Гепариновая мазь

МНН: Бензилникотинат, Бензокаин (Анестезин), Гепарин натрия
Производитель: Алтайвитамины ЗАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Гепарин в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№025927
Информация о регистрации в РК: 12.07.2022 - 12.07.2027

Инструкция

Саудалық атауы

Гепарин жақпамайы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозасы

Сыртқа қолдануға арналған жақпамай

Фармакотерапиялық тобы

Жүрек-қантамыр жүйесі. Вазопротекторлар. Варикозға қарсы терапия. Гепарин немесе жергілікті қолдануға арналған гепариноидтар. Гепарин, біріктірілімдер

АТХ коды С05ВА53

Қолданылуы

Дәрілік препарат ересектерде қолдануға арналған

- локализацияланған инфильтраттар және жұмсақ тіндердің ісінуі

- жарақат және соғылу (оның ішінде бұлшықет тіндері, сіңірлер, буындар)

- беткейлік веналар тромбофлебиті

- тері астындағы гематомалар (оның ішінде постинъекциялық және флебэктомиядан кейінгі)

- сыртқы геморрой

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Препарат компонентінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

- болжамды жақпамай жағылатын жерлерде терінің ойық жаралы-некроздық өзгерістері

- тері жабындары бүтіндігінің жарақаттық бұзылуы

- 18 жасқа дейінгі балалар;

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

- қан кету кезінде қолдану ұсынылмайды

- ашық жараларда, шырышты қабықтарда

- жергілікті іріңдік үдерістердің болуы

Қантамыр өткізгіштігінің жоғарылауы кезінде өте сақтықпен қолданыңыз.

Терең вена тромбозы кезінде жақпамай қолдану ұсынылмайды.

Сақтықпен

Қан кетуге, тромбоцитопенияға (қандағы тромбоциттер санының нормадан төмен түсуі) бейімділіктің жоғарылауы.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Фармацевтикалық:

Сыртқа қолдануға арналған басқа дәрілермен араластыру ұсынылмайды, қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен, тетрациклиндермен, антигистаминдік дәрілермен бір мезгілде жергілікті тағайындалмайды.

Фармакодинамикалық:

Протромбиндік уақытты антикоагулянттарды бір уақытта пероральді қолдану арқылы ұзартуға болады.

Арнайы ескертулер

Педиатрияда қолдану

18 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік

Жүктілік кезінде препаратты қолдану қауіпсіздігі анықталмаған. Гепарин плаценталық бөгет арқылы өтпейді.

Гепарин жақпамайы жүктілік кезінде дәрігермен кеңескеннен кейін ғана қолданылады.

Лактация

Лактация кезінде препаратты қолдану қауіпсіздігі анықталмаған. Гепарин емшек сүтімен бөлінбейді. Препараттың басқа компоненттерінің емшек сүтіне енуі туралы ақпарат жоқ.

Гепарин жақпамайы емізу кезінде дәрігермен кеңескеннен кейін ғана қолданылады.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне жағымсыз әсер туралы ақпарат тіркелмеген.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Жақпамайды диаметрі 3-5 см тері аймағына 0,5 - 1,0 г жақпамай мөлшерінде қолдану аймағына жұқа қабатпен сыртқа жағылады және жақпамай теріге абайлап жағылады.

Сыртқы геморроидальді түйіндер тромбозы кезінде жақпамайды тромбталған түйіндерді тікелей бекітетін бөз немесе полотно негізге жағады. Сол мақсатта ректальді енгізу үшін гепарин жақпамайы сіңдірілген тампонды қолдана аласыз.

Енгізу жолы және тәсілі

Сыртқа

Емдеу ұзақтығы

Қабыну құбылыстары жойылғанға дейін күніне 2-3 рет, орташа есеппен 13-тен 14 күнге дейін қолданылады.

Емдеу мерзімдерін дәрігер анықтайды.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Жақпамай компоненттерінің төмен сіңгіштігіне байланысты артық дозалану екіталай.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

Егер сізде осы препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтарыңыз болса, кеңес алу үшін дәрігерге немесе медбикеге хабарласыңыз.

Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар

Белгісіз:

- терінің аллергиялық реакциялары (тері бөртпесі, қышыну)

- тері гиперемиясы

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

100 г препараттың құрамында

белсенді заттар:

Натрий гепарині − 10000 ХБ

Бензокаин (анестезин) − 4,0 г

Бензилникотинат − 0,08 г

қосымша заттар: глицерол (дистилляцияланған глицерин), вазелин, стеарин, жүгері майы, эмульгатор №1, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, тазартылған су

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Сарғыш реңкті ақ түсті жақпамай.

Шығарылу түрі және қаптамасы

25 г бұрандалы қақпақтары бар алюминий сықпаларда. Әрбір сықпаны медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Сақтау шарттары

150С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептсіз

Өндіруші туралы мәлімет

«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы

Мекенжайы: 659325, Ресей, Алтай өлкесі, Бийск қаласы, Заводская көшесі, 69 үй

Телефон: (3854) 338-719, 326-948

Факс (3854) 326-943

Эл. пошта: office@altayvitamin.ru

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы

Мекенжайы: 659325, Ресей, Алтай өлкесі, Бийск қаласы, Заводская көшесі, 69 үй

Телефон: (3854) 338-719, 326-948

Факс (3854) 326-943

Эл. пошта: office@altayvitamin.ru

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

ЖК Кысмуратова А. Т., Қазақстан Республикасы

050010, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 23 а

ұялы телефон 8 777 230 64 94

Эл. пошта: gulnarareg@mail.ru

Прикрепленные файлы

ИМП.docx 0.02 кб
Гепариновая_мазь_ЛВ_23.06_.2022_КЗ_.docx 0.04 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники