Герзума (порошок, 150 мг, СЕЛЛТРИОН, Инк.)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Герзума®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Трастузумаб
Дәрілік түрі
Инфузияға ерітінді дайындау үшін концентрат дайындауға арналған лиофилизацияланған 150 мг ұнтақ.
Құрамы
Бір құты ішінде:
белсенді зат: трастузумаб - 150 мг,
қосымша заттар: L-гистидин гидрохлоридінің моногидраты, L-гистидин, α,α-трегалоза дигидраты, полисорбат 20.
Сипаттамасы
Ақтан ақшыл-сары түске дейінгі лиофилизацияланған ұнтақ.
Қалпына келтірілген ерітінді –түссіз немесе бозғылт-сары түсті сұйықтық.
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакотерапиялық тобы
Антинеопластикалық препараттар және иммуномодуляторлар. Антинеопластикалық препараттар. Антинеопластикалық басқа препараттар. Моноклональді антиденелер. Трастузумаб
АТХ коды L01ХС03
Фармакокинетикасы
Трастузумабтың фармакокинетикасы плазмадағы алдын ала болжанған концентрациядағы, әсіресе ұзақ емдеген кезде, тіркелген дозалар ауқымы аясында жаңғыртылады. Орташа есептелген AUC мәні күнделікті дозалағанда күніне 1677 мг/л және 3 аптада 1 рет енгізгенде күніне 1793 мг/л құрайды.
Шамамен алғанда орташа ең жоғары шектегі концентрациялар - 104 мг/л және 189 мг/л, қалдық концентрациялардың деңгейлері – сәйкесінше, 64,9 мг/л және 47,3 мг/л құрайды.
Сүт безінің обыры бар пациенттерде стационарлық жағдайға әдетте шамамен 27 аптадан кейін (190 күн немесе жартылай шығарылудың 5 кезеңі) жетеді.
Бастапқы 8 мг/кг (3 аптада 1 рет) немесе 4 мг/кг дозаларды (апта сайын) енгізуден кейін Сmax орташа мәні, сәйкесінше, 176 және 88,5 мкг/мл құрады (популяциялық фармакокинетика). Стационарлық жағдайда Сmax баға беру мәндері, сәйкесінше, 184 және 113 мкг/мл, ал Cmin – сәйкесінше, 52,9 және 69,6 мкг/мл құрады. 3 аптада 1 рет және апта сайын енгізгенде стационарлық жағдайда баға берілген AUC орташа мәндері 3 апта өткеннен кейін күніне, сәйкесінше, 1822 және 1912 мкг/мл құрады.
Асқазанның немесе гастроэзофагеальді жалғаманың обыры бар пациенттерде стационарлық жағдайда баға берілген AUC орташа мәні – күніне 1213 мг/л, Сmax - 128 мг/л және Сmin - 27,6 мг/л.
Таралуы
Сүт безінің обыры бар пациенттерде орталық (Vс) және шеткері (Vр) камераларда таралу көлемі, сәйкесінше, 3,02 л және 2,68 л құрады.
Асқазанның немесе гастроэзофагеальді жалғаманың обыры бар пациенттерде орталық камерадағы таралу көлемі әдетте 3,91 л құрады.
Шығарылуы
Трастузумаб бауырда және басқа да тіндерде (мысалы, теріде және бұлшықеттерде) ыдырайды. Сүт безінің обырында трастузумабтың жартылай шығарылу кезеңі 28-38 күнді құрайды. Асқазанның обырында орташа жартылай шығарылу кезеңі – 26 күн.
Айналымда болатын «тазартылған» антиген
Сүт безінің обыры: HER2 рецепторының айналымдағы жасушадан тыс доменінің («тазартылған антиген») өлшенетін концентрациялары НЕR2-гиперэкспрессиясымен бірге (1880 нг/мл дейін; орташа мәні - 11 нг/мл) сүт безінің обыры бар пациенттердің 64%-ның сарысуынан табылды. «Тазартылған» антигеннің бастапқы деңгейі өте жоғары пациенттерде трастузумабтың азырақ қалдық концентрациясы үлкен ықтималдылықпен болуы мүмкін. Апта сайынғы дозалау режимінде «тазартылған антиген» деңгейі жоғарылаған пациенттердің көбісінде трастузумаб мақсатты сарысулық концентрациясына 6 аптада жетті. Бастапқы «тазартылған» антиген мен клиникалық жауап арасында ешқандай да маңызды өзара байланыс болған жоқ.
Асқазанның немесе гастроэзофагеальді жалғаманың обыры бар пациенттерде «тазартылған» антигеннің деңгейі туралы деректер жоқ.
Пациенттердің ерекше топтарындағы фармакокинетикасы
Егде жастағы пациенттерде немесе бүйрек немесе бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттерде детальді фармакокинетикалық зерттеулер жүргізілмеді.
Пациенттің жасы және сарысулық креатинин деңгейі сияқты факторлар трастузумабтың фармакокинетикасына ықпалын тигізген жоқ.
Фармакодинамикасы
Трастузумаб құрамында вариабельді аймақтың гипервариабельді жерлері бар, қытай атжалманы аналық безінің жасушаларынан алынатын рекомбинантты гуманизацияланған моноклональді антидене (IgG1 каппа) болып табылады. Антидене адамның 2 типті (HER2) эпидермальді өсу факторы рецепторларының жасушадан тыс доменімен спецификалық тұрғыдан байланысады.
HER2 протоонкогені (немесе с-erbВ2), эпидермальді өсу факторының рецепторына құрылымы жағынан ұқсас, салмағы 185 кДа трансжарғақшалық рецептор тәріздес бір тізбекті ақуызды кодтайды. HER2 гиперэкспрессиясы асқазанның таралған обыры үлкен ретсіздікпен байқалатын пациенттерде сүт безінің алғашқы обырының 15-20% жағдайында байқалады. Кеш сатылардағы асқазан обырының НЕR2-позитивтілігінің жалпы үлесі 15%-ды құрайды. Кеңірек пайдаланып анықтауда HER2-позитивтілігі үшін ИГХЗ+ немесе FISH+ жеткілікті болғанда бұл үлес 22,1%-ды құрайды. HER2 генінің амплификациясы осы ісік жасушаларының бетінде HER2 ақуызының гиперэкспрессиясына және, сәйкесінше, HER2 тұрақты белсенділенуіне әкеледі.
Ісік тіндерінде HER2 гиперэкспрессия байқалған, сүт безінің обыры бар пациенттер HER2 гиперэкспрессиясынсыз пациенттермен салыстырғанда, ауру белгілерінсіз аз өміршеңдікке ие.
Іn vitro сияқты, сонымен қатар жануарлардағы сияқты, трастузумаб HER2 гиперэкспрессиясы бар адамда ісік жасушаларының пролиферациясын тежейді. Трастузумаб антиденеге тәуелді жасушалық цитоуыттылық (АТЖЦ) медиаторы болып табылады. Трастузумаб арқылы АТЖЦ көбіне HER2 гиперэкспрессиясы бар ісік жасушаларына бағытталатыны іn vitro көріністелді.
Сүт безінің обырында HER2 гиперэкспрессиясын немесе HER2 генінің амплификациясын анықтау
Трастузумабты анықталған HER2 гиперэкспрессиясы немесе HER2 генінің амплификациясы бар пациенттерде емдеу үшін ғана қолдану керек. HER2 гиперэкспрессиясы иммуногистохимия (ИГХ) әдісімен белгіленген ісік блоктарына баға беру жәрдемімен диагностикалануы тиіс. HER2 генінің амплификациясы ісік тіндерінде белгіленген блоктарда флуоресценттік in situ (FISH) гибридизациясының немесе хромогендік in situ (CISH) гибридизациясының жәрдемімен анықталады. Трастузумаб препаратын тағайындау үшін көрсетілім ИГХ3+ нәтижесі бойынша айқын HER2 гиперэкспрессиясы немесе FISH немесе CISH оң нәтижесі болып табылады.
Тестілеудің дәл және қайта жаңғыртылатын нәтижелеріне қол жеткізу үшін ол тестілеу процедурасының валидациясын қамтамасыз ететін жағдайы бар мамандандырылған зертханаларда жасалуы тиіс.
ИГХ боялуына баға беру үшін келесі балл жүйесі ұсынылады:
Қарқындылығына және боялуына берілген балл бағасы |
Боялу типі |
HER2 гиперэкспрессиясына берілген баға |
Боялу байқалмайды немесе <10% ісік жасушалары жарғақшаларының боялуы байқалады. |
Теріс |
|
1+ |
>10% ісік жасушалары жарғақшаларының боялуы әлсіз/болар-болмас білінеді. Жарғақшалардың жасушаларында жарғақшалар ішінара боялған. |
Теріс |
2+ |
>10% ісік жасушалары жарғақшаларының толық боялуы әлсізден орташаға дейін |
Күмәнді |
3+ |
>10% ісік жасушалары жарғақшаларының толық боялуы |
Оң |
Жалпы алғанда, егер ісік жасушасындағы HER2 гені копиясы санының 17 хромосома копиясының санына арақатынасы көбірек болса немесе 2-ге тең болса, немесе, егер 17 хромосоманы тексеру қолданылмаса, ал ісік жасушасында HER2 генінің 4 копиядан артығы болса, FISH оң деп саналады.
Жалпы алғанда, CISH тестілеу нәтижесі, егер ісік жасушаларының 50%-нан көбірегінің ядросында HER2 генінің 5 копиядан көбірегі болса, оң деп саналады.
Оның нәтижесіне талдау жүргізу және баға беру туралы толық ақпарат үшін бекітілген FISH және CISH әдістемелерін қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз.
Асқазанның метастаздық обырында немесе гастроэзофагеальді жалғаманың обырында HER2 гиперэкспрессиясын немесе HER2 генінің амплификациясын анықтау.
HER2 гиперэкспрессиясын немесе HER2 генінің амплификациясын анықтау үшін тек айқын және валидацияланған әдістемелер пайдаланылуы тиіс. Тестілеудің алғашқы әдісі ретінде ИГХ ұсынылады. HER2 генінің амплификациясы статусын қосымша анықтау қажет болған жағдайда күміспен күшейтілген in situ (SISH) гибридизациясы немесе FISH технологиясы пайдаланылуы тиіс. Тестілеудің дәл және қайта жаңғыртылатын нәтижелеріне қол жеткізу үшін ол тестілеу процедурасының валидациясын қамтамасыз етуге қабілетті мамандандырылған зертханаларда жасалуы тиіс. Оның нәтижесіне талдау жүргізу және баға беру туралы толық ақпарат үшін бекітілген FISH және CISH әдістемелерін қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз.
Препаратты қолданудың оң әсері ИГX3+ ретінде немесе ИГХ2+ ретінде және FISH оң нәтижесі ретінде баға берілген HER2 ақуыздық гиперэкспрессиясының деңгейі өте жоғары пациенттерде ғана білінді.
Асқазан обыры бар пациенттерде HER2 генінің амплификациясын анықтаған кезде SISH және FISH әдістері арасында сәйкестендірілген жоғары (95%) деңгей байқалды.
Трастузумабты айқын HER2 гиперэкспрессиясы бар, яғни ИГХЗ+ немесе ИГХ2+ және толық FISH немесе SISH нәтижелері бар пациенттерде ғана қолдану керек.
HER2 генінің амплификациясы in situ гибридизациясы әдісімен, мысалы, FISH немесе SISH белгіленген ісік блоктарының әдісімен анықталуы тиіс.
Әрі қарай ИГХ боялу типіне баға берудің ұсынылатын балл жүйесі берілген:
Балл бағасы |
Хирургиялық препарат –Боялу типі |
Биоптат – Боялу типі |
HER2 гиперэкспрессиясына берілген баға |
Боялу жоқ, реактивтілік немесе <10% ісік жасушалары жарғақшаларының реактивтілігі |
Кез келген ісік жасушасы жарғақшалары тарапынан реакция жоқ. |
Теріс |
|
1+ |
>10% ісік жасушалары жарғақшаларының боялуы жеңіл/болар–болмас білінетін реактивтілік, жасушалардың реакциясы тек жарғақшалар тарапынан |
Боялған жасушалардың пайыздық мөлшеріне тәуелділіктен тыс жарғақшалар тарапынан әлсіз/болар–болмас білінетін ісік жасушаларының кластері |
Теріс |
2+ |
>10% ісік жасушалары жарғақшаларының толық базолатеральді реактивтілігі әлсізден орташаға дейін |
Боялған жасушалардың пайыздық мөлшеріне тәуелділіктен тыс әлсізден орташаға дейін жарғақшалардың толық базолатеральді немесе латеральді реакциясы бар ісік жасушаларының кластері. |
Күмәнді |
3+ |
>10% ісік жасушалары жарғақшаларының айқын толық, базолатеральді немесе латеральді боялуы |
Боялған жасушалардың пайыздық мөлшеріне тәуелділіктен тыс жарғақшалардың айқын толық базолатеральді немесе латеральді реакциясы бар ісік жасушаларының кластері. |
Оң |
Жалпы алғанда, FISH немесе SISH әдістемелерінің нәтижелері, егер ісік жасушасындағы HER2 гені копиясы санының 17 хромосома копиясының санына арақатынасы көбірек немесе 2-ге тең болса, оң деп саналады.
HER2 экспрессиясы, негізінен, ішектің гистологиялық қосымша типінде байқалады. Сүт безінің обырынан айырмашылығы асқазан обырында иммуногистохимиялық бояу әдісі дәлелді емес.
HER2 плазмада бос молекула ретінде табылуы мүмкін (тазартылуы). Дегенмен, қан плазмасында HER2 экспрессиясы деңгейінің клиникалық ауру барысымен арақатынаста болмайды. Асқазанның обырында тазартылу үдерісі туралы қолжетімді деректер жоқ.
Қолданылуы
Сүт безінің обыры
Герзума® препаратымен емдеуді бастар алдында иммуногистохимия (3+ деңгей) немесе молекулярлық биология әдісінің (флуоресценттік in situ [FISH] гибридизациясын немесе хромогендік in situ [CISH] гибридизациясын пайдаланып HER2 генінің амплификациясын анықтау) жәрдемімен пациенттерде ісік тінінің HER2 гиперэкспрессиясының бар-жоғын анықтау қажет.
Сүт безінің метастаздық обыры
Герзума® препараты HER2 ісік экспрессиясымен бірге сүт безінің метастаздық обырын емдеу үшін қолданылады:
метастаздық ауруды емдеу үшін химиотерапияның бір немесе одан көбірек режимдерін қабылдаған пациенттерде монотерапия ретінде,
метастаздық ауруына химиотерапия қабылдамаған пациенттерде паклитакселмен немесе доцетакселмен біріктіріп,
метастаздық ауруына байланысты химиотерапия қабылдамаған, сүт безінің гормональді рецептор-позитивті обыры бар, постменопаузадағы пациенттерде ароматаза тежегішімен біріктіріп.
Сүт безінің ерте обырына Герзума® препаратымен адъювантты ем қабылдаған пациенттер туралы қолжетімді деректер жоқ.
Сүт безінің ерте обыры
Герзума® препараты сүт безінің ерте білінген НЕR2-оң обыры бар пациенттерді емдеу үшін қолданылады:
хирургиялық араласымдар, химиотерапия (адъювантты емес немесе адъювантты) және (егер қолдануға келсе) сәулемен емдеу жүргізуден кейін,
паклитакселмен немесе доцетакселмен біріктірілген доксорубицинмен және циклофосфамидпен адъювантты химиотерапия жүргізуден кейін,
доцетакселмен және карбоплатинмен адъювантты химиотерапиямен біріктіріп,
сүт безінің жергілікті таралған (соның ішінде қабынған) обырында немесе ісік өлшемі диаметрмен алғанда 2 см асып кеткен жағдайларда Герзума® препаратымен адъювантты емес химиотерапиямен және кейіннен адъювантты емдеумен біріктіріп.
Асқазанның метастаздық обыры немеме өңеш-асқазан жалғамасының обыры
Герзума® препаратының капецитабинмен немесе 5-фторурацилдің вена ішілік түрімен және цисплатинмен біріктірілімі, метастаздық ауруға химиотерапия қабылдамаған, асқазанның және өңеш-асқазан жалғамасының НЕR2-позитивті метастаздық аденокарциномасын емдеу үшін көрсетілген. Герзума® препараты FISH+ оң нәтижесімен айғақталған немесе күміспен in situ гибридизациясы (SISH) күшейтілген ИГХ3+ немесе ИГХ2+ ісіктің HER2 гиперэкспрессиясымен анықталған асқазанның метастаздық обыры бар пациенттерде ғана қолданылуы тиіс.
Қолдану тәсілі және дозалануы
Герзума® препаратымен емдеу онкологиялық пациенттерді емдеу тәжірибесі бар маманданған дәрігердің бақылауымен басталуы маңызды.
Емдеуді бастар алдында HER2 статусты анықтау міндетті түрде.
Тағайындалған дәрілік затты қолдануда қателесуге жол бермеу үшін, дайындалған және енгізілетін препараттың – трастузумаб эмтанзині емес, нақ Герзума® (трастузумаб) екендігіне көз жеткізу үшін инъекциялық құтылардағы заттаңбаларды міндетті түрде тексеру керек.
Сүт безінің метастаздық обыры – апта сайынғы сызба
Герзума® препараты вена ішіне инфузия ретінде қолданылуы тиіс. Вена ішіне болюстік енгізуді пайдаланбау керек.
Төменде монотерапия ретінде де, сонымен қатар химиотерапиямен біріктірілімі ретінде де ұсынылатын бастапқы және демеуші дозалар көрсетілген:
Монотерапия
Жүктеме доза
Герзума® препаратының ұсынылатын жүктеме дозасы вена ішіне инфузия түрінде 90 минут бойы енгізілетін, дене салмағының әр кг шаққанда 4 мг құрайды.
Демеуші дозалар
Герзума® препаратының ұсынылатын апта сайынғы демеуші дозасы, бастапқы дозаның жағымдылығы жақсы болған жағдайда, ұзақтығы 30 минуттық инфузияға жол берілетін, дене салмағының әр кг шаққанда 2 мг құрайды.
Паклитакселмен немесе доцетакселмен біріктірілген ем
Біріктірілген емдегі Герзума® препаратының дозасының монотерапия жүргізген кездегі дозалардан айырмашылықтары жоқ. Паклитакселді немесе доцетакселді енгізу Герзума® препаратының алғашқы дозасын енгізуден кейін келесі күні жүргізіледі. Кейіннен паклитакселді немесе доцетакселді енгізу Герзума® препаратының демеуші дозаларын енгізуден кейін, егер препаратты енгізу мұның алдында жағымды болса, тікелей 3 апталық аралықпен жүзеге асырылуы мүмкін.
Паклитакселдің немесе доцетакселдің дозалары туралы ақпаратта қолдану жөніндегі тиісті нұсқаулықтардан қараңыз.
Ароматаза тежегішімен біріктіріп қолдану
Біріктірілген емдегі Герзума® препаратының дозасының монотерапия жүргізген кездегі дозалардан айырмашылықтары жоқ. Герзума® және анастрозол препараттарын енгізу 1 күні жүзеге асырылды. Осы дәрілерді енгізу арасындағы аралықтар бойынша шектеулер анықталған жоқ. Анастрозолдың дозалары туралы ақпаратты қолдану жөніндегі тиісті нұсқаулықтан қараңыз. Егер пациент тамоксифен қабылдаған жағдайда, оны қолдануды біріктірілген емді бастағанға дейін ең кемінде бір күн бұрын доғару қажет.
Сүт безінің метастаздық обыры – 3 апталық сызба
Апта сайын қолдануға альтернатива ретінде сондай-ақ монотерапия ретінде де, сонымен қатар паклитакселмен, доцетакселмен немесе ароматаза тежегішімен біріктірілімі ретінде де келесі 3 апталық сызба ұсынылады.
Герзума® препаратының ұсынылатын жүктеме дозасы дене салмағының әр кг шаққанда 8 мг құрайды, кейіннен 3 аптадан соң дене салмағының әр кг шаққанда 6 мг енгізіледі. Герзума® препаратының дене салмағының әр кг шаққанда 6 мг демеуші дозаларын кейіннен енгізу 3 апталық аралықпен жүргізіледі. Препарат инфузиялық түрде шамамен 90 минут бойы енгізіледі. Бастапқы дозаның жағымдылығы жақсы болған жағдайда демеуші дозамен инфузияның ұзақтығы 30 минутты құрауы мүмкін.
Сүт безінің ерте обыры
Герзума® препаратымен емдеудің келесі сызбасы ауру қайталанғанға дейін немесе жиынтық 52 апта (1 жыл) бойы қолданылады.
Апта сайын енгізу
Емдеудің апта сайынғы сызбасында жүктеме доза дене салмағының әр кг шаққанда 4 мг/кг құрайды, кейіннен дене салмағының әр кг шаққанда 2 мг доза апта сайын енгізіледі.
Үш апталық енгізу
Емдеудің 3 апталық сызбасында Герзума® препаратының ұсынылатын жүктеме дозасы дене салмағының әр кг шаққанда 8 мг құрайды. Герзума® препаратының 3 апталық ұсынылатын демеуші дозасы, бастапқы дозаны енгізгеннен кейін 3 аптадан соң басталатын, дене салмағының әр кг шаққанда 6 мг құрайды.
Химиотерапиямен біріктіргеннен кейін Герзума® препаратымен монотерапия жалғастырылған жағдайда 6 мг/кг доза 3 апталық аралықпен тағайындалады.
Асқазанның таралған обыры немесе өңеш-асқазан жалғамасының обыры – 3 апталық сызба
Жүктеме доза дене салмағының әр кг шаққанда 8 мг құрайды, кейіннен 3 аптадан соң дене салмағының әр кг шаққанда 6 мг доза енгізіледі. Дене салмағының әр кг шаққанда 6 мг құрайтын Герзума® препаратының демеуші дозаларын енгізуді 3 апталық аралықпен қайталайды. Препарат инфузиялық түрде шамамен 90 минут бойы енгізіледі. Бастапқы дозаның жағымдылығы жақсы болған жағдайда демеуші дозамен инфузияның ұзақтығы 30 минутты құрауы мүмкін.
Сүт бездерінің обыры (ерте немесе метастаздық), асқазанның метастаздық обыры немесе өңеш-асқазан жалғамасының обыры
Қолдану ұзақтығы
Сүт бездерінің метастаздық обыры немесе асқазанның таралған обыры және өңеш-асқазан жалғамасының обыры бар пациенттерді ауру үдемес бұрын Герзума® препаратымен емдеу керек. Сүт бездерінің ерте обыры бар пациенттер 1 жыл бойы немесе ауру қайталанғанға дейін, оның ерте басталуына байланысты, ем қабылдауы керек. Сүт бездерінің ерте обырын емдеуді 1 жылдан көбірек жалғастыру ұсынылмайды.
Дозаны өткізіп алу
Герзума® препаратын жоспарлы енгізуді өткізіп алуы 1 аптаны және одан азырақты құраған жағдайда, мүмкін болғанынша, стандартты демеуші дозаны (апта сайынғы сызбасы: дене салмағының әр кг шаққанда 2 мг; 3 апталық сызба: дене салмағының әр кг шаққанда 6 мг) келесі жоспарланған циклді күтпей, мүмкіндігінше, тезірек енгізу керек. Герзума® препаратының демеуші дозаларын енгізуді (апта сайынғы сызбасы: дене салмағының әр кг шаққанда 2 мг; 3 апталық сызба: дене салмағының әр кг шаққанда 6 мг) бастапқы сызбаға сәйкес жүргізу керек.
Егер пациент Герзума® препаратын енгізуді 1 аптадан көбірек уақыт аралығы ішінде өткізіп алса, жүктеме доза шамамен 90 минут ішінде қайталап енгізілуі тиіс (апта сайынғы сызбасы: дене салмағының әр кг шаққанда 4 мг; 3 апталық сызба: дене салмағының әр кг шаққанда 8 мг). Герзума® препаратының кейінгі демеуші дозаларын енгізу (апта сайынғы сызбасы: дене салмағының әр кг шаққанда 2 мг; 3 апталық сызба: дене салмағының әр кг шаққанда 6 мг) бастапқы сызбаға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Дозаны азайту
Герзума® препаратымен емдеу қайтымды, химиотерапиямен индукцияланған миелосупрессия фазаларында жалғастырылуы мүмкін, алайда пациенттер нейтропенияның асқынуларына жол бермеу үшін осы кезеңде мұқият бақылауда болуы тиіс. Химиотерапия жүргізгенде дозаны азайту немесе қабылдау аралықтарын ұзарту туралы ақпараттар бойынша арнайы нұсқаулықтарға жүгіну керек.
Егде жастағы пациенттер
Қолда бар деректерге сәйкес, Герзума® препаратының биожетімділігі жасқа байланысты емес.
Балалар мен жасөспірімдерде қолдану
Герзума® препаратын балаларға және жасөспірімдерге қолдану және оның қауіпсіздігі зерттелген жоқ.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
Герзума® препаратын трастузумабқа, қытай атжалманының аналық безінің ақуыздарына (СНО), еріткіштің кез келген затына немесе қосымша компонентіне аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерге қолдануға болмайды.
Сүт бездерінің метастаздық обырында немесе адъювантты түрде емдеуде Герзума® препаратын және антрациклиндерді бір мезгілде қолданбау керек. Адъювантты емес емдеу жағдайында Герзума® препаратын және антрациклиндерді бір мезгілде қолдану сақтықпен және химиотерапия қабылдамаған пациенттерде ғана жүргізілуі тиіс. Герзума® препаратын, онкологиялық үдерістің немесе қатар жүретін аурулардың таралуы салдарынан, тыныш күйде ентікпесі бар пациенттерге қолдануға болмайды. Жүктілік кезінде және лактация кезеңінде Герзума® препаратын қолдануға болмайды. Герзума® препаратын 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөпірімдерге де қолдануға болмайды.
Жағымсыз әсері
Трастузумаб препаратымен емдеу кезінде туындайтын өте күрделірек және/немесе жиі жағымсыз әсерлер кардиоуыттылық, инфузиялық реакциялар, гематологиялық уыттылық (әсіресе нейтропения), инфекциялар және өкпе тарапынан жағымсыз реакциялар болып табылады.
NYHA жіктеуі бойынша ІІ-ІV ФК кардиоуыттылық (жүрек функциясының жеткіліксіздігі) трастузумаб препаратымен емдеу кезінде жиі жағымсыз құбылыс болып табылады және, кейбір жағдайларда, өліммен аяқталуға әкелуі мүмкін.
Трастузумаб препаратымен емдеуден өтіп жүрген пациенттердің шамамен 40%-да алуан түрлі инфузиялық реакциялар көрініс береді. Дегенмен, инфузиялық жағымсыз әсерлердің көбісі ауырлығы жеңіл және орташа дәрежеде (NCI-CTC критерийлеріне сәйкес) өтеді және негізінен алғаш енгізген кезде, әсіресе алғашқы үш инфузияда көрініс береді және кейінгі инфузияларда азаятын жиілікте білінеді. Реакциялар, басқаларынан өзге, қалтырауды, қызбаны, жүректің айнуын, есекжемді, бөртпені, ентігуді, бронхтың түйілуін, тахикардияны және гипотензияны қамтиды.
Дереу қосымша араласымды қажет ететін күрделі анафилаксиялық реакциялар өте сирек, әдетте трастузумаб препаратымен алғашқы немесе екінші инфузияны жүргізген кезде туындайды.
Лейкопения, фебрильді нейтропения, анемия және тромбоцитопения өте жиі байқалады. Жиі жағымсыз әсерлерге нейтропения жатады. Гипопротромбинемияның туындау жиілігі белгісіз.
Трастузумаб препаратымен емдегенде өкпе тарапынан күрделі жағымсыз әсерлер сирек туындайды, алайда кейбір жағдайларда олар өліммен аяқталумен астасты. Оларға өкпе инфильтраттары, жедел респираторлық дистресс-синдром, пневмония, пневмонит, плевральді жалқық, респираторлық дистресс, өкпенің жедел ісінуі және тыныс алу функциясының жеткіліксіздігі жатады.
Жағымсыз әсерлердің тізімі
Жиілік санаттары MedDRA жағымсыз әсерлер жиілігінің конвенциясына сәйкес берілді: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100-ден <1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000-нан <1/100 дейін), сирек (≥1/10000-нан <1/1000 дейін), өте сирек (<1/10,000, белгісіз (жиілігі қолда бар деректер негізінде баға беруге келмейді).
Инфекциялық және паразиттік аурулар
Өте жиі: ринофарингит (>10%), инфекциялар.
Жиі: цистит, белдемелі теміреткі, герпестік инфекция, тұмау, синусит, тері инфекциялары, ринит, жоғары тыныс алу жолдарының инфекциялары, несеп шығару жолдарының инфекциялары, фарингит.
Жиілігі белгісіз: целлюлит, тілме, нейтропениялық сепсис, сепсис, менингит, бронхит.
Жаңа түзілімдер, қатерсіз және қатерлі (кистаны жән полиптерді қоса)
Жиілігі белгісіз: үдемелі қатерлі жаңа түзілім, үдемелі жаңа түзілім.
Қан айналу жүйесі және лимфалық жүйе тарапынан бұзылулар
Өте жиі: анемия (>10%), тромбоцитопения (>10%), фебрильді нейтропения (>10%), лейкопения.
Жиі: нейтропения.
Жиілігі белгісіз: гипопротромбинемия, лейкоз.
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
Жиі: аса жоғары сезімталдық.
Жиілігі белгісіз: анафилаксиялық реакция, анафилаксиялық шок.
Зат алмасу және ас қорыту бұзылулары
Өте жиі: дене салмағының артуы (>10%), салмақтың жоғалуы (>10%), тәбеттің азаюы (>10%).
Жиі: анорексия.
Жиілігі белгісіз: гиперкалиемия.
Психикалық бұзылыстар
Өте жиі: ұйқысыздық (>10%).
Жиі: үрейлену, депрессия, ойлау үдерісінің бұзылуы.
Жиілігі белгісіз: летаргия, паранеопластикалық мишық дегенерациясы.
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
Өте жиі: тремор (>10%), бас айналу (11%), бас ауыру (21%), парестезия (>10%), гипостезия (>10%), дәмнің бұзылуы (>10%).
Жиі: дәмнің бұзылуы, гипертензия, шеткері невропатия, бас айналу, ұйқышылдық.
Жиілігі белгісіз: парез, атаксия, мидың ісінуі, летаргия, кома, цереброваскулярлық аурулар.
Көз аурулары
Өте жиі: көзден жас ағудың ұлғаюы (>10%), конъюнктивит (>10%).
Жиі: көздің құрғауы.
Жиілігі белгісіз: көру жүйкесінің ісінуі, ретинальді қан құйылулар, қастың және кірпіктердің түсуі.
Құлақ және ішкі құлақ тарапынан бұзылулар
Жиі емес: кереңдік.
Жүрек тарапынан бұзылулар*
Өте жиі: жүректің лүпілдеуі (>10%), жүрек қағуының жүйесіздігі (>10%), лықсу фракциясының азаюы.
Жиі: жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігі, суправентрикулярлық тахиаритмия, кардиомиопатия, жүректің қағуы
Жиілігі белгісіз: кардиогендік шок, экссудативтік перикардит, перикардит, брадикардия, «ат шабыс» ырғақ, тахикардия.
Қантамырлық бұзылулар
Өте жиі: лимфостаз (>10%), қан кернеулері (>10%).
Жиі: гипотензия, гипертензия, вазодилатация.
Тыныс алу ағзалары (тыныс алу жүйесі, кеуде қуысының ағзалары және көкірек тарапынан бұзылулар)
Өте жиі: ысылдап дем алу (>10%), ентігу (14%), жөтел (>10%), ринорея (>10%), мұрыннан қан кету (>10%), жұтқыншақтың ауыруы (>10%).
Жиі: демікпе, өкпе тарапынан бұзылулар, экссудативті плеврит, пневмония.
Жиі емес: пневмонит.
Жиілігі белгісіз: (постмаркетингтік деректер): өкпенің интерстициальді ауруы, өкпе инфильтраттарын, өкпе фиброзын қоса, тыныс алу функциясының жеткіліксіздігі, тыныс алудың тоқтап қалуы, өкпенің жедел ісінуі, жедел респираторлық дистресс, пневномия, бронхтың түйілуі, гипоксия, көмейдің ісінуі, жатқан кездегі ентігу, пневмонит, дене жүктеме кезіндегі ентігу, ықылық, жедел респираторлық дистресс-синдром, респираторлық дистресс-синдром, оттегімен төмендеген сатурация, Чейн- Стокс тынысы.
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар
Өте жиі: іштің ауыруы (16%), диарея (43%), еріннің ісінуі (>10%), жүректің айнуы (67%), құсу (50%), диспепсия (>10%), стоматит (>10%), іш қату (>10%).
Жиі: ауыз ішінің құрғауы, геморрой.
Жиі емес: панкреатит.
Жиілігі белгісіз: гастрит.
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар
Жиі: гепатит, бауыр тұсының аурушаңдығы, гепатоцеллюлярлық зақымданулар.
Сирек: сарғаю.
Жиілігі белгісіз: бауыр функциясының жеткіліксіздігі.
Тері және теріасты тіндері тарапынан бұзылулар
Өте жиі: эритема (23%), бөртпе (24%), беттің ісінуі (>10%), алопеция (>10%), алақан-табан дизестезиясы (>10%), тырнақта өсудің өзгерулері (>10%), тырнақтардың зақымдануы.
Жиі: акне, терінің құрғауы, тері астына қан құйылу, гипергидроз, макулопапулезді бөртпе, қышыну, онихоклазия, дерматит.
Жиі емес: есекжем.
Жиілігі белгісіз: ангионевроздық ісіну, онихорексис, Стивенс-Джонсон синдромы
Сүйек-бұлшықет жүйесі (тірек-қимыл жүйесі, дәнекер және сүйек тіндері тарапынан бұзылулар)
Өте жиі: артралгия (27%), бұлшықеттің қимылсыздығы (>10%), миалгия (27%).
Жиі: артрит, арқаның ауыруы, бұлшықеттің спазмдары, мойын тұсының ауыруы, аяқ-қолдың ауыруы, сүйек-бұлшықеттің ауыруы.
Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар
Жиі: бүйрек ауруы.
Жиілігі белгісіз: жарғақшалы гломерулонефрит, гломерулонефропатия, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі, дизурия.
Жыныс мүшелері және сүт бездері тарапынан бұзылулар
Жиі: мастит, масталгия.
Жалпы бұзылулар және енгізген жердегі бұзылулар
Өте жиі: астения (45%), кеуденің ауыруы (11%), қалтырау (15%), әлсіздік (35%), тұмау тәріздес синдром (12%), инфузиялық реакциялар (40%), ауырулар (12%), қызба (12%), шеткері ісіну (>10%), шырышты қабықтың қабынуы (>10%).
Жиі: дімкәстік, ісіну.
Иммуногенділік
Адъювантты емес-адъювантты қолдану кезінде пациенттердің 7,1%-да трастузумабқа антиденелер табылды (трастузумабқа антиденелердің бастапқы көрсеткіштерінің байланысынан тыс). Осы антиденелердің клиникалық маңызы белгісіз. Алайда трастузумабқа осы антиденелер трастузумабтың фармакокинетикасына және тиімділігіне (белгілі бір толық морфологиялық жауабына (cPR)) немесе қауіпсіздігіне (инфузиялық реакциялардың белгілі бір жиілігі бойынша) айқын жағымсыз әсерін тигізген жоқ.
Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Фармакокинетикалық/фармакодинамикалық өзара әрекеттесу
Трастузумаб препаратының адамдарда басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуіне формальді зерттеулер жүргізілген жоқ. Трастузумаб емдік дозаларда доцетакселмен, карбоплатинмен немесе анастрозолмен біріктіріліп енгізілді, осы дәрілік заттардың да, трастузумаб препаратының да фармакокинетикасы өзгерген жоқ.
Паклитакселдің және доксорубициннің (сондай-ақ олардың негізгі метаболиттері 6-α-гидрокси-паклитакселдің (РОН) және доксорубицинолдың (DOL)) концентрациялары трастузумабтың қатысуымен өзгерген жоқ. Ал сол уақытта трастузумаб доксорубицин метаболиттерінің біреуінің [7-деокси-13-дигидро-доксорубицинона (D7D)] жалпы экспозициясын арттыруы мүмкін. D7D биологиялық белсенділігі және осы метаболитті арттырудың клиникалық әсері анықталған жоқ. Паклитакселді және доксорубициннің қатысуымен трастузумабтың концентрациясында ешқандай өзгерулер байқалған жоқ.
Капецитабиннің биологиялық тұрғыдан белсенді метаболиттерінің [(мысалы, 5-фторурацила (5-FU)] экспозициясы цисплатинді немесе цисплатинді трастузумабпен бір мезгілде қолданғанда өзгерген жоқ. Ал сол уақытта трастузумабпен біріктірілген сол капецитабиннің өзінің жоғары концентрациялары және жартылай шығарылуының ұзағырақ кезеңі білінді. Деректер бір мезгілде капецитабинді немесе капецитабинді трастузумабпен біріктіріп қолданған кезде цисплатин фармакокинетикасының өзгермегендігін айғақтайды.
Айрықша нұсқаулар
Биологиялық препараттарды қадағалау ықтималдылығын жақсарту мақсатында Герзума® препаратының атауы пациенттің картасында анық жазылуы тиіс. Басқа биологиялық дәрілік затқа алмастыру препаратты тағайындаған дәрігердің келісімін қажет етеді. Қолдану жөніндегі осы нұсқаулықтағы мәліметтер тек Герзума® препаратына ғана қатысты.
Бір реттік 150 мг құтылардағы ерітіндіні қалпына келтіру үшін пайдаланылатын инъекцияға арналған стерильді суда бензил спирті жоқ.
Инфузиялық реакциялар
Трастузумаб препаратымен емдеу кезінде инфузиялық реакциялар, жекелеген жағдайларда ауыр (тән симптомдары: ентігу, гипотония, жүректің айнуы, жоғары температура, бронхтың түйілуі, тахикардия, есекжем, тері бөртпесі және басқалары) реакциялар байқалды. Бұл жағымсыз құбылыстар инфузия себепші болған реакциялар шегінде де, сонымен қатар кейіннен болатын реакциялар шегінде де пайда болу мүмкін. Инфузиялық реакциялардың пайда болу қаупін төмендету үшін премедикация тағайындалуы мүмкін.
Инфузиялық реакциялардың дамуы тұрғысында пациенттерді бақылау қажет. Инфузияны доғару осындай симптомдардың бәсеңдеуіне мүмкіндік туғызуы мүмкін. Инфузия олар басылғаннан кейін жалғастырылуы мүмкін. Осы симптомдар петидин немесе парацетамол сияқты аналгетиктермен/антипиретиктермен, немесе дифенгидрамин сияқты антигистаминдік дәрілермен басылуы мүмкін. Ауыр реакциялар симптоматикалық еммен, мысалы, оттегімен, бета-агонистермен және кортикостероидтармен ойдағыдай ырыққа көндірілді. Сирек жағдайларда осы реакциялар ықтимал клиникалық өліммен аяқталумен ұштасты. Ентікпесі бар пациенттер тыныш күйде онкологиялық үдерістің немесе қатар жүретін аурулардың таралуы салдарынан фатальді инфузиялық реакциялардың үлкен қаупіне ұшырады. Демек, пациенттердің осы санаты трастузумаб препаратымен ем қабылдамауы тиіс.
Клиникалық тұрғыдан инфузиялық реакциялар үлкен қиындықпен ғана аса жоғары сезімталдық реакцияларынан саралап жіктелуі мүмкін.
Кардиоуыттылық
Ескеру қажет жалпы факторлар
Трастузумаб препаратымен ем қабылдап жүрген пациенттерде кардиологтарының Нью-Йорк Ассоциациясының (NYHA) жіктеуі бойынша функциональді II-IV класына жататын жүрек функциясының жүре келе пайда болған жеткіліксіздігінің немесе жүрек функцияларының симптомсыз бұзылуларының даму қаупі жоғары. Осы дәлел трастузумаб препаратымен монотерапия немесе таксандармен біріктіріп ем жүргізгенде, антрациклиндермен (доксорубицинмен немесе эпирубицинмен) емдеуден кейін орын алды. Жүрек функциясы жеткіліксіздігінің ауырлық дәрежесі орташадан ауырға дейін өзгеруі және өліммен аяқталуға әкелуі мүмкін. Жоғары кардиальді қаупі бар (мысалы, гипертензия, жүректің анықталған ишемиялық ауруы, жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігі, дистолалық дисфункция, егде жастағы пациенттер) пациенттерді емдегенде сақтық таныту қажет.
Сүт безінің метастаздық обырында немесе емдеудің адъювантты сызбасында трастузумабты және антрациклиндерді бір мезгілде қолданбау керек. Емдеудің адъювантты емес сызбасында трастузумаб препаратын және антрациклиндерді бір мезгілде қолдану және бұрын химиотерапия қабылдамаған пациенттерде ғана сақтықпен жүргізілуі тиіс. Антрациклиндермен төмен дозалы емдеу жағдайында ең жоғары жиынтық доза 180 мг/м2 (доксорубицин) немесе 360 мг/м2 (эпирубицин) шамасынан аспауы тиіс. Егер пациенттер адъювантты емес сызба бойынша бір мезгілде төмен дозалы антрациклиндермен және трастузумаб препаратымен ем қабылдаған жағдайда, операциядан кейінгі кезеңде қосымша цитоуыттық ем қолданылмауы тиіс. Емдеудің адъювантты емес-адъювантты сызбасының клиникалық тәжірибесі 65 жастан асқан пациенттерге қатысты шектеулі.
Жағымсыз реакциялар түрінде көптеген кардиальді симптомдар, қолданылатын емдеу сызбасына қарамай, алғашқы 18 ай ішінде көрініс берді. Жалпы алғанда, олардың жиілігі 3 жыл өтсе де артқан жоқ. Көптеген жағдайларда сол жақ қарыншаның дисфункциясында жақсару трастузумаб препаратымен емдеуді доғарғаннан кейін және/немесе жүрек ауруларын емдеуді бастағаннан кейін басталды.
Трастузумабтың жартылай шығарылу кезеңі шамамен 28-38 күнді құрайтын болғандықтан, ол қантамыр арнасында емдеуді аяқтағаннан кейін 27 аптаға дейін айналымда болуы мүмкін. Трастузумаб препаратымен емдеу аяқталғаннан кейін антрациклиндер қабылдап жүрген пациенттер сондай-ақ кардиоуыттылық көріністерінің қаупі бар топта болуы мүмкін.
Егер бұл мүмкін болса, құрамында антрациклин бар емді трастузумаб препаратымен емдеу аяқтағаннан кейін 27 аптаға дейін тағайындауға жол бермеу керек.
Трастузумаб препаратымен емдеуді бастағанға дейін, әсіресе бұның алдында антрациклиндермен емделген жағдайда, пациенттерде жүрек функциясына, соның ішінде физикалық тексеруге және анамнез жинауға, ЭКГ-ге, эхокардиограммаға және/немесе мультигейттелген радионуклидтік ангиографияға (MUGA) баға берілуі тиіс. Жүрек дисфункциясы бар пациенттерді ерте анықтау мақсатында мониторинг жүректің бастапқы жағдайына, емдеу кезінде әрбір 3 ай сайын және емдеуді аяқтағаннан кейін 6 ай сайын, трастузумаб препаратын соңғы енгізуден кейін 24 айға дейін баға беру түрінде жасалуы тиіс. Құрамында антрациклин бар химиотерапия қабылдап жүрген пациенттерге әрі қарай трастузумаб препаратын соңғы енгізу сәтінен бастап 5 жылға дейін немесе көбірек, егер сол жақ қарыншаның лықсу фракциясының (СҚЛФ) үнемі азаюы байқалған жағдайда, жыл сайын мониторинг жүргізу ұсынылады.
Егер СЖЛФ, бастапқы деңгеймен салыстырғанда, 10% немесе одан көбірекке түсіп кетсе, 50%-дан төмен болса, трастузумаб препаратымен емдеуді тоқтата тұру және шамамен 3 аптадан кешіктірмей СЖЛФ-ға қайтадан баға беру керек. Егер емдеу кезінде сол жақ қарыншаның лықсу фракциясы жақсармаса немесе ол төмендеуін жалғастырса, немесе егер жүрек функциясының клиникалық тұрғыдан маңызды жеткіліксіздігі дамыса, қолданудың пайдасы осымен байланысты қаупінен басым болатын жекелеген жағдайларды қоспағанда, трастузумаб препаратын қабылдауды кідіртпей тоқтату керек. Жүректің симптомсыз дисфункциясы бар пациенттер көбірек жиі (мысалы, әрбір 6-8 апта сайын) баға беруге жатады. Егер сол жақ қарынша функциясының тұрақты төмендегені байқалса, алайда симптомсыз күйінде қалса, егер трастузумаб препаратын қолданудың клиникалық пайдасы айқын болмаса, дәрігер емдеуді тоқтату ықтималдылығын қарастыруы керек.
Жүрек дисфункциясы бар пациенттерде трастузумабпен емдеуді қайта жаңғыртудың немесе жалғастырудың қауіпсіздігі проспективті түрде зерттелген жоқ. Егер трастузумаб препаратымен емдеу аясында жүрек функциясы жеткіліксіздігінің симптомдары дамыса, оны емдеуді стандартты препараттармен жүргізу керек. Жүрек функциясының клиникалық тұрғыдан маңызды жеткіліксіздігі бар пациенттерде, егер пациент үшін пайдасы қаупінен басым емес болса, трастузумаб препаратымен емдеуді тоқтату қажеттілігін байыпты түрде қарастырған жөн.
Адъювантты және адъювантты емес емдеу
Сүт бездерінің ерте обыры бар пациенттерде, мұның алдындағы құрамында антрациклин бар еммен, антрациклиндік емес емдеу сызбасымен, доцетакселмен немесе карбоплатинмен салыстырғанда, трастузумаб препаратын енгізген кезде кардиологиялық оқиғалардың симптомдары жиілігінің және олардың симптомсыз түрлерінің артуы байқалды. Трастузумаб препаратын таксандармен бір мезгілде қолданғанда, оларды кейіннен қолданумен салыстырғанда, жиілігі жоғары болды. Емдеу сызбасын қолданудан тыс, кардиологиялық оқиғалардың көптеген симптомдары алғашқы 18 айда білінді.
Кардиологиялық оқиғалардың туындау қаупінің факторлары егде жас (>50 жас), СҚЛФ бастапқы төмен деңгейі және азаюы (<55%), паклитакселмен, трастузумаб препаратымен емдеуді бастағанға дейін немесе кейін СҚЛФ төмен көрсеткіштері, және гипертензияға қарсы дәрілік заттарды бұның алдында немесе бір мезгілде қолдану болды. Адъювантты химиотерапия аяқталғаннан кейін трастузумаб қабылдаған пациенттерде жүрек дисфункциясының қаупі трастузумаб препаратымен емдеуді бастағанға дейін енгізілген антрациклиннің өте жоғары жиынтық дозасымен, және дене салмағының жоғары индексімен (ДСИ>25кг/м2) ұштасты.
Өкпе тарапынан реакциялар
Өкпе тарапынан ауыр жағымсыз әсерлер трастузумаб препаратын постмаркетингтік кезеңде пайдаланғанда тіркелді. Осы жайттар кейде өліммен аяқталуға әкелді және инфузиялық реакцияның да, сонымен қатар баяу типті реакцияның да симптомдары болуы мүмкін. Бұдан басқа, өкпенің интерстициальді ауруы, сондай-ақ өкпе инфильтраттары, жедел респираторлық дистресс-синдром, пневмония, пневмонит, плевральді жалқық, респираторлық дистресс, өкпенің жедел ісіну және тыныс алу функциясының жеткіліксіздігі жағдайлары тіркелді.
Өкпенің интерстициальді ауруымен астасқан қауіп факторлары бұның алдында немесе бір мезгілде өкпенің интерстициальді ауруымен астасқан ісікке қарсы емді, мысалы, таксандармен, гемцитабинмен, винорелбинмен емдеуді және сәулемен емдеуді қолдануды қамтиды. Онкологиялық үдерістің және қатар жүретін аурулардың өршуі салдарынан туындайтын асқыну себебінен тыныш күйде ентігетін пациенттер өкпеге қатысты жайттардың туындау қаупі жоғары тобында болуы мүмкін. Демек, мұндай пациенттерге трастузумаб препаратын тағайындамау керек.
Жүктілік және емшек емізу
Жүктілік кезінде, егер ана үшін тек ықтимал пайдасы шарана үшін ықтимал қаупінен басым болмаса, трастузумабты қолданбау керек.
Постмаркетингтік кезеңде трастузумабты қабылдап жүрген жүкті әйелдерде шарана бүйрегі дамуының (мысалы, бүйрек гипоплазиясы) және/немесе олигогидрамнионмен біріккен бүйрек функциясының бұзылу жағдайлары тіркелді, олардың кейбіреулері шаранада өліммен аяқталатын өкпе гипоплазиясымен ұштасты. Бала туа алатын жастағы әйелдер трастузумаб препаратын қолдану кезінде және емдеу аяқталғаннан кейін, ең кемінде, 7 ай бойы контрацепцияның тиімді әдістерін пайдалануы керек. Жүкті әйелдер шарана үшін ықтимал зиянынан хабардар болуы тиіс. Егер жүкті әйел трастузумаб препаратымен ем қабылдап жүрсе, мұқият бақылау ұсынылады.
Жүкті әйелдерге қолданғанда ұрпақ өрбіту функциясын трастузумабтың бұзуы мүмкін екендігі белгісіз.
Емшек емізу
Трастузумабтың адам сүтімен бірге бөлініп шығатындығы-шықпайтындығы белгісіз. Дегенмен, адамның IgG сарысудан емшек сүтіне түседі, ал потенциалды зияны белгісіз, әйелдер трастузумаб препаратымен емделу кезінде емшек емізбегендері жөн.
Көлік құралын немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері
Тиісті зерттеулер жүргізілген жоқ.
Көлік құралдарын жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне ықпалының бар-жоқтығы белгісіз, алайда фармакологиялық белсенділігі туралы деректер және жағымсыз құбылыстары туралы қазіргі сәтте қолда бар деректер мұның екіталай екендігін көрсетеді.
Инфузиялық реакция симптомдары бар пациенттерге симптомдар жоғалғанша автокөлікті басқармауға немесе механизмдерді пайдаланбауға кеңес беру керек.
Қосымша ақпарат
Үйлесімсіздік
Герзума® препаратының және поливинилхлоридтен, полиэтиленнен немесе полипропиленнен жаслаған пакеттердің үйлесімсіздігі білінген жоқ.
Глюкозаның (5%) ерітіндісін ақуыздардың агрегациясына байланысты қолданбау керек.
Герзуманы басқа дәрілік заттармен араластыруға немесе оларда ерітуге болмайды.
Пайдалану және дайындау жөнінде нұсқаулар
Бір реттік қолдануға арналған Герзума® 150 мг препаратын дайындау жөнінде нұсқаулар
Енгізуге дайындық
Бір құты Герзума® препаратын инъекцияға арналған 7,2 мл стерильді судың (жиынтықта жоқ) жәрдемімен қалпына келтіріледі. Нәтижесінде рН 6,0-ге жуық, ішінде 21 мг/мл трастузумаб бар бір реттік қолдануға арналған 7,4 мл ерітінді алынады.
Шөгіндінің түзілуіне жол бермеу мақсатында және, демек, еріген Герзума® препаратының мөлшерін азайту мақсатында Герзума® препаратын қалпына келтіру және инфузияға арналған сұйылтылған ерітінділерді дайындау үшін сілкілеуге және шамадан тыс көбіктің түзілуіне жол бермеген жөн. Сондай-ақ шприц көмегімен тез енгізуге де жол бермеу керек.
Қалпына келтіру жөнінде нұсқаулар
Герзума® препаратының инфузиясына ерітінді дайындау үшін концентрат әзірлеуге арналған лиофилизацияланған ұнтағы бар құтыға инъекцияға арналған 7,2 мл стерильді суды стерильді шприцтің жәрдемімен баяу енгізіңіз.
Құтыны айналдыра отырып, баяу шайқаңыз. СІЛКІЛЕУГЕ БОЛМАЙДЫ.
Үдеріс барысында көбіктің аздап түзілуі қалыпты болып табылады. Қалпына келгеннен кейін ерітінді 5 минутқа жуық тұра тұру керек. Ерігеннен кейін құтыда көзге көрінетін бөлшектер болмауы тиіс.
Дайындалған ерітіндінің түсі – мөлдірден бозғылт-сарыға дейін.
Герзума® препаратының бір дозалық және көп дозалық құтыларымен жұмыс жасау нұсқаулықтары
Қалпына келтірілген ерітіндіні сұйылту
Әрбір жеке пациентті емдеу үшін қажетті қалпына келтірілген ерітіндінің көлемі былайша есептеледі:
дене салмағының әр кг шаққанда 4 мг трастузумабтың бастапқы дозасының немесе дене салмағының әр кг шаққанда 2 мг трастузумабтың апта сайынғы дозаларының негізінде:
Көлемі (мл) = дене салмағы (кг) х доза (4 мг/кг жүктеме доза немесе демеуші доза үшін 2 мг/кг)
21 (мг/мл, қалпына келтірілген ерітіндінің концентрациясы)
дене салмағының әр кг шаққанда 8 мг трастузумабтың бастапқы дозасының немесе дене салмағының әр кг шаққанда 6 мг трастузумабтың үш аптада 1 рет енгізілетін демеуші дозаларының негізінде:
Көлемі (мл) = дене салмағы (кг) х доза 8 мг/кг жүктеме доза немесе демеуші доза үшін 6 мг/кг)
21 (мг/мл, қалпына келтірілген ерітіндінің концентрациясы)
Қалпына келтірілген ерітіндінің қажетті мөлшері құтыдан құйып алынуы (бір реттік 150 мг немесе көп реттік 440 мг құты жағдайында) және ішінде 250 мл 0,9% натрий хлориді бар инфузияға арналған пакетке қосылуы тиіс. Глюкоза (5%) ерітіндісін пайдаланбау керек. Ерітіндіні араластыру үшін көбіктің түзілуіне жол бермей, пакетті жайлап айналдырады. Парентеральді түрде қолдану үшін дәрілік заттарды ішінде бөлшектердің бар-жоқтығы және түссізденген-түссізденбегені тұрғысында қарап көру қажет.
Инфузияға арналған ерітінді дайындалып болу бойына бірден пайдаланылуы тиіс. Егер ерітінді асептикалық жағдайларда сұйылтылса, ол тоңазытқышта 2-8°С температурада 24 сағат бойы сақталуы мүмкін.
Микробиологиялық көзқарас тұрғысынан қалпына келтірілген ерітінді және инфузияға арналған Герзума препаратының ерітіндісі дайындалып болу бойына пайдаланылуы тиіс. Препарат, сақтауы бақыланатын және валидацияланған асептикалық жағдайларды сақтау кезіндегіні қоспағанда, қалпына келтірілгеннен және ерітілгеннен кейін сақтауға арналмаған. Егер қалпына келтірілген препарат бірден пайдаланылмаса, пайдаланушы оны пайдаланғанға дейінгі сақтау мерзіміне және сақтау шарттарына жауапты.
Артық дозалануы
Артық дозалану жағдайлары байқалған жоқ. Дене салмағының әр кг шаққанда 10 мг дозадан асып кетудің жекелеген жағдайлары зерттелген жоқ.
Симптомдары: уыттылықтың, ең алдымен, кардиоуыттылық құбылысының күшеюі.
Емі: симптоматикалық. Гемодиализдің тиімділігі туралы деректер болған жоқ.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Хлорбутилкаучук тығынмен тығындалған, «flip-off» типті алюминий қалпақшамен қаусырылған, І типті түссіз шыны құтыда 150 мг трастузумабтан.
Ішінде препараты бар 1 құты медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
2°С-ден 8°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Сақтау мерзімі
4 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Қалпына келтірілгеннен концентраттың жарамдылық мерзімі - 2°C -ден 8 °C-ге дейінгі температурада сақтаған жағдайда 48 сағат. Қалпына келтірілген және сұйылтылған ерітіндінің жарамдылық мерзімі - 30°C-ден аспайтын температурада 48 сағат.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы.
Өндіруші
СЕЛЛТРИОН, Инк., 20, Академи-ро 51 бон-гил, Енсу-гу, Инчхон, Корей Республикасы.
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
Селлтрион Хэлскеа Ко., Лтд., 19 Академи-ро 51бон-гил, Ёнсу-гу, Инчхон, Корей Республикасы.
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын; тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс жасау деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«ЭГИС Фармацевтикалық зауыты» ЖАҚ ҚР-дағы өкілдігі
050060, Алматы қ., Жароков к-сі 286 Г
тел: + 7 (727) 247 63 34, + 7 (727) 247 63 33, факс: + 7 (727) 247 61 41,
e-mail: egis@egis.kz