Гинолакт

Производитель: Каталент С.п.А., разработано "Proge Farm s.r.l.", Италия
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Лактобациллы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012652
Информация о регистрации в РК: 09.10.2013 - 09.10.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Гинолакт

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Қынаптық капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат - Lactobacillus plantarum P 17630 108 КОЭ кем емес

қосымша заттар: орта тізбекті триглицеридтер, коллоидты кремнийдің қостотығы,

қабығы: этилпарагидроксибензоат натрий тұзы, пропилпарагидроксибензоат натрий тұзы, желатин, глицерин, диметилполисилоксан 1000, титанның қостотығы (Е 171).

Сипаттамасы

Сопақша пішінді, ақшыл-крем түсті жұмсақ желатин капсулалар 60.

Капсуланың ішіндегісі – ақтан сарғыш түске дейінгі суспензия.

Фармакотерапиялық тобы

Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептиктер және микробқа қарсы препараттар. Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептиктер және микробқа қарсы препараттар (кортикостероидтармен біріктірілімді қоспағанда). Басқа да антисептиктер және қабынуға қарсы препараттар. Лактобациллалар

АТХ коды G01AX14

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сүт қышқылының бактериялары әдетте қынапта болады, сондықтан олар жүйелiк абсорбцияға ұшырамайды.

Фармакодинамикасы

Сүт қышқылының бактериялары гликогенді сүт қышқылына метаболиздеудің салдарынан қынаптағы рН-ты азайтып, патогендік микроорганизмдердің өсуі үшін жағымсыз 3,8 және 4,4 аралығындағы ортаны қалыптастырады.

Қолданылуы

- вагинитте

- вульвовагинитте, соның ішінде овариальді жеткіліксіздікпен байланысты балалар және сенильді вагинитте (гипофолликулиндік лейкорея)

- вульваның қышынуында

- қынаптық дистрофияда.

Гинолакт, сонымен қатар трихомонадты вагинитті антибиотиктермен және химиотерапиямен емдеу кезінде со-адъювант ретінде қолданылады.

Қолдану тәсілі және дозалары

Бір қынаптық капсуланы күніне бір рет түнде. Енгізу тәсілі: шалқадан жатып қынаптық капсулаларды қынапқа тереңдетіп енгізіңіз.

Жағымсыз әсерлері

Сирек:

- аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді затқа немесе компоненттердің біріне жоғары сезімталдық

- 12 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Препараттың құрамында баяу түрде аллергиялық реакция тудыруы мүмкін парагидроксибензоат бар екендігін ескерген жөн.

Жүктілік және лактация кезеңі

Lactobacillus plantarum – бұл патогенді емес микроорганизм, қынаптың қалыпты микрофлорасының компоненті, демек препаратты жүктілік кезінде және лактация кезеңінде қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшелігі

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

6 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

1 пішінді ұяшықты қаптама медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

2-8°С температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

“Каталент С.п.А.”, Италия

Әзірлеген «Proge Farm s.r.l.», Италия

Тіркеу куәлігінің иесі

«ратиофарм ГмбХ», Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ратиофарм Қазақстан» ЖШС, Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 19, «Нұрлы тау» БО, 1Б, 603 кеңсе, телефон: (727) 3110915, факс: (727) 3110734, e-mail: teva@teva.kz

 

 

 

Прикрепленные файлы

156366041477976775_ru.doc 45.5 кб
958207221477977935_kz.doc 70 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники