ГИДАЗЕПАМ VIC (таблетки сублингвальные, 50 мг)

МНН: Гидазепам
Производитель: ВИВА ФАРМ ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Производные бензодиазепина
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022917
Информация о регистрации в РК: 06.08.2021 - 06.08.2031

Инструкция

Саудалық атауы

Гидазепам VIC

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Тіл астына салатын таблеткалар

Құрамы

Тіл астына салатын бір таблетканың құрамында

белсенді зат: гидазепам 20 мг немесе 50 мг;

қосымша заттар: повидон, картоп крахмалы, лактоза моногидраты, магний стеараты, маннитол (Е421), калий ацесульфамы, натрий цитраты, кросповидон, тальк, қауын хош иістендіргіші.

Сипаттамасы

Ақ немесе крем реңді түсті, бір жағында ойығы, сызығы бар және екінші жағында логотипі бар жалпақ цилиндр пішінді таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Психотропты препараттар. Анксиолитиктер. Бензодиазепин туындылары.

АТХ коды N05BА

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдаған кезде гидазепам жылдам сіңіріледі. Бір реттік дозаны тіл астына салғаннан кейін препараттың әсері ең жоғарғы шыңына 1-4 сағат ішінде жете отырып, әрі қарай біртіндеп әлсіреумен, 5-15 минуттан кейін байқалады. Гидазепам толығымен дерлік бауырда, бүйректе және май тіндеріне таралады. Биологиялық жетімділігі едәуір жоғары. Қан плазмасында дезалкирленген метаболит қана тіркелетіні көрсетілген, өзгертілмеген препарат тіпті іздік мөлшерде де анықталмайды.

Гидазепам фармакокинетикасының ерекшелігі бір реттік қабылдау кезінде негізгі метаболитінің шығарылуының төмен жылдамдығы болып табылады. Қан плазмасынан жартылай шығарылу кезеңі 86,7 сағатты, клиренсі – сағатына 3,03 л, MRT  - 127,32 сағатты құрайды.

Гидазепамның фармакокинетикалық сипаттамасы оны жағымсыз әсерінің даму қаупі төмендетілген транквилизатор ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.

Фармакодинамикасы

Гидазепам бензодиазепин туындыларының тобына жатады. Жағымсыз әсерлері елеусіз байқалуымен және төмен уыттылығымен анксиолитикалық және белсендендіретін әсерін антидепрессанттық компоненттермен біріктіре отырып, фармакологиялық белсенділігінің бірегей спектріне иеленген. Күндізгі транквилизатор және селективті анксиолитик ретінде әсер етеді. Басқа бензодиазепиндерден айқын белсендендіретін әсерінің, әлсіз айқын миорелаксантты әсерінің бар болуымен ерекшеленеді. Қалыпты емдік дозада ұйықтататын әсер етпейді және шұғыл қызмет үдерісінде жылдам шаршамауға ықпал етеді.

Алкоголизммен ауыратын науқастарда емдік ремиссия кезеңінде препаратты тағайындаудың алғашқы күндерінде жұмсақ транквилизациялайтын және анксиолитикалық әсер байқалады, психомоторлық қозу, үрей және ашушаңдық елеулі деңгейде төмендеді. Препарат абстиненттік синдромның көріністелуіне және алкоголизммен ауыратын науқастарда ремиссия аясында әсер етеді.

Қолданылуы

Күндізгі транквилизатор ретінде:

- невроздық, психоздық астенияда;

- үреймен, қорқынышпен қатар жүретін жағдайларда (соның ішінде хирургиялық араласулар және ауыртатын диагностикалық тексерістердің алдында);

- қатты ашушаңдықта;

- ұйқының бұзылуында;

- эмоциялық құбылмалылықта;

- сондай-ақ алкоголизм кезінде абстинентті синдромды басу үшін және созылмалы алкоголизмнің ремиссия уақытында, логоневроз, бас сақинасы кезінде қолданылады.

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты тіл астына салады. Тәулігіне 3 рет 20-50 мг, қажет болса емдік әсерге қол жеткізгенге дейін тәулігіне 50-ден 200 мг дейін дозаны біртіндеп арттыра отырып қабылдайды. Тәулігіне 100 мг курстық дозасы оңтайлы болып табылады. Ең жоғарғы тәуліктік дозаны пайдалану (150-200 мг) күндізгі ұйқышылдықтың артуымен, бұлшықет әлсіздігі сезімімен бірге жүруі мүмкін.

Күндізгі транквилизатор ретінде Гидазепам VIC тәулігіне 60-120 мг дозада астениялық, депрессиялық, фобиялық және ипохондриялық бұзылыстары бар жағдайларды емдеу үшін ұсынылады.

Невроздық, неврозға ұқсас, психоздық, психоз тәрізді жағдайларды емдеу кезінде препараттың орташа тәуліктік дозасы 60-200 мг; бас сақинасында – 40-60 мг құрайды.

Алкогольдік абстиненцияны басу үшін бастапқы доза 50 мг, орташа тәуліктік доза – 150 мг құрайды. Мұндай жағдайлардағы ең жоғарғы тәуліктік доза 500 мг құрайды.

Емдеу курсының ұзақтығы – бірнеше күннен бастап 1-4 айға дейін және науқастың жағдайы мен аурудың ағымына байланысты дәрігер жеке белгілейді.

Препаратты амбулаториялық тәжірибеде пайдалануға болады.

Жағымсыз әсерлері

Гидазепамды үлкен дозада қолданған кезде немесе кейбір науқастарда жоғары жеке сезімталдықта басқа транквилизаторларға – бензодиазепиннің туындыларына тән белгілер байқалуы мүмкін

- ұйқышылдық, әлсіздік, реакция жылдамдығының төмендеуі, зейіннің және жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуі

- бұлшықет әлсіздігі

- бөртпе, қышыну, тері гиперемиясы, есекжем

- аллергиялық реакциялар, соның ішінде ангионевроздық ісіну

Басқалары: атаксия (пациент гидазепамды қолдану уақытында байқалған атаксия жағдайы туралы хабарланған)

Жағымсыз реакциялар пайда болған кезде дозаны азайту немесе препаратты тоқтату керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компонентінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- айқындығы ауыр миастения

- бауыр функциясының бұзылуы (цирроз, Боткин ауруы)

- бүйрек функциясының бұзылуы

- 18 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дәрі басқа психотропты, ұйықтататын және құрысуға қарсы препараттармен үйлесімді. Гидазепам фенаминнің, 5-окситриптофанның әсерін белсендендіреді, алкогольдің, ұйықтататын препараттардың, нейролептиктердің, есірткілік анальгетиктердің әсерін күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Ашық бұрышты глаукомасы, созылмалы бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі, бауырдың алкогольдік зақымдануы бар тұлғаларға гидазепамды қабылдауды шектеу керек.

Препараттың құрамында лактоза бар, сондықтан сирек кездесетін галактозаны көтере алмаушылығы, лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге тағайындамаған жөн.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік немесе емшек емізу кезеңінде пайдалануға болмайды.

Балалар

Препаратты балаларға қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Гидазепаммен емдеу кезеңінде жоғары зейінділікті және реакция жылдамдығын талап ететін қызметтен аулақ болған жөн.

Артық дозалануы

Бензодиазепин қатарының басқа транквилизаторларына тән жағымсыз әсерлердің – ұйқышылдық, әлсіздік, бас айналуы, жүрек айнуы, жеңіл атаксия, аллергиялық реакциялар пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайда препараттың дозасын төмендету немесе оны қабылдауды тоқтату керек.

Емі: симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

1 (50 мг доза үшін) немесе 2 (20 мг доза үшін) қаптамадан медициналық қолдану жөнінде қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«ВИВА Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы

2-ші Остроумов к-сі, 33, Алматы қ-сы

Тіркеу куәлігінің иесі

«ВИВА-Интерхим» ЖШС, Қазақстан Республикасы

2-ші Остроумов к-сі, 33, Алматы қ-сы

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсынымдарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы:

«ВИВА Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы

2-ші Остроумов к-сі, 33, Алматы қ-сы, 050030

тел.: +7 (727) 383 74 63, факс: +7 (727) 383 74 56

e-mail: pv@vivapharm.kz

Прикрепленные файлы

845939231498795311_ru.doc 68 кб
016672761498795841_kz.doc 58.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники