Гепабель

МНН: Артишока листьев экстракт
Производитель: Лаборатории ВУЛФС
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний желчевыводящих путей
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014081
Информация о регистрации в РК: 08.12.2014 - 08.12.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Гепабель

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 200 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 200 мг құрғақ артишок сығындысы (1,4 мг хлороген қышқылына баламалы)

қосымша заттар: картоп крахмалы, тазартылған кремнезем, диметикон, кальций дигидрофосфат дигидраты, тальк, гидрогенизирленген майсана майы, коллоидты кремнийдің қостотығы

қабығы: -повидон, титанның қостотығы (Е 171), опадрай - OY-L-28900 (лактоза моногидраты, гипромелоза (Е 464), титанның қостотығы (Е 171), полиэтиленгликоль 4000).

Сипаттамасы

Екі жағы дөңес, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Өт шығару жолдары ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар

АТХ коды А05АХ

 

Фармакологиялық қасиеттері

Гепабель өсімдік тектес дәрілерге жатады. Оның фармакологиялық қасиеттері (Cynara scolymus) екпе артишок жапырағының құрамына кіретін биологиялық белсенді заттардың кешенді әсер етуіне (циннарин, кофеинді және хлорогенді феноқышқылдар, биофлавоноидтер, гликозидтер, фитостеролдар, терпеноидтер, каротин, витаминдер, инулин, ферменттер) байланысты.

Гепабель холеретикалық, гепатопротекторлық, антиоксидантты, гипохолестеринемиялық, диуретикалық және дезинтоксикациялық әсер береді.

Препараттың гипохолестеринемиялық әсері 3-гидрокси-3-метилглютарил-КоА-редуктаза белсенділігін тежеу есебінен холестериннің биосинтезін тежеуге негізделген.

Циннарин феноқышқылдармен кешенде, негізінен холеретикалық әсері есебінен, өт айдағыш әсер етеді, бөлінетін өт мөлшерін, өт қышқылдары тұздарының секрециясын ұлғайтады, өт шығару жолдарында өт іркілуінің алдын алады, панкреативтік ферменттер секрециясын күшейтеді.

Гепабель антиоксидантты әсер береді, малонды диальдегид деңгейін төмендету есебінен липидтердің асқын тотығуын азайтады.

Гепатопротекторлық әсері гепатоциттер жарғақшаларына тұрақтандыратын әсерімен байланысты.

Қолданылуы

- гипокинетикалық типі бойынша өт жолдарының дискинезиясында

- созылмалы калькулезді емес холециститте

- созылмалы гепатитте

- бауыр циррозында

- созылмалы бауыр жеткіліксіздігінде

- созылмалы нефритте

- созылмалы уыттануда (гепатоуытты заттармен, нитроқосылыстармен, алкалоидтармен, ауыр металл тұздарымен)

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге тамақтануға дейін 20 минут бұрын күніне 3 рет 1 таблеткадан.

12 жастан асқан балаларға тамақтануға дейін 20 минут бұрын күніне 2 рет 1 таблеткадан.

Емдеу курсы 10–20 күн, қажет болғанда қайталау курсын 1-2 айдан кейін жүргізуге болады.

Жағымсыз әсері

Препаратты әдетте жақсы көтереді, бірақ жоғары дозада ұзақ қолданған жағдайда диарея болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне және Asteraceae тұқымдас өсімдіктерге жоғары сезімталдық

- өт жолы обструкциясы

- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

- өт-тас ауруы

- бүйрек, бауыр, өт және несеп жолдарының жедел аурулары

- 12 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Қант диабеті бар емделушілерге препаратты сақтықпен тағайындаған жөн.

Бауыр аурулары бар емделушілердің емдәм ұстанғаны және майлы тамақ, жұмыртқа, шоколад жемегендері дұрыс.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолдану автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

60 таблеткадан полипропилен банкіге салынады.

1 банкіден медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Лаборатории ВУЛФС, Бельгия

Рю де ля Гротт, 14 - 1020 Брюссель қ., Бельгия.

Тіркеу куәлігінің иесі

Брюфармэкспорт с.п.р.л., Бельгия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасы, 050034 Алматы қ., Қабдолов к-сі 22 б, 2 кеңсе

Тел/факс: 7 (727) 356-47-01/7 (727) 356-47-01

Электронды поштасы bruphbe@brupharm.skynet.be

Прикрепленные файлы

216423901477976590_ru.doc 37.5 кб
821698001477977745_kz.doc 50.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники