Гетино-Б

МНН: Тенофовира дизопроксила фумарат
Производитель: Гетц Фарма (Пвт) Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Tenofovir disoproxil
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023164
Информация о регистрации в РК: 06.01.2021 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Гетино-Б

Халықаралық патенттелмеген атауы

Тенофовир

Дәрілік түрі, дозасы

Үлбірлі қабықпен қапталған 300 мг таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі пайдалануға арналған инфекцияға қарсы препараттар. Жүйелі қолдануға арналған вирусқа қарсы дәрілер. Тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттар. Кері транскриптазаның нуклеозидті және нуклеотидті тежегіштері. Тенофовир дизопроксилі.

АТХ коды J05AF07

Қолданылуы

АИТВ-1 инфекциясы

- ересектерде АИТВ-1 инфекциясын басқа антиретровирустық препараттармен біріктіріп емдеуде.

- кері транскриптазаның нуклеозидтік тежегіштеріне резистенттілігі немесе бірінші желінің антиретровирустық препараттарын пайдалану мүмкіндігін болдырмайтын уыттылығы бар 12 жастан 18 жасқа дейінгі балаларда АИТВ-1 инфекциясын емдеуде.

В гепатиті

Келесі:

- бауырдың компенсацияланған ауруы, вирустың белсенді репликациясының белгілері, қан сарысуындағы аланинаминогрансфераза (АЛТ) белсенділігінің тұрақты жоғарылауы және гистологиялық расталған белсенді қабыну процесі және/немесе фиброзы бар;

- ламивудинге ВВГ резистенттілігінің болуымен дәлелденген;

- бауырдың декомпенсацияланған ауруы бар ересектерде созылмалы В гепатитін емдеуде.

Төмендегі:

- қан сарысуындағы АЛТ тұрақты жоғары белсенділігімен және гистологиялық расталған белсенді қабыну процесімен және/немесе фиброзбен расталатын, белсенді қабыну процесінің және вирустың белсенді репликациясының белгілері бар бауырдың компенсацияланған ауруына шалдыққан 12 жастан 18 жасқа дейінгі балаларда созылмалы В гепатитін емдеуде.

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

-тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

In vitro эксперименттерінің нәтижелері мен тенофовирдің белгілі шығарылу жолы негізінде тенофовирдің және басқа дәрілік заттардың қатысуымен CYP450 байланысты өзара әрекеттесу мүмкіндігі төмен болып табылады.

Бір мезгілде қолдану ұсынылмайды

Гетино-Б-ны құрамында тенофовир дизопроксил фумараты бар басқа дәрілік заттармен бірге қолдануға болмайды.

Гетино-Б-ны адефовир дипивоксилімен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Диданозин.

Тенофовир дизопроксил фумараты мен диданозинді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Бүйрек арқылы шығарылатын дәрілік препараттар

Тенофовир негізінен бүйрекпен шығарылатындықтан, тенофовир дизопроксил фумаратын бүйректік сүзілуді азайтатын немесе hOAT 1, hOAT 3 немесе MRP 4 (мысалы, цидофовирмен) тасымалдау ақуыздары арқылы белсенді өзекшелік секреция үшін бәсекелесетін дәрілік препараттармен бір мезгілде қолдану қан сарысуындағы тенофовирдің және (немесе) бір мезгілде қолданылатын дәрілік препараттардың концентрациясын арттыруы мүмкін.

Тенофовир дизопроксил фумаратын нефроуытты дәрілік заттармен бір мезгілде немесе жақында қолданудан аулақ болу керек. Бұған мысалы, мысалы, аминогликозидтер, амфотерицин B, фоскарнет, ганцикловир, пентамидин, ванкомицин, цидофовир және интерлейкин-2 жатады.

Такролимус бүйрек функциясына әсер етуі мүмкін екенін ескере отырып, оны тенофовир дизопроксил фумаратымен бір мезгілде қолданған кезде мұқият бақылау ұсынылады.

Басқа өзара әрекеттесулер

Тенофовир дизопроксил фумараты, протеаза тежегіштері және протеаза тежегіштері болып табылмайтын антиретровирустық агенттер арасындағы өзара әрекеттесу төмендегі 2-кестеде келтірілген (ұлғаюы «↑», азаюы «↓», өзгерістердің болмауы «↔», тәулігіне екі рет «bid» және тәулігіне бір рет «qd»).

Тенофовир дизопроксил фумараты мен басқа дәрілік заттар арасындағы өзара әрекеттесу

Емдеу бағыттары бойынша дәрілік зат (мг дозасы)

Препарат деңгейіне әсері,

орташа пайыздық өзгеріс

AUC, Cmax , Cmin

Тенофовир дизопроксил фумаратымен 245 мг бір мезгілде енгізу жөніндегі ұсыным

Инфекцияға қарсы

Антиретровирустық

Протеаза тежегіштері

Атазанавир / Ритонавир

(300qd/100qd/300 qd)

Атазанавир:

AUC: ↓ 25%

Cmax : ↓ 28%

Cmin : ↓ 26%

тенофовир:

AUC: ↑ 37%

Cmax : ↑ 34%

Cmin : ↑ 29%

Дозаны түзету ұсынылмайды. Тенофовирдің кеңейтілген экспозициясы тенофовирмен байланысты қолайсыз құбылыстарды, соның ішінде бүйрек бұзылыстарын күшейте алады. Бүйрек функциясын мұқият бақылау қажет.

Лопинавир/Ритонавир

(400bid/100bid/300qd)

Лопинавир/Ритонавир.

Лопинавир/ритонавир ФК параметрлеріне айтарлықтай әсер етпейді.

тенофовир:

AUC: ↑ 32%

Cmax : ↔

Cmin : ↑ 51%

Дозаны түзету ұсынылмайды. Тенофовирдің кеңейтілген экспозициясы тенофовирмен байланысты қолайсыз құбылыстарды, соның ішінде бүйрек бұзылыстарын күшейте алады. Бүйрек функциясын мұқият бақылау қажет.

Дарунавир/Ритонавир

(300/100 bid / 300 qd)

Дарунавир.

Дарунавир/ритонавир ФК параметрлеріне айтарлықтай әсер етпейді.

тенофовир:

AUC: ↑ 22%

C min : ↑ 37%

Дозаны түзету ұсынылмайды. Тенофовирдің кеңейтілген экспозициясы тенофовирмен байланысты қолайсыз құбылыстарды, соның ішінде бүйрек бұзылыстарын күшейте алады. Бүйрек функциясын мұқият бақылау қажет.

Нуклеозидті кері транскриптаза тежегіштері (nucleoside reverse transcriptase inhibitors-NRTIs)

Диданозин

Тенофовир дизопроксил мен диданозинді бірге қолдану диданозиннің жүйелік әсерінің 40-60% - ға артуына әкеледі.

Тенофовир дизопроксил фумараты мен диданозинді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Диданозиннің жоғары жүйелік әсері диданозинмен байланысты жағымсыз реакцияларды күшейтуі мүмкін. Кейде өлімге әкеп соққан панкреатит пен лактоацидоз туралы сирек хабарланған. Тенофовир дизопроксилі мен диданозинді күніне 400 мг дозада бірге енгізу CD4 жасушалары санының айтарлықтай төмендеуімен байланысты болды, бұл фосфорланған (яғни белсенді) диданозинді ұлғайтатын жасушаішілік өзара әрекеттесуінен болуы мүмкін. Тенофовир дизопроксилімен бір мезгілде қолданған кезде диданозин дозасының 250 мг азаюы АИТВ-1 инфекциясын емдеу үшін сыналған бірнеше біріктірілімдегі вирусологиялық сәтсіздіктің жоғары көрсеткіштері туралы хабарламалармен байланысты болды.

Адефовир дипивоксилі

AUC: ↔

C max : ↔

Тенофовир дизопроксил фумаратын адефовир дипивоксилімен бір мезгілде енгізуге болмайды.

Энтекавир

AUC: ↔

C max : ↔

Егер тенофовир дизопроксил фумараты энтекавирмен бір мезгілде енгізілсе, клиникалық маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер болған жоқ.

С вирусты гепатитіне қарсы вирусқа қарсы дәрілер

Ледипасвир / Софосбувир (90 мг / 400 мг күніне 1 рет) + Атазанавир / Ритонавир (300 мг күніне 1 рет / 100 мг күніне 1 рет) + Эмтрицитабин / Тенофовир дизопроксилі ( 200 мг / 245 мг күніне 1 рет) 1

Ледипасвир:

AUC: ↑ 96%

макс : ↑ 68%

мин : ↑ 118%

Софосбувир:

AUC: ↔

макс : ↔

GS-331007 2 :

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↑ 42%

Атазанавир:

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↑ 63%

Ритонавир:

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↑ 45%

Эмтрицитабин:

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↔

Тенофовир:

AUC: ↔

макс : ↑ 47%

мин : ↑ 47%

Тенофовир дизопроксилін, ледипасвирді/софосбувирді және атазанавирді/ритонавирді бір мезгілде қабылдау нәтижесінде қан плазмасындағы тенофовирдің жоғары концентрациясы бүйрек бұзылыстарын қоса алғанда, тенофовир дизопроксилімен байланысты жағымсыз реакцияларды күшейтуі мүмкін. Ледипасвирмен/софосбувирмен және фармакокинетикалық күшейткіштермен (мысалы, ритонавирмен немесе кобицистатпен) пайдалану кезінде дизопроксил тенофовирінің қауіпсіздігі белгіленбеген.

Біріктірілімді, егер басқа баламалар қол жетімсіз болса, жиі бүйрек мониторингін жүргізе отырып, сақтықпен пайдалану керек.

Ледипасвир / софосбувир (90 мг / 400 мг күніне 1 рет) + Дарунавир / Ритонавир (800 мг күніне 1 рет / 100 мг күніне 1 рет) + Эмтрицитабин / Тенофовир дизопроксилі ( 200 мг / 245 мг күніне 1 рет) 1

Ледипасвир:

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↔

Софосбувир:

AUC: ↓ 27%

макс : ↓ 37%

GS-331007 2 :

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↔

Дарунавир:

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↔

Ритонавир:

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↑ 48%

Эмтрицитабин:

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↔

Тенофовир:

AUC: ↑ 50%

макс : ↑ 64%

мин : ↑ 59%

Тенофовир дизопроксилін, ледипасвирді/софосбувирді және дарунавирді/ритонавирді бір мезгілде қолдану нәтижесінде плазмадағы тенофовирдің жоғары концентрациясы бүйрек функциясының бұзылуын қоса алғанда, тенофовир дизопроксилімен байланысты жағымсыз реакцияларды күшейтуі мүмкін. Ледипасвирмен/софосбувирмен және фармакокинетикалық күшейткіштермен (мысалы, ритонавирмен немесе кобицистатпен) пайдалану кезінде тенофовир дизопроксилінің қауіпсіздігі айқындалмаған.

Біріктірілімді, егер басқа баламалар қол жетімсіз болса, жиі бүйрек мониторингін жүргізе отырып, сақтықпен пайдалану керек.

Ледипасвир/софосбувир (90 мг / 400 мг күніне 1 рет) + эфавиренз / эмтрицитабин / тенофовир дизопроксилі (600 мг / 200 мг / 245 мг күніне 1 рет)

Ледипасвир:

AUC: ↓ 34%

макс : ↓ 34%

мин : ↓ 34%

Софосбувир:

AUC: ↔

макс : ↔

GS-331007 2 :

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↔

Эфавиренз:

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↔

Эмтрицитабин:

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↔

Тенофовир:

AUC: ↑ 98%

макс : ↑ 79%

мин : ↑ 163%

Дозаны түзету ұсынылмайды. Тенофовирдің жоғары әсері бүйрек бұзылыстарын қоса алғанда, тенофовир дизопроксилімен байланысты жағымсыз реакцияларды күшейтуі мүмкін. Бүйрек функциясын мұқият бақылау керек.

Ледипасвир/софосбувир (90 мг / 400 мг күніне 1 рет) + эмтрицитабин / рилпивирин / тенофовир дизопроксилі (200 мг / 25 мг / 245 мг күніне 1 рет)

Ледипасвир:

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↔

Софосбувир:

AUC: ↔

макс : ↔

GS-331007 2 :

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↔

Эмтрицитабин:

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↔

Рилпивирин:

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↔

Тенофовир:

AUC: ↑ 40%

макс : ↔

мин : ↑ 91%

Дозаны түзету ұсынылмайды. Тенофовирдің жоғары әсері бүйрек бұзылыстарын қоса алғанда, тенофовир дизопроксилімен байланысты жағымсыз реакцияларды күшейтуі мүмкін. Бүйрек функциясын мұқият бақылау керек.

Ледипасвир / софосбувир (90 мг / 400 мг күніне 1 рет) + долутегравир (50 мг күніне 1 рет) + эмтрицитабин / тенофовир дизопроксилі (200 мг / 245 мг күніне 1 рет)

Софосбувир:

AUC: ↔

макс : ↔

GS-331007 2

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↔

Ледипасвир:

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↔

Долутегравир

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↔

Эмтрицитабин:

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↔

Тенофовир:

AUC: ↑ 65%

макс : ↑ 61%

мин : ↑ 115%

Дозаны түзету ұсынылмайды. Тенофовирдің жоғары әсері бүйрек бұзылыстарын қоса алғанда, тенофовир дизопроксилімен байланысты жағымсыз реакцияларды күшейтуі мүмкін. Бүйрек функциясын мұқият бақылау керек.

Софосбувир / Велпатасвир (күніне 1 рет 400 мг / 100 мг) + Атазанавир / Ритонавир (күніне 1 рет 300 мг / күніне 1 рет 100 мг) + Эмтрицитабин / Тенофовир дизопроксилі (күніне 1 рет 200 мг / 245 мг)

Софосбувир:

AUC: ↔

макс : ↔

GS-331007 2 :

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↑ 42%

Велпатасвир:

AUC: ↑ 142%

макс : ↑ 55%

мин : ↑ 301%

Атазанавир:

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↑ 39%

Ритонавир:

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↑ 29%

Эмтрицитабин:

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↔

Тенофовир:

AUC: ↔

макс : ↑ 55%

мин : ↑ 39%

Тенофовирдің плазмадағы жоғары концентрациясы тенофовир дизопроксилін, софосбувирді/велпатасвирді және атазанавирді/ритонавирді бір мезгілде қабылдау нәтижесінде бүйрек функциясының бұзылуын қоса алғанда, тенофовир дизопроксилімен байланысты жағымсыз реакцияларды күшейтуі мүмкін. Тенофовир дизопроксилінің софосбувирмен/велпатасвирмен және фармакокинетикалық күшейткіштермен (мысалы, ритонавирмен немесе кобицистатпен) пайдалану кезіндегі қауіпсіздігі айқындалмаған.

Біріктірілімді бүйректі жиі мониторингілей отырып, сақтықпен пайдалану керек. (4.4-бөлімді қараңыз).

Софосбувир / Велпатасвир (күніне 1 рет 400 мг / 100 мг) + Дарунавир / Ритонавир (күніне 1 рет 800 мг / күніне 1 рет 100 мг) + Эмтрицитабин / Тенофовир дизопроксилі (күніне 1 рет 200 мг / 245 мг)

Софосбувир:

AUC: ↓ 28%

макс : ↓ 38%

GS-331007 2 :

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↔

Велпатасвир:

AUC: ↔

макс : ↓ 24%

мин : ↔

Дарунавир:

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↔

Ритонавир:

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↔

Эмтрицитабин:

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↔

Тенофовир:

AUC: ↑ 39%

макс : ↑ 55%

мин : ↑ 52%

Тенофовир дизопроксилін, софосбувирді / велпатасвирді және дарунавирді / ритонавирді бір мезгілде қабылдау нәтижесінде плазмадағы тенофовирдің жоғары концентрациясы бүйрек бұзылыстарын қоса алғанда, тенофовир дизопроксилімен байланысты жағымсыз реакцияларды күшейтуі мүмкін. Тенофовир дизопроксилінің софосбувирмен/велпатасвирмен және фармакокинетикалық күшейткіштермен (мысалы, ритонавирмен немесе кобицистатпен) пайдалану кезіндегі қауіпсіздігі айқындалмаған.

Біріктірілімді бүйректі жиі мониторингілей отырып, сақтықпен пайдалану керек

Софосбувир / Велпатасвир (400 мг / 100 мг күніне 1 рет) + Лопинавир / Ритонавир (800 мг / 200 мг күніне 1 рет) + Эмтрицитабин / Тенофовир дизопроксилі (200 мг / 245 мг күніне 1 рет)

Софосбувир:

AUC: ↓ 29%

макс : ↓ 41%

GS-331007 2 :

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↔

Велпатасвир:

AUC: ↔

макс : ↓ 30%

мин : ↑ 63%

Лопинавир:

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↔

Ритонавир:

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↔

Эмтрицитабин:

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↔

Тенофовир:

AUC: ↔

макс : ↑ 42%

мин : ↔

Тенофовир дизопроксилі, софосбувирді/велпатасвирді және лопинавирді/ритонавирді бір мезгілде қолдану нәтижесінде қан плазмасындағы тенофовирдің жоғары концентрациясы бүйрек бұзылыстарын қоса алғанда, Тенофовир дизопроксилімен байланысты жағымсыз реакцияларды күшейтуі мүмкін. Тенофовир дизопроксилі софосбувирмен / велпатасвирмен және фармакокинетикалық күшейткіштермен (мысалы, ритонавирмен немесе кобицистатпен) пайдалану кезіндегі қауіпсіздігі айқындалмаған.

Біріктірілімді бүйректі жиі мониторингілей отырып, сақтықпен пайдалану керек.

Софосбувир / Велпатасвир (400 мг / 100 мг күніне 1 рет) + Ралтегравир (400 мг күніне 2 рет) + Эмтрицитабин / Тенофовир дизопроксилі (200 мг / 245 мг күніне 1 рет)

Софосбувир:

AUC: ↔

макс : ↔

GS-331007 2 :

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↔

Велпатасвир:

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↔

Ралтегравир:

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↓ 21%

Эмтрицитабин:

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↔

Тенофовир:

AUC: ↑ 40%

макс : ↑ 46%

мин : ↑ 70%

Дозаны түзету ұсынылмайды. Тенофовирдің жоғары әсері бүйрек бұзылыстарын қоса алғанда, тенофовир дизопроксилімен байланысты жағымсыз реакцияларды күшейтуі мүмкін. Бүйрек функциясын мұқият бақылау керек.

Софосбувир / Велпатасвир (400 мг / 100 мг күніне 1 рет) + Эфавиренз / Эмтрицитабин / Тенофовир дизопроксилі (600 мг / 200 мг / 245 мг күніне 1 рет)

Софосбувир:

AUC: ↔

макс : ↑ 38%

GS-331007 2 :

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↔

Велпатасвир:

AUC: ↓ 53%

макс : ↓ 47%

мин : ↓ 57%

Эфавиренз:

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↔

Эмтрицитабин:

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↔

Тенофовир:

AUC: ↑ 81%

макс : ↑ 77%

мин : ↑ 121%

Софосбувир/велпатасвир мен эфавирензті бір мезгілде қабылдау велпатасвирдің плазмалық концентрациясын төмендетеді деп күтілуде. Софосбувирді / велпатасвирді құрамында эфавиренз бар схемалармен бірге қолдану ұсынылмайды.

Софосбувир / Велпатасвир (400 мг / 100 мг күніне 1 рет) + Эмтрицитабин / Рилпивирин / Тенофовир дизопроксилі (200 мг / 25 мг / 245 мг күніне 1 рет)

Софосбувир:

AUC: ↔

макс : ↔

GS-331007 2 :

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↔

Велпатасвир:

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↔

Эмтрицитабин:

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↔

Рилпивирин:

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↔

Тенофовир:

AUC: ↑ 40%

макс : ↑ 44%

мин : ↑ 84%

Дозаны түзету ұсынылмайды. Тенофовирдің жоғары әсері бүйрек бұзылыстарын қоса алғанда, тенофовир дизопроксилімен байланысты жағымсыз реакцияларды күшейтуі мүмкін. Бүйрек функциясын мұқият бақылау керек.

Софосбувир / Велпатасвир / Воксилапревир (400 мг / 100 мг / 100 мг + 100 мг күніне 1 рет) 3 + Дарунавир (800 мг күніне 1 рет) + Ритонавир (100 мг күніне 1 рет) + Эмтрицитабин / Тенофовир дизопроксилі (200 мг / 245 мг күніне 1 рет)

Софосбувир:

AUC: ↔

макс : ↓ 30%

мин : N / A

GS-331007 2 :

AUC: ↔

макс : ↔

мин : N / A

Велпатасвир:

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↔

Воксилапревир:

AUC: ↑ 143%

макс : ↑ 72%

мин : ↑ 300%

Дарунавир:

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↓ 34%

Ритонавир:

AUC: ↑ 45%

макс : ↑ 60%

мин : ↔

Эмтрицитабин:

AUC: ↔

макс : ↔

мин : ↔

Тенофовир:

AUC: ↑ 39%

макс : ↑ 48%

мин : ↑ 47%

Тенофовир дизопроксилін, софосбувирді/велпатасвирді/воксилапревирді және дарунавирді/ритонавирді бір мезгілде қолдану нәтижесінде плазмадағы тенофовирдің жоғары концентрациясы бүйрек бұзылыстарын қоса алғанда, Тенофовир дизопроксилімен байланысты жағымсыз реакцияларды күшейтуі мүмкін.

Софосбувирмен/велпатасвирмен / воксилапревирмен және фармакокинетикалық күшейткішпен (мысалы, ритонавирмен немесе кобицистатпен) пайдалану кезінде тенофовир дизопроксилінің қауіпсіздігі айқындалмаған.

Біріктірілімді бүйректі жиі мониторингілей отырып, сақтықпен пайдалану керек. (4.4-бөлімді қараңыз).

Софосбувир (400 мг күніне 1 рет) + эфавиренз / эмтрицитабин / Тенофовир дизопроксилі (600 мг / 200 мг / 245 мг күніне 1 рет)

Софосбувир:

AUC: ↔

C макс : ↓ 19%

GS-331007 2 :

AUC: ↔

C макс : ↓ 23%

Эфавиренз:

AUC: ↔

C макс: ↔

C мин: ↔

Эмтрицитабин:

AUC: ↔

C макс: ↔

C мин: ↔

Тенофовир:

AUC: ↔

C макс: ↑ 25%

C мин: ↔

Дозаны түзету қажет емес.

1. Деректер ледипасвирді/ софосбувирді бір мезгілде дозалау кезінде алынған. Кезең-кезеңмен енгізу (12 сағат аралықпен) ұқсас нәтижелер берді.

2. Софосбувирдің айналымдағы басым метаболиті.

3. СВГ жұқтырған пациенттерде воксилапревирдің күтілетін әсеріне қол жеткізу үшін 100 мг дозада воксилапревирдің қосымша мөлшерімен жүргізілген зерттеу.

Басқа дәрілік заттармен жүргізілген зерттеулер

Тенофовир дизопроксилі эмтрицитабинмен, ламивудинмен, индинавирмен, эфавирензпен, нелфинавирмен, саквинавирмен (күшейтілген ритонавирмен), метадонмен, рибавиринмен, рифампицинмен, гормональді препаратпен немесе этилимэстрадимуспен, этилгестрадимус контрацептивімен бірге қолданғанда клиникалық тұрғыдан маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі болған жоқ.

Тенофовир дизопроксилін тамақтану кезінде қабылдау керек, өйткені тамақ тенофовирдің биожетімділігін арттырады.

Арнайы ескертулер

Тенофовир дизопроксил фумаратымен емдеуді бастамас бұрын, АИТВ-ға антиденелерді талдауды барлық HBV жұқтырған пациенттерге ұсыну керек.

АИТВ-1

Антиретровирустық ем арқылы вирусты тиімді басу жыныстық жолмен берілу қаупін едәуір төмендететіні дәлелденсе де, қалдық қауіпті жоққа шығаруға болмайды. Ұлттық директиваларға сәйкес берілудің алдын алу үшін шаралар қабылдау қажет.

В гепатиті

Пациенттерге тенофовир дизопроксилі жыныстық қатынас немесе қан арқылы жұқтырған кезінде басқа адамдарға HBV берілу қаупінің алдын алатындығы дәлелденбегені туралы хабарлау керек. Тиісті сақтық шараларын қолдануды жалғастырған жөн.

Басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қолдану

Препаратты құрамында тенофовир дизопроксилі немесе тенофовир алафенамиді бар басқа дәрілік заттармен бір мезгілде тағайындауға болмайды.

Гетино-Б-ны адефовир дипивоксилімен бір мезгілде тағайындауға болмайды.

Тенофовир дизопроксилі мен диданозинді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Нуклеозидтермен/нуклеотидтермен үштік ем

Егер тенофовир дизопроксил фумаратының ламивудинмен және абакавирмен, сондай-ақ ламивудинмен және диданозинмен тәулігіне 1 рет енгізу жиілігімен үйлессе, вирусологиялық сәтсіз емдеудің жоғары жиілігі және АИТВ-пациенттерде ерте сатыда резистенттіліктің пайда болуы туралы хабарламалар келіп түсті.

Ересек пациенттердің бүйрек пен сүйек тініне әсері

Бүйрек әсерлері

Тенофовир негізінен бүйрек арқылы шығарылады. Клиникалық практикада тенофовир дизопроксилін қолданғанда бүйрек жеткіліксіздігі, жоғары креатинин, гипофосфатемия және проксимальді тубулопатия (Фанкони синдромын қоса алғанда) туралы хабарланды.

Бүйрек жеткіліксіздігінің мониторингі

Тенофовир дизопроксилімен емдеу басталғанға дейін барлық пациенттерде креатинин клиренсін есептеу, сондай-ақ бүйрек функциясын (креатинин клиренсі және сарысу фосфаты) екі-төрт апта емдеуден кейін, үш ай емдеуден кейін және әрбір үш-алты айдан кейін бүйректің қауіп факторлары жоқ пациенттерде бақылау ұсынылады. Бүйрек жеткіліксіздігі қаупі бар пациенттерде бүйрек функциясын жиі бақылау қажет.

Бүйрек жеткіліксіздігі кезіндегі ем

Егер тенофовир дизопроксилін қабылдайтын ересек пациентте сарысу фосфатының деңгейі <1,5 мг/дл (0,48 ммоль/л) немесе креатинин клиренсі <50 мл/мин дейін төмендесе, бүйрек функциясын қандағы глюкоза деңгейін өлшеуді, қандағы калий мен несептегі глюкоза концентрациясын қоса алғанда, бір апта ішінде қайта бағалау керек. Сондай-ақ креатинин клиренсін <50 мл/мин дейін азайта немесе сарысудағы фосфат деңгейін <1,0 мг/дл дейін (0,32 ммоль/л) төмендете отырып, ересек пациенттерде тенофовир дизопроксилімен емдеуді тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек. Сондай-ақ, басқа себептер анықталмаған кезде бүйрек функциясының үдемелі төмендеуі жағдайында тенофовир дизопроксилімен емдеуді тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек.

Бірге қолдану және бүйрек уыттылығының қаупі

Нефроуытты дәрілік заттарды (мысалы, аминогликозидтерді, В амфотерициді, фоскарнетті, ганцикловирді, пентамидинді, ванкомицинді, цидофовирді немесе интерлейкин-2) бір мезгілде немесе жақында қолданғанда тенофовир дизопроксилін пайдаланудан аулақ болу керек. Егер тенофовир дизопроксилі мен нефроуытты дәрілерді бір мезгілде қабылдау сөзсіз болса, апта сайын бүйрек функциясын бақылау керек.

Тенофовир дизопроксилін қабылдаған және бүйрек функциясының бұзылу қаупі факторлары бар пациенттерде жоғары дозаларды немесе бірнеше қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП) тағайындағаннан кейін жедел бүйрек жеткіліксіздігі жағдайлары туралы хабарланды. Егер тенофовир дизопроксилі ҚҚСП-мен бір мезгілде тағайындалса, бүйрек функциясын бақылау керек.

Ритонавирмен немесе кобицистатпен күшейтілген протеаза тежегіштерімен бірге тенофовир дизопроксилін қабылдайтын пациенттерде бүйрек жеткіліксіздігінің жоғары қаупі туралы хабарланды. Бұл пациенттерге бүйрек функциясын мұқият бақылау қажет. Бүйрек жеткіліксіздігінің қаупі бар пациенттерде тенофовир дизопроксилін күшейтілген протеаза тежегішімен бірге қолдану бүйрек функциясын мұқият бағалау керек.

Тенофовир дизопроксилі тасымалдау ақуыздарын, адамның органикалық аниондарының тасымалдаушыларын (hOAT) 1 және 3 немесе MRP 4 (мысалы, цидофовир, белгілі нефроуытты дәрілік препарат) қоса алғанда, бір бүйрек жолымен бөлінетін дәрілік препараттарды қабылдайтын пациенттерде клиникалық бағалауға ұшырамаған. Бұл бүйрек тасымалдау ақуыздары өзекшелік секрецияға және ішінара тенофовир мен цидофовирді бүйрек арқылы шығарылуға жауап беруі мүмкін. Демек, hOAT 1 және 3 немесе MRP 4 тасымалдау ақуыздарын қоса алғанда, сол бір бүйрек жолымен бөлінетін осы дәрілік заттардың фармакокинетикасы оларды бірлесіп енгізген кезде өзгертілуі мүмкін. Айқын қажеттілік жағдайларын қоспағанда, бір бүйрек жолымен бөлінетін осы дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, бірақ егер мұндай пайдалану сөзсіз болса, апта сайын бүйрек функциясын бақылау керек.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясы бұзылған ересек пациенттерде тенофовир дизопроксилін қолдану кезіндегі қауіпсіздік (креатинин клиренсі <80 мл/мин) өте шектеулі дәрежеде зерттелген.

Креатинин клиренсі <50 мл / мин ересек пациенттер, оның ішінде гемодиализдегі пациенттер

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде тенофовир дизопроксилі қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер шектеулі. Сондықтан тенофовир дизопроксилін емдеудің ықтимал артықшылықтары ықтимал қауіптерден асып түседі деп есептелген жағдайда ғана қолдану керек. Бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі <30 мл / мин) және гемодиализ талап етілетін пациенттерде тенофовир дизопроксилін пайдалану ұсынылмайды. Егер балама емдеу мүмкін болмаса, дозалау аралығын түзету және бүйрек функциясын мұқият бақылау қажет.

Сүйек тініне әсері

АИТВ жұқтырған пациенттерде жамбас пен омыртқа сүйектерінің минералды тығыздығының (СМТ) аздап төмендеуі байқалды. 144 аптадан кейін тенофовир дизопроксилімен емделгеннен кейін омыртқаның СМТ төмендеуі және бастапқы деңгеймен салыстырғанда сүйек биомаркерлерінің өзгеруі айтарлықтай жоғары болды. Жамбастың СМТ төмендеуі 96 апта ішінде айтарлықтай жоғары болды. Алайда, 144 апта ішінде клиникалық маңызды сүйек ауытқуларының сыну қаупі немесе дәлелі болған жоқ.

СМТ ең айқын төмендеуі протеазаның күшейтілген тежегіші бар схема шеңберінде тенофовир дизопроксилі алған пациенттерде байқалды. Жоғары сыну қаупіне ұшырайтын остеопорозы бар пациенттерді емдеудің балама схемаларын қарастырған жөн.

Сүйектегі аномалиялар (сынуға сирек ұшырататын) проксимальді бүйрек тубулопатиясымен байланысты болуы мүмкін.

Сүйектегі аномалияларға күдік туындаған немесе олар анықталған жағдайда тиісті кеңес алу керек.

Педиатриялық популяциядағы бүйрек пен сүйек тініне әсері

Сүйек тіндері мен бүйректерге ұзақ мерзімді уыттылық әсерімен байланысты белгісіздік бар. Сонымен қатар, бүйрек уыттылығының қайтымдылығын толық анықтау мүмкін емес. Сондықтан әрбір емдеу нақты жағдайында пайда/қауіп теңгерімін адекватты бағалау және емдеу кезінде тиісті мониторинг туралы шешім қабылдау (емдеуді тоқтату туралы шешімді қоса алғанда) ұсынылады.

Бүйрек әсерлері

Проксимальді бүйрек тубулопатиясына сәйкес келетін бүйрек тарапынан жағымсыз реакциялар 2 жастан 12 жасқа дейінгі АИТВ-1 жұқтырған педиатриялық пациенттерде тіркелген.

Бүйрек жеткіліксіздігінің мониторингі

Бүйрек функциясын (креатинин клиренсі және сарысулық фосфат) емдеу алдында бағалау керек және емдеу кезінде ересектердегідей бақылау керек (жоғарыдан қараңыз).

Бүйрек жеткіліксіздігі кезіндегі ем

Егер тенофовир дизопроксилін қабылдайтын кез келген педиатриялық пациентте сарысулық фосфаттың <3,0 мг / дл (0,96 ммоль/л) деңгейі расталса, қандағы глюкоза, қандағы калий деңгейін және несептегі глюкоза концентрациясын өлшеуді қоса алғанда, бір апта ішінде бүйрек функциясын қайта бағалау керек. Бүйрек аномалиясына күдік туындаған немесе анықталған жағдайда тенофовир дизопроксилімен емдеуді тоқтату мүмкіндігін қарастыру үшін нефрологпен кеңесу қажет. Сондай-ақ, басқа себептер анықталмаған кезде бүйрек функциясы үдемелі төмендеген жағдайында тенофовир дизопроксилімен емдеуді тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек.

Бірге қолдану және бүйрек уыттылығының қаупі

Ересектерге арналғандай, бірдей ұсынымдар қолданылады (жоғарыдан қараңыз).

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек жеткіліксіздігі бар педиатриялық пациенттерде тенофовир дизопроксилін пайдалану ұсынылмайды. Тенофовир дизопроксилін бүйрек жеткіліксіздігі бар педиатриялық пациенттерге тағайындалмауы керек және тенофовир дизопроксилімен емдеу кезінде бүйрек жеткіліксіздігі дамитын педиатриялық пациенттерде тоқтатылуы тиіс.

Сүйек тініне әсері

Гетино-Б СМТ төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін. Тенофовир дизопроксилімен байланысты СМТ өзгерістерінің сүйектің ұзақ мерзімді саулығына әсері және болашақта сыну қаупі қазіргі уақытта белгісіз.

Педиатриялық пациенттерде сүйектегі аномалияларына күдік туындаған немесе анықталған жағдайда эндокринологпен және/немесе нефрологпен кеңесу керек.

Бауыр аурулары

Бауыр трансплантациясы бар пациенттердің қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы мәліметтер өте шектеулі.

HBV жұқтырған бауырдың декомпенсацияланған ауруына шалдыққан пациенттерде тенофовир дизопроксилінің қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер шектеулі, оларда Чайлд-Пью-Тюркотт (CPT) шкаласы > 9 бойынша баға берілген. Бұл пациенттерде бауыр немесе бүйрек тарапынан ауыр жағымсыз реакциялардың пайда болу қаупі жоғары болуы мүмкін. Демек, пациенттердің осы популяциясында гепатобилиарлық және бүйрек параметрлерін мұқият бақылау керек.

Гепатиттің өршуі

Емдеу кезіндегі асқынулар

Созылмалы В гепатитінің өздігінен өршуі салыстырмалы түрде жиі кездеседі және қан сарысуындағы АЛТ деңгейінің уақытша жоғарылауымен сипатталады. Вирусқа қарсы ем басталғаннан кейін кейбір пациенттерде қан сарысуындағы АЛТ деңгейі жоғарылауы мүмкін. Бауырдың компенсацияланған ауруына шалдыққан пациенттерде сарысудағы АЛТ деңгейінің жоғарылауы әдетте сарысудағы билирубин концентрациясының жоғарылауымен немесе бауырдың декомпенсациясымен бірге жүрмейді. Циррозы бар пациенттерде гепатит асқынғаннан кейін бауыр функциясының декомпенсациясының қаупі жоғары болуы мүмкін және сондықтан ем кезінде мұқият бақылауда болу керек.

Емдеуді тоқтатқаннан кейінгі асқынулар

Гепатиттің өршуі В гепатитін емдеуді тоқтатқан пациенттерде де тіркелді. Емдеуден кейінгі өршулер әдетте HBV ДНҚ деңгейінің жоғарылауымен байланысты және олардың көпшілігі өздігінен кетеді. Алайда, ауыр асқынулар, соның ішінде өліммен аяқталатын жағдайлар туралы хабарланды. Бауыр функциясын белгілі бір уақыт аралығында, кейіннен В гепатитін емдеу тоқтатылғаннан кейін кемінде 6 ай бойы клиникалық және зертханалық бақылаумен бақылау керек. Қажет болған жағдайда, В гепатиті емінің қайта басталуы талап етілуі мүмкін. Бауырдың асқынған ауруы немесе циррозы бар пациенттерде емдеуді тоқтату ұсынылмайды, өйткені емдеуден кейін гепатиттің өршуі бауыр функциясының декомпенсациясына әкелуі мүмкін.

Бауырдың өршуі әсіресе ауыр және кейде бауырдың декомпенсацияланған ауруы бар пациенттерде өлімге әкеледі.

С немесе D гепатитімен коинфекция

С немесе D гепатиті вирусы коинфекциясы бар пациенттерде тенофовирдің тиімділігі туралы деректер жоқ.

АИТВ-1 және В гепатитімен коинфекция

АИТВ-ға төзімділіктің даму қаупіне байланысты тенофовир дизопроксилін АИТВ/HBV коинфекциясы бар пациенттерде біріктірілген антиретровирустық емнің тиісті схемасының бір бөлігі ретінде ғана пайдалану керек. Созылмалы белсенді гепатитті қоса, бұрын болған бауыр дисфункциясы бар пациенттерде біріктірілген антиретровирустық ем (БАРЕ) кезінде бауыр функциясының бұзылу жиілігі жоғары болады және олар стандартты практикаға сәйкес бақылауда болуы тиіс. Егер мұндай пациенттерде бауыр ауруының асқыну белгілері болса, емдеуді уақытша тоқтату немесе тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек. Алайда, АЛТ деңгейінің жоғарылауы тенофовирмен емдеу кезінде HBV клиренсінің бөлігі болуы мүмкін екенін атап өткен жөн.

С вирусты гепатитін емдеу үшін қолданылатын кейбір вирусқа қарсы агенттермен қолдану

Тенофовир дизопроксилінің ледипасвирмен/софосбувирмен, софосбувирмен/велпатасвирмен немесе софосбувирмен/велпатасвирмен/воксилапревирмен бірге қолдану тенофовирдің плазмалық концентрациясын, әсіресе тенофовир дизопроксаватері бар АИТВ емдеу режимімен бірге пайдаланған кезде арттыратыны көрсетілді.

Тенофовир дизопроксилінің қауіпсіздігі ледипасвирмен / софосбувирмен, софосбувирмен / велпатасвирмен немесе софосбувирмен / велпатасвирмен / воксилапревирмен және фармакокинетикалық күшейткішпен үйлесімде айқындалмаған. АИТВ протеазасының күшейтілген тежегішімен (мысалы, атазанавирмен немесе дарунавирмен) үйлесімде ледипасвирді/софосбувирді, софосбувирді/велпатасвирді немесе софосбувирді/велпатасвирді/воксилапревирді бір мезгілде тағайындаумен байланысты ықтимал қауіптер мен артықшылықтарды, әсіресе бүйрек функциясының қаупі жоғары пациенттерде ескерген жөн. Ледипасвирді / софосбувирді, софосбувирді / велпатасвирді немесе софосбувирді / велпатасвирді / воксилапревирді тенофовир дизопроксилімен және АИТВ протеазасының күшейтілген тежегішімен бір мезгілде қабылдайтын пациенттер тенофовир дизопроксилімен байланысты жағымсыз реакциялар тұрғысынан бақылауда болуы тиіс.

Салмақ пен метаболизмдік параметрлерге әсері

Антиретровирустық ем кезінде қандағы липидтер мен глюкозаның салмағы мен деңгейінің жоғарылауы байқалуы мүмкін. Мұндай өзгерістер ішінара ауруларды және өмір салтын бақылаумен байланысты болуы мүмкін. Липидтерге келетін болсақ, кейбір жағдайларда емдік әсердің дәлелі бар, сол уақытта салмақтың артуына қатысты нақты емдеумен байланысты нақты дәлелдер жоқ. Қандағы липидтер мен глюкозаны мониторингілеу үшін АИТВ-ны емдеу жөніндегі белгіленген ұсынымдарды басшылыққа алған жөн. Липидтердің бұзылуын клиникалық тәжірибеге сәйкес емдеу керек.

Митохондриялық дисфункция

Нуклеозидтердің аналогтары митохондрия функциясына әртүрлі дәрежеде әсер етуі мүмкін, бұл ставудинді, диданозинді және зидовудинді қолдану кезінде айқын көрінеді. Нуклеозид аналогтарының құрсақішілік және/немесе постнатальді әсеріне ұшыраған АИТВ-теріс нәрестелерде митохондриялық дисфункция туралы хабарламалар бар, олар негізінен зидовудині бар схемалармен емдеуге қатысты болды. Негізгі жағымсыз реакциялар гематологиялық бұзылулар (анемия, нейтропения) және метаболизмдік бұзылулар (гиперлактатемия, гиперлипаземия) болып табылады. Бұл оқиғалар көбінесе өтпелі болды. Кеш неврологиялық бұзылулар (гипертония, құрысулар, қалыптан тыс мінез-құлық) туралы сирек хабарланды. Қазіргі уақытта мұндай неврологиялық бұзылулардың уақытша немесе тұрақты екендігі белгісіз. Берілген нәтижелерді этиологиясы белгісіз, атап айтқанда, неврологиялық елеулі клиникалық көріністері бар in utero әсеріне ұшыраған, кез келген бала үшін ескеру керек. Бұл нәтижелер АИТВ-ның вертикальді берілуін болдырмау үшін жүкті әйелдерде антиретровирустық емді пайдалану жөніндегі ағымдағы ұлттық ұсынымдарға әсер етпейді.

Иммундық реактивация синдромы

Ауыр иммун тапшылығы бар АИТВ жұқтырған пациенттерде ауыр клиникалық жағдайларды немесе симптомдардың өршуін тудыруы мүмкін асимптоматикалық немесе қалдық шартты патогенді микроорганизмдерге қабыну реакциясы пайда болуы мүмкін. Әдетте мұндай реакциялар ем басталғаннан кейінгі алғашқы бірнеше апта немесе ай ішінде байқалды. Тиісті мысалдар цитомегаловирусты ретинит, жайылған және/немесе ошақтық микобактериялық инфекциялар және Pneumocystis jirovecii туындаған пневмония. Кез-келген қабыну белгілерін бағалау керек және қажет болған жағдайда емдеуді тағайындау керек.

Сондай-ақ, аутоиммундық бұзылулар (мысалы, Грейвс ауруы және аутоиммунды гепатит) иммундық реактивация жағдайында пайда болады, бұзылулар емдеу басталғаннан кейін бірнеше айдан кейін пайда болуы мүмкін.

Остеонекроз

Этиологиясы көп факторлы болып саналса да (кортикостероидтар қолдануды, алкоголь тұтынуды, ауыр иммуносупрессияны, дене салмағының анағұрлым жоғары индексін қоса алғанда) остеонекроз жағдайлары, әсіресе АИТВ-ның асқынған ауруы бар пациенттерде хабарланды. Пациенттер егер буындардың ауыруын, буындардың қатаюын немесе қозғалыс кезінде қимыл шектелісін сезінсе, онда дәрігерге қаралған жөн.

Егде жастағы адамдар

65 жастан асқан пациенттерде тенофовир дизопроксилін қолдану зерттелмеген. Егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясының төмендеуі ықтимал, сондықтан егде жастағы пациенттерді тенофовир дизопроксилімен емдеу кезінде сақ болу керек.

Лактоза

Препараттың құрамында 139 мг мөлшерінде лактоза бар. Гетино-Б-ны лактоза көтере алмаушылығымен, Lapp-лактазаның туа біткен жеткіліксіздігімен немесе глюкоза/галактоза сіңуінің бұзылуымен байланысты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттерге қолдануға болмайды.

Педиатрияда қолдану

18 жасқа дейінгі пациенттерге қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған, сондықтан препаратты педиатриялық практикада қолдануға болмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік

Жүкті әйелдердің препаратты қолдануы туралы деректердің аз мөлшері (жүктіліктің 300 -1000 салдары) тенофовир дизопроксил фумаратымен байланысты эмбрион/жаңа туған нәресте үшін мальформацияның немесе уыттылықтың болмауын көрсетеді. Жүктілік кезінде тенофовир дизопроксил фумаратын қолданудың пайдасы шарана үшін қауіптен жоғары болған кезде ғана өмірлік көрсеткіштері бойынша қолдануға болады.

Бала емізу

Әйелдердің сүтіне тенофовирдің енетіні анықталды. Тенофовирдің жаңа туған нәрестелерге/сәбилерге әсері туралы ақпарат жеткіліксіз. Сондықтан Гетино-Б-ны емізу кезінде қолдануға болмайды.

Жалпы, әдетте, АИТВ және HBV жұқтырған әйелдерге АИТВ немесе HBV инфекциясының балаға берілуіне жол бермеу үшін емшек сүтімен емізу ұсынылмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік жүргізу және механизмдерді пайдалану қабілетіне әсер ету туралы зерттеулер жүргізілген жоқ. Пациенттерге тенофовир дизопроксил фумаратымен емдеу кезінде бас айналуы мүмкін екендігі туралы хабарлау керек.

Қолдану бойынша ұсынымдар

Дозалау режимі

Емдеуді АИТВ инфекциясын және (немесе) созылмалы В гепатитін емдеуде тәжірибесі бар дәрігер бастауы тиіс.

Ересектер

Антиретровирустық ем қолданылған АИТВ жұқтырған пациенттерді емдеу үшін Гетино-Б таңдау жеке вирустық резистенттілікті және (немесе) емдеу тарихын тексеруге негізделуі тиіс.

АИТВ емдеу немесе созылмалы В гепатитін емдеу үшін ұсынылатын доза тәулігіне 1 рет 1 таблетканы құрайды, тамақтану кезінде пероральді қабылданады.

Созылмалы В гепатиті

Емдеудің оңтайлы ұзақтығы белгісіз.

Циррозсыз В вирусты гепатитінің антигеніне (HBeAg) оң реакциясы бар пациенттерді емдеу HBe сероконверсиясы расталғаннан кейін (В гепатитінің вирус антигендерінің және анти-НВе анықталған В гепатитінің ДНҚ вирусының жойылуы) немесе HBs сероконверсиясына немесе тиімділігі жоғалғаннан кейін кемінде 6-12 айға жалғасуы тиіс. Емдеуді тоқтатқаннан кейін виремияның кез келген кеш қайталануын анықтау мақсатында қан сарысуындағы АЛТ және В гепатиті ДНҚ вирусының деңгейін тұрақты бақылау керек.

Циррозсыз В гепатиті вирусының антигеніне теріс реакциясы бар пациенттерді емдеу кемінде HBs сероконверсиясына дейін немесе емдеу тиімділігінің жоғалу белгілері пайда болғанға дейін жалғасуы тиіс. 2 жылдан астам уақытқа созылған ұзақ мерзімді емдеу жағдайында таңдалған емнің пациент үшін қолайлы болып қалатынын растау үшін емдеуді үнемі қайта қарау ұсынылады.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

Гетино-Б препаратын қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі 18 жасқа дейінгі пациенттерге белгіленбеген, сондықтан препаратты педиатриялық практикада қолдану ұсынылмайды.

Егде жастағы пациенттер

Бүгінгі күні негізінде 65 жастан асқан пациенттер үшін дозалауға қатысты ұсынымдар беруге болатын деректер жоқ.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бауыр аурулары бар пациенттер үшін дозаны түзетудің қажеті жоқ.

Созылмалы В гепатиті бар, қатарлас АИТВ жұқтырған немесе онсыз пациенттерде тенофовир қабылдауды тоқтатқан кезде гепатиттің асқыну белгілерін анықтау мақсатында жай-күйін мұқият бақылау қажет.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Тенофовир организмнен несеппен бірге шығарылады, сондықтан бүйрек дисфункциясы бар пациенттер тенофовирдің жоғары әсеріне ұшырайды. Орташа және ауыр бүйрек бұзылулары (креатинин клиренсі <50 мл/мин) бар пациенттерге тенофовир дизопроксил фумаратын қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер шектеулі. Ұзақ мерзімді перспективада бүйректің елеусіз бұзылыстары (креатинин клиренсі 50-80 мл/мин) жағдайында қауіпсіздік көрсеткіштеріне бағалау жүргізілген жоқ. Осы себепті, егер емдеудің ықтимал пайдасы қауіптен асатын болса, тенофовир дизопроксил фумаратын бүйрек бұзылулары бар пациенттерге қолдану керек. Дозалау аралығын түзету креатинин клиренсі <50 мл/мин пациенттер үшін ұсынылады.

Жеңіл дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 50-80 мл/мин). Шектелген деректер бүйректегі шамалы бұзылулары бар пациенттерге тәулігіне 1 рет тенофовир дизопроксил фумаратын қолдану мүмкіндігін көрсетеді.

Орташа бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 30-49 мл/мин).

Модельдеу негізінде тенофовир дизопроксил фумаратының 1 таблеткасын әр 48 сағат сайын қабылдау ұсынылады. Алайда, мұндай доза клиникалық зерттеулерде расталған жоқ. Сондықтан мұндай пациенттерде емдеуге және бүйрек функциясына клиникалық реакцияны мұқият бақылау керек.

Бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр сатысындағы пациенттер (креатинин клиренсі <30 мл/мин) және гемодиализдегі пациенттер. Әсер етуші затының құрамы басқа таблетканың болмауына байланысты дозаны тиісті түзету қолданылмайды, сондықтан препаратты осы топтағы пациенттерге қолдану ұсынылмайды. Егер балама емдеу жоқ болса, ұзартылған енгізу аралықтарын келесідей қолдануға болады:

ауыр бүйрек бұзылулары кезінде Гетино-Б 1 таблеткасын әр 72-96 сағат сайын (аптасына 2 рет) қабылдау;

гемодиализ сеансы аяқталғаннан кейін гемодиализдегі* пациенттерге Гетино-Б 1 таблеткасын әрбір 7 күн сайын қабылдау.

* Жалпы алғанда, аптасына 3 рет гемодиализ сеансын болжай отырып, әрқайсысы шамамен 4 сағатқа созылатын немесе 12 сағаттан кейін кумулятивтік гемодиализді енгізу.

Дозалардың көрсетілген түзетулері клиникалық зерттеулермен расталған жоқ. Модельдеу дозалау аралығы оңтайлы болып табылмайды және уыттылықтың жоғарылауына әрі мүмкін жеткіліксіз реакцияға әкелуі мүмкін деп болжауға негіз береді. Осы себепті емдеуге және бүйрек функциясына клиникалық реакцияны бақылау керек.

Клиренсі <10 мл/мин гемодиализ қолданылмайтын пациенттер үшін дозалауға қатысты ұсынымдар беруге болмайды.

Енгізу әдісі мен жолы

Дәрілік препарат ішке қолданылады. Ерекше жағдайларда, жұтуда ерекше қиындықтары бар пациенттерге Гетино-Б таблеткасын кем дегенде 100 мл суда, апельсин немесе жүзім шырынында ұнтақтау және араластыру арқылы қолдануға болады.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы қажет шаралар

Артық дозаланғанда пациентті уыттылық белгілерін анықтау үшін бақылау керек, егер қажет болса, стандартты демеуші ем қолданған жөн.

Тенофовир гемодиализ көмегімен шығарылуы мүмкін, тенофовир клиренсінің медианалық мәні 134 мл/мин құрайды. Тенофовирдің перитонеальді диализ көмегімен шығарылатыны белгісіз.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп жіберу кезінде қажетті шаралар

Егер пациент Гетино-Б препаратының кезекті дозасын қабылдауды өткізіп алса және тиісті қабылдау сәтінен бастап 12 сағат өтпесе, пациент препаратты аспен мүмкіндігінше тезірек қабылдауы, содан кейін препаратты қабылдаудың әдеттегі кестесін ұстануы тиіс. Егер пациент Гетино-Б препаратының кезекті дозасын қабылдауды өткізіп алса, ал тиісті қабылдау сәтінен бастап 12 сағаттан астам уақыт өтсе және препараттың келесі дозасын қабылдау уақыты жақындаса, пациент өткізіп алған дозаны қабылдамаған жөн, препаратты кесте бойынша қабылдауды жалғастыру қажет.

Егер Гетино-Б препаратын қабылдағаннан кейін бір сағат ішінде пациентте құсу пайда болса, оған тағы бір таблетка қабылдау керек. Егер пациентте құсу Гетино-Б қабылдағаннан кейін бір сағаттан астам уақыттан кейін пайда болса, басқа таблетканы қабылдау талап етілмейді.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар

Сізде берілген дәрілік препаратты қолдану бойынша қандай да бір қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз.

ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Қауіпсіздік бейіні туралы қысқаша мәліметтер

АИТВ-1 және В гепатиті

Тенофовир дизопроксил фумаратын қабылдаған пациенттерде кейде сүйектегі аномалияларға (сирек сынуларға) әкелетін бүйрек бұзылулары, бүйрек жеткіліксіздігі және проксимальді бүйрек тубулопатиясы (соның ішінде Фанкони синдромы) жағдайлары туралы сирек хабарланды. Тенофовир қабылдайтын пациенттер үшін бүйрек функциясын бақылау ұсынылады.

АИТВ-1

Тенофовир дизопроксил фумаратымен басқа антиретровирустық препараттармен бірге емдеген кездегі жағымсыз реакциялар пациенттердің шамамен үштен бірінде күтілуі мүмкін. Бұл әдетте асқазан-ішек жолдарының жеңілден орташа ауырлыққа дейінгі бұзылыстары. Тенофовир дизопроксил фумаратымен ем қабылдаған пациенттердің шамамен 1%-ы асқазан-ішек жолы тарапынан реакцияларға байланысты емдеуді тоқтатты.

Лактат-ацидозы, майлы дегенерациясы бар гепатомегалия және липодистрофия сияқты құбылыстар тенофовир дисопроксил фумаратына байланысты.

Тенофовир дизопроксил фумараты мен диданозинді бір мезгілде енгізу ұсынылмайды, өйткені бұл жағымсыз реакциялар қаупінің жоғарылауына әкеледі. Кейде өлімге әкеп соққан, панкреатит және лактат- ацидоз жағдайлары туралы сирек хабарланған.

В гепатиті

Тенофовир дизопроксил фумаратымен емдеудің жағымсыз реакциялары (негізінен елеусіз) пациенттердің шамамен төрттен бірінде күтілуі мүмкін. В гепатиті вирусын жұқтырған пациенттердің қатысуымен клиникалық зерттеулер кезінде тенофовир дизопроксил фумаратына жиі жағымсыз реакциясы жүрек айнуы болды (5,4%).

Ем қабылдаған пациенттерде, сондай-ақ В гепатитін емдеуді тоқтатқан пациенттерде гепатиттің қатты өршу жағдайлары туралы хабарланды.

Клиникалық зерттеу және постмаркетингтік талдау негізінде тенофовир дизопроксил фумаратын қабылдаумен байланысты жағымсыз реакциялар туралы қысқаша мәліметтер

Ағзалар жүйелерінің класы және жиілігі

Жағымсыз реакциялар

Тамақтану мен зат алмасудың бұзылуы

өте жиі

гипофосфатемия 1

жиі емес

гипокалиемия 1

сирек

лактат-ацидоз

Жүйке жүйесі тарапынан

өте жиі

бас айналу

жиі

бас ауыру

Ас қорыту жүйесі тарапынан

өте жиі

диарея, жүрек айну, құсу

жиі

іштің ауыруы, іштің кебуі, метеоризм

жиі емес

панкреатит

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан

жиі

трансаминаза деңгейінің жоғарылауы

сирек

бауырдың майлы дегенерациясы, гепатит

Тері және теріасты целюлярлық тін тарапынан

өте жиі

бөртпе

сирек

ангионевроздық ісіну

Сүйек-бұлшықет жүйесі мен дәнекер тін тарапынан

жиі емес

рабдомиолиз1, бұлшықеттің босаңсуы 1

сирек

остеомаляция (сүйектердің ауыруы ретінде көрінеді және жиі сыну себептерінің бірі болып табылады) 1, 2, миопатия

Несеп шығару жүйесі тарапынан

жиі емес

креатинин деңгейінің жоғарылауы

сирек

Жедел бүйрек жеткіліксіздігі, бүйрек жеткіліксіздігі, жедел тубулярлық некроз, проксимальді бүйрек тубулопатиясы (оның ішінде Фанкони синдромы), нефрит (оның ішінде жедел интерстициальді нефрит) 2, нефрогенді қантсыз диабет

Қабылдау тәсілімен байланысты жүйелі бұзылулар және бұзылыстар

өте жиі

астения

жиі

шаршау

1 жағымсыз реакция проксимальді бүйрек тубулопатиясының нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Бұл ауру болмаған кезде тенофовир дизопроксил фумаратымен байланысты деп есептелмейді.

2 жағымсыз реакция постмаркетингтік зерттеу уақытында анықталды, бірақ рандомизацияланған бақыланатын зерттеулер немесе тенофовир дисопроксил фумаратына кеңейтілген қол жеткізу бағдарламасы уақытында байқалмады.

Жиілік санаты рандомизацияланған бақыланатын зерттеулер мен кеңейтілген қол жеткізу бағдарламасы (n=7319) шегінде тенофовир дизопроксил фумаратын қабылдаған пациенттердің жалпы саны негізінде статистикалық есептеулерден анықталды.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір таблетка құрамында

Белсенді зат - тенофовир дизопроксил фумараты 300 мг

(245 мг тенофовир дизопроксилге баламалы)

қосымша заттар: лактоза (лактоза регулар), микрокристалды целлюлоза (Авицел РН-102), желатинденген крахмал, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты

қабығының құрамы: Инстакоат Aqua IA-III-40701 қызғылт (гипромеллоза 35.00 %, лактоза 25.00 %,, полиэтиленгликоль – 12.00 %, тальк – 4.00 %, титанның қостотығы (Е171) ) - 23.48 %,, темірдің қызыл тотығы (Е172) – 0.50 %,, темірдің қара тотығы (Е172) – 0.02 %)

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Үлбірлі қабықпен қапталған, ашық-қызғылт түсті, дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, екі жағы да тегіс таблеткалар.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Препараттың 30 таблеткасы фольга мен ПВХ-дан жасалған термодәнекерленген қабатпен және тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған қақпақпен бекітілген, тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған құтыға салынады.

1 құты медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

Сақтау мерзімі 2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30 °С-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы.

Өндіруші туралы мәліметтер

Гетц Фарма (Пвт.) Лимитед, Пәкістан,

29-30/27, К.И.А. Карачи -74900.

Тел: +(92-21) 111 111 511

Факс: +(92-21) 350 5792

e-mail: info@getzpharma.com

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Гетц Фарма (Пвт.) Лимитед, Пәкістан,

29-30/27, К.И.А., Карачи -74900.

Тел: +(92-21) 111 111 511

Факс: +(92-21) 350 5792

e-mail: info@getzpharma.com

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасы жөнінде шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

ҚР-дағы Гетц Фарма (Пвт.) Лимитед компаниясының өкілдігі

Алматы қаласы, Шевченко к-сі, 148 үй

тел: +7(727)378-51-89, 378-54-78

haroon.rashid@getzpharma.com

Қазақстан Республикасының аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта):

«ConsultAsia» ЖШС

Шевченко көш., 165Б

050061, Алматы, Қазақстан,

тел.: +7705-1708825/+7777-8051116

pv@consultingasia.kz

Прикрепленные файлы

Гетино-Б_каз.docx 0.08 кб
Гетино-Б_рус.docx 0.08 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту