Герперакс

МНН: Ацикловир
Производитель: Микро Лабс Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Aciclovir
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003656
Информация о регистрации в РК: 03.10.2012 - 03.10.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Герперакс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ацикловир

Дәрілік түрі

5% жақпамай

Құрамы

100 г жақпамайдың құрамында

белсенді зат – 5,75 г ацикловир,

қосымша заттар: полиэтиленгликоль 4000, полиэтиленгликоль 1500, полиэтиленгликоль 400.

Сипаттамасы

Бөгде бөлшектерден бос ақ түсті жақпамай.

Фармакотерапиялық тобы

Тері ауруларын емдеуге арналған препараттар. Тері ауруларын емдеуге арналған бактерияға қарсы және микробтарға қарсы препараттар. Вирусқа қарсы препараттар.

АТХ коды D06BB03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ацикловир организмнен шумақты сүзілу және өзекшелік сөліністің көмегімен бүйрекпен шығарылады. Соңғы шығарылуы немесе жартылай ыдырауының бета-фазасы бүйрек қызметі бұзылмаған ересек емделушілер үшін 2-ден 3 сағатқа дейін жүреді деп хабарланады. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі кезінде уақыты ұзарады және ануриясы бар емделушілерде 19,5 сағатқа дейін жетуі мүмкін. Гемодиализ және жартылай ыдырау кезінде Ацикловирдің 60% дозасынан 5,7 сағатқа дейін төмендейді және 6 сағат ішінде шығарылады. Нәжіспен сыртқа шығарылуы дозаның 2 %-ға жуығын құрауы мүмкін. Әр түрлі тіндерге, оның ішінде концентрациясы плазмада түзілгеннің шамамен 50%-на жететін ЖІС-та кең таралады. Деректер көрсетіп отырғандай, ақуыздармен байланысуы 9-33% диапазонында болады. Ацикловир плацента арқылы өтіп, ана қаны сарысуындағыға қарағанда шамамен 3 есе жоғары концентрацияда емшек сүтімен шығарылады. Ацикловирдің сіңуі, әдетте, зақымданбаған теріге жергілікті қолданғаннан кейін көп болмайды, дегенмен ол құрамындағы өзгерістер болған жағдайда ұлғаюы мүмкін.

Фармакодинамикасы

Герперакс жақпамайы – вирусқа қарсы препарат, 1 және 2 типті қарапайым ұшық вирусына (Herpes simplex) және жел шешек вирусына (varicella zoster virus) қатысты жоғары белсенділігі бар. Вируспен жұқпаланған жасушалардың ішінде вирустық тимидинкиназаның әсерінен ацикловирдің моно-, ди- және трифосфат ацикловирге өзгеруінің бірқатар сабақтасқан реакциялары жүреді. Ацикловир-трифосфат вирустық ДНҚ тізбегінің ішіне орналасады және оның синтезін вирустық ДНҚ-полимеразаны бәсекелесе тежеу жолымен бөгейді. Ацикловир ең алдымен Herpes simplex туғызған вирустық жұқпалар кезінде емдеу және алдын алуда тиімді.

Қолданылуы

- 1 және 2 типті Herpes simplex вирустары туғызған тері жұқпаларын, бастапқы және қайталанған генитальді ұшықты қоса алғанда, сондай-ақ ерінге шыққан ұшықты емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге сыртқа. Жақпамайды терінің зақымданған бөліктеріне күніне 5 рет (жұқпа басталғаннан кейін барынша ертерек) әр 4 сағат сайын жағады. Емдеу ұзақтығы – 5 күн. Жұқпа жазылмаса, емдеуді 10 күнге дейін жалғастыруға болады.

Жағымсыз әсерлері

Болуы мүмкін

- препаратты тоқтатақаннан кейін тез қайтатын тері бөртпесі

- ұзақ қолданғанда жақпамайды жаққан жердің қабыршақтануы Жекелеген жағдайларда– шырышты қабықтың шетіне жақын бөлігінің жергілікті тітіркенуі, күйдіру сезімі мен шаншу

  • аллергиялық дерматит, Квинке ісінуінің жекелеген жағдайлары

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- ацикловирге немесе препараттың қандай да бір басқа компонентіне жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ұсынылған дозасында жергілікті қолданудағы Герперакс жақпамайының басқа дәрілік заттармен жүйелі өзара әрекеттесуі анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Жақпамайды тітіркендіруді туғызуы мүмкін болғандықтан ауыз қуысы, көз, мұрын және қынаптың шырышты қабықтарына жақпаған жөн. Емдеу неғұрлым ерте басталса (жұқпаның алғашқы белгілерінде), тиімділігі соғұрлым жоғары болады.

Иммунитеті төмен науқастарға (АИВ/ЖҚТБ-да немесе сүйек кемігі трансплантациясынан кейін) ацикловир жақпамайын жергілікті қолдану аясында препараттың жүйелік енгізілуін тағайындау керек, ондай емделушілер дәрігерге қаралғандары жөн.

Жүктілік пен лактация кезеңі

Жүйелі қолдану кезінде ацикловир емшек сүтіне өтеді.

Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде тек ана үшін болжамды пайдасы ана мен балаға төнетін ықтимал қауіптен асатын болса ғана қолданады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу бойынша шектеулер жоқ.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 г препараттан пластмасса қақпақпен бұралатын алюминий сықпаға салынған.

1 сықпадан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Микро Лабс Лимитед»

Үндістан, Хосур-635 126, Сипкот 92

Тіркеу куәлігінің иесі

«Микро Лабс Лимитед», Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы: «Лайфкеэ Этикалс» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Мамыр-3, 3А үй, тел. 8 (727) 226-15-36, 8 (727) 226-15-38

 

Прикрепленные файлы

456324331477977012_ru.doc 45 кб
596407561477978190_kz.doc 78.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники