Гинкор Форт®

МНН: Гептаминол, Гинкго Билоба, Троксерутин
Производитель: Бофур Ипсен Индастри
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Троксерутин в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№004680
Информация о регистрации в РК: 28.03.2017 - 28.03.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Гинкор Форт®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді заттар: стандартталған Гинкго билоба сығындысы - 14 мг, троксерутин - 300 мг, гептаминол гидрохлориді - 300 мг

қосымша құрамдас бөліктері: магний стеараты, сусыз кремнийдің қостотығы

капсуланың корпусы: темірдің сары тотығы (E172), титанның қостотығы (E171), желатин

капсуланың қақпақшасы: темірдің сары тотығы (E172), титанның қостотығы (E171), индиготин (Е132), желатин

Сипаттамасы

№ 0, сопақша пішінді, қақпақшасы – жасыл, корпусы – бозғылт-сары түсті, қатты желатинді капсулалар. Капсулалардың ішіндегісі – ақшыл сары түсті сығымдалған ұнтақ.

Фармакотерапеиялық тобы

Қылтамырлардың өткізгіштігін төмендететін препараттар. Басқа препараттармен біріктірілген троксерутин

АТЖ коды С05СА54

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Белсенді заттары мен олардың өзара әрекеттесуін назарға ала отырып, адамда фармакокинетикалық зерттеулер жүргізілген жоқ.

Фармакодинамикасы

Ангиопротективті дәрі. Гинкор Форт® қылтамырларды қорғайтын белсенділігі бар: қылтамырлар жақтауларының зақымдануға төзімділігін арттырады, қан тамырлар жақтауларының өткізгіштігін азайтады, микроциркуляция мен көктамырлық қан ағымын жақсартады. Ауыру сезімдерін төмендетеді. Бұл әсері кейбір ауыру медиаторлары мен қабынуды (гистамин, брадикинин, серотонин), лизосомальді ферменттер мен қабыну үдерісін туғызатын бос радикалдарды және коллагенді талшықтардың дегенерациясын бәсеңдетуіне негізделеді. Метаболикалық үдерістерді қалыпқа келтіреді, тіндерге гипоксияға қарсы әсер береді. Гинкор Форт® құрамындағы гептаминол гидрохлоридінің арқасында, көктамырлық қанның жүректің оң жақ бөліктеріне қайтарылуын күшейтеді.

Қолданылуы

- ауырлық сезімімен, парестезиялармен, аяқтардың ауыруымен білінетін аяқ көктамырлары қан айналымының бұзылуларында

- жедел және созылмалы геморройда

Қолдану тәсілі мен дозалары

Ішке

Веноздық-лимфатикалық жеткіліксіздікте (оның ішінде, созылмалы геморройда) таңертең 1 капсула және кешке 1 капсуладан, тамақтан кейін тағайындайды.

Тәуліктік дозасы – 2 капсула. Емдеу курсы – 30 күн.

Жедел геморройда 2 капсуладан таңертең және 2 капсуладан кешке, тамақтан кейін тағайындайды. Тәуліктік дозасы – 4 капсула. Емдеу курсы – 7-15 күн

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

- көрсетілімдері бойынша ұсынылған дозаларда қолданғанда жағымсыз әсерлері анықталмаған

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- гипертиреозда

- МАО тежегіштерімен бір мезгілде қолдануға

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Гинкор Фортты® МАО тежегіштерімен біріктіру қарсы көрсетілімді, құрамында гептаминол гидрохлоридінің болуынан, артериялық қан қысымының жоғарылау қаупі бар.

Айрықша нұсқаулар

Гептаминол бар болғандықтан, айқын артериялық гипертензиясы бар емделушілерде емдеудің басында артериялық қан қысымына мониторинг жүргізілуі тиіс.

Жедел геморрой ұстамасын емдеуде, препаратты қолдану анальді аймақтағы басқа ауруларды арнайы емдеу қажеттілігін жоққа шығармайды. Емдеу қысқа мерзімді болуы керек. Егер симптомдары тез жоғалмаса, емдеу қайта қарастырылуы тиіс.

Күн астында және ыстықта жүруді, ұзақ уақыт бойы тұрған қалыпта болуды және артық салмақ қосуды болдырмаңыз.

Ұзақ уақыт серуендеу мен ұстап тұратын шұлықтарды кию көктамыр циркуляциясының жақсаруына ықпал етеді.

Препараттың құрамына кіретін гептаминол спортшыларда допингке қарсы бақылауда оң реакция тудыруы мүмкін.

Жүктілік және лактация

Гинкор Форт® препараты жүктіліктің II және III триместрінде көрсетілімдері бойынша қолдануға болады.

Препараттың емшек сүтіне өтетіні туралы мәлімет жоқ, сондықтан препаратты лактация кезінде қолдану ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозаланғанда

Артық дозаланған жағдайларда (кездейсоқ немесе әдейі) қан қысымы мен жүректің жиырылу жиілігін мамандандырылған жағдайларда мониторингілеу ұсынылады.

Белгілері: АҚ жоғарылауы, тахикардия.

Емі: симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Пішінді ұяшықты қаптамада 10 капсуладан. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұқсаулықпен бірге картон қорапта 3 пішінді ұяшықты қаптамадан.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Бофур Ипсен Индастри, Франция

Beaufour Ipsen Industrie –

28100 Dreux (France)

Тіркеу куәлігінің иесі

Ипсен Фарма, Франция

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

ҚР-дағы Бофур Ипсен Фарма өкілдігі

050040 Алматы қ-сы, Әл Фараби даңғылы, 45, 2 кеңсе

Тел./факс: 8 (727) 2646448, 2646620, 2646715

Электронды поштасы: bakhtkul.orzhanovaova@ipsen.kz

 

 

Прикрепленные файлы

006508031477977148_ru.doc 51 кб
536806611477978314_kz.doc 59.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники