Гербион® сироп исландского мха

Производитель: КРКА, д.д., Ново Место
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие противокашлевые препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021300
Информация о регистрации в РК: 28.04.2020 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Гербион® исланд мүгінің шәрбаты

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Шәрбат, 150 мл

Құрамы

5 мл шәрбаттың құрамында

белсенді заттар: 6,0 мг (96 мг – 108 мг исланд мүгіне баламалы)

исланд мүгінің (Cetraria islandica (L.) Acharius s.l.,

қатпарлары) қою сулы сығындысы (16 – 18:1)

қосымша заттар: сұйық сорбитол (кристалданбайтын) (Е420),

құрамы

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі және дәмі бар, сәл бозаңданатын, сары-қоңырдан қоңыр түске дейінгі сұйықтық. Табиғи субстанцияларға тән, елеусіз шөгінді байқалуы мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию мен жөтел белгілерін қайтаруға арналған препараттар. Жөтелге қарсы препараттар, қақырық түсіретін препараттармен біріктірілімді қоспағанда. Жөтелге қарсы басқа да препараттар.

АТХ коды R05DB

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Исланд мүгі сығындысының фармакокинетикалық қасиеттері туралы деректер жоқ.

Фармакодинамикасы

Гербион® исланд мүгінің шәрбаты дәстүрлі фитотерапияда құрғақ, тітіркендіретін жөтелді, қырылдауды және тамақтағы ауыруды басуға қолданады, оларды қолдану тек қана көп жылдық тәжірибеге және фармакологиялық деректерге негізделген. Шәрбатпен клиникалық зерттеулер жүргізілмеген.

Сығындының негізгі компоненттері – өсімдік тектес шырыш және полисахаридтер, олар жоғары тыныс жолының шырышты қабығына түсіп, қорғаныш қабатын түзеді, бұл сыртқы тітіркендіргіштер туындатқан жөтел рефлексін басуға және құрғақ, тітіркендіретін жөтелді азайтуға ықпал етеді. Өсімдік тектес шырыш, сондай-ақ ауыз қуысы мен жұтқыншақтың тітіркенген құрғақ шырышты қабығын да ылғалдандырады.

Қолданылуы

Емдеу үшін (кешенді ем құрамында):

- құрғақ, тітіркендіргіш жөтелде

- тамақтың қарлығуы мен ауыруында

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер және 16 жастан асқан жасөспірімдер: 15 мл шәрбаттан күніне 4 рет (360 мг исланд мүгінің қою сығындысына сәйкес).

10-нан 16 жасқа дейінгі балалар: 10 мл шәрбаттан күніне 4 рет (240 мг исланд мүгінің қою сығындысына сәйкес).

4-тен 10 жасқа дейінгі балалар: 5 мл шәрбаттан күніне 4 рет (120 мг исланд мүгінің қою сығындысына сәйкес).

1-ден 4 жасқа дейінгі балалар: 2,5 мл шәрбаттан күніне 4 рет (60 мг исланд мүгінің қою сығындысына сәйкес).

Дәрігермен алдын ала кеңесіп алмай, препаратты 1 жастан 4 жасқа дейінгі балаларға бермеген жөн.

Гербион® исланд мүгінің шәрбатын жаңа туған нәрестелерге және бір жастан кіші балаларға қолдану ұсынылмайды.

Қолдану тәсілі

Препараттың ауыз қуысы мен тамақтан шығарылуын жеделдетуі мүмкін болғандықтан, емделушілер шәрбатты қабылдағаннан кейін бірден тамақтанбауы немесе сусын ішпеуі керек.

Гербион® исланд мүгінің шәрбатын шай немесе жылы сұйықтықтың көп мөлшерімен ішу ұсынылады, бірақ оны қабылдағаннан кейін бірден ішпеу керек. Емдеудің ұзақтығы аурудың сипаты мен ауырлығына байланысты, сондықтан ұзақ уақыт кезеңі бойы жалғасуы мүмкін (7-14 күн).

Препаратты аурудың клиникалық белгілері жойылғаннан кейін бірнеше күн бойы жалғастыру ұсынылады. Егер симптомдар нашарлап кетсе немесе 7 күннен кейін жақсармаса, дәрігердің кеңесі қажет.

Қолданар алдында шайқау керек.

 

Жағымсыз әсерлері

- препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың белсенді затына немесе қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық

- 1 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Гербион® исланд мүгінің шәрбаты препаратының басқа дәрілік заттардың әсеріне ықпал етуі жайлы деректер жоқ. Дәрілік өзара әрекеттесулеріне зерттеулер жүргізілмеген.

Айрықша нұсқаулар

Тыныс алудың қиындауы, қызба, созылмалы жөтелмен немесе қан аралас қақырықпен қатар жүретін тыныс алу жолдары аурулары кезінде дәрігердің шұғыл тексеруі қажет. Препаратты 1 жастан 4 жасқа дейінгі балаларға дәрігердің тексеруінен кейін және ұсынуымен ғана беру керек.

Гербион® исланд мүгінің шәрбаты препаратын балаларға ата-анасы немесе күтімге алған ересектер ғана берулеріне болады.

Егер емдеуден кейін 7 күннен соң жағдайы жақсармаса, дәрігердің кеңесі қажет.

Гербион® исланд мүгінің шәрбатының құрамында сорбитол (калориялығы 2,6 ккал/г) бар.

Сирек тұқым қуалайтын фруктозаның жақпаушылығы аурулары бар емделушілердің бұл препаратты қабылдамағандары жөн.

Бұл препараттың құрамында этанолдың аздаған мөлшері, 100 мг/ дозасынан аздауы болады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Исланд мүгінің шәрбатын жүкті әйелдерде қолдану туралы жеткілікті деректер жоқ. Гербион® исланд мүгінің шәрбаты жүктілік және лактация кезеңінде ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Дозаны ұсынылғаннан асыра қолдануға болмайды.

Артық дозалану жағдайлары туралы хабарланбаған.

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

150 мл шәрбаттан алғашқы ашылуы бақыланатын бұралатын пластик қақпағы бар күңгірт шыныдан жасалған шыны құтыларға құйылған.

1 құты өлшеуіш қасықпен және медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

30 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек. Құты ашылғанға дейін және одан кейін тоңазытқышта сақтауға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Құтыны ашқаннан кейінгі қолдану мерзімі – 3 ай.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

­Өндіруші

КРКА, д. д., Ново место, Словения

Шмарьешка 6, 8501 Ново место, Словения

Тіркеу куәлігінің иесі

КРКА, д. д., Ново место, Словения

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«КРКА Қазақстан» ЖШС, ҚР, 050059, Алматы қ., Әл-Фараби д-лы 19,

1б секция, 2 қабат, 207 кеңсе

тел.: +7 (727) 311 08 09

факс: +7 (727) 311 08 12

info.kz@krka.biz

Прикрепленные файлы

028346091477976494_ru.doc 57 кб
647804581477977655_kz.doc 60.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники