Герпевир (мазь 2,5%)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Герпевир
Халықаралық патенттелмеген атауы
Ацикловир
Дәрілік түрі
2,5 жақпамай
Құрамы
1 г жақпамайдың құрамында
белсенді зат – 100 % затқа шаққанда 25 мг ацикловир;
қосымша заттар: проксанол 268, пропиленгликоль, полиэтиленоксид 400, эмульгатор № 1.
Сипаттамасы
Өзіне тән әлсіз иісі бар, ақ түсті біркелкі жақпамай
Фармакотерапиялық тобы
Жергілікті қолдануға арналған вирустарға қарсы препараттар. Вирусқа қарсы препараттар.
АТЖ коды D06В В03
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Терінің сыртына қолданған кезде жүйелі қан ағымына іс жүзінде сіңбейді және жүйелі түрде әсер етпейді. Терінің зақымданған жеріне жақпамайды жаққан кезде онда препараттың емдік емдік концентрация түзіледі, ол кем дегенде 5 сағат тұрақты деңгейде сақталады.
Фармакодинамикасы
Ацикловир - дезоксигуанидиннің пуринді нуклеозидінің аналогі - ДНҚ компоненті. Препарат жай герпес және белдеулі герпес (теміреткі) вирустарына ерекше тиімді болып табылады. Ацикловир мен дезоксигуанидиннің құрылымының ұқсастығы ацикловирдің вирус ферменттерімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік береді, ол вирустың көбею циклінің тоқтатылуына әкеледі. Ацикловир сіңгеннен кейін герпеспен зақымданған жасушаға вирустың бөліп шығаратын тимидинкиназасының әсер етуімен, ацикловир ацикловир-монофосфатқа айналады, ацикловир-монофосфат қожайынның жасуша ферменттері арқылы ацикловир-дифосфатқа айналып, содан кейін оның белсенді түрі ацикловир-трифосфатқа айналады, ол вирус ДНК-сының синтезін іріктеп бөгейді. Ацикловир-трифосфаты қожайынның (адамның) ДНК жасушасының репликациясына іс жүзінде әсер етпейді.
Ацикловир герпес кезінде бөртпенің жаңа элементтерінің пайда болуына жол бермейді, тері диссеминациясының және висцеральді асқынулардың болу мүмкіндігін төмендетеді, қабықтардың пайда болуын тездетеді, белдеулі герпестің жедел сатысындағы ауырсынуды бәсеңдетеді.
Қолданылуы
- жай герпес вирусы туындатқан (Herpes labialis) ерін мен бет жұқпаларында
Қолдану тәсілдері және дозасы
Тек сыртқа қолданылады! Жұқпаның таралуына жол бермеу үшін резеңке қолғапты немесе саусаққаптарды қолдану керек. Емдеуді герпес жұқпаларының алғашқы белгілері пайда болған кезде тағайындаған жөн.
Ересектер мен 12 жастан үлкен балаларға қолданылады.
Жақпамайды зақымданған теріге және сыртқы шырышты қабыққа жағады. Жақпамайды жағар алдында зақымданған жерді сабынды сумен шайып және мұқият құрғату керек. Жақпамайды жұқа етіп жағады: жақпамайдың 1,25 см жолағын зақымданған жердің 25 см2-не күніне 5 рет түнгі уақытты қоспағанда шамамен 4 сағат аралықпен жағады.
Жақпамайды сондай-ақ зақымданған жермен шектескен жерге де қолдану қажет.
Жақпамайды ұдайы қолдану қажет; кезекті жағуды ұмытып кеткен жағдайда препаратты келесі қолдану кезінде дозасын екі еселемеген жөн.
Емдеу 4 күннен кем емес уақыт жүргізіледі. Егер жазыла бастамаған болса, емдеуді 10 күнге дейін жалғастыруға болады. Егер ауру белгілері емдеудің 10 күнінен кейін де жоғалмаған болса, науқасқа міндетті түрде дәрігерге қаралу керек.
Жағымсыз әсерлері
Аллергиялық реакциялар: уақытша тез қайтатын жедел немесе қатты ауыру, терінің аздаған құрғауы және қабыршықтануы, эритема (қызару), қышу, сирек – бөртпе, жекелеген жағдайларда – ангионевротикалық ісінуді қосқанда жедел асқын сезімталдық реакциялары. Ішкі шырышты қабықтарға тиіп кеткен кезде қабыну дамуы мүмкін.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
ацикловирге немесе басқа да препарат компоненттеріне, сондай-ақ валацикловирге асқын сезімталдық
-
ұқсас симптомдарымен, бірақ басқа қоздырғыштардан болған жұқпалы аурулар
-
жүктілікте, лактация кезеңі
-
12 айлық жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Герпевир жақпамайының жергілікті қолданылатын басқа да дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.
Айрықша нұсқаулар
Көзге жақпамайдың кездейсоқ түсіп кетуінен аулақ болу керек.
Ерін герпесі бар адамдарға вирусты адамдармен жанасу арқылы жұқтырудан, әсіресе ашық зақымданулары бар кезде міндетті түрде сақтандыру керек.
Жақпамайды ерін мен беттегі герпесті емдеу үшін ғана қолдану керек.
Жақпамайды көздің, ауыздың шырышты қабаттарына жағу және оны генитальді герпесті емдеу үшін қолдану ұсынылмайды. Әсіресе ауыр Herpes labialis бар адамдарға міндетті түрде дәрігердің кеңесі керек. Иммун тапшылығы бар адамдарға қолдануға болмайды. Осындай емделушілерге кез келген жұқпаларды емдеуге қатысты дәрігердің кеңесі талап етіледі.
Дәрілік заттың көлік құралдарын жүргізуге және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер ету мүмкіндігі туралы деректер жоқ.
Артық дозалануы
Симптомдары: препаратты тоқтатқаннан кейін қайтатын эритема, қабыршақтану, шымылдату, күйдіру сезімі, болуы мүмкін.
Емдеу: препаратты қолдануды тоқтату.
Шығарылу түрі және қаптамасы
5 г немесе 15 г препараттан алюминий сықпаға салынған.
1 сықпа медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде, 8оС-ден 15оС-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Киевмедпрепарат» ААҚ
Украина, 01032, Киев қ-сы, Саксаганск к-сі, 139
Тіркеу куәлігінің иесі
«Киевмедпрепарат» ААҚ, Украина
Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан өнімнің сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Қазақстан Республикасындағы «Артериум» корпорациясы өкілдігі
050060, Алматы қ-сы, Әл-Фараби даңғылы, 97 үй, 3 подъезд, «54» кеңсе
Тел/факс: 8(727)315-82-09; 8(727)315-82-10;
Е-mail: Almaty@arterium.ua