Гербион® сироп подорожника

Производитель: КРКА, д.д., Ново Место
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Комбинированные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014659
Информация о регистрации в РК: 19.07.2019 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Гербион® жолжелкен шәрбаты

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Шәрбат, 150 мл

Құрамы

5 мл шәрбат құрамында

белсенді заттар: 1,25 г ланцет тәрізді (Plantago lanceolata L.s.l.)

жолжелкен жапырақтарының және

1,25 г кәдімгі мальва (Malva silvestris L.) гүлдерінің

сулы сығындылары (1:5)

1) 0,0650 г аскорбин қышқылы (С витамині),

қосымша заттар: сахароза, метилпарагидроксибензоат (Е218), апельсин иісті май.

1)0.0650 г аскорбин қышқылы (С витамині) 0.07312 г натрий аскорбаты түрінде

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі және дәмі бар, қоңырдан қызылдау-қоңыр түске дейінгі шәрбат. Табиғи субстанцияларға тән, елеусіз шөгінді байқалуы мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию мен жөтел белгілерін қайтаруға арналған препараттар. Жөтелге қарсы препараттар (қақырық түсіретін препараттармен біріктірілімді қоспағанда). Жөтелге қарсы басқа да препараттар. Біріктірілген препараттар.

АТХ коды R05DB20.

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Шәрбатпен немесе екі өсімдіктің сулы сығындыларымен фармакокинетикалық зерттеулер жүргізілмеген, бірақ оқшауланған белсенді заттармен жүргізілген бірнеше зерттеулердің мәліметтері бар.

Екі өсімдіктің де шырышты полисахаридтері ішке қолданғанда сіңірілмейді және метаболизденбейді, бірақ олар шырышты қабыққа онда қорғаныс қабатын түзе отырып, жергілікті әсер етеді.

Аскорбин қышқылының (С витамині) сіңірілуі ауыз қуысының шырышты қабығында басталып, 12-елі ішек пен аш ішекте жалғасады. Қышқыл әр түрлі тіндер мен жасушаларда таралады. Аскорбин қышқылы лейкоциттер мен тромбоциттерде эритроциттегіге және плазмадағыға қарағанда анағұрлым жоғары концентрациясына жетеді. Шамамен 25% С витамині плазма ақуыздарымен байланысады. Дені сау ересек адамның организмінде шамамен 1,5 г С витамині бар.

Адам организмінде аскорбин қышқылы дегидроаскорбин қышқылына дейін қайтымсыз тотығады, содан соң ол ішінара несеп арқылы шығарылатын оксалин қышқылына және аскорбат-2-сульфатқа дейін метаболизденеді. Организмге қажет емес аскорбин қышқылының артық мөлшері өзгермеген күйінде несеппен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Гербион® жолжелкен шәрбаты құрамында екі препараттың сулы сығындысы: ланцет тәрізді (Plantago lanceolata L.s.l.) жолжелкен жапырақтары және кәдімгі мальва (Malva silvestris L.) гүлдері, сондай-ақ С витамині бар. Құрамындағы шырышты заттардың арқасында, шәрбат тыныс алу жолдарының шырышты қабығын қорғайды және суық тию аурулары және тыныс алу жолдарының қабынуы кезінде құрғақ жөтелді қайтарады. Шырышты зат ауыз қуысының шырышты қабығында жұқа қорғағыш қабат түзейді және жөтел рефлексін туғызатын, тітіркендіргіш шырышты жарғақшаны механикалық қорғайды.

Ланцет тәрізді жолжелкен жапырағының және кәдімгі мальва гүлдерінің белсенді заттары шырыштар және иридоидты гликозидтер (аукубиндер) болып табылады.

Құрамындағы аукубиннің арқасында жолжелкен жапырақтарының сулы ерітіндісі бактериостатикалық әсер етеді, жоғарғы тыныс алу жолдары жұқпаларының айқын байқалуын азайтады. Бактерияларға қарсы әсері

агликон аукубигениннің болуымен байланысты, ол аукубиннен өсімдік бета-глюкозидаз белсенділігінің арқасында босап шығады. Гербион® жолжелкен шәрбаты тыныс алу жолдарының жоғарғы бөлігінің қабынуымен қатар жүретін құрғақ тітіркендіргіш жөтел кезінде шырышты зат ретінде әсер етеді.

Кәдімгі мальва гүлдерінің құрамында да шырыштар, танин және антоцианинді гликозид мальвині бар. Сығындылар жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабығына жергілікті бүркемелейтін әсер береді. Шырыштар шырышты қабықта жұқа механикалық қорғағыш жабын түзеді, соның арқасында жөтел азаяды. Бұл қабыну үдерісі кезіндегі тыныс алу жолдарының шырышты қабықтың тітіркенуін туғызатын және қоршаған ортаның әртүрлі тітіркендіргіш әсерімен байланысты жөтелдің қайтуына әкеледі.

С витамині организмдегі көптеген метаболизмдік үдерістерге қатысады. Ол тотығу-тотықсыздану үдерісіне қатысады, коллаген синтезіне, гемоглобин түзілуіне және көптеген басқа да үдерістерге қатысады.

Қолданылуы

- жоғарғы тыныс алу жолдарының қабынбалы аурулары кезіндегі құрғақ жөтелде

- темекі шегушілерде болатын құрғақ жөтелде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер және 14 жастан асқан балалар - 2 өлшеуіш қасықтан күніне 3-5 рет.

7 жастан 14 жасқа дейінгі балалар – 1-2 өлшеуіш қасықтан күніне 3 рет.

1 жастан 7 жасқа дейінгі балалар – 1 өлшеуіш қасықтан күніне 3 рет.

Препаратты жеткілікті мөлшерде жылы сумен немесе шәймен ішу керек. Емдеу курсы – 5-7 күн.

Жағымсыз әсерлері

- препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар (терінің қышынуы, бөртпе)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдылық

- қант диабеті, туа біткен фруктозаны көтере алмаушылық, глюкоза-галактоза мальабсорбция синдромы, сахароза-изомальтаза жеткіліксіздігі

- 1 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препараттың басқа дәрілік заттардың әсеріне ықпал етуі жайлы деректер жоқ. Препарат әсеріне тағамның ықпал етуі туралы хабарланбаған.

Айрықша нұсқаулар

Гербион® жолжелкен шәрбатының құрамында сахароза бар, сондықтан қант диабеті, сирек кездесетін туа біткен фруктоза көтере алмаушылығы, глюкоза және галактоза мальабсорбация синдромы немесе сахароза-изомальтаза жеткіліксіздігі бар емделушілерге қолдануға болмайды.

Метилпарагидросибензоат (E218) аллергиялық реакциялар туындатуы мүмкін (жинақталуы мүмкін).

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Препататтың артық дозалану жағдайлары туралы хабарламалар жоқ.

Құрамында сапониндер бар препараттар артық дозаланған жағдайда мыналар байқалуы мүмкін

симптомдары: жүрек айну, құсу және диарея.

Емі: белсенділендірілген көмір қолдану, асқазанды шаю.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алғашқы ашылуы бақыланатын бұралатын пластик қақпағы бар қоңыр түсті шыны құтыларға 150 мл шәрбат құйылған.

1 құты өлшеуіш қасықпен және медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

15 ºС-ден 25 ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек. Ашылмаған және ашылған түрде құтыны тоңазытқышта сақтауға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Құтыны ашқаннан кейінгі қолдану мерзімі – 3 ай.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

­Өндіруші

КРКА, д. д., Ново место, Словения

Шмарьешка 6, 8501 Ново место, Словения

Тіркеу куәлігінің иесі

КРКА, д. д., Ново место, Словения

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«КРКА Қазақстан» ЖШС, ҚР, 050059, Алматы қ-сы, Әл-Фараби даңғ. 19,

корпус 1б, 2-ші қабат, кеңсе 207

тел. 8 (727) 311-08-09

факс 8 (727) 311-08-12

е-mail: info.kz@krka.biz

Прикрепленные файлы

366922241477976688_ru.doc 57 кб
477864111477977822_kz.doc 63.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники