Гепарин (5000 ЕД/мл, Белмедпрепараты РУП)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Гепарин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Натрий гепарині
Дәрілік түрі
Инъекцияға арналған ерітінді, 5000 ӘБ/мл
Құрамы
1 құтының ішінде
белсенді зат – гепарин (натрий гепарині түрінде) - 25000 ӘБ (5 мл көлемі үшін) немсе 50 000 ӘБ (10 мл көлемі үшін),
қосымша заттар - бензил спирті, натрий хлориді, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Түссіз немесе ашық-сары түсті мөлдір сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Тікелей антикоагулянттар. Гепарин.
АТХ коды В01АВ01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Тері астына енгізгеннен кейін ТCmax – 4-5 сағат. Қан плазмасының ақуыздарымен байланысуы – 95%-ға дейін, таралу көлемі өте кішкентай – 0.06 л/кг (қан плазмасы ақуыздарымен күшті байланысуына орай, қан тамыры арнасынан кетпейді). Гепарин плацента арқылы және емшек сүтіне өтпейді. Эндотелийлік жасушалармен және мононуклеарлық-макрофагтық жүйенің жасушаларымен (ретикула-эндотелий жүйесінің жасушаларымен) қарқынды қармалады, бауырда және көкбауырда шоғырланады. Ингаляциялық енгізу тәсілінде (деммен ішке тартқанда) үлкен қан тамырлардың және лимфалық тамырлардың альвеолярлық макрофагтарымен, қылтамырлар эндотелийімен сіңіріледі: осы жасушалар гепарин жинақталатын негізгі орын болып табылады, одан ол қан плазмасындағы қажетті концентрациясын ұстап тұрып, біртіндеп босап шығады. Бауырда N-десульфамидазаның және гепарин метаболизміне көп кешеуілдеген сатыларда қосылатын тромбоциттер гепариназасының қатысуымен метаболизденеді. IV тромбоцитарлық фактордың (гепаринге қарсы фактор) метаболизміне қатысуы, сондай-ақ гепариннің макрофагтар жүйесімен байланысуы биологиялық белсенділіктің жылдам жойылуын және әсер етудің қысқа мерзімділігін көрсетеді. Десульфаттанған молекулалар бүйрек эндогликозидазасының әсер етуімен төмен молекулалық фрагменттерге айналады. Гепариннің жартылай шығарылу кезеңі –1-6 сағат (орташа – 1,5 сағ.); семіздікте, бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігінде ұзарады; өкпе артериясының тромбоэмболиясында, жұқпаларда, қатерлі ісіктерде қысқарады. Бүйрекпен бөлінеді, негізінен белсенді емес метаболиттер түрінде, тек жоғары дозаларды енгізгенде өзгермеген күйде (50%-ға дейін) шығарылуы мүмкін. Гемодиализ арқылы шығарылмайды.
Фармакодинамикасы
Тікелей әсер ететін антикоагулянт, орташа молекулалық гепариндер тобына жатады, фибриннің түзілуін баяулатады. Антикоагулянттық әсері in vitro және in vivo сипатында анықталады, көктамыр ішіне енгізгеннен кейін бірден басталады.
Гепариннің әсер ету механизмі бәрінен бұрын оның қан ұюының белсенділендірілген факторларының: тромбин, IXa, Xa, XIa, XIIa тежегіші - III антитромбинмен (ерекше маңыздысы тромбин мен белсенділендірілген Х факторды тежеу қабілеті болып саналады) байланысуына негізделген. Гепарин протромбиннің тромбинге ауысуын бұзады, тромбинді бәсеңдетеді және фибриннің фибриногеннен түзілуін тоқтатады, сондай-ақ аздаған дәрежеде тромбоциттер агрегациясын азайтады.
Бүйректік қан ағымын ұлғайтады; ми тамырларының қарсыласуын арттырады, ми гиалуронидазасының белсенділігін азайтады, липопротеинлипазаны белсенділендіріп, гиполипидемиялық әсер иеленеді. Гепарин өкпедегі сурфактанттың белсенділігін төмендетеді, бүйрек үсті бездерінің қыртысындағы альдостеронның артық мөлшерлі синтезін бәсеңдетеді, адреналинді байланыстырады, аналық бездердің гормональді жандану реакциясын реттейді, паратгормонның белсенділігін күшейтеді. Ферменттермен өзара әрекеттесуінің нәтижесінде ми тирозингидроксилазасының, пепсиногеннің, ДНҚ-полимеразаның белсенділігінің жоғарылатуы және миозиндік АТФазаның, пируваткиназаның, РНҚ-полимеразаның, пепсиннің белсенділігін төмендетуі мүмкін. Жүрегінің ишемиялық ауруы бар науқастарда (ацетилсалицил қышқылымен біріктіріп) коронарлық артериялардың жедел тромбоздарының, миокард инфарктісінің және кенеттен болатын өлімнің қаупін төмендетеді. Миокард инфарктісін өткерген науқастарда қайталанатын инфаркт жиілігін және өлім-жітімділікті азайтады.
Жоғары дозаларда өкпе артериясының тромбоэмболияларында және көктамырлық тромбозда, аз дозаларда көктамырлық тромбоэмболиялардың алдын алуға, соның ішінде хирургиялық операциялардан кейін тиімді. Қанның ұюы көктамыр ішіне енгізгенде бірден дерлік, бұлшықет ішіне енгізгенде - 15-30 минуттан кейін, тері астына енгізгенде - 20-60 минуттан соң баяулайды, ингаляциядан кейін ең жоғары тиімділігі – бір тәуліктен кейін; антикоагуляциялық әсерінің ұзақтығы, тиісінше, 4-5, 6-8 сағат және 1-2 апта, тромб түзілуін болдырмайтын емдік әсері едәуір ұзақ сақталады. Плазмадағы немесе тромбоз орынындағы III антитромбин тапшылығы гепариннің антитромбоздық әсерін төмендетуі мүмкін.
Қолданылуы
- тромбоздарда, тромбоэмболияларда және олардың асқынуында (алдын алу және емдеу)
- қан ұюының алдын алуда (жүрек-қантамыр хирургиясында)
- коронарлы қантамырлар тромбозында, диссеминацияланған қантамырішілік қан ұюында
- сыртартқысында тромбоэмболиясы бар науқастарда операциядан кейінгі кезеңде
- қан айналымының экстракорпоральді әдістері пайдаланылатын операциялар кезінде қан ұюының алдын алуда, гемодиализ жүргізгенде
Қолдану тәсілі және дозалары
Гепарин үздіксіз көктамырішілік инфузия түрінде немесе жүйелі көктамырішілік инъекциялар түрінде, сондай-ақ тері астына (іш аймағына) тағайындалады.
Алдын алу мақсатында 8-12 сағат аралықтармен тері астына тәулігіне 5000 ӘБ-ден. Теріастылық инъекциялар салу үшін әдеттегі жер іштің алдыңғы-бүйірлік қабырғасы болып табылады (айрықша жағдайларда иық немесе санның жоғарғы аймағына енгізеді), осы орайда жіңішке ине пайдаланылып, бас бармақ пен сұқ саусақ арасында ұсталатын тері қатпарына ерітіндіні енгізіп біткенше перпендикулярлы терең енгізіледі. Әр кезде енгізу орынын ауыстырып отыру керек (гематома түзілуін болдырмау үшін).
Алғашқы инъекцияны операция басталғанша 1-2 сағат бұрын салады; операциядан кейінгі кезеңде 7-10 күн бойы, қажет болған жағдайда ұзақтау уақыт енгізеді.
Емдік мақсаттарда енгізілетін гепариннің бастапқы дозасы, әдетте, 5000 ӘБ құрайды және көктамыр ішіне енгізіледі, сонан соң емдеуді көктамырішілік инфузияларды пайдаланумен жалғастырады.
Қолдану тәсіліне қарай демеуші дозалар белгіленеді:
- үздіксіз көктамырішілік инфузияда, гепаринді 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде сұйылтып, сағатына 1000-2000 ӘБ (24000-48000 ӘБ/тәулік) тағайындайды;
- мерзім сайын жасалатын көктамырішілік инъекцияларда әр 4 сағат сайын 5000-10000 ӘБ гепарин тағайындалады.
Көктамыр ішіне енгізгенде гепарин дозаларын белсенділендірілген тромбопластин уақыты (БТУ) бақыланатынынан 1,5-2 есеге көбірек болатындай етіп іріктейді.
Тері астына гепариннің аз дозаларын енгізгенде (күніне 2-3 рет 5000 ӘБ) тромб түзілуінің алдын алу үшін жүйелі БЖТУ бақылауы, оның ұлғаюы мардымсыз болғандықтан, талап етілмейді.
Үздіксіз көктамырішілік инфузия жүргізу гепаринді қолданудың, жүйелі (мезгіл-мезгіл) инъекциялардан гөрі, үздік ең тиімді тәсілі болып табылады, өйткені мейлінше тұрақты гипокоагуляциямен қамтамасыз етеді және қан кетуді сирек туындатады.
Экстракорпоральді қан айналдыруды жүргізгенде 140-400 ӘБ/кг дозада немесе 5000 мл қанға 1500-2000 ӘБ-ден енгізеді.
Гемодиализ кезінде бастапқыда көктамыр ішіне 10000 ӘБ, сосын емшараның ортасында – тағы 30000-50000 ӘБ енгізеді.
Егде жастағы тұлғаларға, әсіресе әйелдерге дозалар азайтылуға тиіс.
Балаларға препаратты көктамыр ішіне тамшылатып енгізеді:
3 жастан асқан балаларға - тәулігіне 500 ӘБ/кг БЖТУ бақылануымен.
Жағымсыз әсерлер
Өте жиі (>1/10), жиі (>1/100, <1/10), жиі емес (>1/1000,< 1/100), сирек (>1/1000, <1/100).
Жағымсыз әсерлердің жиі пайда болуы – қан кету, бауыр ферменттері белсенділігінің қайтымды өзгерісі, қайтымды тромбоцитопения және терінің әртүрлі реакциялары. Жайылған аллергиялық реакциялар, тері некрозы және приапизм туралы жеке хабарлар бар.
Гепарин тромбоцитопенияны тікелей немесе тромбоцит-агрегацияланатын антиденені өндіру арқылы берілуін туғызуы мүмкін. Бұл құбылыстар препаратты тоқтатқаннан кейін қайтады.
Жиі:
- әсіресе жоғары дозада пайдаланған кезде мүшенің кезкелгенінен қан кету. Кейбір жағдайларда қан кету өлімге немесе тұрақты еңбекке жарамсыздыққа әкелді.
- I типті тромбоцитопения
- трансаминаза, гамма-GTЛДГ немесе липаза деңгейінің жоғарылауы, барлық көрсеткіштер препаратты тоқтатқаннан кейін қалпына келеді
- инъекция орнында реакциялар; тері астына енгізген кезде жергілікті тітіркену
Жиі емес:
- бөртпе (эритематозды және макулопапулезды қоса бөртпенің әртүрі), есекжем, қышыну
- гепаринмен ұзақ емдеуге байланысты остеопороз
Сирек:
- II типті тромбоцитопения, табиғи иммуноаллергия болуы ықтимал. Кейбір жағдайларда II типті тромбоцитопения көктамырлық немесе артериялық тромбозбен қатар жүруі мүмкін.
- аллергиялық реакцияның барлық түрінің және ауырлық дәрежесінің пайда болуы әртүрлі
- гипоальдостеронизм, ол плазмада калийдің артуына әкелуі мүмкін. Сирек клиникалық мәні бар гиперкалиемия созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі және қант диабеті бар науқастарда болуы мүмкін
- тері некрозы, бұл кезде емді шұғыл түрде тоқтату керек.
Эритеманың жекелеген жағдайы туралы хабар бар.
Өте сирек:
- анафилактоидты реакциялар және анафилактикалық шок
- жұлын немесе эпидуралді анестезия немесе жұлын-ми пункциясы кезінде алдын ала гепарин дозасын алып жүрген емделушілерде эпидуральді және жұлын гематомасы
- приапизм
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- гепаринге аса жоғары сезімталдық
- сыртартқысында гепарин-индуцирлейтін тромбоцитопения бар немесе болған
- жайылған немесе жергілікті қан кетуге бейім, бауырдың, бүйректің ауыр жеткіліксіздігін, ойықжара ауруының асқынуын, Крон ауруын, жедел немесе жеделге жуық септикалық эндокардитті, бассүейкішілік қан құйылуды немесе жарақатты және бас, мойын, көз, құлақ аймағына операцияны қоса және әйелдерде босануда, түсік тастау қатері кезінде (оның ішінде жуық арада)
- жуық арада қуық безіне, бауырға және өт жолдарына хирургиялық араласулар жүргізгенде
- жұлын-миға жасалған пункциядан кейінгі жай-күй
- бақыланбайтын ауыр артериялық гипертензия
- пролиферативті диабеттік ретинопатия
- туберкулездің белсенді түрі
- жедел және созылмалы лейкоз
- апластикалық және гипопластикалық анемия
- жүктілік және лактация кезеңі
- 3 жасқа дейінгі балалар
Гепарин инъекциясының құрамында 10 мг/мл консервант – бензил спирті бар, сондықтан шала туған немесе жаңа туған сәбилерге қолдануға болмайды.
Жүкті әйелдер Гепарин алған кезде босану кезінде эпидуральді анестезия жасауға болмайды.
Алдын алу үшін емес, емдеу үшін Гепарин алып жүрген науқастарда, жоспарлы хирургиялық емшара жүргізген кезде жергілікті-аймақтық анестезия қарсы көрсетілімде, өйткені Гепаринді пайдалану өте сирек, бірақ ұзақ немесе ұдайы салданудың салдарынан эпидуральдің немесе жұлын гематомасының дамуымен астасқан.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Гепариннің әсерін кейбір антибиотиктер (ішек микрофлорасымен К витаминінің түзілуін төмендетеді), ацетилсалицил қышқылы, дипиридамол, қабынуға қарсы стероидты емес препараттар және тромбоциттер агрегациясын төмендететін (гепаринмен емдеу аясында науқастардағы гемостаздың негізгі механизмі болып қалатын) басқа дәрілік заттар, тікелей емес антикоагулянттар, өзекшелік сөліністі бөгейтін дәрілік заттар күшейтеді. Гистаминге қарсы дәрілік заттар, фенотиазиндер, жүрек гликозидтері, никотин қышқылы, этакрин қышқылы, тетрациклиндер, қастауыш алкалоидтары, никотин, нитроглицерин (көктамыр ішіне енгізу), тироксин, адренокортикотропты гормон, сілтілік амин қышқылдары және полипептидтер, протамин - бәсеңдетеді. Басқа дәрілік заттармен бір еккіште араластыруға болмайды.
Айрықша нұсқаулар
Гепаринді бұлшықет ішіне енгізуге болмайды, өйткені енгізілген жерде гематома түзілуі мүмкін. Гепарин ерітіндісінде сары рең болуы мүмкін, ол оның белсенділігін немесе көтерімділігін өзгертпейді. Гепаринді емдік мақсаттарда тағайындағанда оның дозасын белсенділендірілген жартылай тромбопластин уақытының мәніне қарай іріктейді.
Гепаринді қолдану кезінде дәрілік заттарды бұлшықет ішіне енгізуге және ағзаларға биопсия жүргізуге болмайды. Гепарин тек стационар жағдайында ғана қолданылады.
Гепаринді сұйылту үшін тек NaCl 0.9 % ерітіндісі ғана пайдаланылады.
Гепаринмен емдеу гемокоагуляция жай-күйін мұқият бақылау арқылы жүргізілуі тиіс. Қан ұю жағдайын зерттеу былай жүргіледі: емнің алғышқы 7 күнінде – 2 тәулікте 1 реттен кем емес, әрі қарай 3 тәулікте 1 рет; операциядан кейінгі кезеңнің бірінші күнінде – тәулігіне 2 реттен кем емес, 2-ші 3-ші күндері – тәулігіне 1 реттен кем емес.
Гепаринмен емеуді бірден тоқтату тромбоздық үдерістің қарқынды белсенуіне әкелуі мүмкін, сондықтан гепариннің дозасын тікелей әсер етпейтін антикоагулянттарды бір мезгілде тағайындаумен біртіндеп азайту керек.
Ерекшеліктер ауыр геморрагиялық асқынулар мен гепаринді жекелей көтере алмаушылық пайда болған жағдайлары болып табылады.
Поливалентті аллергиядан (соның ішінде бронх демікпесінен), артериялық гипертензиядан зардап шегетін тұлғаларға, стоматологиялық манипуляцияларда, қант диабетінде, эндокардитте, перикардитте, жатырішілік контрацепцияда, белсенді туберкулезде, сәулелі емде, бауыр жеткіліксіздігінде, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде, егде жаста (60 жастан асқандар, әсіресе әйелдер) сақтықпен қолдану керек.
Қант диабеті бар тұлғаларда Гепаринді қабылдау гиперкалиемияның дамуына әкелуі мүмкін.
Алайда гепарин емшек сүтіне өтпесе де, оны бала емізетін аналарға тағайындау жекелеген жағдайларда остеопороздың жылдам дамуын (2-4 апта ішінде) және омыртқаның зақымдануын туындатты.
Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Гепаринді қолданған емделушілерде бас айналу және бас ауыруы пайда болуы ықтимал, осыған байланысты көлік құралдарын басқару және жоғары назар шоғырландыруды және жылдам психомоторлық реакцияларды талап ететін қауіптілігі зор қызметтермен айналысу ұсынылмайды.
Артық дозалануы
Симптомдары: қан кету белгілері.
Емі: гепаринмен артық дозалану туғызған аз қан кетулерде оны қолдануды тоқтату жеткілікті.
Аумақты қан кетулерде гепариннің артық мөлшерін протамин сульфатымен (100 ХБ гепаринге 1 мг протамин сульфаты) бейтараптандырады. Гепариннің жылдам шығарылатынын ескерген жөн, егер де протамин сульфаты гепариннің алдыңғы дозасынан кейін 30 минуттан соң тағайындалса, қажетті дозаның жартысын ғана енгізу керек; протамин сульфатының ең жоғарғы дозасы 50 мг құрайды.
Гемодиализ тиімсіз.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Сыйымдылығы 5 мл құтыда 5 мл-ден, пластик жамауы бар алюминийлі немесе алюмопластикалық немесе біріктірілген немесе резеңке тығынмен тығындалған және алюминй қалпақшамен қаусырылған.
Сыйымдылығы 10 мл құтыда 5 мл немесе 10 мл-ден, пластик жамауы бар алюминийлі немесе алюмопластикалық немесе біріктірілген немесе резеңке тығынмен тығындалған және алюминй қалпақшамен қаусырылған.
5 құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 15 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы.
Өндіруші
«Белмедпрепараты» РУК, Беларусь Республикасы
Заңды мекенжайы және шағымдарды қабылдауға арналған мекенжай:
220007, Минск қаласы, Фабрициус көшесі, 30,
т./ф.: (+375 17) 220 37 16,
e-mail: medic@belmedpreparaty.com.
Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі
«Белмедпрепараты» РУК, Беларусь Республикасы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«КазБелМедФарм» ЖШС
Заңды мекенжайы: ҚР 050028, Алматы қ., Бейсебаев к-сі, 151 үй
Нақты мекенжайы: ҚР 050022, Алматы қ., Аба й к-сі, 48 А 2 қабат
Телефон/факс нөмірі: 8(727) 383-93-74; 383-93-69
Электронды поштасы: info@kmbf.kz