Гентамицин 5 мл (3 мг/мл)

МНН: Гентамицин
Производитель: Варшавский фармацевтический завод Польфа АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Gentamicin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010121
Информация о регистрации в РК: 26.06.2012 - 26.06.2017
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Гентамицин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Гентамицин

Дәрілік түрі

Көз тамшы дәрісі, 3 мг/мл ерітінді

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында:

белсенді зат – 3 мг гентамицин, (5,0 мг гентамицин сульфатына баламалы),

қосымша заттар: натрий гидрофосфаты додекагидраты, натрий дигидрофосфаты моногидраты, натрий хлориді, бензалконий хлориді, тазартылған су

Сипаттамасы

Түссіз немесе сәл сарғыш, мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Микробтарға қарсы препараттар.

АТЖ коды S01АА11

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Көз тамшы дәрісіндегі гентамициннің конъюнктивальды қалтадан сіңуі болымсыз, ол жүйелі әсер тудырмайды.

Фармакодинамикасы

Гентамицин аминогликозидтер тобының антибиотигі болып табылады.

Оның әсер ету механизмі бактериялық рибосомалардың 30S суббірлігімен байланысу арқылы бактериялық ақуыздардың синтезін бұзуына негізделеді.

Мұндайда амин қышқылының сәйкес келмейтін тізбегі бар ақуыздардың түзілуі жүреді.

Гентамицин мына бактериялық штамдарға қатысты бактерицидті in vitro әсер етеді: Staphylococcus aureus, Staphylococcus epidermidis, Streptococcus pyogenes, Streptococcus pneumoniae, Enterobacter aerogenes, Escherichia coli, Haemophilus influenzae, Klebsiella pneumoniae, Neisseria gonorrhoeae, Pseudomonas aeruginosa, Serratia marcescens.

Тобрамицинге резистентті микроорганизмдер гентамициннің әсеріне де төзімді (айқаспалы төзімділік).

Қолданылуы

- жедел және созылмалы бактериялық конъюнктивитте, блефарит пен дакриоциститте

- гентамицинге сезімтал бактериялардан туындаған кератитте және мөлдір қабықтың ойық жарасында

- көз алмасын операцияға дейін және операциядан кейін емдеуде және алдын алуда.

Қолдану тәсілі және дозасы

Ересектер мен 8 жастан асқан балаларға

Әдетте конъюктивальді қалтаға әр 4 сағат сайын 1-2 тамшыдан тамызады.

Жағымсыз әсерлері

- көзден жас ағу, көздің қызаруы, көздің ауыруы мен шымылдатып ашуы, жарықтан қорқу

- препаратты тамызғаннан кейін бірнеше минут бойы көрудің нашарлауы

Сирек

- ұзақ уақыт қолданған кезде, көздің зеңді жұқпасының туындауы немесе гентамицинге төзімді бактериялардың пайда болуы мүмкін

- аллергиялық реакция, тромбоцитопениялық пурпура, елестеулер

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- аминогликозидтер тобының антибиотиктеріне және препараттың қандай да бір компоненттеріне жоғары сезімталдықта

- 8 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Гентамицин сульфатын көз тамшы дәрісі түрінде қолданған кезде тобрамицинге айқаспалы төзімділікті қоспағанда, басқа дәрілік препараттармен клиникалық маңызды өзара әрекеттесу анықталған жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Препарат тек жергілікті қолдануға арналған. Конъюктивальді қалтаға тамызады.

Перпарат құрамында бензалконий хлориді болғандықтан, жұмсақ (гидрофильді) жанаспалы линзалар киетін тұлғалар, оларды препаратты қолдану кезінде тақпауы тиіс.

Тамызар алдында жанаспалы линзаларды көзден шешіп қою және оларды 15 минут өткен соң қайтадан салуға болады.

Бензалконий хлориді көзді тітіркендіруі және жанаспалы линзалардың түсін өзгертуі мүмкін.

Көздің ауыр бактериялық жұқпалары жағдайында жергілікті емдеуді жүйелі әсер ететін антибиотиктерді қолданумен толықтыру қажет.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезінде гентамицинді тек, егер ана үшін пайдасы ұрық үшін ықтимал қауіптен басым болған жағдайларда ғана, қолдануға болады.

Лактация кезеңінде препаратты дәрігердің ұсынымы бойынша қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты тамызғаннан кейін көзден жас ағуы мүмкін болғандықтан, оны көлікті басқарар немесе механизмдермен жұмыс жасар алдында қолданбаған жөн.

Артық дозаланғанда

Гентамицинді жергілікті қолданған кезде артық дозалануына қатысты мәліметтер жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Кепілді сақинасы бар қақпақпен жабылған, тамшылатқышы бар полиэтилен құтыларда 5 мл.

1 құтыдан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, +25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Құтыны ашқаннан кейін 4 апта ішінде пайдалану керек.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Польфа» Варшава фармацевтикалық зауыты» АҚ

Карольков көшесі, 22/24, 01-207 Варшава, Польша

Тiркеу куәлiгi иесiнiң атауы мен елi

«Польфа» Варшава фармацевтикалық зауыты» АҚ, Польша

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Adalan» ЖШС

Тимирязев көшесі 42, 23 павильон, 202 кеңсе, 050057, Алматы қ-сы,

Тел.: + 727 269-54-59, Е-mail: reg@adalan.kz

 

Прикрепленные файлы

797253001477977096_ru.doc 54 кб
232988711477978257_kz.doc 50 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники