Гидрокортизона ацетат (2,5 %) (Hydrocortisone)

Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Гидрокортизон ацетаты
Халықаралық патенттелмеген атауы
Гидрокортизон
Дәрілік түрі
Инъекцияға арналған 2,5 % 2 мл суспензия
Құрамы
1 мл суспензияның құрамында
белсенді зат – 25 мг гидрокортизон ацетаты 100% құрғақ затқа шаққанда
қосымша заттар: пропиленгликоль, сорбит (Е420), повидон, натрий хлориді, бензил спирті, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Препарат 2 минуттай шайқағаннан кейін тұрған кезінде шөгетін, өзіне тән иісі бар ақ немесе сарғыш реңді ақ түсті суспензия түрінде болады.
Фармакотерапиялық тобы
Жүйелі пайдалануға арналған кортикостероидтар. Глюкокортикостероидтар. Гидрокортизон.
АТХ коды H02AB09
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Жергілікті қолданылатын гидрокортизон сіңуі және жүйелік әсер көрсетуі мүмкін. Салыстырмалы түрде енгізілген жерден баяу сіңеді. Препараттың 90%-на дейін қан ақуыздарымен байланысады (транскортинмен – 80 %, альбуминдермен – 10 %), 10 %-ға жуығы бос фракция түрінде болады. Метаболизмі бауырда жүзеге асады. Синтетикалық туындылардан ерекшелігі, препараттың мардымсыз мөлшері плацента арқылы өтеді (67 %-ға дейіні плацентаның өзінде белсенді емес метаболиттерге дейін ыдырайды). Гидрокортизон метаболиттері көбінесе бүйрекпен шығарылады.
Фармакодинамикасы
Гидрокортизон ацетаты табиғи тектегі глюкокортикостероидтар тобына жатады. Шокқа қарсы, уыттылыққа қарсы, иммуносупрессиялық, антиэкссудаттық, қышынуға қарсы, қабынуға қарсы, десенсибилизациялаушы әсер иеленген. Аса жоғары сезімталдық реакциясын, қабыну ошағындағы пролиферативтік және экссудаттық үдерістерді тежейді. Гидрокортизон ацетатының әсері спецификалық жасушаішілік рецепторлар арқылы жүзеге асады. Қабынуға қарсы әсері барлық қабыну фазаларының тежелісіне: жасушалық және субжасушалық жарғақшалардың тұрақтануына, лизосомалардан протеолитикалық ферменттердің босап шығуының азаюына, асқын тотықты анион мен басқа бос радикалдар түзілуінің тежелуіне негізделген. Гидрокортизон қабыну медиаторларының, соның ішінде интерлейкин-1 (ИЛ-1), гистамин, серотонин, брадикинин және т.б. босап шығуын тежейді, фосфолипидтерден арахидон қышқылының босап шығуын және простагландиндер, лейкотриендер, тромбоксан синтезін азайтады. Жасушалық қабыну инфильтраттарын азайтады, қабыну ошағына лейкоциттер мен лимфоциттер көшуін төмендетеді. Қабыну үдерісі барысындағы дәнекер тіндік реакцияларды тежейді және тыртықты тіннің түзілу қарқындылығын төмендетеді. Гиалурон қышқылын өндіріп шығаратын жуан жасушалар санын азайтады, гиалуронидаза белсенділігін бәсеңдетеді және қылтамырлар өткізгіштігінің азаюына ықпал етеді. Коллагеназа өндірілуін тежейді және протеаза тежегіштерінің синтезін белсенділендіреді. Бұлшықет тініндегі ақуыздар синтезін төмендетіп, катаболизмін күшейтеді. Стероидты рецепторларды көтермелеп, ісінуге қарсы әсер тән болатын ақуыздардың ерекше класы – липокортиндердің түзілуін индукциялайды. Бауырда гликоген деңгейін арттыратын және гипергликемияның дамуын туғызатын контринсулярлы әсері бар. Организмдегі натрий мен суды бөгеп, осы орайда айналымдағы қан көлемін ұлғайтады әрі артериялық қысымды көтереді (шокқа қарсы әсер).
Ас қорыту жолынан калийдің шығарылуын көтермелейді, кальцийдің сіңірілуін төмендетеді, сүйек тінінің минералдануын азайтады.
Басқа глюкокортикоидтар сияқты, гидрокортизон қандағы Т-лимфоциттер мөлшерін төмендетіп, сол арқылы Т-хелперлердің В-лимфоциттерге ықпал етуін азайтады, иммундық кешендер түзілуін тежеп, аллергиялық реакциялар көріністерін азайтады.
Қолданылуы
-
остеоартрит
-
әртүрлі моноартроздар (тізе, шынтақ, ұршық буындарының)
-
ревматоидты артрит және өзге текті артриттер (туберкулёздік және создық артриттерді қоспағанда)
-
иық-жауырын периартриті, бурсит, эпикондилит, тендовагинит
-
анкилоздық буындарға жасалатын операция алдында
-
жүйелік кортикостероидтық емге жергілікті толықтыру ретінде
Қолдану тәсілі және дозалары
Қолданар алдында ампуланың ішіндегісін гомогенді суспензия түзілгенше сілкиді.
Ересектер мен 14 жастан асқан балаларға: бір реттік дозасы буынның өлшеміне және аурудың ауырлығына қарай – буынішілік және периартикулярлы 5-50 мг гидрокортизон.
24 сағат ішінде ересектерге үш буыннан көп жерге инъекция салуға болмайды.
3 жастан бастап балаларға: гидрокортизонның бір реттік дозасы буынның өлшеміне және аурудың ауырлығына қарай – буынішілік және периартикулярлы 5-30 мг.
Препаратты буын ішіне енгізген кездегі емдік әсері 6-24 сағат ішінде басталады және бірнеше тәуліктен бірнеше аптаға дейін сақталады. Препаратты 3 апта өткен соң қайталап енгізуге болады.
Препаратты тікелей сіңірлерге енгізуге болмайды, сондықтан тендинитте препаратты сіңір қынабына енгізу керек.
Препаратты жүйелі кортикостероидтық ем үшін қолдануға болмайды.
Жағымсыз әсерлері
Жиі
- тіндердің ісінуі және инъекция салған жердегі ауыру
- жараның баяу жазылуы, тері атрофиясы, стриялар, акне тәрізді бөртпе, қышыну, фолликулит, гирсутизм, гипопигментация
- терінің құрғауы, жұқаруы және жоғары сезімталдануы, телеангиэктазиялар
Сирек
Препаратты ұзақ уақыт қолданған кезде кортикостероидтың жүйелік әсерімен байланысты жағымсыз әсерлер пайда болуы мүмкін:
- глюкозаға төзімділіктің төмендеуі және диабетке қарсы препарат қажеттілігінің артуы, латентті диабет манифестациясы, стероидты қант диабеті, бүйрек үсті бездері қызметінің бәсеңдеуі, Иценко-Кушинг синдромы, балалар мен жасөспірімдердегі өсу мен жыныстық даму кідірісі, етеккір оралымының бұзылуы
- жүрек айну, құсу, панкреатит, пептикалық ойық жара, эзофагит, қан кетулер және АІЖ тесілуі, тәбеттің артуы, метеоризм, ықылықтау
Сирек жағдайларда
- бауыр трансаминазалары белсенділігінің және сілтілі фосфатазаның жоғарылауы
- гидрокортизонның үлкен дозаларында: АҚ көтерілуі, гипокалиемия және оған тән ЭКГ өзгерістері, тромбоэмболия, жүрек жеткіліксіздігі
- ұйқысыздық, ашушаңдық, қозу, эйфория, эпилепсия түріндегі құрысулар, психикалық бұзылыстар, делирий, бағдардан жаңылу, елестеулер, маниакальді-депрессиялық психоз, депрессия, паранойя, көру жүйкесі бүртігінің ісінуімен бассүйекішілік қысымның көтерілуі, бас айналу, мишықтың жалған ісігі, бас ауыру
- калийдің көп шығарылуы, гипокалиемия, дене салмағының артуы, теріс азоттық теңгерім, қатты терлеу
- мөлдір қабықтың ойық жаралануы, артқы капсулалық катаракта (балаларда көбірек ықтимал), көру жүйкесін зақымдауы мүмкін көзішілік қысымның көтерілуі, көздердің салдарлы бактериялық зеңді және вирустық жұқпалары, мөлдір қабықтың трофикалық өзгерістері, экзофтальм, глаукома
- балалардағы өсу және сүйектену үдерістерінің баяулауы (эпифизарлық өсу аймақтарының мезгілінен бұрын жабылуы), остеопороз
- шеткергі ісінулердің түзілуімен сұйықтық пен натрийдің кідіруі, гипернатриемия, гипокалиемиялық синдром (гипокалиемия, аритмия, миалгия, бұлшықеттердің түйілуі, қатты әлсіреу, қажу), гипокалиемиялық алкалоз
- оппортунистік жұқпалар, латентті туберкулездің өршуі, жоғары сезімталдық реакциялары; жергілікті және жайылған: тері бөртпесі, анафилактикалық шок, пиодермия мен кандидоздардың дамуына, жұқпалардың өршуіне бейімділік, әсіресе, вакцинация кезінде және иммуносупрессиялық дәрілермен емдегенде
- қоршаған тіндердің некрозы, инъекция орнында тыртықтардың түзілуі
Өте сирек
- сүйектердің патологиялық сынулары, тоқпан жілік және ортан жілік басының асептикалық некрозы, сіңірлер мен бұлшықеттердің жыртылуы, стероидтық миопатия, бұлшықет салмағының азаюы, артралгиялар
Егде жаста кортикостероидтардың жағымсыз әсерлері едәуір қарқынды көрініс береді.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың әсер етуші заттарына немесе қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық
- жұқпаланған буын
- асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы
- тромбофлебиттер және тромбоэмболиялық құбылыстар
- эпилепсия, психикалық аурулар
- артериялық гипертензияның ауыр түрлері, жүрек қызметінің қалпына келмеуі, жедел эндокардит
- остеопороз
- жүктілік және лактация кезеңі
- қант диабеті, Иценко-Кушинг синдромы
- туберкулездің белсенді түрлері, ЖИТС
- жүйелі зең аурулары
- жедел жұқпалы аурулар
- ахилл сіңірлерін емдеу
- бүйрек жеткіліксіздігі
- вакцинация кезеңі
- 3 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Аддисон ауруынан зардап шегетін ауруларды емдегенде барбитураттармен біріктіруден аулақ болу қажет (криз басталуы мүмкін).
Мыналармен бір мезгілде тағайындағанда абай болу қажет:
-
барбитураттармен, фенилбутазонмен, фенитоинмен және рифампицинмен (кортикостероидтар әсері төмендеуі мүмкін);
-
диабетке қарсы ішуге арналған дәрілермен (кортикостероидтардың гипергликемиялық әсерін ескеріп, олардың дозасын өзгерту қажет);
-
антикоагулянттармен (антикоагулянттық әсердің күшеюі немесе әлсіреуі);
-
салицилаттармен (плазмадағы салицилаттар деңгейі төмендеп, жасырын асқазан-ішектен қан кетуі немесе ойық жаралардың пайда болуы мүмкін);
-
амфотерицинмен, диуретиктермен, теофиллинмен, жүрек гликозидтерімен (гипокалиемияның даму қаупі артады);
-
ішу арқылы қабылданатын контрацептивтермен (қандағы кортикостероидтар концентрациясы жоғарылайды);
-
гипертензияға қарсы дәрілермен (кортикостероидтар гипертензияға қарсы дәрілердің тиімділігін төмендетеді);
-
мефипристонмен (кортикостероидтар тиімділігі төмендейді).
Айрықша нұсқаулар
Буын ішіне енгізілген кортикостероид қабыну үдерістерінің жаңғыру мүмкіндігін арттыра алады. Препарат буынның бактериялық жұқпалануына түрткі болуы мүмкін, сондықтан Гидрокортизон ацетатын асептикалық жағдайларда ғана енгізуге болады.
Гидрокортизонмен емдеу кезінде, неврологиялық асқынулардың жоғары даму қаупіне және антиденелер түзілуінің бәсеңдеуіне орай, вакцинация жасауға болмайды.
Кортикостероидтармен емдеу кезінде организмнің жұқпаны орналастыру қабілеті төмендеу мүмкін.
Кортикостероидтардың жалпы қабылданған және жоғары дозаларын енгізу артериялық қысымның көтерілуін, организмде натрий мен су кідірісінің күшеюін және организмнен калий бөлінісінің көтермеленуін туындатады. Барлық кортикостероидтар организмнен кальций шығарылуын күшейтеді.
Жасырын туберкулёзде тек туберкулостатикалық дәрілермен бірге қолдануға болады.
Жұқпалы аурулар кезінде сақтықпен және тек бактерияға қарсы арнайы еммен бірге қолдану керек.
Гидрокортизон ацетатымен ем жүргізу кезінде диабетке қарсы ішуге арналған дәрілер мен антикоагулянттар дозасын ретке келтіру қажет.
Диуретиктік дәрілерді бір мезгілде қолданғанда организмдегі электролиттік алмасуды бақылау керек.
Ұзақ уақыт қолданылғанда гипокалиемияның алдын алу үшін калий препараттарын қосымша тағайындаған дұрыс.
Балалар мен жасөспірімдердің жасында, өсудің кідіруі мүмкін екеніне орай, препаратты ең төмен тиімді дозаланған қысқалау курспен қолдану керек.
Емделу кезінде артериялық қысымды ұдайы өлшеп, несеп пен нәжіс талдауын жасаған дұрыс.
Емдеуді препарат дозасын біртіндеп азайтумен және АКТГ (тері сынамасы) қолдану қажеттілігі жөніндегі мәселені шешумен аяқтау керек.
Салицилаттармен бірге қолданғанда, егер кортикостероид дозасы азайтылса, салицилат дозасын бір мезгілде азайту қажет.
Препаратты сыртартқысында психозы, қант диабеті (соның ішінде отбасылық сыртартқысында), артериялық гипертензиясы, глаукомасы, стероидты миопатия, эпилепсия, сыртартқыдағы туберкулёзі бар емделушілерге сақтықпен тағайындау керек.
Педиатрияда қолдану
Өсу кезеңіндегі балаларды емдеу үшін препарат тек абсолютті көрсетілімдер бойынша қолданылады. Препарат құрамында бензил спирті бар, сондықтан 3 жасқа дейінгі балаларға қолдану үшін ұсынылмайды.
Препараттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат қолданудың автокөлік басқару немесе басқа механизмдермен жұмыс істеу кезінде реакция шапшаңдығына ықпал ететінін растарлықтай деректер жоқ. Препаратпен емдеу кезінде бас айналу, құрысулар және т.б. байқалған жағдайда көлік құралдарын басқаруды және зейін қоюды талап ететін жұмыстарды орындауды қоя тұру керек.
Артық дозалануы
Гидрокортизон ацетатының артық дозалануына тән клиникалық синдром жоқ.
Артық дозаланған кезде жергілікті де, жүйелі де жағымсыз реакциялардың күшеюі байқалады.
Емі: белгісіне қарай. Арнайы у қайтарғысы жоқ. Едәуір артық дозаланғанда диализ қолданылуы мүмкін.
Шығарылу түрі және қаптамасы
2 мл-ден сындыру сақинасы немесе сындыру нүктесі бар шыны ампулаларда. 10 ампуладан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге гофрланған қосымша беттері бар картон пәшкеге салынады.
Немесе 5 ампуладан полимер материалдан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады. 2 пішінді ұяшықты қаптама (ампулалармен) медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 15 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Фармак» ЖАҚ
Мекенжайы: Украина, 04080, Киев қ., Фрунзе к-сі, 63.
Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі
«Фармак» ЖАҚ, Украина
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Қазақстан Республикасы, 050009 Алматы қ., Абай к-сі, 157, 5 кеңсе
Тел/факс: +7 (727) 250 66 23, электронды пошта: Djatlova88@mail.ru