Гидротен (мазь)

МНН: Декспантенол
Производитель: Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Dexpanthenol
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№022322
Информация о регистрации в РК: 07.10.2020 - 07.10.2030

Инструкция

Саудалық атауы

Гидротен

Халықаралық патенттелмеген атауы

Декспантенол

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 5% жақпамай

Құрамы

Бір грамм жақпамайдың құрамында

белсенді зат – 50 мг декспантенол,

қосымша заттар: хлоргексидин гидрохлориді, полиэтиленгликоль ПЭГ-6 стеараты, этиленгликоль пальмитостеарат қоспасы (TEFOSE 63), 2-октилдодецил миристаты (MOD), жожоба майы, стеарил спирті, ланолин, вазелин, сұйық парафин, ЭДТА динатрийі, пропиленгликоль, тазартылған су.

Сипаттамасы

Ішінде бөгде заттар жоқ, біртекті жұмсақ консистенциялы, ақ немесе ақ дерлік түсті өзіне тән иісі бар жақпамай.

Фармакотерапиялық тобы

Асқын тыртықтануды емдеуге арналған басқа препараттар. Декспантенол.

АТХ коды D03АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Декспантенол теріге тез сіңеді. Декспантенол пантотен қышқылына айналады және дәруменнің эндогенді бөлігімен бірлеседі. Қанда пантотен қышқылы плазма ақуыздарымен байланысады; өзгермеген күйде – 60-70% несеппен, қалған бөлігі нәжіс массасымен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Декспантенол – пантотен қышқылының туындысы. Пантотен қышқылы - суда еритін В дәрумені кешені– А коферментінің құрамдас бөлігі болып табылады және ацетилдену, тотығу, көмірсу және май алмасуына, үшкарбонды қышқылдың оралымына, ацетилхолин, глюкокортикостероидтар, порфиндер синтезі үдерісіне қатысады. Терінің регенерациясын ынталандырады, жасушалық метаболизмді қалпына келтіреді, коллагенді талшықтардың төзімділігін арттырады. Пантотен қышқылына қажеттіліктің артуы тері немесе тіндердің зақымдануы кезінде байқалады, Пантенолды жергілікті қолдану терідегі пантотен қышқылының жеткіліксіздігін толықтырады. Препарат регенерациялаушы, метаболизмдік және әлсіз қабынуға қарсы әсер етеді.

Қолданылуы

- жеңіл зақымдануларда, жарылуларда, сыдыруларда, тері тітіркенулерінде, жөргектен пайда болған эритемада, жеңіл күйіктерде, созылмалы ойық жараларда, тесілулерде, теріні ауыстырып салғанда терінің жазылу үдерісін тездету (белсенділендіру) үшін

- емшек еметін балалардың баздануын емдеу және профилактикасында

- емшек емізу кезеңінде сүт бездерінің күтімінде: емшек ұшының «құрғауын» және жарылуын емдеу

- тері қабатының тұтастығы бұзылған кезде терінің құрғақтығын емдеу және профилактикасында

Қолдану тәсілі және дозалары

Жақпамайды терінің зақымданған немесе қабынған бөліктеріне күніне 1-2 рет жағады. Емшек емізетін аналардың сүт бездерінің күтімі: жақпамайды емшектің ұшына әр емізгеннен кейін жағады.

Емшек еметін баланың күтімі: жақпамайды жаялықты (жөргекті) ауыстырған сайын жағады.

Емдеу ұзақтығы емнің көрсеткіштері мен тиімділігіне тәуелді.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- аллергиялық реакциялар (есекжем, қышыну, эритема, экзема, бөртпе, терінің тітіркенуі, күлдіреуіктер).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- пантотен қышқылының туындыларына немесе препараттың басқа компоненттеріне жеке жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттестуі

Басқа препараттармен өзара әрекеттесу жағдайлары белгісіз.

Айрықша нұсқаулар

Аллергиялық реакциялар пайда болған жағдайда, препаратты қолдануды тоқтату қажет. Көзге тигізуге болмайды.

Жүктілік және лактация

Көрсеткіштер бойынша қолдану мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

5% Гидротен жақпамайы, 30 г көлік құралдарын және басқа механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары белгісіз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 г препараттан жарғақшаны тесуге арналған пластмасса қалпағы бар алюминий сықпаға салынады.

1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы,

Алматы қ-сы, Шевченко к-сі 162 Е

Тіркеу куәлігінің иесі

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы,

Алматы қ-сы, Шевченко к-сі 162 Е

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы

Алматы қ-сы, Шевченко к-сі 162 Е.

Телефон нөмірі: (+7 727) 399-50-50

Факс нөмірі: (+7 727) 399-60- 60

Электронды поштасы nobel@nobel-aff.kz

Дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы:

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы,

Алматы қ-сы, Шевченко к-сі 162 Е

Телефон нөмірі: (+7 727) 399-50-50

Факс нөмірі: (+7 727) 399-60- 60

Электронды поштасы nobel@nobel.kz

Прикрепленные файлы

217184171477976170_ru.doc 58.5 кб
294539121477977472_kz.doc 54.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники