Гентос® (таблетки гомеопатические подъязычные)

Производитель: Рихард Биттнер АГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения доброкачественной гиперплазии предстательной железы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010295
Информация о регистрации в РК: 26.10.2017 - 26.10.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Гентос®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Гомеопатикалық тіл астына салатын таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар – Канада көктерегі (Populus) D1 – 25,0 мг, Жатаған пальма (Sabal) D6 – 37,2 мг, Теңбілді убалдырған (Conium) D6 – 37,2 мг, Калий иодиді (Kalium iodatum) D12 – 37,2 мг, Темір пикраты (Ferrum picrinicum) D12 – 37,2 мг

қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, магний стеараты.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, тегіс беткейлі, бір жағында сызығы бар, диаметрі 8.9-дан 9.2 мм және биіктігі 2.7-ден 3.3 мм аралығындағы, ақтан сәл сарғыш түске дейінгі таблеткалар; таблеткада теңбілдердің болуына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Урологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар. Қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясын емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды G04СХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Қазіргі кезде олар сұйылтылуы жоғары және биоақпаратты сипатты болғандықтан гомеопатиялық медициналық препараттардың фармакокинетикалық қасиеттері туралы мәліметтер жоқ.

Фармакодинамикасы

Гентос® препаратының құрамына жекелеген гомеопатиялық препараттар енеді. Гентостың® арнайы іріктелген құрамына бір-бірінің әсерін өзара толықтыратын, сонысымен препарат пролиферациясына қарсы әсерін қамтамасыз ететін компоненттер кіреді. Қуық асты безі қатерсіз гиперплазиясы кезінде дизурияның механикалық компонентіне ықпалын тигізеді. Детрузор және қуық қабырғасы тегіс бұлшықеттерінің тонусын реттеп, оның резервуар-эвакуаторлы қызметін арттыра және қуық асты безінің гиперплазиясында дизурия динамикалық компонентіне ықпалын тигізеді. Уродинамиканы және урофлуметриялық параметрлерді жақсартады. Гентос қабынуға қарсы әсер етеді, несеп-жыныс жүйесі ағзаларының тіндерінде микроайналымды жақсартады. Кавернозды денелерде қан ағысын орташа күшейтеді, созылмалы простатитте эрекциялық қызметті қалпына келтіреді.

Қолданылуы

  • қуық асты безінің жедел және созылмалы ауруларында (қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы, простатит)

  • қуық ауруларында (қуық атониясы, цистит)

  • несеп шығарудың бұзылуында (странгурия (ауыртатын, несеп шығарудың қиындауы), түнде кіші дәретке қысылу, қуықтың толық босамауы).

Қолдану тәсілі және дозалары

Қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы

Жасы

Дозасы

Дозалау

Ересектер

1 таблетка

Күніне 2 рет 3 ай бойы

Простатит

Жасы

Дозасы

Дозалау

Ересектер

1 таблетка

Жедел простатит: күніне 2 рет 2 апта бойы.

Созылмалы және қайталанатын простатит: күніне 2 рет 3 ай бойы

Цистит, несепті ұстамауы

Жасы

Дозасы

Дозалау

Ересектер және 12 жастан асқан балалар

1 таблетка

Жедел цистит: күніне 2 рет 1-2 апта бойы.

Созылмалы және қайталанатын цистит және несепті ұстамауында: күніне 2 рет 3 ай бойы.

Несепті ұстамауында: күніне 2 рет 3 ай бойы

Несеп шығарудың бұзылулары (странгурия (ауыртатын, несеп шығарудың қиындауы), түнде кіші дәретке қысылу, қуықтың толық босамауы)

Жасы

Дозасы

Дозалау

Ересектер және 12 жастан асқан балалар

1 таблетка

Несеп шығарудың жедел бұзылулары: күніне 2 рет 2 апта бойы.

Несеп шығарудың созылмалы бұзылуы мен қуықтың толық босатылмауында: күніне 2 рет 3 ай бойы.

Ересектер мен балалар бастапқыда немесе жылдам сауығу үшін 1 таблетканы күніне 4 рет қабылдау қажет. Сауығу белгілері көріне бастағанда қабылдау жиілігі күніне 2 ретке дейін азайтылуы тиіс.

Толық тиімділікті қамтамасыз ету үшін Гентос® - таблеткаларды тамақтанудан 30 минут бұрын немесе кем дегенде тамақтанудан кейін 1 сағаттан соң қабылдануы тиіс. Таблетканы тіл астында толық ерігенше ұстау керек.

Жағымсыз әсерлері

  • сілекейдің көп бөлінуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • белсенді заттарға немесе толтырғыштардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

  • тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылық, лактоза жеткіліксіздігі және глюкоза-галактоза сіңуінің бұзылуы

  • қалқанша без аурулары (гипертиреоз)

  • 12 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қазіргі кезде басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі туралы ешқандай ақпарат жоқ

Айрықша нұсқаулар

Гомеопатиялық дәрілік заттармен емдеудің басында организмнің иммунитет жүйесін көтермелеуден негізгі аурулардың өршуі мүмкін. Бұл жағдай қауіпті емес. Ұзақ уақыт сәйкессіз емдеу зерттеліп жатқан препаратқа реакция (жаңа симптомдар) туғызуы мүмкін.

Жүктілік және емшек емізу

Қазіргі кезде жүктілік және емшек емізу кезінде қолдануға қатысты ықтимал қатерлер жөнінде ешқандай дәлелдемелер жоқ. Препаратты жүктілік кезінде дәрігердің ұсынымдары бойынша қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Гентос® - таблеткалар автомобиль жүргізу және механизмдерді пайдалану қабілетіне ешқандай әсер етпейді.

Артық дозалануы

Ешқандай артық дозалану жағдайлары туралы хабарланбаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

20 таблеткадан ПВХ/ПВДХ үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

1 немесе 2 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші ұйымның атауы мен елі

Рихард Биттнер АГ

Фельдкирхен, Австрия.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Рихард Биттнер АГ

Вена, Австрия.

Қаптаушы ұйымның атауы мен елі

Артесан Фарма ГмбХ & Ко КГ, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы ҚР-дағы «Хербс Трэйдинг ГмбХ» өкілдігі Алматы қ., Бегалин к-сі 115

Тел: +7(727) 390-98-93, факс: (727) 291-65-11

Электронды поштасы: dbadambaeva@mail.ru

Прикрепленные файлы

784011281477977066_ru.doc 52.5 кб
075935831477978236_kz.doc 109 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники