ГИДРОТЕН® ПЛЮС

МНН: Дексапантенол
Производитель: Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты, способствующие нормальному рубцеванию
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023265
Информация о регистрации в РК: 26.09.2017 - 26.09.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Гидротен® Плюс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған крем 30 г

Құрамы

1 грамм препараттың құрамында: белсенді заттар: декспантенол 50.00 мг, хлоргексидин гидрохлориді 5.00 мг;

қосымша заттар: полиэтиленгликоль (ПЭГ-6) стеарат, этиленгликоль пальмитостеарат және полиэтиленгликоль (ПЭГ-32) стеарат қоспасы (TEFOSE 63), 2-октилдодецил миристат, жожоба майы, стеарил спирті, вазелин, минерал майы, магний стеараты, лаванда хош иістендіргіші, тазартылған су.

Сипаттамасы

Ішінде бөгде заттар жоқ, жұмсақ тегіс консистенциялы, ақ немесе ақ дерлік түсті өзіне тән иісі бар біртекті крем.

Фармакотерапиялық тобы

Артық тыртықтануды емдеуге арналған басқа препараттар. Декспантенол.

АТХ коды D03АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Декспантенол теріге тез сіңеді. Декспантенол пантотен қышқылына (В5 дәрумені) айналады және осы дәруменнің эндогенді бөлігімен бірлеседі. Қанда пантотен қышқылы плазма ақуыздарымен байланысады (ß-глобулиндер және альбумин); өзгермеген күйде – 60-70% несеппен, қалған бөлігі АІЖ шығарылады.

Хлоргексидин теріге жаққанда іс жүзінде сіңбейді. Пероральді қолданған кезде хлоргексидин толығымен дерлік нәжіспен бөлінеді.

Фармакодинамикасы

Декспантенол Гидротен® Плюс препаратының белсенді компоненті болып табылады, жасушада тез пантотен қышқылына айналады (В5 дәрумені). Пантотен қышқылы – эссенциялық А коэнзимінің компоненті. А ацетилкоэнзимі түрінде жасуша метаболизмінде маңызды рөл атқарады және тері және шырышты қабықтың регенерациясын жақсартады. Декспантенол жергілікті қолданғанда тез таралады.

Хлоргексидин гидрохлориді ең белсенді және тері инфекцияларына, әсіресе, алтын стафилококк штаммдары мен микроорганизмдерге ерекше сезімтал грамоң бактерияларға қатысты бактерицидтік белсенділікпен көтерімділігі жақсы жергілікті антисептиктердің бірі. Ол сондай-ақ грамтеріс бактериялар мен зеңдерді (Candida түрі) жояды.

Қолданылуы

- инфекция қаупі бар кезде шығу тегі кез келген жарақаттар: сыдырулар, сызаттар, кесілген жерлер, жарылу, күйіктер, ойық жаралар, дерматиттер

- созылмалы жарақаттарды емдеу (тесілу, аяқ және басқа жердегі ойық жаралар)

- тері инфекциялары кезінде, мысалы, салдарлы инфекция жұқтырған экзема, нейродерматиттер

- емшек емізетін аналарда емшек ұшының жарылуын емдеу

Қолдану тәсілі және дозалары

Кремді күніне бір немесе бірнеше рет жұқа қабатпен, қажет болған жағдайында алдын ала тазартылған жараға немесе терінің зақымданған бөліктеріне жағады және ақырындап сылайды. Қажет болған жағдайда таңғышты пайдалануға болады.

Емдеу ұзақтығы емнің көрсеткіштері мен тиімділігіне тәуелді.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- аллергиялық реакциялар (есекжем, қышыну).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың компоненттеріне жеке жоғары сезімталдық

- терінің ауқымды бөліктері зақымданғанда

- дабыл жарғағы тесілгенде

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа препараттармен өзара әрекеттесу жағдайлары белгісіз.

Хлоргексидин гидрохлориді құрамында анионды топтар (сапониндер, натрий лаурилсульфаты, натрий карбоксиметилцеллюлозасы) бар детергенттермен, сондай-ақ сабынмен үйлесімсіз.

Айрықша нұсқаулар

Көзге, құлаққа және шырышты қабықтарға тигізуден аулақ болған жөн. Декспантенол хлоргексидинмен бірге (Гидротен® Плюс) инфекция жұқтыратын / инфекция жұқтырмаған терінің тітіркенуін (мысалы, күнге күю) емдеу үшін қолданылмауы тиіс.

Жүктілік және лактация кезеңі

Кремді жүктілік және емшек емізу кезінде (емшек емізер алдында препаратты жуып тастау қажет) пайдалануға болады.

Жүктілік және емшек емізу кезінде терінің ауқымдырақ бөліктерінің зақымдануында қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: сирек жағдайларда терінің тітіркенуі (терінің бір бөлігіне өте жиі қолданған кезде)

Емі: Препаратты қолдануды тоқтату. Симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 г препараттан жарғақшаны тесуге арналған пластмасса қалпағы бар алюминий сықпаға салынады. 1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші/ Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы:

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

050008, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е.

Телефон нөмірі: (+7 727) 399-50-50

Факс нөмірі: (+7 727) 399-60- 60

Электронды пошта nobel@nobel.kz

Прикрепленные файлы

Гидротен_Плюс_крем._каз_._.doc 0.05 кб
Гидротен_Плюс_крем._рус_._.doc 0.05 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту