Гидроперит (1.5 г, 8 таблеток)

МНН: Мочевины пероксид
Производитель: Татхимфармпрепараты ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Hydrogen peroxide
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010362
Информация о регистрации в РК: 28.05.2018 - 28.05.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Гидроперит

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Cыртқа қолдану үшін ерітінді дайындауға арналған таблеткалар, 1.5 г

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – мочевина пероксиді (гидроперит) 1.5 г

Сипаттамасы

Болымсыз байқалатын теңбілдері бар мөлдір кристалды, сызығы жоқ, суда жылдам еритін ақ түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және зарарсыздандыратын препараттар. Антисептиктер және зарарсыздандыратын басқа да препараттар. Сутегінің асқын тотығы

АТХ коды D08AХ01

Фармакологиялық қасиеттері

Гидроперит тотықтырғыштардың антисептикалық дәрісінің тобына жатады және мочевинасы бар сутегінің асқын тотығының кешенді қоспасы болып табылады. Гидроперит организмнің каталаза және пероксидаза сияқты ферменттерімен өзара байланысқан кезде гемостатикалық және антимикробты әсер байқататын оттегі бөлінеді, сондықтан препаратты сұйылтқаннан кейін сутегі асқын тотығының дайын ерітіндісінің орнына қолдануға болады. Оны қолданған кезде микроорганизмдер санының тек уақытша азаюы болады, сондықтан препаратты стерилизациялайтын зат ретінде пайдалану мақсатқа сай емес.

Қолданылуы

- стоматиттер, баспалар, гинекологиялық аурулар кезінде шаю және жуу үшін

- мұрыннан қан кету, беткейлік жаралардан қылтамырлық қан кетулер кезінде шағын беткейлік жараларды шаю үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Гидроперит сулы ерітінді түрінде қолданылады.

Ауыз және тамақ қуысын шаю үшін 1 таблетканы стақан суда (0,25 % сутегінің асқын тотығы ерітіндісінде) ерітеді.

Шаю үшін 4 таблетканы стақан суда (1 % сутегінің асқын тотығы ерітіндісінде) ерітеді.

Жағымсыз әсерлері

  • жараны өңдеу кезінде ашытып күйдіруді сезіну

  • аллергиялық реакциялар

  • тіл бүртіктерінің гипертрофиясы (ауыз қуысын шаю үшін ұзақ уақыт қолданған кезде)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Сипатталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Антисептикалық әсері стерилизациялау болып табылмайды, тек микроорганизмдер санының уақытша азаюы болады.

Окклюзиялық таңғыштарды қолдануға болмайды.

Қуыстарға бүркуге болмайды, көзге түсуден сақтану керек.

Сілтілік ортада, сілтілік металлдар, күрделі радикалдар, оксиданттар бар кезінде, жарыққа, жылыға тұрақсыз.

Жүктілік кезінде және бала емізу кезеңінде қолдану

Препаратты жүктілік кезінде және бала емізу кезеңінде тек дәрігердің ұсынысы бойынша ғана қолдану керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшелігі

Жоғары назар шоғырландыруды және психомоторлық реакциялар жылдамдығын талап ететін көлік құралдарын басқару, механизмдермен жұмыс істеу және қауіптілігі зор басқа қызмет түрлерімен айналысу қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Препараттың артық дозалануы жөнінде деректер жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Екі жағы да біріктірілген материалмен, қағаздан, үлбірден жасалған орамдардағы қаптағыш материалдарынан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамаға 8 таблеткадан салынған. Пішінді ұяшықсыз қаптама медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың тең санымен тікелей топтамалық қаптамаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 200С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

“Татхимфармпрепараты” ААҚ, Ресей,

420091, Қазан қаласы, Беломорская көшесі, 260

(843) тел. 571-85-58; факс: 571-85-38

E-mail: marketing@tatpharm.ru

Тіркеу куәлігінің иесі

“Татхимфармпрепараты” ААҚ, Ресей,

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Мега Фарм Плюс» ЖШС, ОҚО, Шымкент қ-сы, Пограничная к-сі, №2/А

Тел./факс: (725) 240 92 85

e-mail: Megafarmplus@yandex.kz

 

Прикрепленные файлы

670744711477976925_ru.doc 45.5 кб
889995481477978085_kz.doc 45 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники