Гентос® (капли гомеопатические)

Производитель: Рихард Биттнер АГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения доброкачественной гиперплазии предстательной железы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010294
Информация о регистрации в РК: 26.10.2017 - 26.10.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Гентос®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Гомеопатиялық тамшылар

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді заттар – Канада көктерегі (Populus) D1 – 7 мл, Жатаған пальма (Sabal) D6 – 10 мл, Теңбілді убалдырған (Conium) D6 – 10 мл, Калий иодиді (Kalium iodatum) D12 – 10 мл, Темір пикраты (Ferrum picrinicum) D12 – 10 мл

қосымша зат – этил спирті.

Сипаттамасы

Өзіне тән әлсіз иісі және көктеректің тәтті дәмі бар, сарыдан қоңыр-қызғылт сары түске дейінгі мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Урологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар. Қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясын емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды G04СХ

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Қазіргі кезде олар сұйылтылуы жоғары және биоақпаратты сипатты болғандықтан гомеопатиялық медициналық препараттардың фармакокинетикалық қасиеттері туралы мәліметтер жоқ.

Фармакодинамикасы

Гентос® препаратының құрамына жекелеген гомеопатиялық препараттар енеді. Гентостың® арнайы іріктелген құрамына бір-бірінің әсерін өзара толықтыратын, сонысымен препарат пролиферациясына қарсы әсерін қамтамасыз ететін компоненттер кіреді, сонысымен қуық асты безі қатерсіз гиперплазиясы кезінде дизурияның механикалық компонентіне ықпалын тигізе отырып, оның резервуар-эвакуаторлы қызметін арттыру және қуық асты безінің гиперплазиясында дизурия динамикалық компонентіне ықпалын тигізу арқылы детрузор және қуық қабырғасы тегіс бұлшықеттерінің тонусын реттейді. Уродинамиканы және урофлуметриялық параметрлерді жақсартады. Гентос қабынуға қарсы әсер етеді, несеп-жыныс жүйесі ағзаларының тіндерінде микроайналымды жақсартады. Кавернозды денелерде қан ағысын орташа күшейтеді, созылмалы простатитте эрекциялық қызметті қалпына келтіреді.

Қолданылуы

  • қуық асты безінің жедел және созылмалы ауруларында (қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы, простатит)

  • қуық ауруларында (қуық атониясы, цистит)

  • несеп шығарудың бұзылуында (странгурия (ауыртатын, несеп шығарудың қиындауы), түнде кіші дәретке қысылу, қуықтың толық босамауы).

Қолдану тәсілі және дозалары

Қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы

Жасы

Дозасы

Дозалау

Ересектер

10 тамшы

Бастапқы доза: күніне 3 рет 3 ай бойы

Медициналық жағдайы тұрақталғаннан кейін қолдануы күніне 2 ретке дейін азайтылуы тиіс (демеуші доза)

Простатит

Жасы

Дозасы

Дозалау

Ересектер

10 тамшы

Жедел простатит: күніне 3 рет 2 апта бойы.

Созылмалы және қайталанатын простатит: күніне 3 рет 3 ай бойы

Қажет болғанда қолдануы күніне 2 ретке дейін азайтылуы мүмкін (демеуші доза)

Цистит, несепті ұстамауы

Жасы

Дозасы

Дозалау

Ересектер және 12 жастан асқан балалар

10 тамшы

Жедел цистит: күніне 3 рет 1-2 апта бойы.

Созылмалы және қайталанатын цистит және несепті ұстамауы: күніне 3 рет 3 ай бойы.

Қажет болғанда қолдануы күніне 2 ретке дейін азайтылуы мүмкін (демеуші доза)

Несеп шығарудың бұзылулары (странгурия (ауыртатын, несеп шығарудың қиындауы), түнде кіші дәретке қысылу, қуықтың толық босамауы)

Жасы

Дозасы

Дозалау

Ересектер және 12 жастан асқан балалар

10 тамшы

Несеп шығарудың жедел бұзылулары: күніне 3 рет 2 апта бойы.

Несеп шығарудың созылмалы бұзылуы және қуықтың толық босамауы: күніне 3 рет 3 ай бойы.

Қажет болғанда қолдануы күніне 2 ретке дейін азайтылуы мүмкін (демеуші доза)

Емдеудің бас кезінде әр 30-60 минут сайын (күніне ең көбі 8 рет) 10 тамшы қабылдау керек. Сауығу белгілері көріне бастағанда қабылдау жиілігі күніне 2 ретке дейін азайтылуы тиіс.

Толық тиімділікті қамтамасыз ету үшін Гентос® - тамшыларын тамақтанудан 30 минут бұрын немесе кем дегенде тамақтанудан кейін 1 сағаттан соң қабылдануы тиіс. Гентос® - тамшыларын таза немесе судың аздаған мөлшерімен ерітілген күйде қабылдануы мүмкін.

1 мл құрамында шамамен 25 тамшы.

Жағымсыз әсерлері

  • сілекейдің көп бөлінуі.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • белсенді заттарға немесе толтырғыштардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

  • қалқанша без аурулары (гипертиреоз)

  • 12 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қазіргі кезде басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі туралы ешқандай ақпарат жоқ

Айрықша нұсқаулар

Гентос® - тамшыларының бір дозасы құрамында (10 тамшы) 0.16 г этил спирті бар, сондықтан алкоголь тәуелділігімен зардап шегуші адамдар қабылдамауы тиіс.

Гентос® - тамшылары құрамында өсімдік және басқа да табиғи материалдар бар, соған байланысты дәмі мен иісі жағынан айырмашылығы болуы, аздап бұлыңғырлануы мүмкін, бұл препарат тиімділігін төмендетпейді.

Құрамында алкогольдің болуы препаратты жүкті және бала емізетін әйелдерге, сондай-ақ балалар мен бауыр немесе эпилепсия ауруларымен емделушілерге тағайындаған жағдайда назарға алынуы тиіс.

Гомеопатиялық дәрілік заттармен емдеудің басында организмнің иммунитет жүйесін көтермелеуден негізгі аурулардың өршуі мүмкін. Бұл жағдай қауіпті емес. Ұзақ уақыт сәйкессіз емдеу зерттеліп жатқан препаратқа реакция (жаңа симптомдар) туғызуы мүмкін.

Жүктілік және емшек емізу

Қазіргі кезде жүктілік және емшек емізу кезінде қолдануға қатысты ықтимал қатерлер жөнінде ешқандай дәлелдемелер жоқ. Препаратты жүктілік кезінде дәрігердің ұсынымдары бойынша қолдануға болады.

Препарат құрамында этил спирті бар екендігін ескеріңіз.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат құрамында этил спирті болғандықтан автокөлік жүргізу кезінде сақ болған жөн.

Артық дозалануы

Ешқандай артық дозалану жағдайлары туралы хабарланбаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

20 және 50 мл препараттан пропиленнен жасалған бұралатын қақпағы, полиэтиленнен жасалған тамшылатқышы бар қоңыр шыныдан жасалған құтыға құйылған.

Бір құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан және күшті электромагнитті өрістен қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші ұйымның атауы мен елі

Рихард Биттнер АГ

Фельдкирхен, Австрия.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Рихард Биттнер АГ

Вена, Австрия.

Қаптаушы ұйымның атауы мен елі

Рихард Биттнер АГ

Фельдкирхен, Австрия.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы ҚР-дағы «Хербс Трэйдинг ГмбХ» өкілдігі Алматы қ., Бегалин к-сі 115

Тел: +7(727) 390-98-93, факс: (727) 291-65-11

Электронды поштасы: dbadambaeva@mail.ru

Прикрепленные файлы

977023771477977074_ru.doc 53.5 кб
847287501477978243_kz.doc 73 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники