Гепа-Мерц (концентрат для приготовления раствора для инфузий)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Гепа-Мерц
Халықаралық патенттелмеген атауы
Орнитин
Дәрілік түрі
Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат, 10мл
Құрамы
10 мл концентраттың құрамында
белсенді зат - 5.00г L-орнитин-L-аспартат,
қосымша зат- инъекцияға арналған су
Сипаттамасы
Түссізден солғын-сары түске дейінгі мөлдір сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Бауыр және өт шығару жолдары ауруларын емдеуге арналған препараттар. Бауыр ауруларын емдеуге арналған препараттар.
АТХ коды А05ВА
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Орнитин аспартаттың сыртқа шығарылу мерзімі қысқа – 0,3-0,4 сағат. Несеппен мочевина түзілу циклі арқылы шығарылады.
Фармакодинамикасы
Организмде, оның ішінде бауыр ауруларында аммиактың жоғары деңгейін төмендетеді. Препараттың әсері оның Кребс циклінің орнитинді цикліне (мочевинаның аммиактан түзілумен) қатысуымен байланысты. Инсулин мен соматотропты гормонның өндірілуіне ықпал етеді. Парентеральді қоректендіруді талап ететін аурулар кезінде ақуыздар алмасуын жақсартады.
Қолданылуы
-
бауыр энцефалопатиясында (латентті және айқын білінетін)
Қолдану тәсілі және дозалары
500 мл инфузиялық ерітіндіде ампула ішіндегісін ерітіп, көктамыр ішіне тәулігіне 40 мл дейін (4 ампула) енгізеді.
Сана бұзылуының (кома алдында) және сана қарауытуының бастапқы симптомдары кезінде жағдайының ауырлық дәрежесіне байланысты тәулігіне 80 мл дейін (8 ампула) енгізу керек.
Инфузияның ұзақтығы, емдеудің жиілігі мен ұзақтығы әр адамға жекелей анықталады.
Көктамыр ішіне енгізудің ең жоғары жылдамдығы – сағатына 5 г (1 ампула ішіндегісіне сәйкес).
500 мл инфузиялық ерітіндіде 60 мл көп (6 ампула) ерітуге болмайды!
Инфузиялық ерітінді ретінде изотониялық ерітінді, глюкоза ерітіндісі немесе Рингер ерітіндісі пайдаланылады.
Жағымсыз әсерлері
Кейде (≥1/1000, <1/100)
- жүрек айнуы
Сирек (≥1/10000, <1/1000)
-
құсу
Көрсетілген жағымсыз әсерлер әдетте өтпелі болады және препаратты тоқтатуды қажет етпейді. Олар туындаған кезде дозаны төмендету және препараттың енгізу жылдамдығын төмендету керек.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
L-орнитин-L-аспартатқа жоғары сезімталдық
-
креатинин клиренсі 3 мг/100 мл астам бүйрек жеткіліксіздігінде
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Гепа-Мерц инфузиялық ерітінділерін дайындауға арналған концентраттың жоғары дозалары кезінде қан мен несеп сарысуындағы мочевина деңгейін бақылап отырған жөн.
Бауыр қызметінің едәуір бұзылуы кезінде жүрек айну және құсуды болдырмас үшін енгізу жылдамдығын әр адамға жеке таңдау керек.
Педиатрия
Балалар тәжірибесінде препаратты қолданудың сенімді деректері жоқ.
Жүктілік және лактация
Жүктілік кезеңінде ана және ұрық үшін пайда/қауіп арақатынасын ескере отырып, сақтықпен қолдану керек.
Препаратты лактация кезеңінде тағайындау қажет болғанда бала емізуді тоқтату-тоқтатпау жөніндегі мәселені шешіп алу керек.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшелігі
Ауру ағымына байланысты көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетінің нашарлауы мүмкін.
Артық дозалануы
Симптомдары: жағымсыз әсерлердің күшеюі.
Емі: симптоматикалық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 мл препараттан түрлі-түсті таңбалау шеңбері мен ақ нүктесі бар қоңыр түсті ампулаларға салынған. Пластик тұғырға 5 ампуладан орналастырылған. 2 тұғырдан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 30 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Мерц Фарма ГмбХ және Ко.КГаА
Д-60318, Франкфурт-на-Майне, Германия
Тел: +49-69-1503-0, факс: +49-69-1503-200, e-mail: info@merz.de
Тіркеу куәлігінің иесі
Мерц Фарма ГмбХ, Германия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
ҚР-дағы Фарма Гарант ГмбХ компаниясының ҚР-дағы өкілдігі
050002, Алматы қ., Жібек жолы 64, 305 кеңсе
тел/факс: (727) 273 62 78, e-mail: pharmagarant.kaz@mail.ru
.