барысында кардиомониторинг (СЖҚЛФ бағасын қоса) жүргізу керек. Пациенттерде жүрек ауруларының белгілері/симптомдары пайда болғанда пациенттің СЖҚЛФ бағасын қоса, кардиомониторинг жүргізу керек. Лықсыту фракциясы белгіленген шектік мәннен төмен пациенттерге кардиологпен кеңесу керек, сондай-ақ ГИОТРИФ препаратымен емді тоқтату мүмкіндігін немесе емді уақытша тоқтата тұруды қарастыру керек.
P gp өндірілуіне әсер ететін препараттармен өзара әрекеттесулері
Қуатты P gp индукторларымен қатарлас ем афатиниб әсерін әлсіретуі мүмкін.
Лактоза
Таблеткалар құрамында лактоза бар. Галактоза жақпаушылығына, лактаза жеткіліксіздігіне немесе глюкоза-галактозды мальабсорбциясына байланысты сирек кездесетін тұқым қуалайтын бұзылулары бар пациенттер бұл дәрілік препаратты қабылдауына болмайды.
Фертильділігі, жүктілік және лактация кезеңі
Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер
Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдерге сақтық шаралары ретінде ГИОТРИФ препаратымен ем кезінде жүкті болудан аулақ болу керек. Ем уақытында және препараттың соңғы дозасын қабылдағаннан кейін 1 айдан кем емес уақыт бойына контрацепцияның талапқа сай әдістерін пайдалану ұсынылады.
Жүктілік
Афатинибты жануарларда зерттеу ұрпақ өрбітуге уыттылығына қатысты тікелей немесе жанама зиян әсері туралы мәлімет бермейді. Афатинибты жануарларда зерттеу (енесі үшін өліммен аяқталатын доза деңгейлерін қоса) тератогендіктің ешбір белгілерін көрсетпеген. Дегенмен жағымсыз өзгерістері пациенттерге бақыланатын әсерінен аз болған уытты дозалар деңгейіне дейін шектеулі болды. Афатинибтың толық шығарылуы үшін қажет уақыт белгісіз. Жүкті әйелдерде бұл препаратты пайдалану туралы мәліметтер жоқ немесе шектеулі мөлшердегі ақпарат қана бар. Осы себепті адам өмірі үшін қаупі белгісіз. Пациент әйел жүктілік уақытында ГИОТРИФ препаратын қабылдаған жағдайда немесе препарат қабылдау кезінде немесе емінен кейін жүктілік басталғанда ол әйелді шарана үшін әлеуетті қаупі туралы хабардар ету керек.
Бала емізу
Жануарлардағы афатинибтың сүтке өтуі туралы фармакокинетикалық зерттеулер деректері бар. Осыған қарағанда препараттың ана сүтіне өтуінің ықтималдығы жоғары. Емшекпен емізудің бала үшін қаупі жоққа шығарылмайды. Берілген медициналық препаратты қабылдау кезінде аналарға емшекпен емізуден бас тарту ұсынылу керек.
Фертильділігі
Афатинибтың адам фертильділігіне әсерін зерттеу жүргізілмеген. Токсикология бойынша клиникаға дейінгі қолда бар деректер жоғарырақ дозаларда афатинибтың ұрпақ өрбіту мүшелеріне әсерін анықтады. Осы себепті, бұл препараттың адамның ұрпақ өрбіту функциясына жағымсыз әсері жоққа шығарылуы мүмкін емес.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
ГИОТРИФ автомобиль басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне елеусіз әсер етеді. Кейбір пациенттерде ГИОТРИФ препаратын қабылдағанда жағымсыз көз реакцияларының (конъюнктивит, көздің құрғауы, кератит) жағдайлары тіркелген. Бұндай жағымсыз реакциялар
пациенттің автомобиль басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етуі мүмкін.
Артық дозалануы
Симптомдары: Клиникалық зерттеулер барысында пациенттердің шектеулі санында афатинибты жоғары дозалау жағдайлары зерттелді. Дозасы үш күн бойына күнделікті 160 мг және 2 апта бойына күнделікті 100 мг құрады. Бұндай дозалауда бақыланған жағымсыз реакциялар негізінен дерматологиялық құбылыстар (бөртпе/акне) және асқазан-ішек жолдары тарапынан (көбіне диарея) біліністер болды. Ішке 360 мг афатинибты (біріктірілген дәрілік препараттың құрамдас бөлігі ретінде) қабылдаған дені сау 2 жасөспірімде артық дозалану жүрек айнуы, құсу, әлсіздік, бас айналуы, бас ауыруы, іштің ауыруы немесе амилаза концентрациясы ұлғаюы (ULN < 1,5 есе астам болатын) сияқты жағымсыз реакциялар түрінде анықталды. Пациенттің екеуі де осы жағымсыз реакциялардан кейін сауығып кетті.
Емі: Берілген медициналық препаратпен артық дозалануды емдеу үшін арнайы препарат жоқ. Артық дозалануына күдік болған жағдайда ГИОТРИФ препаратын қабылдауды тоқтату керек және демеуші емді бастау керек. Сіңбеген афатинибты жою үшін қажет болғанда құстыруға болады немесе асқазанды шаю керек.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Үлбірлі қабықпен қапталған 20 мг, 30 мг, 40 мг, 50 мг таблеткалар.
Тесілген ПВХ/ПВДХ үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 7 таблеткадан.
Пішінді ұяшықты қаптама ішінде 8 ұяшық бар, «Пайдаланғанға дейін ашуға болмайды» жазуы бар 1 ұяшық бос болады.
Әрбір пішінді ұяшықты қаптама ылғал сіңіргіші бар ламинацияланған алюминий үлбірден (полиэтилентерефталат/алюминий фольга / тығыздығы төмен полиэтилен) жасалған қаптамаға салынған.
4 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Сақтау шарттары
250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Берингер Ингельхайм Фарма ГмбХ және Ко.КГ, 55216 Ингельхайм, Германия
Тіркеу куәлігінің иесі
Берингер Ингельхайм Интернешнл ГмбХ, Германия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың қауіпсіздігіне тіркеуден кейінгі бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды поштасы)
«Берингер Ингельхайм Фарма Геселлшафт м.б.Х» Қазақстан Республикасындағы филиалы
Заңды мекенжайы және поштасы:
050008, Алматы қ., Абай даңғ., 52
«Innova Tower» БО, 7 қабат
Тел:+7-727-250-00-77
Факс:+7-727-244-51-77
PV_local_Kazakhstan@boehringer-ingelheim.com